Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік
университеті
Филология факультеті
Ағылшын және неміс тілі кафедрасы
Мәнжазба
Тақырыбы:«Баскетбол ойынына »
Орындаған: Шагирова Дильназ ҚТӘ_102
Қабылдаған: Аға оқытушы Умирзаков Н.А
Жоспары:
Кіріспе: Баскетбол ойыны тарихы
Негізгі бөлім: Ойын ережелері мен ойынның маңызы
Қорытынды бөлім: Қазақстанадағы баскетбол ойынының дамуы
1. Кіріпе
Бұл ойын түрі жылдар өте-келе баскетбол ойыны өзіне сай қасиеттерге ие бола бастады.
1892 жылы Жеймс Нейсмит баскетбол ойынының ережелерін ойлап тауып, баскетболды сол ереже бойынша ойнай бастады.
1892 жылы Жеймс Нейсмит өзінің баскетбол ойынының ережелері атты кітабын жазып шықты. Бұл кітапта допты жерге ұрып алып жүру, Содан соң арнайы жарыстар өткізіле бастады және бұл ережелер жылдан жылға күшейе түсті. Мысалы: 1893 жылы темірден жасалған түрлі себеттер пайда болды. Доптың диаметрі 30-32 дюйм яғни 76,2-81,2 см-ге дейін барды. 1895 жылы 15 фут яғни 5 м 25 см –жерден айып добын лақтыру енгізілді.
Алғаш рет ресми жарыс ережелері 1894 жылы АҚШ-та жарияланды.1895 жылы жарыстар өткізіле бастады. Ойын жылдан- жылға дамып ойынның техникасы және тактикасы пайда болды. 1896 жылдан бастап допты жерге ұрып алып жүруге руқсат берілді. Баскетбол ойыны алғаш рет Американың батыс мемлекеттерінде дами бастады.Ол Жапония, Қытайға кейіннен Европа мемлекеттері Чехословакия, Литва, Эстония, Латвия, Италия, Франция және де Солтүстік Американың кейбір жерлерінде кеңінен тарала бастады.
Дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттер арасында баскетболдың кең таралғаны-ның нәтижесінде1919-1931 жылдары ұлттық баскетбол федератциялары құрыла бастады. 1932 жылдың 18 шілдесінде халықаралық баскетбол федератциясы( ВИБА) пайда болды және бұл ойынға үлкен әсер етті. Аргентина , Гретция, Италия, Латвия, Португалия, Румыния, Швейтцария және Чехословакия мемлекеттері халықаралық баскетбол федерациясына алғашқы рет мүше болып кірді. Ойын дүниежүзіне тез таралды.1935жылы Женевада ұлдар командалары арасында алғаш Европа чемпионаты болып өтті. Бұл ойында Латвия командасы алғаш рет олимпиада ойындары программасына кірді. Берлинде өткен ХI олимпиада ойындарының баскетбол турнирінде 21 мемлекеттің ұлдар команда- лары қатысты. Қыздар арасында алғаш Европа чемпионаты 1938 жылы Римде болып өтті. Ол ойында Италия ұлттық командасы жеңіске жетті. 1948-1966 жылдары халықаралық баскетбол федератциясы басқа халықаралық спорт ойындары ішінде жоғры ойын түрінің бірі болып енгізілді. Дүние жүзі және Европа чемпионаттары сияқты үлкен жарыстар енді ФИБА жетекшілігінде өте бастады. Халықаралық жарыстарға социалистік мемлекеттерде белсене қатыса бастады. 1948 жылы 50 мемлекет халықаралық баскетбол федератциясына мүше болып кірді. Баскетбол техникасы және тактикасы дами бастады.Допты лақтыру, оны жерге ұрып жүру және шалғытудың жаңа тәсілдері дамыды. Мысалы: Допты себетке бір қолмен лақтыру, секіру арқылы бір қолмен лақтыру тәсілдері пайда болды, Баскетболдың техникасы және тактикасына дами бастады. Бұрын жарыс есебі 20-30 ұпайдан аспай тоқтаса, ол енді 50-60 ұпайға дейін ұзартты Тактикада тнегізгі ойыншы арқылы шабуыл ұйымдастыру жүйесі ұлдар командасы арасында жүзеге асырылды.
1950 жылы Аргентинада алғаш дүниежүзілік чемпионаты болып өтті. Бұл ойында Аргентиналықтар 1-ші орынды иеленді. Қыздар командалары арасында алғашқы дүние жүзілік чемпионаты 1953 жылы өткізілді және АҚШ қыздар командасы әлем чемпионы атанды.
Қазіргі таңда әлем чемпионаты қыздар мен ұлдар командалары үшін әр төрт жылда бір рет жарыс өткізіледі.
1950 жылдардың басында баскетбол ойынының жарыс ережелеріне өзгерістер енгізілді. Олар 30 секунт ережесі( допты ұстап тұрған команда 30 секунт уақыт ішінде себетке лақтыру керек) 30 секунт ережесі және айып добын лақтыру алаңының ішінде 3 секунттан артық тұруға болмайды.допты жерге ұрып жүруді бастағанда доп баскетболшының қолдан шыққанан кейін ғана тірек аяқты жерден көтеруге рұқсат береді.Бұл жылдары баскетбол ойынының бір қолмен доп лақтыру,тек саусақ қыймылдарымен допты лақтыру, шалғыту жолдарымен допты лақтыру және допқа қарамай оны жерге ұрып жүріп секіріп лақтырғанда 1 және 2 қолмен себетке доп лақтыру сияқты техника тәсілдері кең таралды.
1957 жылдан кейін баскетболдың даму дәуірі балды деуге болады. Ойынның дамуына социалистік мемлекеттерде үлкен үлес қосты.Социалистік мемлекеттер мүшелері ФИБА өткізілген конгресс және конференцияларға барып ойын басында әсер ететін барлық мәселелерді шешті.
Европа мемлекеттерінің көпшілігі ФИБА жетекшілігінде әр жылы өткізіліп жатқан Европа чемпионаты Кубогі жарыстарын қалдырмай қатысуда.Қазіргі кезде баскетбол және басқада спорт түріне ең көп 100 миллионнан артық қатысушы айналысуда. Халыкаралық баскетбол федерациясына 157 мемлекеттің ұлттық федерациялары мүше болып келеді.Европада 31,Азияда 38,Америкада 38,Африкада 40,Австарлия және Океанияда да 10 баскетбол федерациясы құрылған.XXI Олимпиада ойындары программасына 1976 жылы Монереал баскетбол бойынша қыздар сайысының кіруі, ойынның және бұдан кейінгі дамуына өз үлесін қосты.
2. Негізгі бөлім
Командадағы ойыншылар допты сақиналы торқалта себетке дөп түсіруі қажет. Қақпа жерден кем дегенде 3 метр биіктікте орнатылады. Тор қалтаны жақын жерден дәлдесе 2 ұпай беріледі. Ал, егер доп 6,25 метрден сәтті лақтырылса онда ұпай саны бірден 3-ке көбейеді. Бір матч 20 минуттық үш кезеңнен тұрады. Осы аралықта ойында есеп тең болып тұрса, төреші тарапынан қосымша уақыт қосылады. Кәсіби терминде мұны «Овертайм» деп атайды. Егер лақтырылған доп кәрзеңкеге дәл тиіп, кәрзеңкенің ішінен сырғанап жерге түссе, нысанаға жеткен болып саналады. Ойын уақытында доп дұрыс лақтырылса, команда екі ұпай алады. Мұндай лақтыру үш ұпайлық сызықтың ар жағынан жасалса ұпай саны үшеу болып саналады. Айып добын лақтыру (ереже бұзылғанда рұқсат етіледі) кезінде әрбір сәтті тигізуге бір ұпайдан есептелінеді. Ондай кезде ойыншы айып сызығының ар жағында тұруы тиіс. Баскетболмен шұғылдануды дұрыс ұйымдастыра білсе, оның адам ағзасына жан-жақты, жақсы әсері мол.
Бұл ойын балаларды көбірек қызықтыруда. Төменгі жастағы балалар кіші баскетболмен көптен айналысады.
Қозғалыста (жүгіруде) допты беру және ұстау. Баскетбол ережесінде қолында добы бар ойыншының жүрісін (екі адым) шектейді. Допты қозғалыста ұстап және беру үшін баскетболшы тек екі адым ғана жасай алады. Жүгірудің бөліктеріне (фазаларына) тірелетін және тірелмейтін жағдайларын алмастырып отыру тән. Бұлай үйлестірудің жалпы құрылымы мынадай: тірелмейтін жағдайда допты ұстайды (аяқ жерге тірелгенде бір адым жасалады деп есептеледі). Сосын басқа аяқпен екінші адым жасалады да, одан кейінгі тірексіз жағдайда, яғни үшінші адым жасалып болғанша допты қолдан жібереді. Сөйтіп, бірінші адымның алдындағы тірексіз жағдайда допты ұстау үшін қолды алға созып, сосын оны кеудеге қарай тартады да, келесі екі адымда допты беру үшін алға шығарады.
Қозғалыс кезінде допты беру секіріс кезінде де, орындалуы мүмкін. Бұл ретте секіру екінші адымда бір аяқпен итерілу арқылы орындалады. Допты өте шапшаң беруді жүгірістің алғашқы адымында да жүзеге асыруға болады.
Тек тірексіз фазаның кезінде де орындалуы мүмкін: допты тірексіз жағдайда қабылдап, осы жағдайдан беруді орындайды. Баскетболшы бір адым жасамай, қолға тиген бойда, келесі адамға береді.
Шапшаңдықты және бағытты өзгертіп допты алып жүру. Шапшаңдық пен бағытты өзгертіп доп алып жүруді бастапқыда баяу жүгіріс кезінде орындау керек. Кейін шапшаңдықты бірте-бірте арттыра түседі. Бағытты өзгертіп алып жүру ептілігі ойын кезінде қорғаушының қарсы қимылын жеңу үшін қажет. Бағытты өзгерту үшін, мысалы, допты оң қолмен алып жүрсе, онда сол аяқпен адым жасалады, доп ілгері-төмен итеріледі және сол қолмен допты алып жүрсе, қозғалыстың бағытын өзгертеді.
Қозғалыс кезінде допты лақтыру. Әдетте лақтырулар жүгірістен кейінгі секірулерде орындалады. Сөйтіп, қозғалыс кезіндегі лақтыруларға қозғалыс уақытындағы допты берулер секілді қимылдар кескіндемесі тән. Бұл жағдайда секірулер тіке, жоғары қарай орындалады.
Қозғалыс кезінде 1800–қа және 3600-қа бұрылыстар жасалуы мүмкін.
Допты қозғалыс кезінде беру. Доп бұл тәсілмен командалас екі ойыншы бір бағытқа жүріп, не жүгіріп бара жатқанда беріледі. Қабылдаушы ойыншы қарсыласы жоқ ашық жерге шығуға тырысады, ал беруші ойыншы ыңғайлы сәтті пайдаланып допты екі қолмен кеудеден, бір қолмен иықтан, бүйірден немесе төменнен, не допты еденнен шоршытып өз серігіне қарай лақтырады. Жаттығуды жұптасып не үш бұрышта тұрып үйренеді.
Қозғалыс кезіндегі лақтырулар бір аяқпен итеріліп секіру кезінде орындалады. Орын ауыстыра жүріп, баскетболшы тірексіз жағдайда допты ұстап, жерге түскеннен кейін бірінші адымды, сосын екінші адымды жасайды. Секіру үшін ол осы аяқпен серпіледі. Қолдар бұл ретте жоғары қарай созылып және қолдың бір қалыпты қимылымен лақтыру жүзеге асырылады.
Допты айып алаңынан баскетбол себетіне лақтыру. Оқушылар төмендегі жағдайларда: айып добын лақтыратын алаңда тұрып, допты еденге бір-екі рет соғып-шоршытып, терең тыныс алып демді шығарғаннан кейін кеудеден екі қолмен немесе бір қолмен екіншісіне жәрдемдесе отырып, бір қолмен иықтан асыра лақтырады.
Допты жұлып алу, қағып жіберу, қағып әкету. Допты жұлып алу – қарсылас ойыншы допты ұстап тұрғанда қолданылады және өзіне қарай жұлқын тартып, немесе ілгері, төмен қарай итеру арқылы жүзеге асырылады. Екі жағдайда да бәрінен бұрын қарсыласқа өте жақын келіп, қолайлы кезеңде допты қатты ұстау қажет.
Жеңістің ең басты шарты – қарсылас шабуылшы мен сәтті жасалған күрес. Өз кәрзеңкесіне еш доп жылатпай жеңуге болады. Қорғаныстағы команда әрекеті шабуылға жауап болып табылады. Тапсырманы орындау үшін команда тек өз кәрзеңкесін қорғап қоймай шабуыл да жасау керек. Қорғаныс әрқашан екі қызмет атқару керек: бұзу және құру, шабуыл жасауға мүмкіндік құру. Жеке әрекет. Әр ойыншының дұрыс шешім қабылдауы және оны жасау команданың сәтті әрекетін қамтамасыз етеді. Қорғаушының қандай да бір қатесі қарсыласқа пайда әкеледі, команданың әрекеттерінің ұйымсыздығын көрсетеді. Қорғаныстағы әрекеттердің сәттілігі тек техникалық ұсталыққа емес, сенімді және ойынға да байланысты. Жеке әрекеттердің негізгі тапсырмалары төмендегідей: Қорғаныстағыға допты еркін бермеу. Егер қорғаныстағы допты алса, оның әрекеттерін лезде «байлау». Допты тартып алуға әрекет жасау. Бар күшпен шабуылшыға кәрзеңкеге доп салдырмау, қарсы тұру.
3.Қорытынды
Спорттық ойындардың бір түрі – баскетбол. Бүкіл әлемге тараған ойындардың бірі. Баскетбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан тұрады – жүгіру, жүру, секіру және лақтыру. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болсын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да баскетбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді және ағзаға пайдалы болып табылады. Баскетбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлігін арттырады. Бүгінгі баскетбол ойынының даму деңгейі өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деуге болады, себебі ойынның бүгінгідей жылдамдығы бұрын-соңды болып көрген жоқ. Ойыншының қозғалысы, жүгіру жылдамдығы секіру және лақтыру, кілт тоқтауы. Міне, мұның барлығы жалпы дамыту жылдамдығын, ойыншылардың дайындық деңгейін көрсетеді. Баскетбол – спорт ойындарының бір түрі ретінде барлық оқу орындарының бағдарламасына кіреді. Арнаулы оқу орындарының студенттері бұл кезеңде баскетбол ойынын ойнап, белгілі деңгейде дайындықпен келді деп есептеледі. Сондықтан бұл оқушылар оқу процесінде ойынның негізгі айла-тәсілдері, тыныс алу және ойын жүйесін біледі, жарысқа да қатыса алады. Әр түрлі қимылдарды түрлі қарқында, бағытта, түрлі жылдамдықпен орындай отырып, адам ағза жүйесінде және ішкі құрылыстарына жақсы әсер алады. Адам ойын түрдісі кезінде жоғары эмоциялды жүктеме және үлкен қуанышқа болініп, қанағат алады. Дене тәрбиесі жүйесінде баскетбол ойынының маңызы зор. Балалар және үлкендер қажетті дағдыларды иемдене отырып, өз бетінше үнемі дене шынықтыруды жетілдіруге, ден саулықты сақтауға, көңіл-күйін көтеруге және ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бар.
Әр түрлі қимылдарды түрлі қарқында, бағытта, түрлі жылдамдықпен орындай отырып, адам ағза жүйесінде және ішкі құрлыстарына жақсы әсер алады. Адам ойын үрдісі кезінде жоғары эмоционалды жүктелген және үлкен қуанышқа бөленіп, қанағат алады.
Дене тәрбиесі жүйесінде баскетбол ойынының маңызы зор. Балалар және үлкендер қажетті дағдыларды иемдене отырып, өз бетінше үнемі дене шынықтыруды жетілдіруге, денсаулықты сақтауға, көңіл көтеруге және ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бар.
Қазақстанда баскетболдан бірінші жарыс спартакиада деңгейінде 1928 жылы өтті. Ол алғашқы халықаралық жарыс темір жол мектептері командаларының арасында республиканың сол кездегі астанасы Қызылорда қаласында және Ташкентте өткендігі тіркелген.
1947 жылы КСРО чемпионатында Қазақстанның ерлер командасы құрметті алтыншы орынға, ал әйелдер командасы төртінші орынға көтерілді.
1948 жылғы Орта Азия және Қазақстан командалары арасындағы жарыстарда алматылықтар алда болды. Команда мүшелері Уайс Ақтаев, Арменак Алачачян, Марат Жиенбаев, Владимир Мұхамеджанов, Александр Бухваловтар жұптарын жазбай, финалға бірге шығып жүрді.
Қазіргі уақытта біздің елімізде таралған спорттың көптеген түрлерінің арасынан, көпшілікті өзіне тартуы жөнінен баскетбол алғашқы орындардың бірін иемденуде....
Пайдаланылған дерек көздері:
https://www.zharar.com/22866-abstract.html
http://orleu.kz/?p=161185
Достарыңызбен бөлісу: |