598
әртүрлі әлеуметтік ахуалдарда оның
әрекетін түсіндіру үшін қолданы-
лады.
Эмоциялық үрдістерге ес және адам-
ның машықтануы (мотивация) ерек-
ше үлес қосқандығын атап көрсетті.
С.Шехтердің ұсынған эмоциялардың
тұжырымдамасы когнивтік – физио-
логиялық деп аталады.
ЭМОЦИЯЛЫҚ ЕС
– Эмоциялық
ес сезімді есте қалдырып, оны кайта
жаңғырту түрінде сыртқа шығады.
Өткен өмірімізде кездескен уақиғаны
есімізге түсіргенде, біз адамдарды,
уақиғаның болған жерін, сондағы
айтылған сөз, ол сөздердің бізге ту-
ғызған ойларын жаңғыртып қана
қоймай, кейде солармен қабат мұн-
дай еске түсірулерде біздің бұрын
бастан кешірген сезімдер де оянады.
Егерде өткен өміріміздегі бір қуа-
нышты уақиғамен байланысты қа-
зіргі кезде бізге талғаусыз адамды
кездестірсек, күні бойы қуанышты
көңілде болуымыз мүмкін.
Бір кезде қорыққанымыз есімізге түс-
се, өңіміз қашады, бір кезде қатты ұя-
лу сезімін туғызған оғаш бір іс істеге-
німіз айтылса, қызарамыз. Эмоция-
лық ес – адамның рухани өсуінің өте
қажетті шарты. Кімде-кім ардақты
істерге себепші болған қуаныш және
қанағаттану сезімдерін, сол сияқты
жаман қылықтан туған ұялу сезімін
мүлдем ұмытып кетсе, ондай адам-
ның жаңа ардақты істерді орындауға
талаптануын және жаман істерден
өзін аулақтауы әлсіреген болар еді.
Эмоциялық естің тағы бір маңызы –
ол адамның эмоциялық өмірін түр-
лендіріп, байытады; адамның түрлі
сезімдерінің бұлағы қазіргі өмірі ға-
на болмай, өткен өмірі де болады.
ЭМПАТИЯ
(лат.
етрateia –
әсерле-
ну) – сезімнің адам бойында жиі кез-
десетін, өзіндік мән-мағынасы бар
ерекшелігі. Э. адамның өзгелер қай-
ғы-қасіретті жағдайлар: мен қиын-
дықтарға ұшырағанда, оларға жана-
шырлық, білдіріп, солардың ауыр ха-
лінің өз басына түскендей көңіл күй-
де болуы. Э. өзге адамдардың жан
дүниесінің сыры мен күй-жайын бі-
лу қабілеттілігі және оған жанашыр-
лық білдіру. Э.-ның айқын көрінісі –
идентификация. Бұл адамның өзге
адамның психикалық жай-күйін өз
басынан кешіргендей халде болуы.
Э. – басқа адамдарға жаны ашып се-
зімін білдіру қабілеті, олардың күйін
түсініп, қолынан келген көмегін бе-
руге даярлығы. Эмпатияны алғаш
америкалық психолог Э.Титченер
(1867-1927) ашып көрсетті. Ол фило-
софиядағы ұнату сезімінің теория-
лық негіздеріне сүйене отырып, жа-
нашырлық сезімнің эмоциялық, са-
лыстыру мен ұқсату тәсілдермен тү-
сіндірілетін танымдық (когнитивтік)
және адамның жан күйзелісіне ду-
шар болу себептерін алдын ала сезе
білу сияқты түрлері болатындығын
көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: