+ жоғарғы мезентериалды артериялар тромбозы//
***
Ер адам, 50 лет, темекіні көп шегеді, тұншығу ұстамасына, төс сүйегінің төменгі үштен бірінде күйдіріп ауырсыну, қышқылмен кекіруге шағымданады. Теофиллин тобының препараттарын қолданғанда жағдайы нашарлайды. ЭКГ: ишемиялық өзгерістер тіркелмеді. Пикфлоуметрияда тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығы шамалы төмендеген. Мүмкін болатын диагноз қандай?//
+ гастроэзофагеалды рефлюксті ауру//
***
Ер адам,30жаста, эпигастрий аймағында кезеңді түрде аш қарынға ауырсыну, қыжылдау, лоқсу, қышқылмен кекіруге шағымданады. Объективті:пилородуоденалды аймақта шектелген ауырсыну. ФГДС: антральды аймақта шырышты қабаттың гиперемиясы мен ісінуі, қатпарлардың гиперплазиясы, антралды спазм. Қандай зерттеу әдісі патологиялық үдерістің этиологиясын анықтауға мүмкіндік береді?//
+ уреазды сынама//
***
Ер адам, 55 жаста «Ұлтабар буылтығының ойық жара ауруы, НР ассоцирленген, рецидивті ағымды» диагнозымен. Құрамында протонды помпа ингибиторы (ППИ), кларитромицин және амоксициллин енген қосарланған терапия нәтижесінде толық ремиссия мен НР эрадикациясы болды. Науқасты әрі қарай жүргізу тактикасы қандай?//
+ПИИ демеу терапиясы
***
Әйел адам, 20 жаста, тамақтанудан кейін бірден эпигастрий аймағында кебу сезімі, жүрек қағуы, жүректің шалыс соғуы (перебои), ауа жетпеу сезімдеріне, ентігуге, жиі кекіруге шағымданады.Объективті: сол жақ қабырға астын перкуссиялауда IV қабырға аралыққа дейін тимпаниялық дыбыс. Рентгенологиялық зерттеуде диафрагманың жоғары тұруы анықталды, асқазанның үлкен газдық қабы (большой газовый пузырь) көрінді. Жоғарыда аталған симптоматиканың ұзақ болуы қандай патологияның дамуына әкелуі мүмкін?//
+диафрагманың өңештік саңылауы жарығының//
***
Ер адам, 50 жаста, ішімдікті көп қабылдайды. Тамақтанғаннан кейін үдейтін іштің жоғарғы бөлігінде аурысыну, лоқсу, іштің кебуі, диарея, салмақ жоғалтуға шағымданады. Қандай диагностикалық әдіс зақымдалған мүшенің сыртқы секреторлы қызметінің жағдайын бағалауға мүмкіндік береді?//
Достарыңызбен бөлісу: |