284
дау кезінде заттар мен құбылыстар-
дың қалай болғанын, олардың қа-
сиеттерінің қандай екендігін түсініп,
ұғымымызды кеңейтіп отырамыз.
Анық және жақсы қабылданған зат-
тар ғана түсінікті болады. Адам дү-
ниедегі заттарды қабылдай отырып,
оларды сипаттайды, бірімен-бірін
салыстырады, арасындағы ұқсасты-
ғы мен айырмашылығын, жалпы
қасиеттерін ажыратып отырады.
Қ. басқа да психикалық функциялар
сияқты, дүниедегі объективті заттар-
дың адамның санасында субъектив-
тік бейнеленуі. Адам қабылдауының
мазмұны түгелімен сыртқы дүние-
дегі заттар мен құбылыстардың мә-
нін бейнелейді. Қ. үрдісінде адам-
ның өткендегі тәжірибесі ерекше
орын алады. Бұл ерекшелікті аппер-
цепция деп атайды
(Апперцепцияны
қараңыз).
Жалпы, адамның қабыл-
дауы эволюциялық жолмен дамып,
қоғамдық тәжірибе әсерінен жетіліп,
күрделеніп, кеңейіп, мазмұны жа-
ғынан кеңейіп жатады. Қ-дың құры-
лымдылығы – қабылдаудың тұтас-
тылығымен тығыз байланысты ерек-
шелігі.
Біз белгілі бір объекттің жеке эле-
менттерін емес, тұтас құрылым ре-
тінде қабылдаймыз. Мыс., музыка-
ны қабылдағанда, біз оны жеке
ноталар бойынша емес, тұтас әуен
ретінде қабылдап, қайта жаңғырта
аламыз. Қ-дың тұрақтылығы неме-
се константтылығы деп сыртқы жағ-
дайдың өзгеруіне қарамастан, зат-
тардың мөлшері, формасы, түсі және
т.б. қасиеттерінің салыстырмалы
бір қалыпты болып қабылдануын
айтады. Мыс., ақ қағаз қараңғы бөл-
меде қара болып көрінсе де, біз оны
ақ түсті ретінде қабылдаймыз. Қ.-
дың тұтастылығы – бұл объекттің
кейбір қабылданатын элементтерінің
жиынтығын сенсорлық түрде және
ойша тұтас бейне күйіне толықтыру.
Қабылдауда заттар мен құбылыстар-
дың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, фор-
масы, т.б. қасиеттері тұтас күйінде
бейнеленеді. Мыс., алманы қабыл-
дауды алайық. Мұнда біздің анали-
заторларымызға оның қызыл түсі,
хош иісі, тәтті дәмі т.б. осындай қа-
сиеттері бір мезгілде әсер етеді де,
миымызда тұтас зат бейнесі пайда
болады. Қ. кейбір жеке қасиеттер-
ден, жеке бөліктерден тұрғанымен,
біз оларды бүтіндей, тұтастай бей-
нелейміз.
Қ-дың нәтижесінде қалыптасатын
тұтас бейне түйсіну түрінде алына-
тын заттың жеке қасиеттері мен са-
палары жөніндегі білімдерді жалпы-
лау негізінде құрылады. Қ. үрдісінде
адамның өткендегі тәжірибесі ерек-
ше маңызды. Егер бала өмір бойы
поезды көрмей өссе, оны бірден жақ-
сы тани алмайды. Адамның сыртқы
дүниенің заттары мен құбылыстарын
қабылдауы селқос үңілу емес, белсен-
ді қабылдау. Белсенді қабылдау ғана
дүниені тереңірек тануға мүмкіндік
тудырады.
Қ. – ми қабығының күрделі анализ-
дік және синтездік қызметінің нәти-
жесі. Қабылдаудың физиологиялық
негізінде бірнеше тітіркендіргіштер-
дің жиынтығы мен олардың қарым-
қатынасында пайда болатын уақыт-
ша байланыстар жатады. Мұны И.П.
Павлов
қатынас рефлексі
деп ата-
ған. Мәселен, көру анализаторла-
рында осындай қатынас рефлексінің
жасалуы (яғни тітіркендіргіштердің
Достарыңызбен бөлісу: