Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет300/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҚАБЫ
ҚАБЫ


287
ділік жағы аз болады. Егер объектіні 
қабылдау қиынға соқса, бала оған 
қынжылмайды, екіншісіне ауыса-
ды, қабылдаған затының жеке бө-
ліктерін тізбектей алғанмен, бірақ 
онда жүйе болмайды. Мәселен, оқу-
шы көбелектің құрылысын айтқан 
кезде: «Көбелектің қанаты ақ. Қана-
тында дөңгелек қара нүкте бар. Кө-
белектің мұрты, көзі, құйрықшасы 
болады» деп жай тізбектейді де, оның 
негізгі ерекшеліктерін (түрі, түсі т.б.) 
айтуды естен шығарады. Кейде бала 
нәрсенің жеке жақтарын қабылдай-
ды да, оның тұтас зат екенін ескер-
мей қалады.
ҚАБІЛЕТ 
(қабілеттілік, алғырлық
алғырттылық, мүмкіндік). Қ. деп әр 
адамның белгілі бір іс-әрекет түріне 
икемділігін айтады немесе қабілет 
дегеніміз – мақсатқа бағдарланған, 
тәлім-тәрбие жұмысына байланыс-
ты адамның бір іс-әрекетке ұйым-
дасқан түрде бейімделуі және оны 
нәтижелі етіп атқаруы. Қ. адамның 
білімді, ептілікті, дарынды біршама 
жеңіл меңгеруіне және қандай да бір 
іс-әрекетпен ойдағыдай айналысуы-
на көмектеседі. Қабілеттілік әрбір 
адамда түрліше сипатта болады. Адам-
ның белгілі бір іс-әрекет түріне қа-
білетті болуы екі түрлі көрсеткіш ар-
қылы анықталады: 1) іс-әрекетті тез
өзгерту; 2) іс-әрекетті орындау нәти-
жесінің сапасы. Егер адам өзге адам-
дармен салыстарғанда, 
біріншіден, 
бастаған істі қалайда болмасын тез 
және табысты меңгеріп, сол әрекетке 
лайық дағдыны оңай игеретін болса, 
екіншіден, 
белгілі бір деңгейде же-
тістіктерге жетсе, оны
 
қабілетті адам 
дейді.
Әрбір адамның іс-әрекетті орындау
тәсілі сол адамдардың психикалық 
таным үрдістерінің даму ерекше-
ліктеріне, жүйке жүйесі талдағыш-
тарының жұмысына, сезім мүшеле-
рінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсер-
леніп, қабылдау жылдамдығына 
және адамның даралық қасиетіне 
байланысты. Қ. адамдағы жеке-да-
ра өзіндік ерекшелік, яғни бір адам-
ның екінші адамнан айырмашылы-
ғын көрсететін психологиялық сипат, 
адамның белгілі бір іс-әрекет түріне 
бейімділігі. Қ. – адамның
 
даралық 
психологиялық ерекшелігі. Қ. екі 
түрі бар:1) адамның екі-үш түрлі іс-
әрекетті атқаруға бейімділігі, өмір 
сүруі мен тіршілік етуге деген икемі 
және әрекетшіл көрінісі – 
жалпы 
қабілет 
деп аталады; 2) белгілі бір
істі үздік орындаудан, оған деген 
ықылас-ынтадан, дағды мен икемді-
ліктен және даралық ерекшеліктері-
нен көрініс беретін – 
арнаулы қабі- 
лет те 
болады.
Адамның істеген ісі мен әрекетін 
бақылап көрмей тұрып, оны сол іске 
қабілетті не қабілетсіз деп кесіп ай-
туға болмайды. Мыс., сурет өнерінің 
әліппесімен әлі танысып үлгірмеген 
баланы өнердің бұл түріне қабілет-
ті не қабілетсіз деу әлі ертерек. Тек 
ұйымдастырылған іс-әрекет негізін-
де ғана оның қаншалықты бейімді 
екендігін білуге болады. Адамның 
қабілеті тұқым қуалау факторына 
және өмір тәжірибесі мен тәлім-тәрбие 
істерінің нәтижесінің үнемі дамып 
жетілуіне байланысты. Қ-ті сақтау-
дағы сәтсіздіктер – өз тарапынан жұ-
мысқа деген қабілеттілігін сақтай-
мын деген әрекеттеріне қарамастан, 
адамның жұмысқа деген қабілеттігін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет