+ преднизолон мөлшерінің жеткіліксіздігі//
***
34 жастағы ер адам өзін 1 айдай ауруымен санайды, сол кезде сол жақ тобық буынының ісініп ауырсынуы, қызба пайда болған. 10 күн бойы индометацин қабылдаған. 10 күннен кейін түннің екінші жартысында күшейетін оң жақ тізе буынының артралгиясы және ісінуі пайда болған. Аурудың басында уретрадан шамалы сілемейлі-іріңді шығындылар болған. Мүмкін болатын диагноз қандай?//
+ рейтер синдромы//
***
Ер адам, 35 жаста, тыныштықта жойылмайтын омыртқа бағанасының төменгі бел сегментіндегі ауырсынуға және қозғалысының шектелуіне шағымданады. Қарағанда: бел лордозы тегістелген. Рентгенологиялық екі жақты сакроилеиттің белгілері анықталады. Қандай рентгенологиялық симптом осы патологияға патогномды болып табылады?//
+ синдесмофитоз//
***
53 жастағы ер адамды еңтігу, әлсіздік, аяқ бастарының ұюы мазалайды. 8 кг-ға арықтаған. Рентгенограммада – жүрек көлеңкесінің кеңеюі және өкпенің іркілісі байқалады. Сол жақ шынтақ нервісінің мононевриті диагностикаланған. Мүмкін болатын диагноз қандай?//
+ түйінді периартериит//
***
Әйел адам, 40 жаста, 4 жыл бойы ревматоидты артритпен ауырады, қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен емдеу аясында аурудың белсенділігі өршей түскен. Бірінші топтағы базисті ем ретінде емдеу бағдарламасына қандай перпаратты қосуға болады?
+ метотрексат//
***
40 жастағы әйел адам, 15 жылдай сылақшы болып жұмыс істейді, кәсіби жұмыстарын орындау кезінде қол басы ұсақ буындарының ауырсынуына және құрысуына шағымданады.Объективті қарағанда: нормостеник, дистальды фалангаралық буындары деформацияланған және қозғалысы шектелген, дистальды және проксимальды фалангаралық буындардың сыртқы бүйір беткейінде қатты түйіндер, оң қолы I-ші алақан фаланг буындарының синовиит белгілері байқалады. Қол басының рентгенограммасында остеофиттер, буын саңылауларының тарылуы анықталады. Науқасты әрі қарай жүргізу тактикасы қандай?//
+ хондропротекторлар + СЕҚҚП + пентоксифиллин
***
Бронх демікпесі бар 56 жастағы әйел адам, ұзақ уақыт жүйелі түрде глюкокортикостероидтар қабылдаған. Оссалгия себебінен сүйектің рентгенологиялық зерттеуі жүргізілген, онда омыртқалардың екі жиектерінің иілуі (двояковогнутые), трабекулярлы сүйек кемігінің жоғалуы анықталады. Анықталған өзгерістердің себебі не?//
Достарыңызбен бөлісу: |