583
ЫҚПАЛ –
әлеуметтік әрекеттестік-
тің біртұтас процесінде тәрбиеле-
нушінің
психикасы мінез-құлқы
мен сана-сезімінің қайсыбір аспек-
тілерін өзгертетін психологтың іс-
әрекеті, педагогтың функциялары-
ның жүзеге асырылу нысаны. Дәс-
түрде ықпалдың сендіру,
иландыру,
еліктіру және еліктеу секілді негізгі-
негізгі түрлері сараланады; адами
өзара әрекеттестіктің әрбір аспекті-
сінде бұлардың бәрі қабаттаса жү-
реді. Сендіру – ұсынылатын қалау-
тілекті, ұсынысты негіздейтін дәлел-
демелер жүйесін қамтиды.
Әдетте,
сендіру арқылы тәрбиеле-
нушінің көзқарастары, демек оның
жүріс-тұрыс, мінез-құлқының себеп-
тік негіздері біршама өзгереді. Бұл
орайда, қорытынды өз алдына не сен-
дірушіге ілесе жасалуы мүмкін, әйтсе
де дайын күйінде игерілмей, адам-
ның қайсыбір мәліметтерді не идея-
ларды ұғынып қабылдауына, оларды
талдау мен бағамдауға негізделеді.
Өзін-өзі бағалауы төмен және әлеу-
меттік ортаға бейімделуге бағдарлан-
ған адамдарды сендіру неғұрлым оңай.
Керісінше, басқаларға дұшпандықпен
қарап, айналасындағыларға үстемдік
жүргізгісі келіп тұратындарды сенді-
ру анағұрлым қиын. Иландыру (суг-
гестия) – сендіру секілді жаңа дерек-
тердің жолында тұрған және адамды
шатасулар
мен қателерден сақтан-
дыратын өзіндік бір үлгілердегі сүз-
гілерді болғызбауға бағытталады.
Иландырушы тәрбиеленушіде тіке-
лей оның өзі алатындай түсінікке
ұқсас нақ сондай іс-әрекетті талап
ететін түсініктер қалыптастырады.
Сендіру негізінен тәрбиеленушінің
білімі мен тәжірибесіне жүгінетін
болса, иландыру эмоциялық-еріктік
сипатта болатындықтан сенуге негіз-
деледі. Адамның иланғыштығы оның
жеке тұлғалық даму деңгейіне, сана-
сезімі мен өзін-өзі бағалауына, ерік-
жігеріне, сондай-ақ топтағы тұлғалар
арасындағы
қарым-қатынастың ере-
кшеліктеріне, соның ішінде, илан-
дырушыға деген көзқарасына байла-
нысты анықталады.
Көбіне белгілі бір деректерге сену-
шілік тәрбиеленуші үшін беделді адам
айтқандай орнығады. Елігу феномені
көбіне өздерінің мінез-құлқында
эмоциялық күйді басшылыққа ала-
тын,
тиісінше талдау жасап алмай
қабылданған деректер негізінде іс-
әрекет жасайтын не басқа адамдар-
дың іс-әрекетін қайталайтын адам-
дар тобында жиі болады,
алайда
иландыруда иландырушының сезімі
айналасындағылардың сезімімен бір-
дей болуы міндетті болмаса, елігуде
бір топ адам нақ сол бір ғана ортақ
сезімде болады. Иландыру мен елік-
тірудің арасындағы тағы бір айыр-
машылық – елігу ішкі себептерден,
өздігінен болса, иландыру әркез де
дерлік күні бұрын ойластырылады.
Достарыңызбен бөлісу: