+ метформинді//
***
26 жастағы әйел, жарақат алғаннан кейін басының ауыруына, АҚ 150/90 мм с.б., дене салмағының жоғарылауына шағымданады. Қарап тексергенде: теріасты шел қабаты әркелкі дамыған, беті қызарған. Денситометрияда остеопороз белгілері анықталады. Қандағы кортизол мөлшері - 1500 нг/л (қалыпты жағдайда 260-720 нг/л), ашқарынға гликемия– 6,0 ммоль/л. Бүйрек үсті безінің УДЗ: екі жақты гиперплазия. Төменде келтірілген дәрілердің қайсысы барынша тиімді?//
+ парлодел//
***
Науқас соңғы 1.5-2 жылда дене салмағының ұлғаюы, ауыздың құрғауы, бас ауруы және етеккір ағымының бұзылысына шағымданады. Қарап тексергенде: бойы 160 см, дене салмағы 130 кг, тері асты қабаты диспластикалық тип бойынша орналасқан, іш терісінде созылған сызықтар бар. АҚҚ 170\110 мм.с.б.б. Қант деңгейі-7,05 ммоль\л. Берілген диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?//
+ иценко-Кушинг синдромы//
45 жастағы әйелде АҚ - 200/110 мм с.б.б. дейін тұрақты жоғарлауы, бұлшықеттердің әлсіздігі, тырысулар, зәр шығаруының жиілеуі байқалады. Бұл симптомдар жыл бойы мазалаған. КТ – сол жақ бүйрек үсті безінің ұлғаюы.
Төмендегі дәрілік препараттардың қайсысын тағайындаған барынша тиімді?//
+ верошпиронды
***
Эндокринологқа 35 жасар әйел адам жалпы әлсіздіктің, шаршағыштықтың үдеуі, тәбетінің төмендеуі, жиі лоқсу шағымдарымен қаралды. Дене салмағының төмендеуі аясында 2 ай аралығында етеккір циклінің аменорея түрінде бұзылысы байқалған. Соңғы айда бірнеше рет есінен тану жағдайлары болған. Анамнезінде туберкулезге байланысты нефрэктомия жасалған. Объективті: дене салмағының жеткіліксіздігі, тері мен ауыздың шырышты қабатының гиперпигментациясы. АҚ – 70/40мм.с.б. Қанда: гемоглобин – 72 г/л, ашқарындық гипогликемия 2,9 ммоль/л дейін. Мүмкін болатын диагноз қандай?//
+ бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі//
***
Субтотальды струмэктомиядан кейін 3 күн өткен соң қол – аяқтары, бет, диафрагма бұлшықеттерінің құрысуы (судороги) пайда болды. Қол – аяқтарда айқын парестезиялар мен ұю сезімі. Бір рет есінен танғаннан кейін күнде эпилептиформды талмалар дамыды. Бұл кезде артериялық қысым жиі төмен деңгейде тіркеледі. Төменде көрсетілгендердің қайсысы диагностиканың бірінші қадамы болып табылады?//
Достарыңызбен бөлісу: |