14
тұншыққан
қажеттілікті қанағаттан-
дыру жолы, өзін-өзі жүзеге асыру жә-
не өзін-өзі бекіту түрі ретінде көрініс
табады.
АГРЕССИВТІК МІНЕз-ҚҰЛЫҚ
(лат.
aggressio
– қаз.
шабуыл жасау
)
–
адам әрекетінің ерекше формасы,
мұндай мінез-құлық субъекттің нұқ-
сан келтіру мақсатымен өзінен басқа
адамға немесе адамдар тобына өз
артықшылығын білдіріп, қыр көрсе-
туі немесе күш қолдануға тырысуы-
мен сипатталады. А.м-қ.
қарқынды-
лығы мен пайда болу дәрежесі бо-
йынша: жеккөрушілік, жақтырмаушы-
лықтан – тіл тигізуге («вербалдық
агрессия») және дөрекі түрде күш
қолдануға («физикалық агрессия») де-
йін түрленеді. Әлеуметтік-психология-
лық тұрғыдан келгенде: жекелеген
адамдардың агрессивті мінез-құлық-
тары жиынтығының,
бұқаралық си-
паттағы құбылыс ұғымының шеңбе-
ріндегі тұлғааралық агрессияның –
топтық агрессияға айналуының мәні
бар. Шетелдік психологияда агрес-
сивті мінез-құлықтың пайда болуы-
ның, себеп-салдарларының сан алуан
түсіндірмелері кездеседі. А.м-қ. нақ-
ты көріністерін түсіну үшін тұлғалық
және ұжымдық әрекеттің жалпы құры-
лымындағы оның орнын айқындап ал-
ған жөн. Мыс., агрессивтік акт субъект-
тің қорғаныстық жауабына ұқсама-
уына, аффекттің салдары еместігіне
немесе А.м-қ. өзіндік мақсат-мүдде
мен мәнге ие болып, ерекше тұлғалық
және ұжымдық іс-әрекетке (ауытқы-
ған, теріс мінез-құлық) көшуіне және
т.б. баса назар аудару қажеттігі.
АҒЫНАН ЖАРЫЛУ
– адамның іш-
кі сырын бүкпесіз білдіріп, болмыс-
тың
шындығын жасырмай ақтарып
салатын мінездегі ұнамды қасиет.
А.ж. мінезіндегі ақжарқын жайда-
рылықты, адал ниет пен ақпейілді, та-
за ой мен әділдікті білдіретін ұнам-
ды сипаттар.
Мінезі ақжарқын адам
өзінің ойы мен мақсат-мүддесін, ба-
сынан кешірген оқиғаларын, көңіл
күйін
жасырмай ашық-жарқын біл-
діреді. Маңындағы адамдарды да
өзіндей деп санап, оларға ақпейіл-
дікпен сенеді. Ақкөңіл адал адамның
мінез-құлқын
қастерлеп, халқымыз
«Ақкөңіл адамның аты арымас, тоны
тозбас» деген мәтелмен тұжырымдап
түсіндірген. Ағынан жарылып сөй-
лейтін ашық мінезді жайдары адам
айналасындағыларға ақниетімен қа-
райды. Оларға ақпейілі мен көңілшек-
тігін танытады.
Ақниетті адамның
жанашыр дос-жарандары да көп бо-
лады. Оны үнемі құрметтеп, өзара
сыйласымды қатынас жасайды. Халық
таза ойлы да, әділ де адал адамды дос
санап, оның турашылдығы мен шын-
шылдығына қолдау көрсетіп, оны
өзгелерге үлгі-өнеге етеді. А.ж., кіші-
пейілділік көрсету –
адамның жеке
басы мен бойындағы ұнамды да жа-
ғымды қасиеттері. Ондай қасиеттер
адамның кісілік беделін арттырып,
халық арасындағы құрметке ие бо-
луына жетелейді.
Достарыңызбен бөлісу: