282
болса да абырой-атаққа жеткізбей-
ді. К. адамды ашу-ызаға, қатыгездік
пен мейірімсіздікке жетелейтін жек-
сұрын қылық. Адам К.болудан ары-
лып, өзінің бойында ізгі қасиеттерді
қалыптастырғанда ғана былайғы
жұртқа ұнайтын болуға ұмтылғаны
абзал.
КІНӘМШІЛДІК
– мінездегі өзге
адамды айыптап, оның қателігін көр-
гіштік, сөйтіп оны айыпты деп санау,
өз ойындағысы
болмаған соң жазғы-
ру. К. – өзімсінген адамға тағылатын
кінәрат. К. адамның бір жағынан
жағымсыз, ұнамсыз қылығын білді-
ретін мінез ерекшелігі болса, екінші
тараптан алғанда, өзімсінген адам-
ның бойындағы мінез-құлықтарын
міней отырып сынаудың көрінісі бо-
лып саналады. Өзге жұрттың, басқа
адамның тіршілігі мен мінезінің кем-
кетігін байқап көргіш, пайымдап біл-
гіштігін білдіреді де, оны кінәлайды.
К. адам мінезіндегі көңіл күйінен
туындайтын орынсыз тілек пен өкпе-
лі ойды да білдіреді.
К. өз мінезінің кем-кетігіне жете
мән бермей, өзгелерге орынсыз ті-
лек қояды. Мұндай ретте К. оның
наздануымен де төркіндес болып жа-
тады. Өзін ақылды, іскер санап, өз-
гелерді кінәраттау өзімшілдік пен
өркөкіректікті көрсететін ұнамсыз
қылық. Әдетте адам өзгелерді айып-
тап, оларды кінәлау үшін ең алды-
мен өзінің кім екеніне де сын көзі-
мен ой жүгіртіп қарағаны әдептілік
пен адамгершіліктің өнегелі жайтта-
рын білдіреді. Осы орайда ұлы Абай:
«Соқтықпалы соқпақты жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қой-
ма» дейді. Орынсыз К. адамның ақыл-
ойының өресіздігін білдіреді. Халық
даналығы: «Көрпеңе қарай көсіл»
деген ұлағатты кеңес айтады.
Достарыңызбен бөлісу: