+өңештің баллонды тампонадасы//
***
Әйел 25 жаста, күніне 5 рет болатын ботқа тәрізді нәжіске, іштің кебуіне, дефекациядан кейін басылатын іштің ауырсынуына, іште діріл сезімі, толық тыныс ала алмау сезіміне шағымданады. Ректороманоскопияда, колоноскопияда, нәжістің бактериологиялық зерттелуінде патологиялық өзгерістер анықталмады. Нәтижелі жүргізу тактикасы қандай?//
+психотропты терапия + лоперамид//
***
Әйел, 22 жаста, тәулігіне 20 рет қан, шырыш аралас, жағымсыз иісті диареяға, тамақтанудан кейін, дефекация алдында үдейтін, нәжістен кейін басылатын іште толғақ тәрізді ауырсынуға, салмақ жоғалтуға, сирақ-табандық, тізе буындарында артралгияға, дене температурасының жоғарылауына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Зерттеу барысында тоқ ішектің тотальды зақымдануы анықталды. Эндоскопияда тоқ ішек крипталарының микроабсцесі, айқын іріңді экссудация, спонтанды қан кету. Мүмкін болатын диагноз қандай?//
+ бейспецификалық жаралы колит
***
Ер адам, 28 жаста, бронхоэктаз ауруы өршуінің терапиясы жүргізілген. 2 аптадан кейін тұрақсыз, интенсивтілігі орташа тұрақты сипаты жоқ іштің ауырсынуы, метеоризм, тәулігіне 4-6 рет, құрамында қорытылмаған тамақ қалдықтары бар сұйық нәжіс пайда болды. Қандай диагностика әдісі осы симптомдардың себебін анықтауға мүмкіндік береді?//
+ нәжісті микробиологиялық зерттеу//
***
Пиелонефриттің өршуі салдарынан стационарлық ем қабылдап жатқан 78 жастағы әйел адамэпицентрі кіндік маңы аймағындағы іштің барлық бөлігінде айқын ауырсынудың, құсудың пайда болуына байланысты кезекші дәрігерді шақырды. Қарағанда: суық жабысқақ тер, дене t 380С, АҚ 80/60 мм.с.б., ЖЖЖ 100 рет мин., іштің кебуі, құрсақ қабырғасында ауырсыну, аускультацияда ішек перистальтикасы шуының болмауы. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз, ЭКГ: Гис шоғырының оң жақ аяқшасының блокадасы, құрсақ қуысының шолу рентгенограммасында ішек ілмектері пневматизациясының жоғарылауы. Клиникалық жағдайдың мүмкін болатын себебі қандай?//
Достарыңызбен бөлісу: |