Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет503/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   499   500   501   502   503   504   505   506   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
САҚТ
САЛА


476
болса, енді біреулері – нысапсыз, қа-
нағатсыз, өсекшіл болатынын айта 
келіп, салақ әйелдерге көбірек тоқ-
талды дейді. Олар жөнінде ол былай 
дейді: «Ондай әйел төсегінен тұрған 
соң күбіні абыл-құбыл піседі де 
«шуу» деп ауыл кезіп, түс қайта үйі-
не оралады. Келсе қазан-аяғын ит 
жалаған, байлаулы қалған сиыры 
мөңірейді. Ойбау-ау, үйім құлап 
қалыпты, түнде қайда жатамыз? Ме-
ні ерігіп жүр дейсіңдер ме, зәру жұ-
мыс болған соң кетіп едім ғой, үйі-
ме неге көз қырын салмадыңдар? 
«Көрші ақысы тәңірі ақысы» деген 
қайда?, – деп безек қағады. «Олақтан 
салақ жаман» деп халқымыздың те-
гін айтпағаны есте болғаны абзал.
САЛТ
– халықтың кәсіп, сенім, тір-
шілігіне байланысты қалыптасып, 
ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын 
халықтық қасиеттің бір түрі. С. заман 
уақытына орай жаңарып, қоғамдық 
болмыс ұстанымдарына бейімделіп 
отырады. Сондықтан салттың белгілі 
бір дәуірге тән сипаты басым. Әдеби
тілде салт пен дәстүрдің ішкі айыр-
масы ескерілмей, көбінесе салт-дәс-
түр түріне бір ұғымда қолданылып 
жүр.
САЛЫСТЫРМАЛЫ ГЕНЕТИ-
КАЛЫҚ ӘДІС
– жазба жұмыста-
рын, эпистолярлық мемуарларды,
адамның басынан өткізген оқиғала-
рын, естеліктерін зерттеп, оның әр-
түрлі психологиялық ерекшеліктерін 
(өзгешеліктерін) білу. Балалардың 
немесе үлкендердің психикалық әре-
кеттерін зерттеу кезінде оларды бір-
бірімен салыстырып, ұқсастықтары 
мен айырмашылықтарын анықтайды.
САЛЫСТЫРМАЛЫ ПАТОЛО-
ГИЯЛЫҚ ӘДІС
– психология ғы-
лымындағы адамды зерттеу әдісте-
рінің бірі. С. п.ә. арқылы зерттегенде 
ақыл-ой әрекеттері зақымдалган 
ауру адамдардың психологиясы де-
ні сау адамның жан дүниесімен 
салыстырылып, оның арасыңдағы 
айырмашылықтар мен өзгешеліктер 
қарастырылады. Мысалы, сөйлеудің
бұзылуын, қимыл-әрекеттеріне за-
қым келуін, естің бұзылуын, ұмыт-
шақтықты және т.б. қалыпты психи-
калық әрекеттермен салыстырып 
талдаудың ғылыми мәні зор, С. п.ә.
физиологияда, психология мен
 
меди-
цинада көп қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   499   500   501   502   503   504   505   506   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет