126
кәсіби
әдептанудың негізгі катего-
риясы: жауынгерлік Б., дәрігерлік
Б.,ұстаздық Б., ата-аналық Б., т.б.
БОСҚЫНДАР
– экономикалық тұ-
рақсыздық, ұлттық-этникалық жан-
жалдар,
кикілжіңдер мемлекеттілік-
тің күйреу үрдісінің тереңдеу салда-
рынан пайда болатын мәжбүрлі қо-
ныс аударушы топтар (мигранттар).
Б-дың психологиялық ерекшелікте-
рін әлеуметтік психология мен эт-
нопсихология зерттей алады.
БөБЕК
– бір жасқа жақын өз бетін-
ше отырып, тұрады, кей бала 9-10 ай-
лығында қаз тұрып, жүре де бастай-
ды. Түрегеліп тұру, жүру оның таны-
мын кеңейте түседі, ол бұрын көрме-
ген заттарымен әуестене бастайды.
Үлкендермен қарым-қатынасында да
заттарды танып, білуге бағытталған
сәттер байқалады.
Сәби ойыншық-
тың «не нәрсе екенін», оны не істеу
керек екенін» білгісі келеді. Бала ды-
быс шығарып уілдейді, үлкендерге
жылы шырай береді, ұмтылып, бір
нәрсе айтқысы, сұрағысы келеді. Мұ-
ның аяғы кейде айқай, қыңқыл, жы-
лауға барып ұштасады. Осылардың
барлығы да
өз айналасын қоршаған
дүниемен шама-шарқына қарай бай-
ланыс жасауға талпынудың қажеті-
нен туған жайлар. Осы кезде бала-
ны сөйлеуге үйрете бастаған дұрыс.
Балаға
сөзді бұрмаламай жеткізген-
де ғана жеке сөздерге, сөз тіркесте-
ріне түсіне алатын болады. Сөздік
сигналдар баланың есту, көру қабыл-
дауына қатарынан әсер ететіндіктен,
сөздің мәніне түсіну
балаға онша
қиынға түспейді. Бір жасар балада
10-15 сөз болады. Бұл – баланың ак-
тив сөздігін құрайды, өйткені енді
сөздердің мәніне түсінеді, оларды өзі
де айта алады.
Бөбек алдымен зат-
тың атын білдіретін, кейін оның қи-
мылын білдіретін сөздерді меңгере-
ді. Үшке аяқ басқанда өз айналасына
байланысты айтылатын барлық сөз-
дердің мәнін түсіне алады да, өзі де
сөйлем құрастырып, «әңгімелесуге»
жарап қалады.
Баланың
тілі шығып, жүре бастауы
оның түрлі қажеттерін өзі орындауға
(тамақ ішу, киіну т.б.), әр түрлі заттар-
дың атқаратын қызметін ұғынуға мүм-
кіндік береді. Бала біртіндеп нәрсе-
лердің негізгі, өзіне тән белгілерін,
ортақ
қасиеттерін аңғарады, кейбір
сөздің мәнісіне түсініп, оларды жал-
пылай білетіндігін көрсетеді. Мәселен,
балаға «мияуың қайда?» десе, оның
бейнесін қимылмен білдіреді, немесе
өз сөзімен жауап қайтарады. Мәселен,
«мияу» деген сөз – бөбектің мысық-
ты көргенін немесе оның даусын ес-
тігенін, одан қорыққанын немесе ұс-
тағысы келетінін білдіретін сигнал.
Кейде ол жүннен істелген нәрселерді
де осылай атайды. Бұл оның ойлауын-
да жалпылау тәсілінің біртіндеп қа-
лыптасып келе жатқандығын байқа-
тады. Біртіндеп баланың ойлауында
анализ,
синтез тәсілдері пайда бола
бастайды. Мәселен, ол ең алды мен
үлкен қызыл шарды бір тұтас нәрсе
деп ұғынса, кейін оның түсі, мүсіні
жөнінде ойлауды үйренеді.
Бұл жөнінде И.М.Сеченов былай дей-
ді:
«Сыртқы әлемнің заттарын ба-
ла тек бөлек күйінде емес, сол тұтас
заттардың бірімен-бірінің, сондай-ақ
олардың әрбір бөлшектерінің тұтас
затқа қатысы қандай екенін біле
бастайды... Баланың орашолақ ойынан
Достарыңызбен бөлісу: