+ В-адреноблокаторларды ***
43 жастағы ер адам соңғы 6 апта бойына тұрақты түрде болатын қызбаға шағымданады. Қалтырау мен тершеңдік жоқ, 2 апта бұрын іштегі тұрақты түрде болатын сыздап ауыру сипатындағы ауыру қосылды. Таңертеңгілік уақытта «ет жуындысы» түрінде болатын зәрді байқағаннан кейін дәрігерге қаралған. Тексеріп қарау кезінде бауыр мен талақтың ұлғайғаны анықталған. Жалпы қан анализі: ерекшеліксіз, биохимия – сілтілік фосфатаза жоғары. Болжамды диагноз?//
+ бүйрек ісігі ***
20 жастағы студент қыз. Оқуының соңғы жылында Чех елінде білім алған. Сонда болған жылы көктемде студенттермен бірге туристік жорыққа шыққанда жабысқан кенені өзі жұлып алып тастаған. Демалыс кезінде Қазақстандағы үйіне келгенде кешкі уақыттарда субфебрилитет, тізе буындарында сыздаған ауыру пайда болған. Кейіннен буындары ісініп, локалды температура, ауыруға байланысты қозғалыстың шектелуі пайда болған. Рентген суретінде: буын маңының остеопорозы, буын тесігінің тарылуы. Науқаста кене шаққаннан кейін және буын синдромы басталғанға дейін аталған аурудың қандай тері көрінісі пайда болуы мүмкін?//
+ сақина тәрізді шашыранды эритема// ***
50 жастағы ер адам ірі буындардағы ауыспалы ауыру сезіміне және балтыр-табан буындарының ісінуі мен ондағы ауырудың болуына шағымданады. Ауырудың пайда болғанына 2 ай болғандығын айтады. 2 апта бұрын осы аталған буындардың аумағында майда дақты эритематозды бөртпе пайда болған. Буындардың рентгенографиясын жасағанда патология анықталмаған. Жалпы қан анализі – ерекшеліксіз. Биохимия: глюкоза – 5,4 ммоль/л, зәр қышқылы – 320 мкмоль/л, АЛТ – 62 МЕ/мл, АСТ 42 МЕ/мл, билирубин 22 мкмоль/л. РФ - оң, АНА - теріс. Науқасқа төменде көрсетілген анализдердің қайсысын міндетті түрде жүргізу қажет?//
+ С және В гепатиттерінің маркерлеріне ИФА// *** 24 жасар әйел тамағының ауруына, дене қызуының 39,6º дейін көтерілуіне, түстен кейінгі қалтыраумен, қатты терлеумен жүретін дене қызуының төмендеуіне; қызбаның ең жоғарғы белгісінде ашық-қызғылт эритематозды бөртпенің пайда болуына шағымданады. Дәрігер цефазолин тағайындады, бірақ әсері болған жоқ. Жағдайы одан сайын нашарлады- артралгия (білезік, тізе) пайда болды. Аурудың 3 аптасында кардит пен полисерозит белгілері пайда болды. РФ – теріс, ферритин – айқын жоғарылаған.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?//