Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет555/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   551   552   553   554   555   556   557   558   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

Темперамент 
типтері (Гиппо-
крат бойынша)
Жүйке жүйесі 
типтері (Павлов 
бойынша)
Жүйке (қозу, тежелу) үрдістері
Күші
Тепе-теңдігі
Қозғалғыштығы
Холерик
Ұстамсыз тип
Күшті
Тең емес (қозуы 
тежелуінен басым)
Сангвиник
Флегматик
Ширақ тип
Баяу тип
Күшті
Күшті
Тепе-тең
Тепе-тең
Қозғалғыш
Баяу қозғалады
Меланхолик
Әлсіз тип
Әлсіз
Төмен
ТЕМП
ТЕМП


524
ғи да басым келіп отыратын) ерекше 
қозғалыстағы тип.
Күшті типтердің екіншісі – 
ширақ 
типтер деп аталынады. Мұнда қозу 
мен тежелу процестері бір-біріне 
тең келіп, тез алмасып отырады. 
Күшті типтің үшіншісі 
– 
қозу мен 
тежелу бір-біріне тең, бірақ алмасуы 
сараң, баяу қозғалатын тип. 
Әлсіз 
типте қозу мен тежелу процестері 
баяу көрініп отырады. Күшті тітір-
кендіргіштердің әсерінен туатын 
шектен тыс тежелулер де әлсіз типте 
жиі болып отырады. Мұндайда кей-
де күшті типтер сыртқы дүниеден 
келетін түрлі әсерлерге төзімді келсе,
әлсіз тип морт сынып кететін бола-
ды. Павлов ашқан жүйке жүйесінің 
негізгі типтері темпераменттердің 
физиологиялық негіздерін жақсы тү-
сіндіреді.
Павлов 
сангвиниктерді 
– ширақ, жүй-
ке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі 
тең, 
қозғалғыш адам 
– 
холериктерді 
ұстамсыз; 
жүйке жүйесі күшті, қозуы 
тежелуінен басым, 
флегматиктерді 
жүйке жүйесі күшті, қозуы мен теже-
луі бір-біріне тең болғанмен, 
қозға- 
лысы баяу адамдар десе; 
меланхо-
ликтерді – жүйке жүйесі әлсіз типті
адамдар деп сипаттады. Темпера-
менттер мен жүйке жүйесі типтерінің 
өзара қатынастарын осы беттегі таб-
лицадан көруге болады:
И.П.Павлов осы айтылған негізгі 
типтерден басқа да аралас, 
көшпелі 
типтердің 
кездесетіндігін айтты. 
Мәселен, ұстамсыз типтің өзінен қо-
зуы ерекше күшті, тежелуі әлсіз және 
қозуы мен тежелуі бірдей күшті (бі-
рақ аз да болса қозуы басымдау тұра-
тын), сонымен қатар қозу мен теже-
лудің күші тепе-тең келетін вариант-
тары байқалған.
И.П.Павлов жануарлардың жүйке 
жүйесінің типін айыру үшін жасаған 
тәжірибесінің кейбір қорытындыла-
ры адам темпераменттерінің физио-
ло-гиялық негіздерін түсінуге толық 
жарайтындығын көрсете келіп, тем-
пераментке мынадай анықтама бере-
ді: 
«Темперамент жануарлар мен жеке 
адамның жалпы сипаттамасы, әрбір 
индивидиумның барлық әрекетіне 
белгілі кейіп беретін жүйке жүйесінің 
жалпы сипаттамасы».
Соңғы жылдары көрнекті совет пси-
хологы Б.М.Тепловтың (1896-1965) 
лабораториясында жүйке жүйесінің 
типтері одан ары зерттеле түсті. Егер
И.П.Павлов өзінің тәжірибесін жа-
нуарларға жасаған болса, Б.М.Теп-
лов пен оның шәкірттері осындай 
тәжірибені адамдарға жасады. Бұл 
зерттеулерде И.П.Павловтың жүйке 
жүйесінің төрт түрлі типі туралы ілі-
мі адамдардың жеке өзгешеліктерін, 
әсіресе, оның темпераменттерін 
анықтауда ерекше маңыз алатын бір-
ден-бір ғылыми теория екені тағы да 
дәлелдене түсті.
Б.М.Тепловтың шәкірттерінің бірі 
В.Д.Небылицин осындай зерттеулер-
дің бірінде жүйке жүйесінің әлсіз 
типінің өзі бірнеше варианттарға 
бөлінетінін анықтап берді. Бұрын 
өмір сүруге икемсіздеу деп саналатын 
осы әлсіз типтің өзі енді 
қозғалғыш, 
баяу, қозу мен тежелуі теңгерілме- 
ген типтер деп 
бөлінетін болды. Әл-
сіз типтің де сезімталдығы күшті 
екендігі, осыған орай оның сыртқы 
ортаға бейімделе алу қабілеті мол 
екендігі зерттелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   551   552   553   554   555   556   557   558   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет