+ жедел респираторлы вирусты инфекция



бет305/318
Дата30.05.2022
өлшемі2,85 Mb.
#145537
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   318
Байланысты:
UDAChI

+шашыранды склероз//
***
Әйел 67 жаста, жоғары АҚ - 200/110 мм сб б. келіп түсті. Қарағанда - сол ерін мұрын үшбұрышы тегістелген, күлгісі келген жағдайда ауыздың сол жақ бұрышы көтерілмейді, сол жақта гемипарез белгілері. Анамнезінде - ЖИА, қант диабеті 2 тип,салмағы жоғары. Бас миының КТ жасалды (фото). Диагноз қандай:
//
+геморрагиялық инсульт
***
20 жасар бойжеткен жұтқан кезде тамағының ауру сезіміне, t 39ºС, бас ауру, әлсіздікке шағымданады. Объективті: жағдайы орташа. Жұтқыншақта: шырышты қабаттың гиперемиясы, бадамшалары гипертрофияланған, ақ жабындымен қапталған. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы борпылдақ, гиперемияланған. Склералары субиктериялық. Мойын, жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған. ҚҚМ УДЗ - гепатоспленомегалия. ЖҚА: лейкоциттер 12,5×109/л, т/я 1%, с/я 40%, лимфоциттер 42%, моноциттер 11%, атипиялық мононуклеарлар 8%. Төменде аталған патологияның қоздырғышы қандай вирус болуы ықтимал ://
+Эпштейн-Барр вирусы
***
30 жасар ер адам. Ішінде ауру сезімге, жүрек айну, бас ауру, тәулігіне 10 ретке дейін сұйық нәжіс болуына, тенезмдерге шағымданады. Объективті: t 37,5°С, АҚ 100/60 мм.сб.б. Пальпация кезінде - сол мықын аймағында ауру сезімді, сигма тәрізді ішек спазмды. Үлкен дәреті нәжіссіз қан аралас шырышты.ЖҚА: эритроциттер 4,0×1012 /л, НЬ 145 г/л, лейкоциттер 11,4×109/л, э 1%, т/я 2%, с/я 75%. ЭТЖ 17мм/с. Қандай препарат БАРЫНША оңтайлы://
+Сульфасалазин//
Гистиоцитарлық гранулеманың морфологиялық негізі болып табылады://
+ эозинофилдер
***
50 жастағы науқаста үдемелі ентігу, цианоз, «дабыл таяқшалары» тірәзді саусақтары, өкпеде крепитация анықталады. Рентгенологиялық суреті - «торлы өкпе». Болжам диагнозын қойыңыз?//
+ идиопатиялық фиброздаушы альвеолит//
***
60 жастағы науқасты қол басы буындарының ауырсынуы мазалайды, «дабыл таяқшалары» тәрізді саусақтар анықталады. Соңғы айда құрғақ жөтел пайда болған. Рентгенограммада ұсақ ошақты милиарлық диссеминация анықталған. Бронхоальвеолярлық лаваж сүйықтығында – атипиялық клеткалар анықталады. Болжам диагнозын қойыңыз://
+ өкпе карциноматозы//
***
Пневмококктық этиологиялы пневмонияда жоғарғы белсенділікке ие антибактериялық препараттардың ішіндегі ен тиімділері://
+ азитромицин, амоксиклав
***
Кондиционермен жабдықталған ірі қонақүйде жұмыс жасайтын қызметкерде дене температурасы 40С-қа дейін жедел жоғарлаған, қалтырау, қақырықты жөтел, қан қақыру, тыныс алған кездегі кеуде клеткасының ауырсынуы, миалгия, жүрек айну, іш өту пайда болған. Рентгенографияда екі өкпеде инфильтрациялық өзгерістер анықталады. Бірнеше күн бойы бірге жұмыс жасайтын қызметкер пневмония диагнозымен ауруханаға жатқызылған. Тиімді антибактериялық терапияны таңдаңыз://
+ рифампицин+фторхинолон//
***
61 жастағы науқас аздаған жүктеме кезіндегі ентігуге, құрғақ жөтелге шағымданады. 40 жыл бойы тәулігіне 1 қорап шылым шегеді. Қараған кезде – дене бітімі астеникалық, кілегей қабаттарының цианозы, дене салмағын жоғалту байқалады. Өкпеде қорап реңді перкуторлы дыбыс, аускультацияда – тыныстың айқын әлсіреуі, құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Ең тиімді бронходилататор://
+ ипратропия бромиді//
***
45 жастағы науқас А., пневмонияға байланысты амбулаторлық ем қабылдаған,антибиотиктер қабылдаған, бірақ науқастың жағдайы жақсармаған, дене температурасы 39°Сқа дейін жоғарлаған. ЖҚА: көлемді нейтрофильдік лейкоцитоздың солға ығысуы, ЭТЖ 40 мм/сағ. Рентгенограммада: анық горизонтальдық деңгей және оның үстіндегі қараю. Науқасты емдеу тактикасын таңдаңыз://
+ санациялы бронхоскопия, муколитиктер, антибиотиктер//
***
Бронхоэктазия ауруының диагностикасында ең тиімді әдіс://
+ бронхография//
***
32 жастағы науқас М, бірнеше ай бойына үдемелі тентігу,дене температурасының жоғарлауы, шаршағыштық, әлсіздік мазалайды. Тексеру кезінде мойын және медиастинальдық лимфотүйіндерінің ұлғаюы анықталады. ЭТЖ – 30 мм/сағ. Болжам диагнозын анықтаныз://
+ саркоидоз//
***
Аурудың жедел дамуы, ылғалды сырылдар, интенсивтілігі орташа ошақты инфильтративті көлеңке, тез оң динамиканың болуы тән://
+ ошақтық пневмония//
***
38 жастағы, науқас А. дәрігерге жөтелге,соңғы 2 жылда шырышты-іріңді қақырыққа шағым айтады. 15 жасынан бастап темекі шегеді. Соңғы 3 айда жүгірген және 3 қабатқа көтерілген кезде пайда болатын ентігу мазалайды. Аускультацияда: қатқыл тыныс, құрғақ сырылдар. Тиффно индексі 55%. Болжам диагнозын қойыңыз://
+ созылмалы обструкциялық бронхит//
***
32 жастағы науқас М, бірнеше ай бойына ентігудің үдеуіне, дене температурасының жоғарлауы , шаршағыштыққа, әлсіздікке шағым айтады. Тексеру кезінде мойын, медиастинальды лимфоутүйіндерінің ұлғаюы анықталады. ЭТЖ – 30 мм/сағ. Квейм сынамасы оң мәнді. Преднизолон қандай дозада тағайындалады://
+ 20 мг тәулігіне//

***
Стационарға 23 жастағы Е. атты курсант жеткізілді. температурасының 38,5°С дейін жоғарлауына, «тотық түсті» қақырықты жөтел, терең тыныс алғанда, жөтелгенде кеуде клеткасының ауырсынуына шағым айтады. Рентгенограммада – оң жақ өкпенің төменгі бөлігіндегі біртекті емес қараю анықталады. Осы жағдайда эмпирикалық терапияны таңдаңыз://


+ ровамицин//
***
СПИД-пен ауыратын науқас құрғақ жөтелге,ентігуге және дене температурасының жоғарлауына шағым айтады. Рентгенограммада өкпе суретінің күшеюі және екі жақты көбіне ортаңғы бөлікте орналасқан ұсақ ошақты көлеңкелер анықталады. Осы жағдайда таңтамалы препарат болып табылады://
+ сульфометоксазол/триметоприм//
***
Тыныс тұншықпасымен ауыратын науқаста ұстаманы басу үшін қолданылады://
+ ингаляциялық бета 2-агонисттер//
***
Кілегейдің кайталамалы кандидозының көрінісі болып табылады?//
+ иммунитеттің Т-клеткалық қатарының жетіспеушілігі//

***
Астматикалық статуста преднизолонның әсер етпеуінің себебі://


+ бронхтарда кілегей тығынның болуы
***
Атопиялық дерматит кезінде қай иммунноглобулин деңгейі жоғарлайды?//
+ IgM//

