564
ды. Этнопсихология зерттейтін проб-
лемалар (этностереотип, этноцент-
ризм,
ұлттық тұрпат, халық рухы,
ұлттық намысалы, ұлттық сана, дәс-
түр, салт, т.б.) сан алуан.
ҰЛТТЫҚ САНА
– ұлтты бір-бірінен
ажырататын саяси-экономикалық,
рухани-әлеуметтік және психология-
лық қасиеттер жиынтығы. Ұлттық
сананың қалыптасуы мен оның да-
муына екі тұрғыдан қарауға болады:
1) сезімдік, түйсіктік; 2)
теориялық
сана. Біріншісі – өз елін, халқын,
ұлтын сыйлайтын, сүйетін алғашқы
ыстық сезімнен туса, екіншісі – өз
елінің, халқының, ұлтының өткенін,
қазіргісін, келешегін толық біліп,
тексеріп, халық тағдырына,
ұлт мә-
селелеріне мемлекеттік, елдік, тіпті
әлемдік тұрғыдан теориялық бағыт-
бағдарлама тұрғысынан қараудан
байқалады. Ұлттық сананың қалып-
тасуына, қолдап қорғауға ұйтқы бо-
латын әр кезде де ұлттық зиялы қа-
уым. Ұлттық сана мазмұны мен фор-
масы жағынан ұлттық өзіндік сана-
дан әлдеқайда күрделі, өрісі кең кө-
лемді келеді.
ҰМТЫЛУ
(талаптану). Ұ. – адам-
ның іс-әрекетті
атқаруға талапта-
нып, белсенділігін қуаттайтын ние-
ті. Адам өз қажеттілігін өтеудің жағ-
дайын нақты болжамдап, көз алды-
на елестете алмаса да, көздеген мақ-
сатына жету үшін күш-қуатын жұм-
сап талаптанады. Талаптанудың (ұм-
тылудың) нақты түрі – арман. Бұл
қалаған нәрсенің бейнесін қиял ар-
қылы жасау әрекеті.
ҰМЫТУ
(ұмытушылық). Ұ. – қабыл-
дағанды, есте қалдырғандарды қа-
жет болған кезде еске түсіре алмау,
танымау немесе еске түсіру мен тану-
дың қателесіп жаңылысуы. Ұ. жүйке
қызметінің күйіне байланысты. Жүй-
ке жүйесі
әбден шаршағанда не ау-
руға ұшырағанда, адамда ұмытшақ-
тық басым болады. Ұ. қабылданған
материалдардың нашарлығына да
байланысты. Жүйке жүйесінің на-
шарлауына орай ұмытшақтық қар-
тайған
адамдарда жиі кездесе бере-
ді. Мысалы, әлемге әйгілі табиғат
зерттеушісі, ғалым Карл Линней
әбден қартайғанда өзінің 40-50 жыл
бұрын жазған шығармаларын оқып
отырып:
«Шіркін-ай, мен осындай
шығарманың авторы болсам», –
деп
таңырқапты.
Ұ.ес үрдісі ретінде бұрынғы әсер-
лерді
және оларды қайта бейнелеу
мүмкіндіктерін жоғалтумен бай-
ланысты. Адамның ішіп жүрген ке-
зінде ұмытқандары бір кезде жаңғы-
рып, еске түсуі мүмкін. Уақытша
ұмытуды
сақтық тежелу
деп атай-
ды. Ұ.– жүйкедегі тежелу үрдісінің
дамуы. Адамның бұрынғы істеген
қызметі қазіргі есте сақтау жұмысы-
на бөгет болса, оны
проактивтік
тежелу,
ал бұрыннан есінде сақтал-
ған материалына кейінгі қызметтері
бөгет болса,
ретроактивтік теже-
лу
дейді. Мысалы,
мұндай жайттар
мағынасы бір-біріне жақын мате-
риалдарды үйренуде жиі кездеседі.
Оқу-тәрбие істерінде әсіресе сабақ
кестесін жасауда осы мәселені ай-
рықша ескеру қажет, яғни біртектес
пәндер мен түсінігі жеңіл, күрделі
болып келетін пәндерді араластырып
отырған жөн.
Ұмытуды алғаш рет Г.
Эббингауз
зерттеп (1885), мағынасыз вербалдық
материалдың жадта сақталуының
Достарыңызбен бөлісу: