+ішектің тітіркену синдромы
***
Әйел, 22 жаста, тәулігіне 20 рет қан, шырыш аралас, жағымсыз иісті диареяға, тамақтанудан кейін, дефекация алдында үдейтін, нәжістен кейін басылатын іште толғақ тәрізді ауырсынуға, салмақ жоғалтуға, сирақ-табандық, тізе буындарында артралгияға, дене температурасының жоғарылауына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Зерттеу барысында тоқ ішектің тотальды зақымдануы анықталды. Эндоскопияда тоқ ішек крипталарының микроабсцесі, айқын іріңді экссудация, спонтанды қан кету. Базисті терапия ретінде қандай топ препараттарын қолданған мүмкіндігінше тиімді? //
+ 5-аминосалицил қышқылының препараттары//
***
Ер адам, 28 жаста, бронхоэктаз ауруы өршуінің терапиясы жүргізілген. 2 аптадан кейін тұрақсыз, интенсивтілігі орташа тұрақты сипаты жоқ іштің ауырсынуы, метеоризм, тәулігіне 4-6 рет, құрамында қорытылмаған тамақ қалдықтары бар сұйық нәжіс пайда болды. Қандай топ препараттары осы жағдайдың дамуына себеп болды?//
+ антибиотиктер//
***
Ер адам, 75 жаста, эпигастрийде ауырлық, толу сезіміне, сыздап ауырсыну, ауызда жағымсыз дәм, лоқсу, тәбеттің төмендеуі, ауамен кекіру, тұрақсыз нәжіске шағымданады. Ішті пальпациялаудаалдыңғы құрсақ қабырғасының жайылмалы кернеулігі және эпигастрий аймағында ауырсыну. ФГДС: асқазанның денесі мен антрумында бозару, жазықталуы, тамырлардың көрінуі, гипотония, гипокинезия, өттің рефлюксі. Жоғарыда айтылған көрініс қандай патологияға тән?//
+созылмалы атрофиялық гастрит//
***
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар (ФКІ СЖЖ) науқасқа ангиотензин айналдырушы ферменттің ингибиторын (ААФИ) тағайындау шешілді. ААФ ингибитоларын тағайындауға қандай қарсы көрсеткіштер бар?//
+айқын қолқалық стеноз//
***
Жүрек ұшындағы функционалды диастолалық Кумбс шуынының себебі неде?//
+ дилатациялық кардиомиопатия//
***
Университет студенті, 21 жаста. Дәрігерге жылына 2-3 рет жүрек қағу ұстамасының болуына шағымданып қаралды. Ұстама кенеттен басталады, бірнеше минутқа созылады, әлсіздік қосарланады жєне өздігінен басылады. Науқасты клиникалық қарағанда патологиялық өзгерістер анықталған жоқ. ЭКГ: ырғағы синусты, дұрыс, PQ интервалы 0.09 сек, QRS кешені 0.11 сек, дельта толқыны V1 тіркемесінде R тісшесінің өрлеген бөлігінде. Науқаста қандай патология болуы мүмкін?//
Достарыңызбен бөлісу: |