Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет501/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   497   498   499   500   501   502   503   504   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
РУБИНШТЕЙН СЕРГЕЙ ЛЕО-
 
НИДОВИЧ 
(1889-1960) – орыс 
психологиясының үлкен теоретигі. 
«Адам санасы іс-әрекет үстінде қа-
лыптасады, сана мен іс-әрекет ылғи 
бірлікте болады» концепциясының
авторы. Психологиядағы детерми-
низм (себептілік) принциптің мә-
нін анықтайды. Мәскеудегі М.В.Ло-
моносов атындағы университетте 
психология бөлімі мен тұңғыш ка-
федраны (1942), КСРО Ғылым ака-
демиясында психология секторын 
РОДЖ
РУБИ


474
ұйымдастырды. Ол жалпы, әлеумет-
тік, тарихи психологиядан көптеген 
теориялық еңбектердің авторы. Не-
гізгі еңбектері: «Жалпы психология 
негіздері» (1940), «Болмыс және сана» 
(1957 ), «Ойлау және оның дамуы 
туралы» (1958), «Психологияның даму 
жолдары мен принциптері» (1959) 
т.б.
РУХ –
ой мен сананың шоқтығы, 
адамның психикалық белсенділігінің 
көрінісі, адамның сана-сезімі мен
қимыл-әрекетінің ең жоғары деңгейі.
Р. адамның өмірі мен өзіндік құн-
дылығын субъективті тұрғыдан са-
лыстыруға, бағалауға мүмкіндік бе-
реді. Рух санамен, жанмен үйлесе ке-
ліп, адамның танымға деген қажет-
тілігін, өмірге деген құмарлығын 
арттырады. Рухы жоғары адам ты-
ныс-тіршіліктегі қиыншылықтармен 
тұйықталып қалмай, өзгенің адам-
гершілігін құрметтеп, оған ілтипат-
пен қарап, көмектесуге бейім тұра-
ды. Ол жағымды істен қанағат таба-
ды. Рухты, рухани қабілетті қалып-
тастыру – тәрбиенің түбегейлі мақса-
ты. Халық рухы – халықтық психоло-
гия ұғымының синонимі, әр ұлттың
өзіне тән психологиялық ерекшелі-
гі, олардың психологиялық ерекше-
ліктерінің жиынтығы. Халықтық 
психология – ұлттық психика мен 
мінез-құлықтың халықтың санасына 
«сіңген» ерекшелігі, қарапайым пси-
хологиялық білімдердің жүйесі. Ха-
лық рухы мәселесі қазақ топырағын-
да алғаш рет Ш. Уәлиханов еңбек-
терінде көрініс тапқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   497   498   499   500   501   502   503   504   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет