559
ҰҒЫМ
– дүниені танып-білу саты-
сындағы белгілі бір тұтастықта қа-
растырылып отырған заттың мәнін
оның қалыптасу тәсілін анықтау ар-
қылы олардың теориялық танымы-
ның формасы. Білімдердің дамуы
негізінен алғанда Ұ.-ның тереңдей
түсуінен (берілген нәрселер жайлы)
бір Ұ. -нан нәрселердің әлдеқайда
тереңірек мәнін көрсетіп олардың
әлдеқайда дәл бейнеленуі болып та-
былатын басқа Ұ.
-
ға өтуінен көріне-
ді. Ұ. белгілі бір тілдік формаларда
бейнеленіп, тілдің соған сәйкес сөз-
дік мәнін (маңыз бен мән) құрады.
Ұ.
-
ның бір логикалық функциясы
практикада және танымда бізге ке-
ректі нәрселердің қайсыбір белгілері
бойынша ойша бөліп көрсету болып
табылады. Осы функциясының ар-
қасында Ұ. сөздерді белгілі бір нәр-
селермен байланыстырады, ал бұл
сөздердің дәл мәнін анықтап, ойлау
процесінде оларды қолдануға мүм-
кіндік береді. Нәрселердің класын
бөліп алып, бұл нәрселерді Ұ.
-
да
жалпылау табиғат заңдарын танып
білудің қажетті шарты болып та-
былады. Әрбір ғылым белгілі бір
ұғымдарды қолданады, оларда сол
ғылым жинақтаған білімдер топтас-
тырылады (тұжырымдалады).
Ұғымның қалыптасуы, бейнелен-
дірудің сезімдік формаларынан оған
өтуі күрделі процесс: мұнда дүниені
танудың салыстыру, талдау мен син-
тез, абстракциялау, идеализациялау,
жалпылау сияқты әдістері және ой
қорытындысының айтарлықтай фор-
малары қолданылады. Бұл жағдайда
ғыл. Ұ. көбінесе алғашында тек қай-
сыбір объектілердің өмір сүретіндігі
жайлы және олардың табиғаты тура-
лы шартты болжаулар негізінде құ-
рылады (Мысалы, атом Ұ
-
ны осы-
лайша пайда болды). Заңдарды, даму
заңдарын, бағытын танып білудің
негізінде кейбір нәрселер жайлы Ұ.
нәрселердің өздері пайда болғанға
дейін қалыптасуы мүмкін. Сөйтіп
Ұ.
Достарыңызбен бөлісу: