Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет618/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   614   615   616   617   618   619   620   621   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ШЕШІ
ШИзО


582
бет-әлпетін өзгертіп сөйлейді, күле-
ді. Қарапайым Ш. көбіне жасөспі-
рімдерде жиі байқалады. Бұл кезде 
баланың себепсізден себепсіз сабақ 
үлгерімі нашарлайды, мінез-құлқы 
өзгереді, бұрын байқалмаған қиял
арман пайда болады. Кейде ерекше 
көңілденіп, ретсіз сөйлеп, бет пішінін 
өзгертеді. Ауру кейде ұзақ, кейде 
ұстамалы түрде өтеді. Жалпы алғанда 
шизофрениямен 15-25, 40-60 жас ара-
лығындағы адамдар жиі ауырады.
ШОРТАНБАЙ ҚАНАЙҰЛЫ (1818-
1881). 
Түркістан қаласы маңында 
дүниеге келген. Суырыпсалма ақын. 
Оның шығармаларында ХІХ ғасыр-
дың орта тұсындағы патша өкіметі-
нің қазақ даласын отарлау саясаты-
нан туындаған әлеуметтік өмір шы-
найы суреттеледі. Шортанбай еңбек-
ші бұқараның азапты ауыр тұрмы-
сын, шынжыр балақ, шұбар төстердің 
әділетсіздігі мен зұлымдығын, озбыр-
лығы мен парақорлығын әшкерелей-
ді. Бұрынғы өткен игі жақсылардың 
іс-әрекетін аңсайды, орыс патшасы 
әкелген «жаңалықтан» жерінеді. 
Тәлім-тәрбиелік мәселелерді көбіне 
ескі салт-жоба, шариғат тұрғысынан 
қарастырады. 
Шортанбай шығармалары өткен ға-
сырдың 70-жылдарында «Бала зары» 
деген атпен Қазанда бірнеше рет ба-
сылады. Кеңес өкіметі жылдарында 
«ХVIII-XIX ғасырдағы қазақ ақын-
дарының шығармалары» (1962), «Ай-
тыс» (1965) атты жинақтарда жария-
ланды.
ШПЕТ ГУСТАВ ГУСТАВОВИЧ
 
(1899-1940) – орыс философы. Ре-
сейде тұңғыш жарық көрген «Этно-
психологияға кіріспе» (1927) дейтін 
кітаптың авторы. Ол этнопсихоло-
гияны халықтың ұжымдық көңіл кү-
йінің жиынтығын зерттейді деп тү-
сіндірді. Мұнда эксперимент жасау 
мүмкін емес, өйткені көңіл күйді тек 
сөзбен суреттеуге болады, – дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   614   615   616   617   618   619   620   621   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет