576
ХАЛЫҚТЫҚ ПСИХОЛОГИЯ
–
адамның күнделікті өмірінің оның
басқа адамдармен алуан түрлі пси-
хологиялық байланыстары мен қа-
тынастарын зерттейтін ғылымға де-
йінгі психологияның түрі. Х.п.-ның
иесі – нақты адамдар.
Адамдардың ішінде өмірлік даналы-
ғы мол,
психологиялық көрегендігі
жоғары кісілерде кездеседі. Олар
адамның бет-әлпеті, позасы мен кө-
зінің қарасынан сол адамның көңіл
күйін, ниеттерін біліп қояды. Х.п.-да-
ғы балалардың өз құрбы-құрдаста-
рының, ата-анасы мен мұғалімдері-
нің субъективтік
қасиеттерінде бағ-
дарлай алады. Х.п.-ның негізін бір-
лескен іс-әрекет, қарым-қатынас,
адамдардың шынайы өзара қатынас-
тары құрайды.
Адамдардың психо-
логиялық ерекшеліктерін, мінез-
құлқын білдіретін қарадүрсін пси-
хологиялық ұғымдар мен ғылыми
ұғымдардың
арасында сәйкессіздік
болады. Х.п.-ның мазмұны халықтың
салт-дәстүрлерінде, түрлі нанымда-
рында, ауыз әдебиетінде, ертегілер-
де,
мақал-мәтелдерде, т.б. көрініс
табады. Адамдар күнделікті өмірден
психологиялық тәжірибе жинап, бас-
қа адамдарды түсінудің, оларға тиім-
ді әсер етудің тәсілдерін меңгереді.
Ондай қабілеттілікті психологиялық
біліктілік деп те атайды. Бұл қасиет
әсіресе педагогтарда қалыптасуы қа-
жет. Х.п.-ның білімдер қарапайым
бақылау және өзін-өзі бақылау арқы-
лы, интуиция арқылы көрініс табады.
ХАРИзМА
(грек.
сharisma –
тарту) –
жеке тұлғада оған бас игізгендей жә-
не оның мүмкіндіктеріне сөзсіз се-
нетіндей қасиеттер бар деп білу. Бұл
феномен
топтасу процесінде өз мұ-
раттарын жеке бір адамға түгелдей
дарыған деуге бейім шағын және
әсіресе үлкен топтарға тән. X. көбіне
экстремальды тарихи жағдайларда
пайда болады. Х.-лық лидерге оның
жақтастарының барлық жетістіктері
байланыстырылады, тіпті оның көрі-
ну кемшіліктері
дәріптелуге дейін
барады. Х.-лық лидердің діни немесе
саяси аренадағы қабілеттері тылсым
мәнде ұғынылып, құтқарушы деп та-
быну шығады.
X. оған сәйкес әлеуметтік-психоло-
гиялық қажетсіну болғанда қалып-
тасады. Топтық психологияның фе-
номені ретінде X., әдетте, өзінің ай-
налдырған түрінде қабылданады:
барлық
назар харизманы жасаушы
ізбасарларға аумай, лидерде бола-
ды. Діни психологияда X. құдайдың
рақымы деп бағамдалады. Х.-ға өт-
пелі сипат берушілік, оның мұрагер-
леріне тарату, иерархиялық тұрғыдан
орнықтыру әрекеттері болады.
ХИРОМАНТИЯ
(грек.
cheir –
қол
және
тanteiа –
бал ашу, көріпкелді-
лік) – адамның даралық, ерекшелік-
Достарыңызбен бөлісу: