584
Иландыру, әдетте, сөзбен, сөйлеп әсер
ету болса,
еліктіру вербальды емес
құралдардың қолданылуынан (Мы-
салы, ым-ишара, қимыл, музыка жә-
не т.б.) болады. Еліктеу – бір адамның
басқа біреудің жүріс-тұрысын, ым-
ишарасын қайталауынан, тіпті мі-
незінің кейбір көріністерін айнытпай
қолдануынан білінетін,
мысалға не
үлгіге еру. Еліктеу ықтиярлы не ерік-
тен тыс болуы мүмкін. Жас тұрғысы-
нан әр түрлі кезеңдерде еліктеудің
адам өміріндегі рөлі түрлі болады.
Мысалы, бала 1 жастан 3 жасқа дейін
ересектердің сыртқы әрекеттері мен
сөз реакцияларын қайталайтын бол-
са, мектепке дейінгі жаста-ақ үлкен-
дердің әрекеттеріне еліктеу алынған
үлгілерді іштей күрделі өңдеуді қам-
тиды. Кіші сыныптар оқушысы тұл-
ғалық қасиеттерін қабылдап қайта-
лай бастайды. Жеткіншек жаста үл-
кендерге еліктеуді бір-біріне еліктеу
біртіндеп ығыстырады. Жасөспірім
кезде еліктейтін үлгіні таңдауда адам-
ның
құндылық бағдарланулары не-
гізгі рөл атқара бастайды. Бұл орайда
еліктеу қосалқы функция атқарады.
Жоғары сыныптар оқушыларында
номалар мен құндылықтарды меңге-
ру негізінен өзі үшін бедел саналатын
адамдардың өмірлік ұстанымын ұғы-
на отырып талдау арқылы жүреді.
Өсе келе еліктеудің рөлі азаяды. Кіш-
кентай бала үшін еліктеу үйренудің
негізгі әдісі болса, мектеп оқушысы
үшін ақпарат, әдетте, сөзбен беріледі.
Еліктеудің мазмұны да өзгереді. Ме-
тепке дейінгі шақта бала үлкендерге
қарап, заттар дүниесінде дұрыс әре-
кет жасауды үйренеді. Мектеп оқу-
шысы үшін мұғалім мен ата-аналар
мінез-құлықтың әлеуметтік үлгілері-
нің
иегерлері болады, яғни сүйікті,
құрметті адамның сыртқы әдеттері
емес, оның басқаларға қалай қарай-
тыны қабылданады.
Педагогикалық
ықпалдың әр түрлі әдістерін талап
ету және
бағалау дейтін негізгі екі
әдіске саюға болады. Біріншісін-
де педагогтың міндеті – оқушыға
қоятын талаптардың оның өзіне-өзі
қоятын талаптарға айналуына жету.
Педагогикалық
талаптар әрекетке
ынталандыратын және әрекетке
тыйым салатын болып бөлінеді. Ба-
ғалаулар жағымды (көтермелеу) және
жағымсыз (жазғыру) деп ажыраты-
лады. Тым үзілді-кесілді талаптар
еңсені басып, бастамашылдықты те-
жейді.
Жағымсыз бағамдаулар жеке
іс-әрекетке емес, адамға қатысты
болғанда да еңсені басады. Жағымды
баға адамды ынталандырады. Әйтсе
де, үнемі мақтай бергеннен оқушы-
ның өзін-өзі асыра бағалауына себеп
туындайды.
Қазіргі психиолгиялық-
педагогикалық ғылымда бағытталған
және бағытталмаған ықпалдар қарас-
тырылады.
Сендіру, әдетте, бағытталған Ы., ал
еліктеудің нәтижелері көбіне бағыт-
талмаған ықпалдың нәтижесі. Ба-
ғытталған ықпалда педагог өзінің ұс-
танымын және оған байланысты та-
лаптарын оқушыға анық білдіретін
тура ықпал және тікелей Ы. объек-
тісіне емес, оның айналасындағы
ортаға
бағытталған жанама ықпал
болады. Жанама ықпал жағдайында
педагогикалық ұстанымның мәні
және мұғалімнің мақсаты оқушыға
беймәлім болады. Педагогикалық
қызметте даралық-тән сипатты және
функциялық-рөлдік Ы. саралана-
ды. Шын мәнінде бұл екі нысан
Достарыңызбен бөлісу: