+біріншілік өкпелік гипертензия
***
Қыз 19 жаста. Бұрын кезеңді түрде басының ауыратынын байқаған. Сирек ЖРВИ болған. Қарағанда: гипостениялық дене қалпы, ісіктер жоқ. Жүрек тондары жеткілікті дыбысты, ырғағы дұрыс, ЖСЖ минутына 80 рет, АҚ 170/120 мм с. б. Басқа мүшелері жағынан патологиялық өзгерістер анықталған жоқ. Жалпы қан және зәр анализдері, биохимиялық көрсеткіштері қалыпты деңгейде. ЭКГ-да, ЭХОКС-те сол қарыншаның гипертрофиясы белгілері. Изотопты ренографияда оң бүйректің васкулярлы сегменті өзгерген. Гипотензиялы препараттармен үш кешенді терапия нәтижесіз. Артериялық гипертензияның ең мүмкін болатын себебі қандай?//
+бүйрек артерияларының фибромускулярлы дисплазиясы//
***
Әйел 62 жаста. Дәрігергебасының ауыруына, бас айналуға шағымданып келді. Анамнезінде – стенокардия ұстамалары, кезеңді түрде нитраттар, аспирин қабылдайды. 8 жылдан бері бронхылы демікпемен ауырады, тұншығу ұстамаларын симпатомиметиктер ингаляциясымен басады. Қарағанды: тері жамылғысы бозғылт, мойын тамырларының пульсациясы. Сол жақ жүрек шекарасы ұлғайған, жүрек резистентті, солға және төменге ығысқан. Аускультацияда: ІІ қабырға аралықта оң жақта жұмсақ протодиастолалық шу, ЖСЖ минутына 82, АҚ 185/60 мм с. б. Артериялық гипертензияның мүмкін болатын себебі қандай?//
+атеросклерозды генезді қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі//
***
Сол қарыншаның жедел миокард инфарктысымен 62 жастағы ер адамда кенеттен жүрек қағу сезімі, суық тер пайда болды. Артериялық қысым анықталмайды. Шұғыл ЭКГ түсірілді:
Науқасқа қандай шұғыл көмек шараларын көрсету керек?//
+электрлік кардиоверсия
***
Ер адам 45 жаста. 10 жыл бойы алкоголді шамадан тыс көп қолданады. Дәрігерлерге қаралмаған. Кенеттен жағдайы нашарлаған. Тыныштықтағы ентігу пайда болған, «жедел жәрдем» машинасын шақырған. Дәрігер басталып келе жатқан өкпе ісінуін анықтады. ЭКГ түсірілді:
Жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздіктің дамуына әкелген себеп қайсысы?//
Достарыңызбен бөлісу: |