+ адамның қалыпты иммуноглобулині//
***
56 жасар ер адам ДМИ 32, тыныс алудың қиындауына, түнгі уақытта ысқырықты тыныстың болуына (түнгі 2-3 сағатта), кеуде артындағы қыжылға, ащы және қышқылмен кекіруге шағымданады. Бұл белгілер әр кезде кешкі астан кейін пайда болады. Спирография Тиффно индексінің төмендеуі мен бронхолитикпен оң сынаманы анықтады. Бронх тарылуын жою үшін науқасқа қандай препарат тағайындаған ең дұрыс?//
+ ипратропия бромиді//
***
Ер адам 42 жаста, шаң, өткір иістер, температура өзгерістері, физикалық жүктемемен шақырылатын ауыр тұншығу ұстамаларынан зардап шегеді. Сальбутамолда қажеттілік – 5-6 рет тәулігіне. Бірнеше жылдар бойына мұрын бітуі мазалайды, ЛОР қарауда полиптер анықталған. 2 ай бұрын арқа ауруынан тағайындалған қандай да бір дәріге ауыр реакция (бронх тарылуы мен бөрту) болды. Науқасқа міндетті түрде қандай қандай кеңес берілуі қажет?//
+ аспирин және басқа СҚҚЗ қолдануын болдырмау//
***
Науқас 46 жаста ауыр дәрежелі бронх демікпесімен ауырады, флутиказон 400 мкг/тәул мөлшерінде сальметеролмен қабылдайды. ЖРВИ-мен ауыратын адаммен қатынастан кейін әлсіздік, дене қызуы 38,5°С, құрғақ жөтел, жөтел кезінде кеуде артындағы ауыру сезімі пайда болды. Ары қарай қандай емдеу тактикасы ең дұрыс?//
+ флутиказон мөлшерін көбейту//
***
55 жастағы ер адамда актовегин ерітіндісін көк тамырға енгізуден кейін (бұл препараттың 6 инъекциясы болған) ысу сезімі, тері беткейінің гиперемиясы, қозу пайда болды. Дененің сол бөлігінің тырысуы басталды. Тері беткейі бозарған, пульс жіп тәрізді, жиі, ырғақсыз. Науқас есін жоғалтты. Өкпесінде таралған құрғақ сырылдар естіледі, жүрек үні тұйықталған. Науқаста қандай патологияны болжауға болады?//
+ анафилактикалық шоктың церебральды түрі
***
26 жастағы ер адам қалтыраудың алдын алу үшін анальгин мен димедролды алған. Келесі күні таңертеңгісін тері беткейінің 30% аймағында папулезды-дақты қосылған бөртпе, афтозды стоматит, хейлит, тамағында ауру сезімі, эпигастрийде ауру сезімі пайда болды. 6 сағат ішінде қанда лейкоцит саны 6,8-ден 2,2х109/л дейін төмендеген.
Лейкоциттердің төмендеуін тоқтату үшін қандай шұғыл шаралар жүргізу керек?//
Достарыңызбен бөлісу: |