+ аллергиялық есекжем//
***
Бронхтық астмамен ауыратын науқас 7 сағатқа созылған симпатомиметиктермен басылмайтын тұншығу ұстамасына шағымданады. Қарағанда: ұзақтан естілетін сырылдар мен шулы тыныс, айқын ентігу, тахикардия, ортопноэ анықталды. Өкпені тындағанда төмеңгі бөліктерінде «үнсіз өкпе». Болжам диагноз://
+ астмалық статус//
***
39 жасар ер адамға баралгин енгізгеннен соң 10 минуттан кейін денесінің қышуы, қызаруы, жүректің айнуы, кеудесін қысу сезімі байқалды. Тексергенде: тері қабаты бозғылт, жабысқақ тер байқалады. Жіп тәрізді жиі пульс байқалады, жүрек тондары тұйықталған. Қысқа уақытты есінен тану байқалды. АҚ 60/30 мм сын.бағ. Жедел көмек ретінде қолданатын дәрмек://
+ адреналин
***
Қыз бала 19 жаста, апельсин жеген соң 15 минуттан кейін қабақтарының, еріннің ісінуі, дауыстың қарлығуына шағымданады. Қарап тексергенде: қабақтың, еріннің ісінуі, пальпация кезінде – сипағанда ыстық сезім. Жедел көмек ретінде қолданады://
+ преднизолон
***
Науқас жедел бронхит ауырғанына байланысты 3күн бисептол қабылдаған соң дене қызуы 39С дейін жоғарылады. Об-ті: терінің гиперемиясы, кейбір жерлерде көк-қызыл түсті эктодерматоз, шырышты қабаттың зақымдалуымен қатар жүреді. Болжам диагноз://
+Стивенс – Джонсон синдромы//
***
17 жасар қыз бала нервті қозу және физикалық жүктемеден кейін қышымалы бөртпеге шағымданады. Тексергенде денесінде майда қызыл бөртпелер байқалады, денесі ұстағанда ыстық. Болжам диагноз://
+ холинергиялық есекжем//
***
46 жасар науқас жыл сайын жаз мезгілінде түшкіру, мұрыннан кілегей сұйықтықтың бөлінуі, көздерінің қызаруы , қышынуы және жасаурауы байқалады. Осы жылдың тамыз айында алғаш рет түңгі мезгілде тұншығу, қала сыртына барғанда күшейетін ұстама тәрізді жөтел байқалды. Қарап тексергенде ринорея, беттің домбығу, коньюктиваның гиперемиясы, өкпеде барлық аймақтарда ысқырықты құрғақ сырылдар, тыныс шығару ұзарған, экспирациялық ентігу байқалады. Ремиссия кезінде емнің ең тиімдісі://
Достарыңызбен бөлісу: |