+ бронхоэктазды ауру//
***
28 жастағы әйел адам бірнеше күн бойы тез әлсіздікке, құрғақ жөтелге, жүрген кездегі еңтігуге, тобықбуынының ауырсынуына, дене ыстығының жоғарылауына шағымданады. Полиметалл руднигінде есепші болып жұмыс істейді. Объективті: жіліңшек, білек обылысындағы түйінді эритемалар. Рентгенологияда: лимфотүйіндердің ұлғаю есебінен өкпе түбірі кеңейген. Мүмкін болатын диагноз қандай?//
+ саркоидоз//
***
Дені сау 73 жастағы ер адамда қатты жөтелден кейін сол жақ кеудесінің қатты аурсыну ұстамасы, еңтігу пайда болған.Тексергенде: сол жақта тимпанит, тыныс алуының әлсіреуі және бронхофония. Мүмкін болатын диагноз қандай?//
+ спонтанды пневмоторакс
***
49 жастағы әйел адам түңгі уақытта пайда болатын тыныс шығарудың қиындауымен тұншығу ұстамасына; арақашықтықта естілетін сықырықты сырылдарға шағымданады. Объективті: аускультация кезінде патологиялық шуларсыз везикулярлы тыныс. Тыныс алу жиілігі минутына 19. Бронхоскопия кезінде жоғары тыныс алу жолдарының сілемей қабатының ісінуі және гиперемиясы анықталған. ФГДС-да: өңештің үштен бір бөлігінің маңайында біріккен эрозиялар, гиперемия. Бронхообструкцияның мүмкін болатын себебі қайсы?//
+ гастроэзофагеальды рефлюксті ауру
***
Ішімдікке салынған 50 жастағы ер адамда 2 апта бойы әлсіздік, оң жақ кеудесінің ауырсынуы, фебрильды қызба, сасық иісті, таңқурай түсті тұтқыр қақырықтың бөлінуімен жөтел байқалған. Рентгенограммада оң жақ өкпесінің жоғарғы бөлігінде инфильтративті көлеңке анықталған. Этиотропты емнің ең тиімді препараты қайсы?//
+ азитромицин//
***
Бронх демікпесімен сырқаттанатын 22 жастағы әйел адам қабылдау бөліміне жеткізілген. Обективті: эмоциялық қозған, дене температурасы 36,7°С, ЖЖЖ минутына 120, тынс алу жиілігі минутына 24.Аускультация кезінде: тынысы тез әлсіреген, бірлі құрғақ сырылдар. Анамнезіне: тәулік бойы нәтижесізберотекпен 10 ингаляция алған. Жедел жәрдем дәрігері көктамырға 10 мл 2,4% эуфилин ерітіндісін енгізген. Шұғыл көмектің алғашқы қадамы қандай?//
Достарыңызбен бөлісу: |