+ подагралық нефропатия//
***
Жігіт 18 жаста, анамнезінде - бір аптадан бері ауырады. Ангинадан кейін ісіктер пайда болған. Объективті: АҚ - 140/90 мм. с.б. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздық - 1020, белок - 8,4 г/л, лейкоциттер - 4-6 көру алаңында, эритроциттер -5-6 көру алаңында.
Аталған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?//
+жедел гломерулонефрит
***
Әйел, 45 жаста. Клиникаға асқазан ішектен қан кету көрінісімен түсті. Анамнезінде 10 жылдан бері жүйелі қызыл жегімен ауырады, соңғы 2жылда уремияға байланысты гемодиализде. Тексергенде АҚ 170/90 мм с.б. Қандағы креатинин 0,9 ммоль/л, УДЗ: оң жақ бүйректің екіншілік солуы. Науқасқа перитонеалды диализ тағайындалды.
Не себепті гемодиализ емес, перитониалды диализ тағайындалды?//
+асқазан –ішектен қан кету//
***
Пациент М., бөлімшеге аяқтарының, құрсақ қабырғасының, бетінің массивті ісіктерімен түсті. Зерттегенде: АҚ - 160/90 мм. с.б. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздық - 1005, белок – 5,6 г/л, лейкоциттер - 6-7көру алаңында, эритроциттер -5-6 көру алаңында.
Нефротикалыққ синдромның себебін анықтау үшін қандай зерттеу әдісі ең ақпаратты юолып табылады?//
+бүйрек биопсиясы//
***
Гемодиализді тағайындауға көрсеткіштердің бірі://
+қанда калий деңгейінің 6,5 ммоль/л көп болуы//
***
Стационарда өкпе туберкулезі диагнозымен ем алған 45 жастағы ер адамның аутопсиясында бүйректерінің ұлғайғаны анықталды. Бүйректердің макроскопиялық көрінісі «үлкен ақ бүйрек» деп сипатталды. Аталған туберкулездің асқынуларының қайсысы болуы мүмкін?//
+бүйрек амилоидозы//
***
Ер адам 32 жаста, қабылдау бөліміне бел тұсының ауырсынуымен жеткізілді. УДЗ жүргізгенде: бүйректердің ассиметриялы зақымдалуы, бүйрек тостағаншалары мен түбектерінің және несепағардың жоғарғы үштен бірінің кеңейгені анықталды. Қай диагнозға көбірек сенімдісіз?//
+ пиелонефрит//
***
24 жастағы қыз нефрология бөлімшесіне бел тұсындағы ауырсынуға байланысты түсті. Анамнезінде: бір аптадан бері субфебрилитет бар, дизуриялық көріністер байқалған. Қанында: Нв-120 г/л, эр-3,5х 1012/л, лейк-10,2 х 109\л, ЭТЖ - 30 мм/сағ. Зәр анализінде: белок – 0,5 г/л, лейк -10-12 көру алаңында, эр – 1-2 көру алаңында.
Зәрдегі өзгерістердің ең мүмкін болатын себебі қандай?//
+ пиелонефрит//
***
Қыз 20жаста, клиникаға әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданып түсті. Анамнезінде: бабалық шағында жиі пневмониямен ауырған. Қанында: Нв-120 г/л, эр-3,4х 1012/л, лейк-4,2 х 109\л, тромб – 186 х 109\л, ЭТЖ - 20 мм/сағ. Зә анализінде: белок – 3,1 г/л, лейк -6-7 көру алаңында, эр – 2-3 көру алаңында, гиалинді цилиндрлер - 10 көру алаңында. УДЗ: гепатоспленомегалия,бүйрек мөлшерінің ұлғаюы.
Ең болжамды диагноз?//
Достарыңызбен бөлісу: |