+ тұқым қуалаушылық микросфероцитоз//
***
Әйел адам 25 жаста, басынан өткерген вирусты инфекциядан кейін бірінші рет көп көлемде спонтанды тері астықан қан құйылулары, мұрыннан қан кету пайда болды. Жгут симптомы, шымшу симптомдары оң. Қан анализінде : Нв–100 г/л, тромбоцит-8х109/л. Қандай емдеу әдісін жүргіземіз?//
+ кортикостероидтармен ем//
***
Науқас 16 жаста, қатты суықтағаннан кейін есекжем пайда болды, жамбаста, аяқта, орталық некроз орынында мономорфты симметриялық папуллезді-геморрагиялық бөртпелер, дене қызуының жоғарлауы 39С. Бір аптадан соң бел аймағының ауруы, зәрдің қараюы пайда болды. Қан анализі: лейк-18 мың. ЭТЖ-54 мм/с, диспротеинемия, гиперфибриногенемия, Виллебранд факторының жоғарлауы 3 рет, СИА тест-теріс. Зәр анализінде - протеинурия, макрогематурия, цилиндрурия. антикоагуляциялық терапиямен қосымша тағы қандай препарат тағайындаймыз?//
+ преднизолон//
***
Жас өспірім 16 жаста әлсіздікке, ұйқышылдыққа, сүйектерінің ауруына, дене қызуының жоғарылауына шағымданады. Қарап тексергенде:тері қабаты бозарған, бөрткен, қызыл иектері ісінген, қанаған, тығыз жақ асты, жақ үсті, мойын, бұлшықетасты лимфа бездері ұлғайған, әлсіз спленомегалия. УЗИ – абдоминальды және құрсақ асты лимфа бездері ұлғайған. Қанда: эритроциттер – 1,8 млн; Hв-56 г/л; ЦП – 0,93; лейкоцит -2,6 мың; бластты жасушалар – 68%,тромбоцит – 30 мың; ЭТЖ- 50 мм/сағ. Нейролейкемияны диагностикалау үшін қандай зерттеу әдісі тиімдірек?//
+ люмбальды пункция//
***
Науқас 28 жаста созылмалы миелолейкозбен 3 жыл бойы гливек (иматиниб) алған, науқаста осы препаратқа бейімделу пайда болды. Гливекті дазатинибке ауыстырды (бұл препарат тирозинкиназа ингибиторлары тобының препараты). 12 айдан соң ем клинико-гематологиялық ремиссияға жетті. Иммуногенетикалық зерттеу көрсеткіші: Ph-позитивті жасуша – табылды. Терапияны нилотинибмен бастады . 6 айдан соң: Ph-позитивті жасуша – табылды. Келесі қандай тактика тиімдірек?//
+ гемопоэтикалық бағаналы жасушалардың трансплантациясы//
***
22 жастағы науқаста шөлдеу, кіші дәретінің мөлшерінің көбеюі, дене салмағының азаюы пайда болды. Тұмаудан кейін ауырып қалды. Гликемия деңгейі 20,5 мммоль/л, глюкозурия 52г/л, кетонурия ++++. Төменде берілген диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?//
Достарыңызбен бөлісу: |