Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


Шартсыз рекфлекстердің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет498/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   494   495   496   497   498   499   500   501   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb
LGATOMAKKZWS16042024012314
Шартсыз рекфлекстердің ерекшеліктері
Шартты рефлекстердің ерекшеліктері
1. Бұлар туыла пайда болады.
1. Мұндай рефлекстер өмір барысында біртіндеп 
қалыптасады.
2. Тұрақты, біркелкі келеді, өзгеріске 
түспейді.
2. Бұлар уақытша, машықтану болмаса өшіп кетеді
3.Олар жұлында, ми бағанасында 
жасалады.
3. Осындай рефлекстер тек ми қабығы орталықтарында 
жасалады.
4.Шартсыз рефлекстердің жасалуы үшін 
ешқандай шарттың қажеті жоқ. (Мәселен, 
тамақ ауызға түсе салысымен-ақ сілекей 
пайда болады немесе ыстық нәрсеге тиген 
қол өздігінен тартыла қалады. Бұл сияқты 
қарапайым рефлекстердің түрлері адамдар 
мен жануарларда сан алуан.
4. Шартты рефлекстердің жасалуы үшін мида екі 
тітіркендіргіш (шартты, шартсыз) мезгіл жөнінен 
ұштасуы қажет, осының нәтижесінде мида уақытша жүйке 
байланысы жасалуы тиіс. И.П.Павлов рефлекстердің соңғы 
түрін өздерінің пайда болуы жағынан шартты, организммен 
сыртқы ортаның байланысына қарай уақытша, атқаратын 
қызметіне қарай сигналдық сипатта болып отырады деп 
түсіндіреді.
РЕФЛ
РЕФЛ


471
жарыққа шықпастан көп бұрын со-
вет физиологы П.Қ.Анохин ұсынған 
осы теория (1935) рефлекс туралы 
ілімнің шығармашылықпен дамы-
тылуының айғағы еді. Сөйтіп физио-
лог Н.А.Бернштейн айтқандай, қазір 
рефлекстердің жасалу жолын доға-
мен белгілемей «рефлекс шеңбері» 
арқылы жасалатындығын мойындау 
бірден-бір ғылыми түсінік болып 
отыр.
Рефлекс туралы теорияның негізгі 
қағидаларын нағыз ғылыми тұрғы-
дан тұжырымдаған атақты орыс фи-
зиологы И.М.Сеченов болды. Ол өзі-
нің 1883 жылы жазған «Ми рефлекс-
тері» деген еңбегінде психикалық 
құбылыстардың табиғатын рефлекс 
тұрғысынан түсіндірді. Сеченовтің 
отандық ғылым алдыңдағы баға жет-
пес еңбегі мынада: ол рефлекстік 
теорияның негізінде ғасырлар бойы 
жұмбақ болып келген психикалық 
құбылысты материалистік тұрғыдан 
алғаш рет шешті. И.М.Сеченов мы-
надай қарапайым тәжірибе жасады: 
құрбақаның үлкен ми сыңарларын 
аралық, мидың тұсынан тіліп алып
тастап, оның аяғын қышқыл ері-
тіндісімен тітіркендірді, ол осы ті-
тіркендіруге жауап ретінде келетін 
рефлекстің қандай жылдамдықпен 
пайда болатынын бақылады. И.М.Се-
ченов мидың тілінген жеріне ас тұ-
зының кристалын салғанда онда 
рефлекстің тежелуге ұшырағанын 
көрген. Бұл тәжірибе рефлексті ми-
дың тежей алатындығын айқын көр-
сеткен И.М.Сеченовтің ми қабығын-
да қозу мен қатар тежелу процесі де 
қоса қызмет атқарады деген пікірі 
психикалық әрекеттің мидың күрде-
лі жұмысына байланысты екендігін, 
оның барлық көріністерінің негізінде 
қозу мен тежелуге байланысты пай-
да болатын рефлекстер жататынды-
ғын тамаша дәлелдеп берді.
И.М.Сеченовтің ми қызметінің реф-
лекстік механизмі туралы идеялары 
И.П.Павловтың шартты рефлекстер 
туралы ілімінде (бұл ілім жоғары жүй-
ке қызметі туралы ілім деп те атала-
ды) дамытыла түсті. И.П.Павлов өзінің 
көптеген шәкірттерімен бірге отыз 
бес жыл бойына рефлекстердің жаңа 
түрін – шартты рефлекстерді зерттеді. 
Олардың көптеген заңдылықтарын 
ашты, шартты рефлекстердік шартсыз 
рефлекстерден ерекшеліктерін қар-
сетті. И.П.Павлов ашқан шартты 
рефлекстердің ерекшеліктерін келесі 
беттегі таблицадан көруге болады:
Жоғарыдағы кестеден осы екі түрлі 
рефлекстің бір-бірінен қандай айыр-
машылықтары бар екенін жақсы аң-
ғаруға болады. Мәселен, мұнда шарт-
ты рефлекстердің үнемі өзгеріп оты-
ратындығы, егер оларды туғызған 
жағдайлар қайталанбайтын болса, 
осындай рефлекстердің жойылып 
кететіндігі айтылған.
Рефлекстің осы екі түрінің арасында 
мүлде байланыс жоқ деуге болмай-
ды. И.П.Павлов шартты рефлекстер 
сыртқы жағдайлардық әсеріне бе-
йімделуіее қарай шартсыз рефлекс-
терге ауысып отыратындығын, сөй-
тіп бұл екеуінің арасында өзара бай-
ланыстың барлығын талай рет айтқан 
болатын.
И.П.Павлов лабораториясында жүр-
гізілген тажірибенің қысқаша мазмұ-
ны мына төмендегідей: егер итке бір 
мезгілде екі тітіркендіргіш әсер етсе –
бірі шартсыз рефлексті туғызатын –
тамақ, екіншісі өздігінен жануарда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   494   495   496   497   498   499   500   501   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет