+ жедел респираторлы вирусты инфекция



бет97/318
Дата30.05.2022
өлшемі2,85 Mb.
#145537
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   318
Байланысты:
UDAChI

+эластазды сынама//
***
Әйел адам, 35 жаста, тәулігіне 3 ретке дейін сулы көпіршікті көп мөлшерде болатын нәжіске, іштің жоғарғы бөлігінде ауырсынуға, дене салмағының төмендеуіне шағымданады. Бірнеше күн бұрын Тунистен келген, ол жерде теңіз өнімдеріне жасалған экзотикалық тағамдар қабылдаған. Нәжіс бактериологиялық себіндісінде энтеротоксигенді Escherichia coli анықталды. Патологиялық өзгерістердің мүмкін болатын себептері қандай?//
+ «Саяхатшылар диареясы»//
***
Әйел адам, 52 жаста, майлы, ащы тағамдарды қабылдағаннан кейін сол жақ қабырға астында ауырсыну, лоқсу, құсуға шағымданады. Объективті: тері жамылғысы физиологиялық реңді, пальпацияда оң жақ қабырға астында ауырсынудың күшеюі, Мерфи симптомы оң. Зертханалық көрсеткіштерінде қабыну өзгерістері жоқ. Бауыр сынамалары өзгеріссіз. УДЗ: өт жолдары кеңеймеген, өтімді, өт қабы қуысында диаметрі 5-7 мм, көлемнің 1/3 бөлігін толтыратын конкременттер анықталды. Шолу рентгенограммасында конкременттер көлеңкесі анықталмады. Консервативті терапия барысында қандай препарат нәтижелі? //
+ урсофальк//
***
Ер адам, 43 жаста, есірткі қолданады, жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, дене салмағының иөмендеуіне, лоқсуға, ауызда ащы дәмнің болуына, оң жақ қабырға астында ауырлық сезіміне, кезеңді түрде дене температурасының субфебрильді сандарға дейін жоғарылауына, терінің қышуына, қызыл иектің қанағыштығына, зәрдің қара түсті болуына, нәжістің ағаруына шағымданады. Объективті: гепатомегалия, сарғаю, жоғарғы қабақта ксантомалар. Мүмкін болатын диагноз қандай?//
+созылмалы вирусты гепатит//
***
γ-глютамилтранспептидаза, 5-нуклеотидаза, сілтілі фосфотаза белсенділігінің артуы, гиперхолестеринемия, тура фракция есебінен гипербилирубинемия қандай синдромның биохимиялық көрсеткіштері болады? //
+ холестаз синдромы//
***
Әйел адам, 25 жаста, тәулігіне 5 ретке дейін жиі ботқа тәрізді нәжіс, дефекациядан кейін басылатын әш кебуі мен іште ауырсынуға, ішкі дірілдеу мен толық емес тыныс алу сезіміне шағымданады. Ректороманоскопияда, колоноскопияда, нәжістің бактериологиялық зерттелуінде патологиялық өзгерістер жоқ. Мүмкін болатын диагноз қандай?//


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   318




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет