+ метилпреднизолон 120 мг, фенотерол к\т, оттегі *** М. атты науқас, 48 жаста, тәулігіне 6-8 ретке дейін болатын тұншығу ұстамаларына, тәулігіне 4 рет қолданған сальбутамол ингаляциясының әсер етпеуіне шағымданады. Қарағанда: ТЖ – минутына 30 рет. Тынысы әлсіреген, кейбір жерлерде естілмейді. Неғұрлым мүмкін диагноз://
+ бронхты демікпе, ауыр ағымды, демікпелік жағдай// *** Ауылшаруашылық жұмысшысында шөппен жұмыс істегеннен кейін бірнеше сағат өткенде аралас сипатты ентігу, қалтырау, дене қызуының 390С дейін көтерілуі, аз өнімді кейде қан аралас қақырықпен жөтел пайда болды. Қан сары суында: преципитирлеуші антиденелер. Неғұрлым мүмкін диагноз://
+ экзогенді аллергиялық альвеолит// *** Науқас 57 жаста,орташа ауырлық дәрежесіндегі персистирлеуші бронх демікпесімен және ІІ дәрежелі қатер тобы ІІ артериялықгипертензиямен ауырады. АҚҚ төмендету мақсатында үнемі эналаприл 5мг тәулігіне екі рет жәнеиндапамид 2,5 мг күн ара қабылдайды. Тұншығу ұстамаларын емдеуде беротеккүніне 1-2 рет 2-3 мөлшерлі дозада қабылдайды. Жалпы тәжірибелік дәрігерге қаралды, шағымдары: тұрақты сипаттағы мазасын алатын құрғақ жөтел. Тұрақты құрғақ жөтелдің неғұрлым мүмкін себебі://
+ эналаприлдін қосымша әсері// *** К. атты науқас, дезодорант қолданғаннан кейін ерін аймақтарында ісіну, мұрын-ерін қыртысының тегістелуі пайда болды. Біртіндеп ісіну бүкіл бетіне және мойнына жайылды, тыныс алуы қиындады. Объективті: терісі бозғылт, беті және мойны ісінген, ТЖ минутына 24 рет, АҚҚ 100/70 мм с.б.б., ЖСЖминутына 90 рет. Тынысы әлсіз везикулярлы, аздаған құрғақ сырылдар. Неғұрлым тиімді тағайындау://
+ преднизолон// *** 26 жастағы науқас цитрусттарды жегенде еріні мен тілінің ісінуіне шағымданып қаралды. Қандай ауруды болжауға болады://
+ аллергиялық Квинке ісінуі *** 15 жасар ер балада құлпынай жегенннен кейін терінің қышынуы және бөртпелер пайда болған. Объективті: мойнында, қолы мен аяқтарында сулы бөртпелер (волдырь) және қасыған орындары байқалады. Болжам диагноз://