Қанда жоғары эозинфилия тудыратын есекжемнің себебі://


+ құрттық инвазия//
***
Науқас шағымдары: мұрыннан кілегейлі бөліністер, мұрынның қышуы, түшкіру, ұйқының бұзылысы, соңғы 3 күнде жасаурау. Мұндай өршу 2 апта бұрын қонаққа барғанда байқалған, онда мысық болған. Қазіргі кезде үйінде мысық бар. Болжам диагнозы: интермиттирлеуші аллергиялық ринит. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдіс қажет://
+ қан сарысуындағы иммуноглобулин Е деңгейін анықтау//
***
Науқаста 2 жыл көлемінде сәуір-мамыр айларында көздің қышуы, қызаруы, жасаурауы, мұрыннан іріңді бөліністер болған. ЛОР бөлімшесінде қайталамалы гайморитпен емделген. Осы жылдың мамыр айында қатты мұрыннан су ағу байқалған. Диагнозын дәлелдеуге қажетті зерттеу әдістері://
+ гүлдену сезонынан тыс аллергозерттеу - скарификациялық аллерго сынамалар//
***
Егер науқаста тыныс тұншықпасының белгілері күнделікті байқалатын болса, тыныс тұншықпасының ауырлық дәрежесін анықтаңыз, ТСТ1 қалыптыдан 57%?//
жеңіл интермиттерленген//
+ жеңіл персистенген//
***
Науқас алға еңкейіп отырған кезде жоғары жиіліктегі ,үрлеген диастолалық шу төстің сол жақ шегімен жиі естіледі. Қандай ақауға тән://
аорта сағасының стенозы//
+ аорта қақпақшасының жетіспеушілігі//
***
34 жастағы науқас басының ауыруына, басының айналуына, естен тануға шағым айтады. Объ-ті: жүректің негізінде, төстің оң жағында систола ортасында, мойын тамырларына таралатын дөрекі систолалық шу естіледі.Вальсальва сынамасында шу азаяды және тынысты шығарғанда өзгермейді. ЭКГ-да сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенограммада: жүрек конфигурациясы «жүзген үйрек» тәрізді. Қандай ем тиімді?//
+ аорта қақпақшасын протездеу//
митральді қақпақшаны протездеу
***
Науқас 50 жаста, түңгі уақыттарда кеуденің жоғарғы бөлігінде ауыру сезімінің пайда болғанын, 15 минуттан кейін өздігінен немесе нитроглицерин қабылдағаннан кейін басылатынына шағым айтады. АҚ 120\80 мм с.б.б, пульсі 82 рет минутына, тыныштық күйде ЭКГ-да ешқандай өзгерістер жоқ. Физикалық күштемемен сынама теріс нәтижелі, күштемеге толеранттығы жоғары. Ұстама кезіндегі ЭКГ-да кеуделік тіркемелерде ST сегменті жоғары көтерілген://
+ варианттық стенокардия//
***
53 жастағы науқас А., жүрек тұсының басып ауырсынуына , ентігуге, жүрек соғуына, шаршау, басының ауыруына шағым айтады. Ауырсыну эмоциональдік күйден кейін күшейеді , тыныш күйде және нитроглицерин қабылдағанда да басылмайды. Жатыр миомасына операция жасалған. Объ-ті: беті гиперемияланған, қозғыш және эмоциональдік тұрақсыз. ТЖ-20 рет минутына, ЖСЖ-100 рет минутына, АҚҚ- 155/75 мм.с.б. ЭКГ-да : тахикардия, Т V1- V4 теріс мәнді. Гормондық статусын зерттегенде эстрогендер деңгейі төмендегені анықталды.Аталған диагноздардың қайсысы расталады?//
+ эндокриндік кардиомиопатия
***
26 жастағы науқас тұмаумен ауырғаннан кейін 2 аптадан соң, ентігу ,жүрек тұсындағы ауырсынуға, дене қызуының көтерілуіне шағым айтады.Қарау кезінде:ортопноэ, балтырларында ісіну бар.Өкпеде ылғалды сырылдар,ТЖ 39 рет.Кардиомегалия.Жүрек тондары тұйықталған,3 ші тон естіледі, жүрек ұшында систолалық шу және жыбыр аритмиясы анықталады.ЖСЖ 110 рет,АҚҚ 100\60 мм.сын.бағ.Бауыры 3 см ұлғайған. Қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған, кардиоспецификалық ферменттер жоғарылаған. ЭКГ да : 1 ші дәрежелі АВ блокада, жиілеген қарыншалық экстрасистолиялар. ЭХО КГ- да: сол жақ қарынша қуысы үлкейген. Айдау фракциясы 40 %. Төменде келтірілген диагноздың қайсысы мүмкін?//
+ ревматикалық емес миокардит//
жүректін ревматикалық ақауы
***
42 жастағы науқас С., 1 жыл бұрын пайда болған ентігуге, оң жақ қабырға астының ауырсынуына шағым айтады.Кейін түнгі уақытта тұншығу ұстамасы, балтырда ісінулер қосылған.Соңғы айларда қан түкіру эпизодтары анықталған. Объективті: өкпенің төменгі бөліктерінде – ұсақ көпіршікті сырылдар.Жүрек шектері солға ығысқан.Тондары тұйықталған.ЖСЖ 90 рет мин.Жүрек ұшында систолалақ шу естіледі.ЭКГ да: жыбыр аритмиясы, тахисистолалық түрі.ЭХО КГ да: Сол жақ жүрекше – 4,4;Сол жақ қарынша КДР -8,2 .Оң жақ қарынша 3,2.Айдау фракциясы – 21 %. Диффуздық гипокинезия.Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?//
+ дилатациялық кардиомиопатия
***
19 жастағы науқас Т., реанимация бөлімшесіне клиникалық өлім жағдайында жеткізілді. Жаттығу кезінде кенет есін жоғалтқан, жүрек тоқтауы анықталған. Жүргізілген реанимациялық шаралар нәтиже бермеген. Аутопсияда қарынша аралық перденің жоғарғы 3\1 нің айқын гипертрофиясы және сол жақ қарыншаның айқын обструкциясымен кардиомегалия анықталды.Өлімге әкелген себепті атаңыз://
жүрекшелер фибриляциясы//
+ қарыншалар фибриляцисы//

***
Қандай ауру рентгенологиялық зерттеу кезінде жүрек көлеңкесінің ұлғаюы, контурының тегістелуі, жүрек мықынының жоғалуы, пулсацияның әлсіреуімен көрініс беруі мүмкін?//


+ перикардит//

65 жастағы науқастың жедел жәрдем бригадасы трансмуральды миокард инфарктісі, кардиогенді шок жағдайында жеткізілуі қай жағдайда дамиды://


+ миокард массасының 40 % дан артық зақымдануы
***
78 жастағы науқас К., төс артындағы қысып ауырсынуға және бір қабатқа көтерілгенде пайда болатын ентігуге , жүрегінің шалыс соғуына шағым айтады.Миокард инфарктісімен ауырған.Объективті: Өкпеде ылғалды сырылдар. ЖСЖ 106 рет мин. АҚҚ 170\100 мм сын. бағ. Тропанин Т – теріс. Холестирин – 6,2 ммоль\л.ЭКГ: Сол жақ қарыншаның алдыңғы бүйір қабырғасының тыртықты өзгерістері. ЭХО КГ : айдау фракциясы- 49,6 %. Гипокинезия аймақтары сол жақ қарыншаның алдыңғы, пердеаралық ,ұшы, бүйір қабырғасында орналасқан. Созылмалы қан айналым жеткіліксіздігін дәлелдейтін симптомдарға жатады://
жүректің шалыс соғуы//
+ іркілісті ылғалды сырылдар//
***
Науқас С., 43 жаста төс артындағы ауырсыну, ауырсынудың сол жақ қолға және жауырын астына берілу шағымдарымен келіп түсті. Қарау кезінде : Жүрек тондары тынықталған, аздаған тахикардия . АҚҚ 110\70 мм сын.бағ. ЭКГ да: ST V2-V4 сегментінің элевациясы. Аталған зерттеу әдістерінің қайсысы дұрыс://
ЧПЭС//
+ коронарография//
***
Созылмалы толық АВ блокадасының дистальды типінде нені пайдаланған дұрыс://
+ тұрақты ЭКС//
***
СССУ кезінде ЭКС имплантациялаудың қайсысы дұрысы://
+ ауыр ағымды қарыншалық тахикардия ұстамаларында//
***
Науқас Г., 27 жаста кардиология бөлімшесіне жүректің қатты соғу, есін жоғалту эпизодтары және төс артындағы қысу сезімі шағымдарымен жеткізілді. Объективті: дене бітімі астеникалық. Жүрек тондары тынықталған, ырғақты. ЖСЖ-88 рет ми. АҚҚ-90/60 мм сын.бағ. ЭКГ да: ST V2-V3 сегментінің элевациясы. Тропонин Т- өзгермеген. Қандай зерттеу әдісін бірінші жүргізу керек?//
+ тәуліктік ЭКГ мониторнигі
***
36 жастағы науқас буындардың және бүйректің (нефротикалық синдром) зақымдануымен жүретін жүйелі қызыл жегі ауруының өршуіне байланысты үш аптадан бері 60 мг тәулігіне преднизолон қабылдайды. Төмендегі аталғандардың қайсысы емдеудін асқынуы болып табылады://
+ гипергликемия//
тромбоцитопения
***
38 жастағы әйел адамда 10 жылдан бері салқынға қол саусақтарының ауырсынуы, бозаруы болады. Соңғы жылда осы өзгерістер айқындала түскен, қол басы ұсақ саусақтарының және білезік буындарындарының артритінің белгілері, қою тамақты жұтынуының қиындауы пайда болған. Қан сараптамасында:ЭТЖ 40мм/сағ, бірен- саран жегілік жасушалар. Жүргізілген зерттеулерге байланысты қандай болжам диагнозын негіздеуге болады://
+ жүйелі склеродермия//
жүйелі қызыл жегі
***
28 жастағы жүйелі қызыл жегімен ауратын науқас, ұзақ уақыт бойы тәулігіне
15 мг преднизалон қабылдайды. Қызба, бет эритемасы, бас ауру, ұйқысыздық, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, парестезия шағымдарымен стационарға жақызылды. Тексеру кезінде нефротикалық синдром, қандағы комплементтердің құрамының төмендеуі, нативті ДНҚ антиденелерінің жоғары титрі, лейкопения анықталды. Жағдайының нашарлауына эндометритпен асқынған медициналық түсік себеп болған. Қандай дәрілік ем тағайындаған дұрыс?//
+ метилпреднизалонмен пульс-терапия//
***
22 жастағы әйел оң жақ шынтақ білезік, оң жақ тізе және балтыр табан буындарының қатты ауырсынуына шағым айтады.Аяқ және қол терілерінде петихиальдық және везикулапустулездік бөртпелер бар. Қарау кезінде буын айналасы тканінің ісінуіне байланысты ауырсыну және ісік анықталады, бірақ буын көлемі ұлғаймаған. Алғашқыда қандай зерттеулерді жүргізген дұрыс?//
+ жамбас мүшелерін зерттеу және жатырдың цервикальдік каналынан бөліністі микроскопиялық зерттеу
