+ тиреолиберинмен//
***
Ер адам 37 жаста, терісі қола (бронзовое) түстес, гепатоспленомегалия, табан ұсақ буындарының артриті бар. Тексеру кезінде сарысулық темірдің деңгейі жоғарылауы, ЖТБҚ (ОЖСС) төмендеуі, сарысу ферритин жоғарылауы және трансферрин қанығуы 52% байқалады. Аталған патологияны емдеудің қай әдісі дұрыс?//
+ қан шығару
***
72 жасар ер адам нитраттар көмектеспейтін төс артындағы қатты басып ауыратын ауыру сезіміне шағымданады. Қарағанда: жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, гипотония. ЭКГ да сол жақ қарыншаның артқы бүйір қабырғасы зақымданған.
Осы жағдайды нақтылауға көрсетілген зертханалық көрсеткіштердің қайсысы
БАРЫНША ақпаратты?//
+ тропонинді
***
Жиі салқын тиюмен ауратын 19 жастағы қыз баланы ентігу, жөтел, периодты түрде қан түкіру; физикалық күшпен байланысты бас айналу мен есінен тану мазалайды. Қарағанда: акроцианоз, төмен тамақтанулы, саусақтарының «барабан таяқшалары» және тырнақтарының «сағат әйнектері» тәріздес өзгерісі, өкпе артериясында ІІ тонның акценті, гепатомегалия. ЭКГ-да: оңграмма (правограмма). ЭХОКГ-да: өкпе гипертензиясының 2 дәрежесі. Науқасқа гепарин қолданылатын базисті терапия тағайындалды. Антикоагулянтты терапияны бақылауда қандай көрсеткіш ең ақпаратты болып табылады://
+ активтелген жартылай тромбопластинді уақыт
***
Науқас 28 жаста ауыр дәрежелі бронх демікпесімен ауырады, преднизолон 20 мг /тәул мөлшерінде 2 жыл бойы қабылдайды. Преднизолон қабылдап жүргенде түнгі ұстамалар аптасына 1-2 рет, сальбутамолда қажеттілік- күніне 1-2 рет, жағдайы қанағаттанарлық, физикалық жүктемені көтеруі жақсы. Преднизолон мөлшерін төмендету амалында жағдайы нашарлайды – тұншығу ұстамалары жиілейді. Ингаляциялық кортикостероидтар қолданбаған, бірақ эуфиллин таблетка түрінде қабылдайды. Ары қарай қандай емдеу тактикасы ең дұрыс?//
+ преднизолонды төмендету үшін метилпреднизолонмен пульс-терапия өткізу
***
47 жастағы әйел адам тамақтанғаннан 1,5-2 сағаттан кейін пайда болатын, асқазан тұсындағы сыздап ауыру сезіміне; әсіресе таң ертеңгісінгі ауызға қышқыл келуге; оң жақ қабырға астындағы ауырлау және жайсыздық сезіміне, іш қатуға шағымданады. ФГДС да: асқазанның антральді бөлігіндегі кілегей қабатының ісінуі мен гиперемиясы, бірен саран эрозиялар; асқазан қуысында – шырыш пен өт; шыға берісі аңырайған. Уреазды сынама – теріс. Науқастың жағдайын келтірілген дәрілердің қайсысы БАРЫНША жақсартады?//
Достарыңызбен бөлісу: |