+ идиопатиялық альвеолит// *** 56 жасар науқас шырышты, іріңді қақырықты жөтелге, қатты ентігуге, дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Объективті қарағанда: терісі бозғылт, мұрын айналасындағы үш бұрышта цианоз пайда болған, саусақтары ұстағанда мұздай. Тырнақтары «шыны сағат» тәріздес өзгерген. Демалу кезінде кеуде қуысының қозғалуы шектелген, аяқтары аздап ісінген. Аускультативті: тыныс шығаруы ұзарған, құрғақ жайылмалы сырылдар. Пенициллинге аллергиясы бар.Дәрмекті комбинацияның тиімді түрін таңдаңыз://
+ левофлоксацин, беродуал, амброксол// *** Әйел 35 жаста дем жетіспеушілігіне, 4-5 рет болатын демікпе ұстамасына, талмаға шағымданады. ОФВ1‹70%. Осы емнің ұзақ нәтижелі болуы үшін пайдалы препараттар://
+ ингаляциялық кортикостероидтар// *** 35 жастағыәйел адам, күндізгі уақытта 10-12 –ге дейін, түнгі мезгілде 6-8-ге дейін тұншығу ұстамаларына шағымданып ауруханаға түсті. Пиктік тыныс шығарудың шыңды жылдамдығы 45%, тәуліктік вариабельділіг 35%. Мүмкін болатын диагноз://
+ ауыр дәрежелі бронх демікпесі// *** 65 жастағы науқас үдемелі дамитын ентігуге шағымданады. Зерттеулерде: ЭТЖ–55 мм/сағ. Рентгенограммада –плевра қуысында сұйықтық анықталды. Пункция кезінде 900 мл геморрагиялық сұйықтық алынған. 2 күннен кейін плевральды қуысына қайтадан сұйықтық жиналған. Диагнозды нақтылау үшін тиімді зерттеу әдісін анықтаңыз://
+ эксудаттың цитологиялық зерттеулері// *** 52 жасар әйел 1 жылдан аса ентігудің асқынуына шағымданады. Жоғары мүмкіндікті компьютерлі томографияда «ұялы өкпе» суреті. Спирограммада ішкі дем алу функциясының айқын рестриктивті өзгерістері байқалады. Тиімді әрі қауіпсіз комбинация болып табылады://
+ преднизолон + азатиоприн// *** 65 жастағы науқас, көп темекі тартады, аралас ентігуге, ұстамалы қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, жүрек аймағындағы иррадияциясыз қысып ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну оттегімен ингаляция жасаған соң басылады. Объективті қарауда: жүректің оң жақ шекарасының кеңеюі, өкпе сабауында 2-ші тонның акценті және ыдырауы. Комплексті терапиядағы тиімді препараттар тобы://