***
62 жастағы ер адам жалпы әлсіздікке, қабақтардың үстіндегі ,екі қол саусақтардағы эритематозды бөртпелерге шағым айтады. Осы көріністердің пайда болуын 3 ай болған, соңғы екі аптада проксимальды бұлшықет тобының әлсіздігінің күшейюіне, миалгия мен артралгияның пайда болуына көңіл бөлген. Қан анализінде: АСТ,АЛТ және КФК аздап жоғарылаған.Науқасқа алғашқы диагноз дерматомиозит қойылды: диагнозды нақтылау үшін негізгі тексеру әдісін жүргізу керек://
+ бұлшық еттік биопсия//
***
40 жастағы әйел , білезіктегі ісінуге және ауырсынуға, қол саусақтарының және аяқ басының таңертеңгілік мезгілде екі сағаттан көп құрысуы, жалпы әлсіздікке, шаршаудың күшеюі 8 аптадан бері мазалайды. Ибупрофен 800 – 1200 мг /тәулігіне мөлшерде қабылдайды, тұрақты әсері болмайды. Қарағанда: Білезік аймағының жәнеекі қол саусақтарының ісінуі және ауырсынуы,жүрісінің өзгеруі. Қан талдауы:анемия, ЭТЖ - 56 мм/сағатқа дейін жоғарлауы.АНФ 1:40, РФ теріс, анти-ЦПП антидене оң мәнді. Рентгенограммада саусақтардың периартикулярлы остеопениясы анықталады. Мүмкін болатын базистік терапия://
+ метотрексат(монотерапия)//
***
Созылмалы атрофиялық гастритке тән симптомдарды таңдаңыз://
+ ерте және кеш пайда болатын қосарлануы
***
Асқазан жарасының сенімді тікелей рентгенологиялық белгісі болып табылады://
+ ниша//
кілегей қабаттың қыртыстарының конвергенциясы
***
Терапевттің қабылдауға қоңдылығы жоғары науқас майлы тамақ қабылдағаннан кейін пайда болған сол жақ қабырға астындағы ауырсынуға, жеңілдік әкелмейтін кезеңді түрдегі құсуға шағым айтады. Объективті қарағанда: «қызыл тамшы» симптомы оң, Мейо-Робсон оң мәнді. Қанда амилаза деңгейінің жоғарлауы. Сіздің диагнозыңыз?//
+ созылмалы панкреатит, өршуі//
***
Бауыр циррозының созылмалы гепатиттен ерекшелігі://
+ портоковальдық и кава – кавальдық анастомоздардың болуы//
***
Регионарлық илеитті келесі аурулардың қайсысымен ажырату қиынырақ://
+ бейпецификалық жаралы колит//
***
49жаста науқас С., оң жақ қолға таралатын оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға,өт қосылған құсуға шағымданып түсті. Об-ті: қоңымдылығы жоғары, склералары субиктериялық, оң жақ қабырға астындағы ауырсыну, Ортнер симптомдары оң мәнді. Қанда: лейкоцитер -12 мың., ЭТЖ-33 мм/с.Өтті зерттегенде: барлық үш порцияларда - кілегей, лейкоцит, IV порцияда - лямблиялар. Осы жағдайдағы ең тиімді ем://
+ метронидазол
***
Асқазанның кілегей қабатын қорғайтын препаратқа жатады://
+ сукральфат//
***
Асқазан жара ауруының анықтаудағы тиімді текскру әдісі://
+ фиброгастроскопия, биопсия//
***
Науқас У., 28 жаста, қыжылға, тамақ қабылдағаннан кейін кеуде клеткасының артындағы «ашытуға», 1 ай бойы мазалаған қышқыл кекірікке шағым айтады. ЭГДС: өңештің төменгі үштен бір бөлігінің ісінуі және гиперемиясы анықталады. Таңдамалы ем атаңыз://
маалокс+ фамотидин//
+ омепразол+ трихопол//
***
30 жастағы ер адамда қан ұйындылары қосылған диарея,іштегі толғақ тәрізді ауырсыну,қызба пайда болды. Ректороманоскопияда кілегей қабаттың қанағыштығымен борпылдылығы анықталады. Осы жағдайда таңдалатын препарат://
+ алофальк//
***
55 жастағы ер адам соңғы үш жылда жиі өршіп тұратын 12 елі ішектің жара ауруы,жиі рецидивтерімен ауырады. Н2-гистаминблокаторлармен емдеу оң нәтижесі болды. Жарадан қан кетумен түсті.Қан құйылды.4 апта ранитидинмен жүргізілген ем нәтижесінде жара тыртықтанды. Ары қарай емдеу тактикасы қандай://
+ н2-гистаминблокаторлармен сүйемелдеуші терапия//
***
30 жастағы ер адамда қан ұйындылары қосылған диарея, іштегі толғақ тәрізді ауырсыну,қызба пайда болды. Проктосигмоскопияда кілегей қабаттың қанағыштығы мен борпылдылығы анықталады. Төмендегі қай препаратты тағайындау тиімді?//
+ салофальк//

***
Он екі елі ішектің жара ауруы бар науқас жалпы әлсіздікке, шамалы күш түскендегі ентігуге, бор жеуге құмарлығы барына шағым айтады.Обьективті : науқастың терісінде трофикалық өзгерістер анықталады, тері түсі бозғылт. Қан анализі талдау: эритроциттер -3,3х 10 12/л, гемоглобин-90 г/л, түсті көрсеткіш -0,75, ретикулоциттер -2%, қандағы темір -5,6 мкмоль/л. Науқаста қандай асқыну дамыған?//


+ темір жетіспеушілік анемия//
***
35 жастағы науқас жиһаз фабрикасында 10 жылдай жұмыс жасаған. Жұмыс кезінде ксилол қолданған. Созылмалы интоксикацияға күдікпен науқас госпитализацияланды. Қанда – панцитопения, анемиялық синдром анықталған. Интоксикацияға анемияның қай түрі сәйкес келеді://
+ апластикалық анемия//
***
60 жастағы әйел адам жалпы әлсіздікке, эпигастрий аймағында ауырлық сезіміне, тамақ ішкеннен кейін кекіруге шағым айтады. Обьективті: дене температурасы 36,6 С , ТАЖ 20 рет минутына, пульс 96 рет мин, АҚҚ 115/70 мм.сб, тері және кілегей қабаттары бозғылт.Қан анализінде: эритроциттер -2,0х 10 12/л, гемоглобин-100 г/л, түсті көрсеткіш -1,5, ЭТЖ 28 мм/сағ. Асқазанның париетальды клеткаларына антиденелер анықталған. Науқасқа анемия синдромын емдеу үшін қай тактика сәйкес келеді://
+ в12 витаминдерін тағайындау//
***
Темір мөлшерінің жоғарлауы болатын қандай ауруларда дисфераль қолдануға болады?//
+ талласемия//
***
35 жастағы ер адам денесіндегі себепсіз пайда болатын көгеруге байланысты дәрігерге қаралды. Бұл аталған көрініс бірінші рет 2,5 жыл бұрын, ЖРИ-дан кейін пайда болған. Қан талдауында: тромбациттер саны 50000/ мкл3. Науқас антигистамин препараттарын және викасолды қабылдаған,нәтиже болмаған.Кейін тромбациттер саны қалыпқа келген.Екі апта ішінде геморраргиялық бөртпелер жойылған, бірақ 1,5 жылдан кейін стоматолог қабылдауында тісін жұлдыртқаннан кейін қан кету үш тәулікке дейін тоқтамаған. Сол жылы аппендоэктомия болған, бірақ операциялық тілік біріншілік тартылумен жазылған. Қан талдауы: Hb – 120 г/л, лейкоцит-7,3х 109/л, лейкоформула өзгермеген. ЭТЖ 25 мм/сағат. Диагнозды нақтылау мақсатында қандай зерттеу жүргізілуі қажет?//
+ қан кету ұзақтығын анықтау//
***
Созылмалы лимфолейкозбен ауыратын науқас, 15 мг хлорбутин тәулігіне қабылдайды, қызба пайда болған, гемоглобин 80 г/л дейін төмендеген, ретикулоциттер 40 % дейін жоғарлаған, тікелей емес билирубин жоғарлаған. Аталған ұсыныстардың қайсысы дұрыс://
+ қосымша преднизалон тағайындау//
***
Ер бала 14 жаста, отбасында әке-шешесінде де пубертатты кезең кешігіп басталған. Ата-анасының қазіргі бой ұзындықтары орташа. Науқастың туғандағы салмағы 3000гр. Ерте жетілуі ерекшеліксіз. Оқу үлгерімі өте жақсы. Бой ұзындығы 144 см. Бой өсуі жылына 5-6 см. Дене бітімі пропорциональды дисэмбриогенез стигмі жоқ. Екіншілік жыныс белгілері айқын емес. Тестикулалар өлшемдері бойынша физикалық дамуына сәйкес. Сүйектік жасы 13 жасқа сай. СТГ және ТТГ деңгейлері қалыптыға жақын. Сіздің алғашқы диагнозыңыз://
+ церебральды-гипофизарлық нанизм//
***
Қыз бала 12 жаста, Мерзіміне сай, дене салмағы 2400гр, бойы 48см болып туылған. Оқу үлгерімі жақсы. Дене бітімі пропорциональды. Дисэмбриогенез стигмі жоқ. Бойы 120 см. Сүт бездері дөрекіленуі бар. Пубертаттың басқа белгілері жоқ. СТГ және ТТГ деңгейлері қалыптыға жақын. Жыныс хроматині оң. Сіздің алғашқы диагнозыңыз://
+ премордиальды нанизм//
***
13 жастағы ер балада гиперкортицизм, кемақылдылық белгірі жоқ. 4 дәрежелі семіздік анықталған. АҚҚ 120/80 мм с.б.б. ОЖЖ шектеулі зақымдалу белгілері бар. Сіздің алғашқы диагнозыңыз://
+ церебральды семіздік//
***
18 жастағы науқаста 1 сағат бұрын есінен тану болған. Қарау кезінде: санасы жоқ, Кусмауль тынысы, беті гиперемияланған, тері құрғауы,тілі таңқурай түсті, құрғақ, көз алмалары жұмсақ, өкпеде шашыраңқы құрғақ сырылдар естіледі, бауыр қабырға доғасынан 3 см шығыңқы, басқа мүшелерде өзгеріс жоқ. Науқастан анық ацетон иісі шығады. Анамнезінде: тұмауды басынан кешкен, 2-3 апта бойы шөлдеу, жиі зәр шығару, тәбеті қалыпты бола тұра арықтау, әлсіздік, тежелу болған. Соңғы 2 күнде тәбеті төмендеген, жақында жүрек айну және құсу пайда болған. Сіздің алғашқы диагнозыңыз://
+ диабеттік кетоацедоздық кома//
***
14 жастағы қыз балада 3 дәрежелі семіздік, фурункулез, аш қарынға гликемия-5,2 ммоль/л, глюкозамен жүктемеден кейін 32 сағаттан соң-7,9 ммоль/л, тәуліктік диурез 1000мл, несептің салыстырмалы тығыздығы 1015-1020. Анамнезінде: нағашы әжесінде 58 жастан бастап артық салмақпен қатар қант диабеті бар, манинилді тәулігіне 3 рет қабылдайды. Көмірсуді шектейді. Алғашқы диагнозыңыз://
+ көмірсуға төзімділік бұзылысы//
диабеттік кетоацидоз
***
13 жастағы қыз балада 3 жасынан бастап бой өсуі қалыс қалуы байқалған( бой өсуі жылына 2-3 см көп емес) Дене бітімі пропорциональды. Бойы 120см. Сүйектік жасы 7 жасқа сәйкес. Жыныс хроматині оң. Қандағы СТГ және ТТГ, гонадотропты, жыныс, тиреоидты гормондар деңгейі төмендеген. Сіздің алғашқы диагнозыңы://
+ церебральды-гипофизарлық нанизм//
***
Тиреоидтық препараттар ішіндегі ең белсендісі://
+ тиреотом//
***
Жедел тиреоидит кезіндегі қалқанша безіндегі патоморфологиялық өзгерістер болып табылады://
Фиброз, гиалиноз//
+ полиморфядролық лимфоциттер инфильтрациясы//
***
Жедел тиреоидит кезіндегі қалқанша безінің ең мәліметті зерттеу әдісі://
қарау//
пальпация//
+ пункциялық биопсиямен УДЗ//
***
Жеделше тиреоидиттің дамуына әсер ететін HLA антигені://
+ В35, DR5//
***
Капилляр қанында клиникалық диабетке тән,базальды және тамақтанудан кейінгі патологиялық гликемия деңгейі://
+ ашқарынға 6,7ммоль/л,глюкоза енгізгеннен кейін 2сағатттан кейін-11,1ммоль/л//
***
Қант диабетімен ауыратын науқастарда гиперлактацедемия дамуында сүт қышқылы және бикарбонат деңгейін анықтау профилактикалық мақсатта мына адамдар арасында жүргізілмейді://
+ ішек ауруымен ауыратын науқастарда//
***
Жедел гломерулонефриттің негізгі себебі://
+ бета-гемолитикалық стрептококк//
***
Созылмалыбүйрекжеткіліксіздігінің ерте белгісі://
+ никтурия//
дизурия
***
Несепте салыстырмалы тығыздықтың ерте төмендеуі?//
+ созылмалы пиелонефрит//

***
М. науқас аяқтарының, ішінің, бетінің масивті ісіктерімен бөлімшеге түскен. Тексергенде: тәуіліктік протеинурия 9 г/л. Анамнезінде: 8 жыл бойы бронхоэктазы ауруымен ауырады. Мүмкінболатындиагноздытаңдаңыз://


пиелонефрит//
+ екіншілік амилоидоз//
***
Урограмма бойынша ассимитриялық зақымдану, бүйректің тостағанша мен астаушасының, несепағардың жоғарғы үштен бір бөлігінің кеңеюі тән://
+ пиелонефрит//
***
Гломерулонефриттің төрт компанентті терапиясы- бұл://
+ цитостатиктер + кортикостероидтар + антиагреганттар + антикоагулянттар//
***
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің ең ерте клиникалық симптомын атаңыз://
+ диспепсиялық бұзылыстар//
***
43 - жастағы ер адам, бел аймағындағы ауыру сезімі, бетінің ісінуі шағымданады.Ұзақ уақыт созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Объективті: АҚ – 140/90 мм с.б.б. ЖЗА: салыстырмалы тығыздығы – 1005, белок – 8,4 г/л, лейкоциттер – 4-6 көру аймағында. Реберг сынамасы: шумақтық фильтрация – 20 мл/мин., өзектік реабсорбция – 99%. Көрсетілгендерден қай асқыну тән://
+ созылмалы бүйрек жетіспеушілігі
***
Зәр тұнбасында нейтрофилдердің болуы тән://
+ пиелонефритте//
***
Зимницкий сынамасын бағалаңыз: күндізгі диурез — 900 мл, түнгі диурез — 300 мл, зәрдің салыстырмалы тығыздығының ауытқуы 1010-1026 су- тағамдық рационның сұйық бөлігі 1500 мл құрайды://
+ қалыпқа сай//
гипостенурия
***
Өкпе абсцессіндегі қақырық://
+ екіқабатты: серозды көпіршікті сұйықтық; жасыл-сары лайлы ірің//
***
Қақырықтағы аллергиялық компоненттің деңгейін анықтау келесі элементтерге байланысты://
+ Куршман спиральдары//
***
үдемелі ентігуі бар 36 жастағы науқастың бронхоальвеолярлық сұйықтығының клеткалық құрамын зерттегенде альвеоларлық макрофагтар және нейтрофильдер құрамының жоғарлауы анықталған. Бұл өзгерістер қай ауруға тән?//
гемосидероз//
+ идиопатикалық фиброздаушы альвеолит//
***
Зерттеуге 26 жастағы науқастың өкпе тіні әкелінді. Микроскопиялық зерттегенде эпителиоидты клеткалармен бірең-сараң Пирогов-Лангханс алып клеткалардан тұратын казеозданбаған гранулёмалар анықталған. Науқасты жүргізудің әрі қарай емдеу тактикасын тағайындаңыз://
+ преднизолон 20 мг тәуліктік мөлшерін тағайындау//
***
Науқас К., 45 жаста, ұзақ уақыт бойы физикалық жүктеме кезіндегі ентігуге және субфебрильді тмператураға шағым айтады. Өкпе рентгенограммасында – сол жақ кеуде клеткасының сыртқы қырында интенсивті біртекті қараю анықталған. Плевра сұйықтығын зерттегенде: салыстырмалы тығыздығы 1020 болатын серозды сұйықтық, клеткалық құрамында лимфоцит басым. Науқасты жүргізудің әрі қарай емдеу тактикасын тағайындаңыз://
+ туберкулёзге қарсы диспансерге жолдау//

***
Стеаторея негізіне қандай фермент секрециясының бұзылуы жатады://


α- амилаза//
+ липаза//
***
Науқаста алдыңғы ішперде, өңеш веналарының варикозды кеңеюі (медуза басы), асцит, спленомегалия, шажырқайдың веноздық толыққандылығы бар. Бауыр циррозының асқынуын атаңыз://
бауыр жетіспеушілігі//
+ портальдық гипертензия//
***
Науқас Л., 64 жаста, асқазан жара ауруымен ауырады. Стационарда эпигастрий аймағының ауырсынуына, әлсіздіктің күшеюіне, тәбеттің жоқтығына шағым айтады. ЭФГДС: асқазанның кіші иінінде 1,5 х 0,8 см жара анықталды. Жараға қарсы терапия курсын бітіргеннен кейін жара көлемі екі есе ұлғайып, ауырсыну басылмады. Сіздің диагнозыңыз?//
+ асқазанның жара-ісігі//
***
Науқас Т., 49 жаста. Бірнеше жыл бойы тамақтан кейін және ауыр көтергеннен кейін горизонтальды қалыпта күшейетін, кекіргеннен кейін әлсерейтін және қыжылмен қоса болатын, семсер тәрізді өскіннің астындағы ауырсынуға шағым айтады. Рентгенограммасында асқазанның фундальдық және кардиальдық бөліктері кеуде клеткасына ығысқан. Науқаста кенеттен кеуде артындағы ауырсынумен, қан аралас құсу пайда болған. Cіздің тактикаңыз://
химиотерапия//
сәулелік терапия//
+ оперативті ем//
***
34 жастағы науқас С., тамақ қабылдағаннан кейін 40-60 минуттан соң эпигастрий аймағындағы басып ауырсынуға, қышқыл кекірікке, тәбет жоқтығына, әлсіздікке шағым айтады. Екі жыл бұрын рентгенологиялық зерттеуде асқазан полипі анықталды, науқас оперативтік емнен бас тартты. Объективті: эпигастрий аймағындағы ауысыну. Қан анализінде: орташа дәрежелі гипохромдық анемия. Рентгенограммасында: асқазанның үлкен иінінде – алып қатпарлар. Науқасқа тиімді ем тағайындаңыз://
метилурацил//
+ омепразол//
***
Инфекциялық миокардиттің созылмалы формасында қандай иммуноглобулиндер класы жоғарылайды?//
+ IgG//
***
52 жастағы науқаста диагностикалық тексерулер кезінде бірінші рет АГ анықталған. Аталған өзгерістердің қайсысы нысана мүшенің зақымдануына тән://
+ көз торы қантамырларының жайылмалы тарылуы//
***
Артериалық гипертензиямен ауыратын 68 жастағы науқас Ж., төс артының қысып ауырсынуы және ол изокет спреймен басылмайтынына шағым айтады.Қарау кезінде жүрек тондары тынықталған, ырғақты. ЖСЖ 98 рет мин. АҚҚ 110\70 мм сын.бағ. ЭКГ да: ST V2-V6 сегменттерінің депрессиясы.Миокард инфарктісіне күдік бар.Зерттеу жоспарына қай зерттеуді қосу керек://
трансаминаза//
+ тропонин Т//
***
47 жастағы науқас А ., ірі ошақты миокард инфарктісімен келіп түсті.Қарау кезінде жүрек тондары тынықталған, тахикардия.ЖСЖ 100 мин, АҚҚ 130\90 мм сын.бағ. ЭхоКГ да: гипокинезия аймақтары анықталған.Зерттеу жоспарына қай зерттеуді қосу керек://
трансаминаза//
+ тропониндер//
***
Остеопорозбен зардап шегетін науқастардың лабораторлық зерттеуінде анықталуы мүмкін://
+ қан құрамындағы кальций мөлшерінің төмендеуі және зәрмен шығуының жоғарылауы//
***
Остеомаляциямен зардап шегетін науқастардың лабораторлық зерттеуінде анықталуы мүмкін://
+ оксипролин экскрециясының деңгейінің жоғарылауы//
***
Гонада дисгенезиясы синдромын анықтаудағы экспресс диагностика://
+ жыныстық хроматин//
***
Динамикада зерттеу кезінде қандай көрсеткіш қант диабетінің компенсация сатысының маңызды критерий болып табылады://
+ гликозирленген гемоглобин//
***
Бүйрекүсті безі гиперплазиясы Иценко-Кушинга синдромымен дәлелденген ауруда бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының аденоматозын нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізу керек?//
+ АКТГ тәуліктік ырғағын зерттеу//
***
Поллиноз кезінде терілік аллергиялық сынамалады жүргізуге болады://
+ тозаңдану кезеңінен тыс ауру ремиссиясы кезінде//
***
14 жастағы науқас соңғы 2 жылда көктем кезінде болатын құрғақ жөтел, көзінің қышуы, терінің құрғауы, мұрыннан кілегейлі-іріңді бөліністердің бөлінуіне шағымданады. Аллергозерттеу схемасы?//
+ аллергозерттеу-скарификационды аллергосынамалар//
***
Науқас 16 жаста, алғаш рет аллерголог қабылдауында. Үнемі мұрын бітелуіне, түшкіруге шағымданады. 5 жаста уақытша әсерлі аденотомия (3-4 дәреже) жасалды, бір жыл ішінде аденоидит қайталанған. Үнемі виброцилмен, тамыр тарылтқыш препараттармен емделеді. Үйінде мысық, ит асырайды, ескі заттар, өсімдіктер көп. Зерттеу әдістері?//
+ скарификационды аллергосынамалар
***
Ұзақ әсерлі β2 – адренорецептордың селективті агонистін белгілеңіз://
+ сальметерол//
***
β2 – адренорецептордың қысқа әсерлі агонистін көрсетіңіз://
астмопент//
+ сальбутамол//
***
Атиптік қоздырғыш табылған кезде (микоплазма, хломидиялар) қандай препарат таңдайсыз://
+ эритромицин//
***
Әсері ұқсас және қауіпсіз антибактериальды дәрілердің қосылуын көрсетіңіз://
+ пенициллин+аминогликозиды//
***
Мукалитикалық дәріге жатады://
+ ацетилцистеин
***
Созылмалы бронхит фонындағы тыныс тұншықпасы кезінде тағайындалады://
+ ипратропиума бромид//
***
Амбулаторлық жағдайда гипертониялық криз кезінде көбіне қолданылады://
+ тіл астына каптоприл//
***
Пневмококқа аз белсенді антибактериальды дәріні көрсетіңіз://
+ левомицетин
***
Ұзақ қолданғанда остеопороз туғызады://
+ глюкокортикостероидтар//
***
Инфицирленгмен байланысты жара ауруларын емдеуде қандай препарат
+ де-нол//
***
Қант диабеті бар үлкен жастағы адамдарда бета-блокаторды қолдану неге әкеледі://
+ қант диабетінің декомпенсациясына//
***
Созылмалы антисекреторлы әсері басым препарат://


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   318




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет