+ қанда кальций деңгейін анықтау//
***
Әйел адам, 62 жаста, шамалы жарақаттан кейін пайда болған оң жақ аяқ басының бірінші саусағының дымқыл гангренасы көріністерімен хирургиялық бөлімге түсті. Объективті: тері мен шарашты қабықтардың құрғақтығы, бетінің гиперемиясы. Айқын семіздік, көз көруінің төмендеуі, варикозды аурудың белгілері. Анасы мен апасында қантты диабет. Ашқарындық гликемия 6,2 ммоль/л. Мүмкін болатын диагноз қандай?//
+ 2 типті қантты диабет макроангиопатиямен//
***
Эндокринологқа 32 жастағы науқас қаралды, бір ай бұрын ЖРВИ (ОРВИ) кезінде гипергликемия - 7,8 ммоль/л анықталды. Сауыққаннан екі және үш аптадан кейін бақылау барысында гликемия 6,2 ммоль/л жєне 6,5ммоль/л болды. Анасында қантты диабет. Объективті қарағанда дене салмағының артықтығынан (ДМИ-30кг/м2) басқа патологиялық өзгерістер анықталмады. Қандай диагноз мүмкін болады?//
+ 2 типті қантты диабет//
***
Гинеколог қабылдауына 62 жастағы әйел аралық аймағындағы қышу сезіміне шағымданып келді. Созылмалы панкреатитпен 8 жыл бойы ауырады. Дене салмағы 102 кг, бойы 158 см. Мықын лимфа түйіндері 0,8 см палпацияланады. Терісінде қасыған іздер. Қандағы қант 7,8 мммоль/л. Қандай дәрілік тобын тағайындау ең тиімді?//
+ бигуанидтер//
***
Қантты диабетпен науқас коматозды жағдайда қабылдау бөліміне жеткізілді. Бұл жағдай көп рет құсу және сұйық нәжіспен көрініс берген тағамнан уланудан кейін дамыған. Айқын гипотония және олигоуриямен сипатталған дегидратацияның клиникалық көріністері бар. Гликемия 27 ммоль/л, плазма осмолярлығы 380 ммоль/л, зәрдегі ацетонға сынама теріс. Шұғыл көмек көрсетудегі бірінші қадам қандай?//
+ гипотониялық ерітіндіні сағатына 1 литр есебінен//
***
Әйел 45 жаста тәбетінің төмендеуіне қарамастан дене салмағының ұлғаюына, ұйқышылдық, кардиалгияға шағымданады. Обьективті: терісі құрғақ, мойыны жуандаған, беті ісіңкіреген, АҚ – 80/50 мм с. б., ЖСЖ – 45минутына. Тексеру кезінде: ТТГ – 45,7 мкМЕ/мл (қалыптыда 0,4 – 4,0 мкМЕ/мл). Аталған препараттардың қайсысын қабылдаған дұрыс?//
+ левотироксин
***
56 жастағы әйел адамда ашушаңдық,жалпы әлсіздік,ыстық құйылу тәулігіне 20 рет байқалады .Объективті: гипергидроз, ақшыл-қызғылт түсті дермографизм анықталды. АҚҚ - 150/90мм с.б.б. ЖЖЖ -86 рет 1 мин. Қынаптық жағындыда атрофия анықталды. Қай топ препараттарын ем жоспарына қосқан дұрыс?//
+ эстрогендер//
***
Семіздіктің 3 дәрежесімен зардап шегетін әйел адамды зерттеу кезінде гликемия – 12,5 ммоль/л деңгейінде анықталды. Қайталап тексеру кезінде гликемия деңгейі таңғы астан кейін 2 сағаттан соң 15,5 ммоль/л болды.
Осы жағдайдағы емнің бірінші линия препараты болып табылады?//
+ метформин//
***
25 жастағы қыз дене салмағының жоғарлауына, бас ауыруына, етеккір бұзылыстарына, бұлшық ет әлсіздігіне шағымданады. Анамнезінде: нейроинфекциямен ауырған. Қарап тексергенде: толық, іш және иық аймағында майдың жиналуы. Беті ай тәрізді, кеудесінде қою-қызыл стриялар, кеудесі ер адамдар типтес жүнді. АҚ 220/130 мм.с.б. Омыртқа тірегінің рентгенографиясы: «балық» омыртқалары. Гликемия-8,2 ммоль/л.
Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау барынша тиімді?//
+ парлоделді//
Науқаста шөлдеу сезімі, полиурия, сусыздану белгілері. Гликемия деңгейі барлық уақытта қалыптан аспайды, гиперазотемия жоқ. Ацетонға және глюкозаға зәр реакциясы теріс. Тәулік бойы зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1000,0-1004,0-1007,0 шамасында. Келтірілген диагноздардың қайсысы барынша мүмкін?//
Достарыңызбен бөлісу: |