Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


ӘУЕзОВ МҰХТАР (1897-1961) –



Pdf көрінісі
бет91/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ӘУЕзОВ МҰХТАР (1897-1961) – 
 
кемеңгер М.Әуезов өзінің 20-жылда-
ры жекелеген еңбектерінде («Ғылым 
тілі», «Философия жайынан», «Оқу 
ісі» т.б.) философия мен психология-
ға байланысты өз ойларын ортаға 
салды.
М.Әуезовтің психология мәселесіне 
қатысты айтқандары, сондай-ақ оның 
әр жылдары әдебиет, өнер, білім, ағар-
ту, мектеп мәселелері туралы жазған 
шығармаларында да жиі ұшырасады. 
ӘСЕР
ӘУЕз


90
Бұларда адамның әр алуан көңіл күй-
лері, эмоция, сезім, ерік-жігер ерек-
шеліктері шығармашылық әрекет үс-
тіндегі қаламгер шабыты, тәлімгерлік 
қасиет, қазақтың ұлттық психология-
сы әр қырынан сөз болады. Төменде 
ғалымның шығармашылық, психо-
логиясы мен этнопсихология мәсе-
лелері жайында айтқандарына тоқ-
талайық. Оның пікірінше шабыт 
тек өнер өкілдеріне ғана тән қасиет 
емес, ол кез келген мамандық иесін-
де кездесетін ерекше психологиялық 
күй. Бірақ мұның өзі жазушы мен ақын 
үшін өте-мөте қажетті сипат. Мұндай 
жағдай шығармашылық адамында, 
біріншіден, бойдағы күш-қуаттың зор 
өрлеуімен, екіншіден шығармашылық 
соны туындыға құлшыныстың күрт 
артуынан, үшіншіден, көңіл күйдің 
шарықтап тасуымен сипатталады. «Жа-
зушы қаламынан туатын асыл бұ-
йым, 

дейді М.О. Әуезов, 

суреткер-
дің өзінің жанынан терең алған күй-
лерден туады». Мұндайда автор айт-
қандай, «алаңсыз көңіл», «ақындық 
сезім», «ұзақ пісу», «бір жазғанын қай-
та-қайта жаза беру», «өзін-өзі сынап 
қарай беру», т.б. көңіл күйлері шебер 
жазушы мен майталман ақынға ауа-
дай қажет.
Жазушы қаламынан туған әрбір туын-
ды, зергердің қолынан шыққан асыл 
бұйымдай шығармашылық шабыт 
күйінің нәтижесі. Шабыт, салтанат 
құрған шығарма ғана жұртты өзіне 
баурап алады. Шабыт жоқ жерде әл-
сіз, сүреңсіз жасық шығарма туаты-
ны хақ. Мұндай да кісі сан алуан се-
зім күйлерін, небір жан тебіреністе-
рін басынан кешіреді, суреттеліп отыр-
ған оқиғаға немесе диалогтарға бай-
ланысты көңіл күйі мың сан құбыла-
ды. Бірде достасып, бірде алысқан, 
кейде қуанып, керіліп, мәз-мейрам 
болып немесе ашулы күйік, ыстық 
жас төгіп, жеңілу мен ұтылу жазасын 
шеккен, болмаса жеңіс, табыс пен 
қуаныш, шаттық тапқан, қысқасы ты-
нысы былқыған жазушының жүрегі-
нен ғана шын шығарма туады.
М.Әуезов жазушы шығармашылы-
ғын бірнеше сатыларға бөліп ажы-
ратады. Мәселен, қаламгер ең алды-
мен өмірмен мидай араласып, оны
терең білуі тиіс, мұнысын ол логика-
лық пайымдау және қиял арқылы 
түсіндіре алады. Өмірді дұрыс та-
нымай, оны бар болмысымен іштей 
меңгермей, ақын, жазушыда шабыт 
тумайды. Екіншіден, шығармашылық 
өмірді терең білуден, оны үнемі зерт-
теуден, үздіксіз жойқын еңбек етуден 
туындайды. Шығармашылық еңбек 
«жүрек қанымен» жазылатын, бейне-
ті көл-көсір, рахатынан азабы басым 
болып келетін ауыр еңбек.
Жазу барысында тек шабыт күйін 
иемдену жеткіліксіз, мұнымен қатар 
шығармашылық өкілінде асқан та-
бандылық пен шыдамдылық, ғажап 
бай қиял, қажыр-қайрат, әсерленуші-
лік секілді қасиеттер болуы шарт. 
Көркем дүниенің өмірге келуі де әр-
түрлі. Мәселен, кейбір туынды бас-
аяғы екі-үш күн ішінде жазылса, ен-
ді бірі жылдар бойы жазылады. Әуе-
зовтің өзі «Абай жолы» эпопеясын 
жазуға ұзын ырғасы 20 жылын сарып 
еткені мәлім. Осы жылдары ғұлама 
ғалым өзінің бүкіл мінез-құлқын, се-
зім-талғамын, қажыр-қайратын ең 
басты мақсатына бағыттап, рухы мен 
жігерін күндіз-түні ширатып, асқан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет