+ кальций антагонистері
***
28 жастағы жас әйелді ЖРВИ өткергеннен 3 аптадан кейін ентігу, жүрек аймағындағы сыздаған ауыру сезімі, шамалы физикалық жүктемеден кейін тез шаршағыштық мазалайды. ЭКГ: АВ блокадасының 1 дәрежесі. ЭхоКГ: айдау фракциясы-48%. Көрсетілген дәрілік топтардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?//
+ стероидты емес қабынуға қарсы дәрілерді
***
Жүрекшенің фибрилляциясы және жүрек қуысындағы тромбозбен асқынған жүрек қуыстарының айқын дилятациясы бар 44 жасар ер адамға төменде аталған препараттардың қайсысын тағайындау барынша ықтимал?//
+ варфарин//
***
Фурункулезді өткерген 46 жастағы ер адам физикалық жүктемеден соң пайда болатын ентігу және жүрек қағуға, жалпы әлсіздікке шағымданады. Кешкі уақытта дене қызуының көтерілуі байқалады. Қарағанда: төменгі қабақтың конъюктивасының ауыспалы қатпарында ұсақ нүктелі бөртпелер. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ-102 рет мин, АҚ 110/70 мм сб.б. Көз түбін тексергенде –Рот дақтары. Төменде аталған топ препараттардың қайсысын тағайындау барынша ықтимал?//
+ антибактериалды//
***
30 - жастағы созылмалы ревматикалық ауруымен ауыратын әйелде: ортопноэ, акроцианоз; төменгі бүйір аймақтағы дыбыссыз ылғалды сырылдар; жүрек ұшында қолтық астына берілетін - дөрекі пансистолалық шуыл, тахиаритмия, бауырдың ұлғаюы, аяқтың ісінуі анықталған. Қандай топтың дәрілерін бірінші кезекте тағайындаған барынша тиімді?//
+ диуретиктерді//
***
Қасақана шылымшы 46 жастағы ер адам ентігуге, шырышты-іріңді қақырықпен жөтелге, бас ауыруға, жиі АҚ көтерілуіне шағымданады. Қарап тексергенде: өкпесінде жайылған құрғақ сырылдар, аорта үстінде II тонның акценті естіледі, АҚ 170/100 мм сб.б. Қабырға асты доғасынан бауыр 2 см шығып тұрады, балтыры ісінген. ЭхоКГ-да миокардтың жиырылу қабілеттігінің төмендеуі анықталды. Көрсетілген антигипертензивті дәрілер тобының қайсысын осы науқасқа тағайындау барынша тиімді?//
+ ААФ ингибиторларын//
***
65 жастағы әйел кеуде артындағы ауыру сезіміне, жиі жүрек қағу, ентігу, айқын әлсіздікке шағымданады. Терапевттің тағайындауы бойынша дигоксиннің ½ таблеткасын күнделікті қабылдайды. Қарағанда: тері жабындылары бозарған, суық тер, өкпесінде ылғалды сырылдар және ырғақ бұзылысы, бауырдың ұлғаюы, ісінулер анықталды. АҚҚ 80/40 мм сб.б. ЭКГ: жүрекшелер жыбыры, ЖСЖ 160 рет мин. QT интервалы 0,40 мс дейін ұзаруы. STV1-V4 4 мм элевациясы. Амиодаронды тағайындаудан ұстануда. Көрсетілген қағидалардың қайсысы амиодаронды қолданудан бас тартуда БАРЫНША мүмкін болған себеп?//
+ QT интервалының ұзаруы//
***
Субтотальді перикардэктомияға барынша мүмкін көрсеткіштер://
+ констриктивті перикардит//***
38 - жастағы ер адам, кардиолог – дәрігерде гипертрофиялық кардиомиопатиямен (сол жақ қарыншаның шығу жолының обструкциясымен) есепте тұрады. Соңғы кездерде физикалық күш түскенде стенокардияға тән ауыру сезімі мазалап, ентігіп, басы айналып, жүрегі қағады. Объективті: акроцианоз. Өкпеде әлсіз тыныс, ТЖ мин.- 21 рет. Жүрек үндері тұйық, төстің сол жақ қыры бойында систолалық шуыл естіледі, тахикардия. Қандай дәрілер шығу жолы обструкциясының дәрежесін ұлғайтып, науқастың жағдайының нашарлауына ықпал жасауы барынша мүмкін?//
+ строфантин
***
Миокард инфарктісін өткерген 58 жастағы ер адам ентігу мен түнгі уақытта болатын тұншығу ұстамалары шағымдарымен госпитализацияланған. Қарағанда: жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 64 рет минутына. ЭКГ-ң тәуіліктік мониторлауында миокард ишемиясының ауру сезімі жоқ эпизодтары, жиі «Т-ға R» типті ерте қарыншалық экстрасистолалар анықталды. Холестерин 4,2 ммоль/л, қандағы қант 5,1 ммоль/л, ПТИ 96%; ЭХОКГ: сол қарыншаның қуысы кеңейген, қарыншааралық пердеде гипокинез зоналары, айдау фракциясы 42%. Көрсетілген жағдайлардың қайсысына барынша мүмкін миокард ишемиясының ауру сезіі жоқ түріне алып келеді?//
Достарыңызбен бөлісу: |