285
бір-бірімен байланысы) заттың түрі,
түсі, мөлшеріне қарамай-ақ оның
тұлғасын тануға мүмкіндік береді.
Қ. – түйсіктегідей бір анализатор-
дың ғана қызметі емес, бірнеше ана-
лизаторлардың бірлесіп қызмет іс-
теуінің нәтижесі. Мәселен, киноны
көру екі анализатордың (көру, есту)
өзара байланысып жұмыс істеуінен
болады. Қ-дың мағыналығы, бұл не-
гізгі айырмашылығын жақсы көр-
сетеді. Объектілердің мазмұнын тү-
сінбейінше, белгілі тұжырымдар мен
сөз арқылы аталмайынша, ол толық
қабылданбайды. Қ-да объекттің аты
сөзбен берілсе, қандай нәрсе болса да
оңай және тез қабылданады. Мәсе-
лен, өзіміз түсінбейтін тілде сөйлеген
сөздерді мүлде ұқпайтын болсақ,
азын-аулақ хабарымыз бар тілді ша-
ла-шарпы қабылдаймыз. Адам ана
тіліндегі сөздерге жақсы, толық түсі-
нетіндіктен ғана оларды толық қа-
былдайды.
Заттар мен құбылыстардың мағына-
сын түсінудің қарапайым түрі –
та-
ну
. Нәрсені танымайынша, оны аң-
ғарып, қабылдау қиын. Тану жалпы-
лай және даралап тану болып екіге
бөлінеді. Жалпылай тану дегеніміз
талғаусыз қалай болса, солай тану.
Жалпылай тануда адам нәрселердің
өздеріне тән қасиеттерін біле бер-
мейді. Объектілерді даралап тану ар-
қылы ғана оларды анық, толық қа-
былдауға мүмкіндік туады. Мәселен,
көпшілік арасынан таныс адамды
бірден танудан, көп киімнің ішінен
өз пальтоңды бірден тану оңай.
Қ-дың таңдамалылығы, толып жат-
қан объектілердің ішінен біреуін
іріктеуіміз (оның қасиетін, сапасын)
қабылдаудың таңдамалылығы делі-
неді. Мәселен, кітап оқығанда онда-
ғы бірер сөз қате жазылған болса да
байқамай оқып кете береміз. Егер
кітапта «университет» деген сөз «ун-
верситет» деп қате жазылса да біз
мұны «университет» деп дұрыс оқи-
мыз. Кітап оқығанда оның мазмұ-
нына ерекше көңіл бөлінетіндіктен,
мұндай қателер көзге түспей қала-
ды. Ал жеке сөздерге, жеке әріптер-
ге шұқшия көз салған жағдайда
(мәселен, корректорлар) мәтіннің
мазмұны ұғылмай, күңгірт қалып
қоятын кездері болады. Қ-да зейін
аударып, талғаудың зор маңызы бар.
Мұндай жағдайда объекттің назар
аударылған белгілерін, қасиеттерін,
керек жақтарын ғана қабылдаймыз.
Біздің назар аударатынымыздың
ішіндегі ең бастылары, қазірде іс-
теп жатқан әрекетімізге қажет қызық-
тыратын, қажетімізге жарайтын нәр-
селер болып табылады. Қ-дың таң-
дамалылығы әр түрлі объективтік
(объектілердің ерекшеліктеріне –
күші, қозғалысы, қарым-қатынасы
т.б.) және субъективтік (адамның
қабылданатын затқа қызығуы, оны
қажетсінуі, сол кездегі психикалық
көңіл күйі т.б.) себептерге де байла-
нысты болып келеді. Мұғалім бірне-
ше оқушыдан үй тапсырмасын сұ-
раған кезде оған бір баланың жауа-
бы ерекше ұнайды.
Бұған ол аса зейін қояды. Сонда мұ-
ғалімнің оъектісі сол бала болады да,
қалғандарының жауабы жөнді елен-
бейді. Қ-да ерекше айқын көрініп
тұрған нәрсе (жоғарыдағы мысалда
баланың сабақты жақсы айтуы) фигу-
ра делінеді де, қалғандары (осы сұ-
раққа жөндеп жауап бере алмаған
оқушылар) соның фоны болады. Сөй-
Достарыңызбен бөлісу: