17
1911 ж. онымен байланысын үзіп,
өзінің «даралық психологиясы» кон-
цепциясын жасады. Ол АҚШ-та қай-
тыс болды, мұнда оның көзқараста-
ры психиатрия мен педагогикаға ық-
пал етті. А. жетімсіздік, «толымсыз-
дық»
сезімнен арылуға ұмтылушы-
лықты адам психикасы дамуының
негізгі қозғаушы күші деп жора-
малдады.
Бұл ұмтылушылық индивидтің шығар-
машылық белсенділігінің, оның бел-
гілі бір жарымжандығының, әлеумет-
тік жағдайындағы кемістіктің және
т.б. орнын толтыруға мүмкіндік бе-
ретін дарындылығының дамуы үшін
стимулға айналады. А. былайша дәлел-
деді: түс көру, қиял және басқа да си-
рек кездесетін психикалық құбылыс-
тар, Фрейд пайымдағандай, өткендегі
жанға жара салған күйзелістердің
бұрмаланған көрінісі емес, жеке адам-
ның
өмірлік проблемаларынан туа-
тын «болжап білу» әрекеттері.
А. «өмірлік бағытты», сәби шақта қа-
лыптасатын және жеке адамның өмір-
лік мінез-құлқының өзегін (қалы-
бын) жасайтын, оның мінездегі қылық-
тарды, өмірлік қиындықтарды және
т.б. жеңу мәнерін айқындайтын сана-
лы емес «жобаны», «жоспарды» анық-
тап, тиісті түзету енгізуді «даралық
психология» міндеті деп есептеді. А-
дің көзқарасы адам психикасына, сон-
дай-ақ Сартрдың «экзистенциялық
психоанализіне» түрткі болудың әлеум.
факторларының маңыздылығын атап
көрсеткен неофрейдизм өкілдеріне
ықпал етті. Негізгі еңбектері: «Күйге-
лек мінез туралы» (1912), «Даралық пси-
хологиясының теориясы мен прак-
тикасы» (1920), «Адамтану» (1927),
«Өмірдің мән-мағынасы» (1933).
АДУЫН
– адам мінезіне тән өктем-
дік әрекет. А. адам өзгелерге білдір-
мек болған ой-пікірін екпіндей сөй-
леп, іс-әрекеті мен қарым-қатынасын-
да ірілік көрсетіп, сөзінің үстемдігін
білдіреді.
Мінез сипатының адуын-
дыққа қарама-қарсы мағынасын біл-
діретін екі жағы бар: бірі – адам-
ның ойы мен сөзі жүйелі келіп, шын-
дықты, іс-әрекеттің ақиқаттығын біл-
діретін болса, сөйлеушінің айтқанда-
рын тыңдаушылар дұрыс қабылдап,
оған әсерленеді. Ал екінші жағы –
керісінше, А. адамның ойы мен сөзі
істің мән-жайын білдіре алмайтын
тек байбалам салу деп санап, оның
айтқандары шындықпен жанаспайтын
ірілік
пен өркөкіректі білдіретін
жағымсыз әрекет деп бағаланады. Он-
дай адамды жұрт ақыл-ойы таяз адам
деп әжуалайды. А. бір жағынан ба-
тылдық әрекет деп саналады. Өйткені
ондай адам ісінің шындығына көзі
жетіп, ойындағы мақсат-мүддесін
тайсалмастан батыл түрде білдіреді.
Кездескен кедергілерден зиян шегемін
деп қорықпайды, шешімі қиын істер-
ге батыл кірісіп, оның пайдалы нәти-
же беретіндігіне сенімді болады.
Достарыңызбен бөлісу: