Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік



бет2/3
Дата08.02.2022
өлшемі60,03 Kb.
#98572
1   2   3
Байланысты:
дш реферат гимнастика

2. Негізгі бөлім
Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді. Біріншісі -
гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан,
негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың
негізгі жиынтығы болып табылады. Гигиеналық гимнастика - денсаулықты
қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы,
сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы.
Ырғақты гимнастика - негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына
байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады. Жалпы
дамыту жаттығуларының маңсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында
үздіксіз орындалуы.
Атлетикалық гимнастика - жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы
мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл
жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық
батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондайақ, тренажорлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика
негізінен - жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады.
Екіншісі - спорттың гимнастика. Спорттың гимнастика бірнеше жекелеген
спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып
есептеледі. Ерлердің жабдықтары - керме, шығыршық, қоссырық, кіші және
үлкен ағаш ат және еркін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары - бөрене, үлкен
ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу.
2. Өнер мен спорт
Көркем гимнастика - отаны Ресей болып табылатын айтарлықтай жас
және әдемі спорт түрлерінің бірі. Ол әйгілі Марин театрының бишілерінің
арқасында пайда болды. Көркем гимнастика әлемде тез танылды да белгілі
спорт түрлерінің біріне айналды.
Көркем гимнастика – спорт пен өнердің үйлесімді қосылуы. Ол әлемге
жұмсақтық, жылу және нәзіктік сыйлайды. Ол бізге сұлулық символы
ретінде қажет.
Көркем гимнастика – қыз баларды дене – шынықтыру тұрғысында
дайындық барысындағы негізгі құрал. Жаттығулар үйлесімді
қабілеттіліктерді, икемділікті, ептілікті, жылдамдылықты, төзімдлікті
жетілдіруге бағытталған. Барлық бұлшық ет топтарының бірқалыпты
дамуына байланысты қыз балаларда жеңілділік, сымбаттылық және
қозғалысының еркінділігі қалыптастырылады. Көркем гимнастикада
пайдаланылатын музыкалық тәрбиелеу эстетикалық тәрбиеге, музыканы
естуге және тыңдауға көмегін көрсетеді.
Негізгі көркем гимнастика жан-жақты үйлесімді дене жынықтыруға,
денсаулықты нығайтуға, мүсіннің қозғалыс функцияларының нығаюына
бағытталған.
Гимнастикамен балеттің өзара байланысы салдарынан – әрбірқозғалыстың
үйлесімділігі мен сымбаттылығы жетілдіріледі (оның ішінде пластика, ритм,
сымбаттылық, әртістілік). Кез келген бидіің негізінде базалық және негізгі
сабақтарды беретін классикалық хореография болып келеді (созымдылық,
икемділік, күшті жаттығулар). Аталған хореография күнделікті өмірде де
қажет – жақсы мүсін, ырғақты жүріс. Кеңістікте жақсы тұрып дәлірек
бейімделу үшін акробатика көмектеседі – кез келген бидің және спорт
түрінің ажырамас бөлігі.
Спорттың аталған түрімен қыз балалр ерте жастан бастап айналыса алады.
Сымбатты мүсін мен ырғақты жүрі, музыканы тыңдау мен түсіну, жалпы
адемі болу қабілеттілігі тез арада игеріледі. Бірақта, бұл тек басы ғана.
Маңызды спорт жетістіктеріне жеткісі келетін қыз балалар өз армандарына
жете алады. Әлемде спорт неше түрлі спорт түрі бар. Дегенмен, тек қана
көркем гимнастика қыз балалар үшін шексіз айналысуға рұқсат береді.
3.Командалық рух пен мәнерләік
Эстетикалық гимнастика — спорттың жаңа және көріністік түрі, дененің
стильді, табиғи қимылдарында негізделген кез келген жастағы қыз балаларға
арналған ең әдемі спорт түрлерінің бірі. Эстетикалық гимнастиканы көбінесе
кілем үстіндегі синхронды жүзу деп атайды. Ол іс-қимылдарды орындаудың
мінсіз синхрондылығымен, керемет музыкалық композициямен және
әртістік орындаушылықпен байланысты. Сұлулық, сымбаттылық,
көркемділік, шабыт – осының барлығын эстетикалық гимнастикада көруге
болады. Бұл спорт түрінде саздылық, әсемділік, сымбаттылық нәзіктілік және
пәктілік мінсіз үйлесім тапқан.
Эстетикалық гимнастика тек қана әдемі де сымбатты спорт түрі емес,
сонымен қатар арманшыл спорт түрі де болып келеді. Эстетикалық
гимнастиканың негізін салушысына орыс ақыны Сергей Есениннің ғашық
болуы бекер емес. Спорттың осы түрін ашқан Айседоре Дункан деп
есептейді, дәл осы адам классикалық балеттегі пуантада емес жалаң аяқ
билеп, өз қимылдарында ертегректік пластиканы пайдаланған.
Эстетикалық гимнастика командалық спорт түрі болып табылады, бұл
арада белдіктер, доптар, және құрсау көркем гимнастикадағыдай жиі
пайдаланылмайды. Команда бірігей тұлға– әрбір көз тастау мен демалу, қол
ұшының әлсіз қимылына дейін бірігей қозғаллыс болуы тиіс. Жаттығулар
нәтижесінде әрбір элементтің орындалуы, музыкамен бірлесі жетілдіріледі.
Эстетикалық гимнастика бойынша жарыстар - жарқын көрініс. Әрбір жарыс
бағдарламасы - орасан зор көрініс. Әрбір жарыс бағдарламасы – өзінде
спортты, пластиканы, сымбаттылықты, заманәуи хореографияны,
командалық рухты және мәнерліті бірліктіретін кішігірім спектакль.
Шынында гимнастиканың осы екі түрінің бірігей шығу тегі
бар. Эстетикалық гимнастикада спортшыдан нақты қасиеттер талап
етілмейді, сондықтанда бұл спорт түрімен кез келген жаста
шұғылдануға болады.
Спорттық гимнастика – спорттың негізгі түрлерінің бірі; еркін жаттығулар,
таянып секіру және снарядтардағы жаттығуларды
қамтиды. Қазақстанда спорттық гимнастика 1920 жылдардың аяғында дами
бастады. Гимнастшыларды даярлауда В.Рякшин, А.Ершов, Г.Мещерский,
Қ.Қуанышбаев, И.Муллаев, В.Байдин, т.б. жаттықтырушылар көп үлес
қосты. Спорттық гимнастикадан Н.Ким – Олимпия чемпионы (1976), әлем
кубогының жеңімпазы (1978), бірнеше дүркін КСРО чемпионы, Н.Ильенко –
КСРО-ның абсолют чемпионы (жеке түрінен) және КСРО құрама
командасының құрамында әлем чемпионы (1984), Ю.Цапенко – КСРО
құрама командасының құрамында Олимпиада ойындардың күміс жүлдегері
(1964). Халықар. дәрежедегі спорт шебері Қ.Қалиева1982 жылы республика
чемпионы, халықар. жарыстардың жүлдегері болды. 1987
жылы В.Люкин (Алматы) Еуропаның және КСРО-ның абсолют чемпионы әрі
КСРО құрама командасының құрамында В.Новиковпен (Алматы) бірге әлем
және 1988 жылыОлимпиада ойындардың чемпионы атанды. 1991
жылы республика тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда алматылық
Е.Ерімбетов, С.Федорченко, А.Дмитренко, т.б. гимнастшы жігіттер бірнеше
дүркін Азия чемпионы, Азия ойындары, ізгі ниет ойындарымен қатар, әлем
кубогының иегері және халықар. турнирлердің жеңімпазы, жүлдегері болды.
4.Көркем гимнастика – музыка ырғағымен арнаулы затпен (секіретін жіп,
шеңбер, доп, ұршық, лента және т.б.) немесе затсыз әр түрлі гимнастикалық
және би жаттығуларын орындайтын спорттың бір түрі. Соңғы кездері әлем
сайыстарында затсыз өнер көрсетілмейді. Топтық орындауларда бірден екі
зат (мысалы шеңбер мен доп) немесе бір зат (мысалы бес доп, бес күрзі)
қолданылады. Жеңімпаздар көпсайыста, жеке әрбір түрде және топтық
жаттығуларда анықталады.
Қазір барлық жаттығулар оркестрлық фонограммаларды пайдаланып сазды
сүйемелдеумен орындалады. Сазды сүйемелдеумен жаттығуларды орындау
спортшының және жаттықтырушының қалауына байланысты болады. Бірақ
әрбір жаттығу бір жарым минуттан аспауы шарт. Сайыс көлемі 13х13
метрлік гимнастикалық кілем үстінде өткізіледі. Классикалық көпсайыс (4
жаттығу) – олимпиадалық тәртіп. Сонымен қатар көпсайыстан басқа гимнаст
спортшылар жеке біріншілікте дәстүрлі түрде жеке жаттығу түрлерінен
(Олимпиадалық ойындардан басқа) арнайы жүлделі орындарға таласады.
Гимнаст спортшылардың жаттығуларды орындауы отыз ұпайлық жүйемен
бағаланады. Тартымды әрі сұлу спорт түрлерінің бірі көркем
гимнастика КСРО-да спорт түрі ретінде 1940-шы жылдары пайда болып,
1984 жылдан бастап – олимпиадалық спорт түріне айналды. Алғашқыда тек
қыздар спорты ретінде ғана қалыптасқан еді, бірақ ХХ ғасырдың соңына
таман жапон гимнастарының арқасында ер азаматтар арасында да сайыстар
өткізілетін болды.
1956 жылдан бастап Астана қаласында көркем гимнастика дами бастады,
таратылу кезінде Целиноград қаласына келген Адриан Эльза Андреевна
спортшыларының көрсеткен нәтижелері үшін қазақ КСР еңбек
сіңіргенжаттықтырушысы атағына лайық деп танылды. Адриан Эльза
Орта Азия және Қазақстан Республикасының әйелдер спартакиадасына (1968
жыл Душанбе қ.) және Қазақ КСР құрама командасынан Киев қаласында
өткен жалпы кеңес жасөспірімдер ойынына қатысушы, Целиноград
облысындағы КСРО бірінші спорт шебері Омарова Ляйлимді, сонымен
қатар еліміздің құрама командасына енген және бірнеше рет жүлдегер мен
чемпион атанған Нейвгерт Фрида мен Федонина Еленаны, КСРО
құрамасының мүшелері, спорт шеберлері Янчукова Светлана, Беккер
Татьяна мен Лапшина Ольганы тәрбиелеп шығарған.
5.90-жылдары балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі көркем
гимнастика бөлімінің: Врасникова С. Д., Омарова Л. Х., Широкорадова В. Г.,
Лоншакова Е., Доспанова О. И., Есикова Е. секілді мықты
жаттықтырушыларынан халықаралық турнирлердің және еліміздің
жүлдегерлері мен чемпиондары, спорт шебері Сулейменова Гульмира,
халықаралық деңгейдегі спорт шеберлері Мерцалова Юля мен Красникова
Аида, кейіннен бұл спортшылардың жолын қуған ХДСШ Майя
Зайнуллина мен Айдана Каулдашева тәрбиеленіп шықты. Аталған
спортшылар ҚР ұлттық құрамасының мүшелері Мәскеудегі халықаралық
жарыстарда, әлем кубогында, 2006 жылғы азия чемпионында (Үнді) және
2006 жылы Катардағы Азия ойындарында еліміздің намысын қорғады.
Майя Зайнуллина – 2006 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері,
2003 жылы - Венгрияда, 2005 жылы - Әзірбайжанда, 2007 жылы – Грецияда
өткен әлем чемпионатына қатысушы, ҚР спорт шебері Хамзина «Азия
балалары» бірінші халықаралық жарыстарда бірнеше дүркін жүлдегері.
Аябьева Анна – 2004–2008 жылдары жеткіншектер арасында ҚР чемпионы,
2009 жылғы әлем чемпионатының ақтық сайысына және 2012 жылы
Англияда өткен олимпиада ойындарына қатысушы, халықаралық жарыстарда
– гран-при иегері, 2009 жылы Францияда шеңбермен өнер көрсетуден әлем
кубогының қола жүлдегері, халықаралық деңгейдегі спорт шебері.
Серикбаева Динара – Қазақстан Республикасының құрама командасының
мүшесі (2009 жыл Санкт-Петербург кубогі), Қазақстан Республикасының
халықаралық деңгейдегі спорт шебері, 2009 жылы Жапонияда өткен топтық
жарыста әлем чемпионатына қатысушы.
1996 ж.т. Сорикова Екатерина – 2009 жылы жеткіншектер арасында ҚР
чемпионы, 2008 жылы Якуттегі «Азия балалары» халықаралық жарысының
жүлдегері, жеткіншектер арасында Азия чемпионатына қатысушы
Омарова Айгуль, Питерщикова Юля, Лесина Оля, Бекбосынова Гайни,
Киприянова Наталья, Котлабаева Рита, Ильмиенко Ольга, Вотчел Марина -
бірнеше жылдар бойы еліміздің чемпиондары болып келген әрі Қазақстан
Республикасы спартакиадасының жеңімпаздары.
Мектебіміздің мақтанышы Алия Асымова – спорт шебері, әлем кубогы
кезеңдеріне қатысушы, Қазақстан Республикасының көптеген
чемпионаттарының жеңімпазы және жүлдегері, жеткіншектер арасында Азия
чемпионатының үздік спортшысы. 4 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлделерінің
иесі Алия өзінің мәртебесі бойынша жеткіншектер арасында көпсайыстың
жеке түрлерінен әлем чемпионатына тең келетін Ташкент қаласында өткен
доппен өнер көрсетуден халықаралық турнирде 3-орынды жеңіп алды.
Қазіргі кезде мектебімізде тек жоғары білімді және спорт шебері атағына ие
жаттықтырушылар қызмет етеді.
6.Көркем гимнастика – бала дене тәрбиесіндегі дене бітімі дамуының,
мүсіннің дұрыс қалыптасуының басты құралы болып табылады. Бұл спорт
түрімен айналысу үйлесімділікті, икемділікті, ептілікті, жылдамдылықты,
төзімділікті жетілдіреді, балаларда жеңілділік, сымбаттылық және қозғалыс
еркінділігі қалыптасады. Қазіргі кезде көркем гимнастика – әуеннің, спорт
пен өнердің үйлесімді қосылуы. Көркем гимнастиканың негізі музыка болып
табылады – бұл дегеніміз эстетикалық дамуы және дене шынығуының
жетілуі жолымен жүру.
Мектепке дейінгі жас - әрбір адам өміріндегі жауапты кезең. Денсаулықтың
негізі және дұрыс дене шынықтыруды дамыту осы жасөспірімдік шақта
қалыптасады, дене шынықтыру және спортқа деген қызығушылық артады,
жігерлі, саналы мінез-құлықты жеке тұлға тәрбиеленеді.
Көркем гимнатиканың мақсаты – спортшының гармонды дамуын, дене
қозғалысының барлық жағынан қалыптасуын, денсаулықты нығайту,
салауатты өмір салтын қамтамасыз ету. Бұл спорт түрімен айналысу
барысында тұлға бойында өмірге ең маңызды негізгі білім, қозғалу
шеберліктері мен дағдылары, барлық адамгершілік қасиеттер
қалыптасады. Жаттығу барысында балалар көркем гимнастиканың негізгі
жаттығуларын орындауға үйренеді, ұжыммен әрдайым қарым-қатынаста
болады.
Көркем гимнастикасының формасы – суға түскенде киетін киім, жеңіл аяқ
киім, жеңіл жұқа шұлық. Лента, доп, шеңбер секілді спорт құралдарын
қолданар алдында нұсқаушымен кеңесу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет