+пароксизмалды жүрекшелер дірілі// ***
18 жастағы жас жігіт. Колледжде медициналық қарау кезінде тыныс алғанда өзгермейтін төс сүйектің сол жағында ІІІ қабырға аралықта систолалық шу, өкпе артериясының үстінде ІІ тонның қосарлануы анықталды. Шағымы жоқ. Анамнезінде тек суық тию болған. Диагнозды қоюда қандай зерттеу әдісі ақпаратты болар еді?//
+ ЭХО КС// ***
Жүкті әйел әйелдер кеңесінде дәрігерге терапевтке жүрек тұсында шалыс соғу (перебои) сезіміне шағымданды. Бұрын ештеңемен ауырмаған. ЭКГ түсірілді:
Науқасты жүргізу тактикасы қандай?//
+холтерлік мониторлай жєне ЭХО КС жасауды ұсыну// ***
Ер адам 60 жаста. Қабылдау бөліміне бір сағаттан артықтөс артында интенсивті басып ауырсынуға шағымданып келді. Анальгин, валидол таблеткаларын қолданғанмен нәтиже жоқ. ЭКГ түсірілді:
Дәрігердіңтактикасы қандай?//
+ наркотикалықанальгетиктер, тромболитиктер, шұғыл коронарография// ***
48 жастағы әйел вирусты миокардит диагнозымен клиникалық ауруханада ем алып жатыр. Кенеттен жүрек қағу сезімі, әлсіздік, суық тер пайда болды. Қарағанда: жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс. ЖСЖ минутына 160. АҚ 75/40 мм с. б. ЭКГ: P тісшесі жоқ, QRS кешені кеңейген, RR арақашықтығы бірдей. Шұғыл көмектің дұрыс тактикасы қандай?//
+электрлік кардиоверсия жүргізу ***
Әйел 54 жаста. Пневмониямен ауырғаннан кейін «үру» тәрізді жөтел сазалап, жұтынудың қиындауы пайда болды, ентігу үдеді. Қарағанда: жүрек шекаралары ұлғайған, жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс. ЖСЖ минутына 80, АҚ 130/65 мм с. б. ЭКГ: кешендер вольтажы төмендеген, кеуде қуысының мүшелерін рентгенологиялық зерттеуде: кардиомегалия, жүрек белі тегістелген, жүрек көлеңкесінің контурының пульсациясы әлсіреген. Кенет науқастың жағдайы нашарлады. Әлсіздік, тахикардия, суық тер, цианоз пайда болды, АҚ 60/40 мм с. б. Емдеу тактикасы қандай?//
+ перикард пункциясы ***
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ) кезінде қандай науқастарға жүректік ресинхрониздаушы терапия көрсетілген?//