Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет132/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

БҰҚА
БҰҚА


130
дығын, бұлардың ішінде көреген
білгір, озық ойлы ақылдысы да, ойсыз
ақымағы да, ел билеуге, халыққа кө-
семдік етуге жарайтын-жарамай-
тындары да болатындығын айтады. 
Таланты зор ерен қабілетті әлеумет-
тік өмірде елеулі рөл атқарып, қо-
ғамдық прогресті шама-шарқынша 
тездетуге себепші болатын пенделер 
де кездесіп отырады, дейді жырау. 
Осындай барша жұрттан өзгеше жа-
ратылған адамның біріне ол Абылай 
ханды жатқызады: Жұлдызың туды-
ау оңыңнан, Жан біткен еріп соңың-
нан, Он сан алаш баласын, Аузыңа 
құдай қаратып, Жусатып тағы өргі-
зіп, Жұмсап бір тұрсың қолыңнан. 
Әрине, бұл жерде жырау Абылай се-
кілді хандардың қоғамдағы рөлін асы-
ра бағалап, барша халықтың игілікті 
ісін бір кісінің басына үйіп-төгіп, қа-
зақ қоғамының прогресін тек Абы-
лайдың іс-әрекетімен түсіндіргісі ке-
леді, оның жеке басын асыра мадақ-
тап, оған құдайдай табынады. (Жеті
күн кіріп ұрысқа өлімге басың байла-
дың, жетім мен жесірге ешбір жаман-
дық қылмадың).
XVIII ғасырдағы жоңғар шабуылы-
нан үлкен зардап шеккен қазақ елі енді 
тек бейбіт өмірді аңсады. Бұл жағ-
дайды дұрыс түсінген Бұқар Абылай-
дай тынымсыз жорық жасап, ел бе-
рекесін кетіріп жатқан ханға халық-
тың өзара бірлігін сақта, жаугершілік-
ті қой, деп ақыл-кеңес береді: Со-
ғыссаң кетер сәніңіз...Жаулық жо-
лын сүймеңіз, – деп жырау мал мен 
жер үшін босқа қан төгуге қарсы шы-
ғып, Абылай ханның соғыс саясатын 
бүкіл елдің жақтамайтынын ескерте 
келіп, жұрт тілегіне қарсы іс қылу, ел
ойынан шықпау жақсылыққа апар-
майтынын, көрші елдермен алыс-бе-
ріс жасап, жауласпай бейбіт өмір сү-
рудің қажеттігін, әсіресе, орыс елімен 
дос болып, оған арқа сүйеу керекті-
гін ескертеді. Мәселен: Ашуланба, 
Абылай, Өтіңменен жарылма, Өк-
пеңменен қабынба, Орыспенен соғы-
сып, Басына мұнша көтерген, Жұрты-
ңа жаулық сағынба! – деген жолдар 
Бұқардың жоғарыда айтқандарын 
онан сайын бекіте түседі. Хан халқын 
сыйлап, жұрттың айтқанымен сана-
сып отыруға тиіс, жақсы ханды хал-
қы да қадірлейді, хан халық тілегінен 
шықса, қой үстіне бозторғай жұмырт-
қалайтындай заман орнайды, деп жы-
рау жаппай үйлесімділік (гармония) 
теориясына ұқсас жаңсақ қорытын-
ды жасайды. Ханның жақсы болма-
ғы, Қарашаңның елдігі...Ел иесі құт 
болса, Ауыл ала болмайды.
Халқымыз ежелден туысқандық ынты-
мақтастыққа, ағайынгершілікке ерек-
ше мән беріп келген. «У ішсең руың-
мен» деген заманда өмір сүрген қарт
таптық белгілерді айыра алмай, аға-
йындардың ынтымақтасқан ауыз бір-
лігін, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас 
шығаратындай» мықты топ болуын 
ғана аңсаған. Ағайынның аразы, Ер-
дің сәнін кетірер...Бұл жалғанда бір 
жаман, Ағайынның аласы...Айыра 
алмай жат өлсін. Жат бойынан түңіл-
сін, Бәріңіз бір енеден туғандай бо-
лыңыз.
Жырау ағайын татулығы, елді бе-
рекелі ететін, ең басты нәрсе екен-
дігін айтып «ағайын тату болса, жат
жанынан түңілер» деген халық мәте-
лін құптай, халықтың тату-тәтті өмір
сүруін армандайды. Дегенмен психо-
логия ғылымына қатысты қызық-
ты тұжырымдар жырау шығарма-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет