+ жедел респираторлы вирусты инфекция


+ жасанды дем алдыру аппаратына қосу//



бет316/318
Дата30.05.2022
өлшемі2,85 Mb.
#145537
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   318
Байланысты:
UDAChI

+ жасанды дем алдыру аппаратына қосу//
***
55 жастағы ер адам келесі шағымдармен келді: іштің кебуі, тәуілік диурездің азаюы. 18 жыл бұрын вирусты гепатитпен ауырған.
Қарағанда: іші кепкен, аяқтары ісінкі, іш аймағындағы тері қабатында венозды сызықтың керілуі байқалады. Көз склерасы аздап сарғайған.
Зерттеу жоспарында қателік табыңыз://
+ зонд арқылы өтті тексеруге алу
***
16 жасар науқас ауырғаннан 7 сағаттан соң өте ауыр жағдайда келіп түсті. Ауру кенеттен басталған, қалтырау, бастың ауруы, құсу, дене қызуы 39 0С-дейін көтерілуі байқалған. 4 сағаттан соң тері қабатында көп мөлшерде геморрагиялық бөртпе пайда болған. Түскен кезде дене қызуы 36,50С, ентігу, цианоз, қозу, бұлшық еттердің құрысуы байқалды. Пульсі жіп тәрізді. АҚҚ 60/40мм.с.б. Аурудың формасын ескере отырып қай антибиотик тағайындау қажет?//
+ левомицетин сукцинат натриі//
***
50 жастағы ер адам 20 жыл бойы созылмалы алкоголизм ауруымен ауырады. Мас күйінде қатты суықтағаннан кейін интоксикация симптомы және жөтелге, кеуде тұсының ауырсынуына шағымданып, стационарға жатқызылды. Осы көрсеткіштің өзгерісін тудырған қоздырғыш айқын болуы мүмкін://
+ клебсиелла//
***
«Тыныс тұншықпасы» диагнозымен ауыратын, темекі шекпейтін 41 жастағы науқас, жиі ентігуге, түнгі уақытта болатын ұстамаға шағымданады. Сыртқы тыныс алу параметрі ФТШК (ПСВ<60%). Тыныс тұншықпасының ауырлық дәрежесін анықтаңыз://
+ ауыр дәрежелі персистирленген//
***
43 жастағы ер адам іс сапардың барысында қонақ үйдің кондицонері және жуынатын бөлмесі бар бөлмеде тұрған. Сапардан келген күннен кейін ертеңгі күні фебрильді қызба, айқын интоксикация, жөтел, диарея лейкоцитоз лимфоцитопениямен бірге пайда болған. Осы көрсеткіштердің өзгерістерін тудырған нақты қоздырғыш болуы мүмкін://
+ легионелла
***
Науқас ер кісі 32 жаста. 2-3 рет демікпе ұстамасы болатынына шағымданады. Аптасына 2-3 рет түнгі уақытта тұншығудан оянады. Спирографияда: ФТШК (ОФВ1)=70%; ФТШК (ОФВ50)=60%; ФТШК (ОФВ75)=55%; сальбутамол сынамасынан кейін өз қалпына келді. Ең тиімді болып табылады://
+ будесонит//
***
Үдемелі ентікпе, өкпенің екіжақты өзгерісі, сыртқы тыныс алудың рестриктивті типіндегі бұзылысы, ретгенограммада өкпенің диссеминирленген торлы өзгерістері, компьютерлі томографияда «күңгірт шыны» типі бойынша өзгерістер тән патология://
+ идиопатиялық альвеолит//
***
65 жастағы науқас жарты жыл бұрын жедел миокард инфарктын басынан өткерген, баяу түрде ентікпе көбеюде, қалтырау, кеуде қуысында ауырсыну жоқ, бірақ плевралды сұйықтық анықталды. Қан анализінде – эозинофилия. Науқаска тағайындалатын тиімді препарат://
+ преднизолон//
***
56 жасар науқас шырышты, іріңді қақырықты жөтелге, қатты ентігуге, дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Объективті қарағанда: терісі бозғылт, мұрын айналасындағы үш бұрышта цианоз пайда болған, саусақтары ұстағанда мұздай. Тырнақтары «шыны сағат» тәріздес өзгерген. Демалу кезінде кеуде қуысының қозғалуы шектелген, аяқтары аздап ісінген. Аускультативті: тыныс шығаруы ұзарған, құрғақ жайылмалы сырылдар. Пенициллинге аллергиясы бар. Дәрі комбинациясының тиімді түрін таңдаңыз://
+ левофлоксацин, беродуал, амброксол//
***
15 жасар ер балада құлпынай жегенннен кейін терінің қышынуы және бөртпелер пайда болған. Объективті: мойнында, қолы мен аяқтарында сулы бөртпелер (волдырь) және қасыған орындары байқалады. Болжам диагноз://
+ аллергиялық есекжем//
***
Тыныс тұнш1ықпасымен ауыратын науқас 7 сағатқа созылған симпатомиметиктермен басылмайтын тұншығу ұстамасына шағымданады. Қарағанда: алыстан естілетін сырылдар мен шулы тыныс, айқын ентігу, тахикардия, ортопноэ анықталды. Өкпені тындағанда төмеңгі бөліктерінде «үнсіз өкпе». Болжам диагноз://
+ астматикалық статус//

***
39 жасар ер адамға баралгин енгізгеннен соң 10 минуттан кейін денесінің қышуы, қызаруы, жүректің айнуы, кеудесін қысу сезімі байқалды. Тексергенде: тері қабаты бозғылт, жабысқақ тер байқалады. Жіп тәрізді жиі пульс байқалады, жүрек тондары тұйықталған. Қысқа уақытты есінен тану байқалды. АҚ 60/30 мм сын.бағ. Жедел көмек ретінде қолданатын дәрмек://


+ адреналин
***
Қыз бала 19 жаста, апельсин жеген соң 15 минуттан кейін қабақтарының, еріннің ісінуі, дауыстың қарлығуына шағымданады. Қарап тексергенде: қабақтың, еріннің ісінуі, пальпация кезінде – сипағанда ыстық сезім. Жедел көмек ретінде қолданады://
+ преднизолон
***
Университет студенті, 21 жаста. Дәрігерге жылына 2-3 рет жүрек қағу ұстамасының болуына шағымданып қаралды. ұстама кенеттен басталады, бірнеше минутқа созылады, әлсіздік қосарланады және өздігінен басылады. Науқасты клиникалық қарағанда патологиялық өзгерістер анықталған жоқ. ЭКГ: ырғағы синусты, дұрыс, PQ интервалы 0,09 сек, QRS кешені 0,11 сек, дельта толқыны V1 тіркемесінде R тісшесінің өрлеген бөлігінде. Науқаста қандай патология болуы мүмкін?//
+ Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы//

***
38 жастағы ер кісі жүрекалды аймақта орналасқан, физикалық күштемеде дамып, өздігінен басылатын, ешқайда тарамайтын, ұзақтығы 4-5 мин, сығып ауырсынуға шағымданады. Өзін бір ай шамасында науқас санайды, дәрігерге қаралмаған. Әкесі 50 жасында қайтыс болған. Об-ті: жүрек шектері өзгермеген, ырғақты. ЖЖЖ-78 мин. АҚ 115/ 70 мм сын. бағ. ЭКГ: III,AVF, V4-V6 тіркемелерінде Q тісшесі. ЭхоКГ: жүрек қуыстары өзгермеген, қарыншааралық перденің қалыңдығы 2 см, сол қарыншаның артқы қабырғасы – 1,4 см; айдау фракциясы 72%. Кардиалгияның себебі://


+ гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия//
***
55 жастағы төс артындағы сол қолы мен жауырынына тарайтын ауырсынуға шағымданады. Тексергенде жүрек тондары тұйықталған, шамалы тахикардия. АҚ 110/70 мм сын. бағ. ЭКГ: STV2-V4 элевациясы. Ең информативті тәсіл://
+ коронарография//
***
15 жастағы науқасты тексергенде жүрек ұшы соққысының және жүрек шектерінің солға ығысуы, жүрек мықынының тегістелуі анықталды. Тыңдағанда жүрек ұшында І тон әлсіреген, сол жерде систолалық шу, өкпе артериясының үстінде ІІ тонның акценті. Рентгендік зерттеуде жүректің сол шектерінің ұлғаюы. Сіздің тұжырымыңыз://
+ қос жармалы қақпақтардың шамасыздығы//
***
52 жастағы ер кісі таң ата дамитын, сол иығына тарайтын ангинозды ұстамаларға шағымданады. Ұстамалар арасында жағдайы қанағаттанарлық, физикалық күштемені жақсы көтереді. ЭКГ (ұстама кезінде) : I, II, III тіркемелерінде ST сегменті көтерілген, нитроглицериннен кейін қалпына түсті. Бұл жағдайда келесі топ дәрмектері тағайындалады://
+ кальций антагонистері//
***
Жүректің созылмалы шамасыздығы ФК ІІІ (ЖШ 2Б) жыбыр аритмиясымен біріккен кездегі ІІІ деңгейлі емдік жоспарды таңдаңыз://
+ ААФ ингибиторлары + гликозидтер + ілмектік диуретиктер + спиронолактон//
***
67 жастағы ер кісі, ауыр ентігу ұстамаларына, кейде түнгі тұншығуларға, жатқан кездегі құрғақ жөтелге шағымданады. Анамнезінде миокардтың бірнеше инфарктері. Об-ті: өкпе артериясының үстінде ІІ тонның акценті, үнсіз ылғалды сырылдар, гепатомегалия, аяқтарында айқын ісіну, асцит. ЭКГ: сол қарыншаның алдыңғы-бүйір қабырғасының тыртығы. ЭхоКГ: айдау фракциясы 36%. Алдыңғы қабырғасы, қарынша аралық пердеде гипокинезия ошағы. Бірінше кезекте тағайындалатын дәрмек://
+ лазикс//

Жүректің ревматизмдің ауруы, стенозы басым қосарланған митральді ақау, ЖШ ФКII (NYHA) диагнозымен ем қабылдап жатқан науқаста кенеттен тұншығу, аз мөлшердегі шырышты қақырықты жөтел, психомоторлы қозу дамыды. Обьективті: ортопноэ, ТАЖ 33 мин., өкпенің төменгі бөліктерінде – ылғалды майда көпіршікті ылғалды сырылдар, ЖСЖ 120 рет мин., АҚ 110/70 мм сын.бағ. Дамыған асқыну://


+ өкпе шемені//
***
40 жастағы науқас, ауызының, көзінің құрғауына, көздеріндегі «құм» сезіміне, құрғақ жөтелге, аяқтарында майда нүктелі бөртпелердің пайда болуына, құлақ маңы және жақ асты сілекей бездерінің ісініп ауырсынуына шағымданады. Тексеру барысында лимфоаденопатия және гепатомегалия анықталды. ҚБА: жалпы белок - 85г/л, гипергаммаглобулинемия, СРБ+++, РФ 1:120. қанның иммундық тексеруінде (ИИК) криоглобулинемия. Сиалография: көлемі 1,5 мм сиалоэктазалар. Қолдануға тиімді дәрмек://
+ ритуксимаб//
***
24 жасар науқаста сол тізе, тобық буындарының ауыруы, ісінуі, қозғалысының шектелуі; дене қызуының 38С дейін көтерілуі, кіші дәретінің ауырсынумен бөлінуі байқалады. Обьективті: сол тізе, тобық буындары ісіңкі, сипағанда ыстық, ауырсынады; оң өкше сүйегі мен сіңірі де ауырсынады. Қан анализінде : Нв-130 г/л, эр-3,8 млн., лейк-10 мың., ЭТЖ-46 мм/сағ, СРБ (+++) . РФ латекс тестпен 1:10. Қанның ИФА тәсілімен C. Trachomatis-ке антидене анықталды. Осы жағдайда емдеуге қажет дәрмек://
+ макролид тобының антибиотигі//
***
Он екі елі ішек ойық жарасының негізгі этиологиялық факторы://
+ Н. pylori//
***
38 жасар науқас арқаға берілетін эпигастрий аймағындағы кезеңдік ауру сезіміне, үлкен дәретінің бұзылуына, әлсіздікке, арықтауына шағымданады. Ауру сезімінің пайда болуын емдәмнің сақталмауымен байланыстырады. Анамнезі: созылмалы дуоденитпен және опистархозбен ауырған. Жалпы қан және биохимиялық анализдер өзгеріссіз. Науқастың копрограммасында табылатын барынша мүмкін өзгеріс://
+ стеаторея//
***
Науқас 65 жаста, 38 жыл хирург болып қызмет жасаған, клиникаға айқын тері қышынуына, әлсіздікке, күндізгі уақытта ұйқысының келуіне, ал түнде ұйқысының бұзылуына шағымданды. Тексергенде: тері жабыны сарғыш, теріде қасыну іздері, тамырлық жұлдызшалар бар, бауыр сол жақ қабырға астынан 2 см-ге шығып тұр, көкбауыр 14*10см. Қанда жалпы билирубин 68 ммоль/л, тура билирубин 52 ммоль/л, АЛТ -2,48 ммоль/л, АСТ-16ммоль/л, сілтілі фосфатаза 925 бірлік, ЭФГДС өңеш веналарының варикозды кеңеюі. Диагнозды дәлелдеуге мүмкіндік беретін тексеру әдісі://
+ прицельді биопсиямен лапороскопия//
***
Ер кісі 32 жаста, эпигастрий аймағында үдемелі, айқын ұстамалы ауырсынға, қыжылдауға, тамақ ішкеннен кейін толықсынуы және кернеуі сезіміне шағым айтады. Қан және зәр анализінде өзгерістер жоқ. ЭФГДС-те пиязшық артында көлемі 1,2 см құрайтын, беті фибрин талшықтармен жабылған кемістік бар. Барынша ықтимал диагнозы://
+ пиязшық артындағы жара
***
22 жастағы әйел адам тамақтанудан кейін бірден эпигастрий аймағында кебу сезімі, жүрек қағуы, жүректің шалыс соғуы, ауа жетпеу сезімдеріне, ентігуге, жиі кекіруге шағымданады. Объективті: сол жақ қабырға астын перкуссиялауда IV қабырға аралыққа дейін тимпан дыбысы. Рентгенологиялық зерттеуде диафрагманың жоғары тұруы анықталды, асқазанның үлкен газдық қабы көрінді. Симптоматиканың ұзақ болуы мына патологияға әкеледі://
+ диафрагманың өңештік саңылауының жарығына//
***
Әйел, 22 жаста, тәулігіне 20 рет қан, шырыш аралас, жағымсыз иісті диареяға, тамақтанудан кейін, дефекация алдында үдейтін, нәжістен кейін басылатын іште толғақ тәрізді ауырсынуға, салмақ жоғалтуға, сирақ-табандық, тізе буындарында артралгияға, дене температурасының жоғарылауына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Зерттеу барысында тоқ ішектің тотальды зақымдануы анықталды. Эндоскопияда тоқ ішек крипталарының микроабсцесі, айқын іріңді экссудация, спонтанды қан кету. Базисті терапия ретінде мүмкіндігінше қолдануға тиімді препараттар тобы болып табылады://
+ 5-аминосалицил қышқылының препараттары//
***
Науқас 23 жаста, әлсіздікке, ентігуіне, жүрек соғуына шағым айтады. Объективті: тері мен шырыш қабаттары боз. Жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия естіледі. Қанда:: эритроциттер-3,0 млн., гемоглобин-92 г/л, лейкоциттер-4,2 мын., тромбоциттер-192 мын, ЭТЖ-22мм/с..Қан талдауының барынша ықтимал интерпретациясы://
+ жеңіл дәрежелі нормохромды анемия//
***
Науқас 62 жаста, жалпы әлсіздікке, бас айналуына, сол жақ қабырға астының ауырсынуына шағым айтады. Анамнезі: салқын ауа райы басталғаннан бері өзін аурумын деп санайды. Объективті: тері және көрінетін шырыш қабаттары боз, лимон-сары түстес. Орташа гепатоспленомегалия. Жалпы қан талдауы: гемоглобин-80 г/л, эритроциттер- 2,4 х1012/л, ретикулоцит-17%, тромбоциттер - 220х109/л, лейкоциттер- 9,1х109/л, эритроциттердің тұну жылдамдығы-28мм/сағ. Жалпы несеп талдауы – уробилин +++, Биохимиялық қан талдауы – жалпы билирубин 32 мкмоль/л, тікелей – 4,7 мкмоль/л, тікелей емес– 27,3 мкмоль/л. «Бірінші қатардағы» барынша тиімді препарат://
+ преднизолон//
***
29 жастағы науқас әйелде босанғаннан 2 күннен кейін кенеттен қызба, қалтырау, терлеу, денеде «көгерулер» және қанды бөліну пайда болған. Анамнезінде жағымсыз иісті жатыр суының ерте ағып кетуі. Қанда: анемия, лейкоцитоз солға ығысумен, ЭТЖ жылдамдауы, тромбоциттердің спонтанды агрегациясының жоғарылауы, оң этанолдық тест. БАРЫНША мүмкін диагноз://
+ жеделдеу ағымды ТШҚҰ (ДВС) - синдромы//
***
Қантты диабеттің компенсациясына сәйкес болатын гликозилирленген гемоглобин (НbА1c) деңгейін көрсетіңіз://
+ <7,5%//
***
М. атты 35 жастағы науқас әйел қатты күйзелістен кейін аса тершеңдік, ашушаңдық пайда болып, салмақ жоғалтқанын айтады. Объективті: бойы – 170 см, салмағы – 55 кг. Терінің айқын гипергидрозы, созған қол саусақтарының треморы. Жүрек шекаралары солға ығысқан, тондары күшейген, жүрек ұшында систолалық шу, ЖСЖ – минутына 150 рет, АҚ - 140/70 мм с.б. Қалқанша бездің 2 дәрежелі ұлғаюы. Негізгі зат алмасу 20 пайызға артқан. Ашқарынға гликемия - 6,3 ммоль/л. Қандағы холестерин - 7,0 ммоль/л. Неғұрлым деректі зерттеу тәсілі://
+ Т3, Т4, тиреотроптық гормонды зерттеу//
***
40 жастағы науқас әйелді бір жыл бойы АҚ 220/120 мм с.б. дейін тұрақты көтерілуі, басының ауыруы, аяқтардың кезеңді күрт әлсіздігі, тырысулар, полиурия, жүрек тұсында ауырсыну ұстамалары мазалауда. ААФ ингибиторлары мен гипотиазид әсер етпеген. Компьютерлік томографияда – оң жақ бүйрек үсті безінің ұлғаюы. Неғұрлым мүмкін диагноз://
+ Конн синдромы//
***
Қабылдау бөліміне қантты диабеттің 1 типімен сырқаттанған науқас жеткізілді, салғырт, дел-сал, тері жамылғысы құрғақ, тынысы шулы, ацетонның шамалы иісі бар, жүрек тондары әлсіз, тахикардия 110 рет мин. бірлі-екілі экстрасистолалар, АҚ 80/60 мм с.б., тілі құрғақ, ішін пальпациялағанда эпигастрий аймағында ауырсыну, олигоурия. Шұғыл көмекті тағайындаңыз://
%)//
+ сағатына 10-12 ЕД қысқа әсерлі инсулин мен басқа көктамырға кристаллоидтарды енгізу//
***
Қабылдау бөліміне гипертониялық кризбен (АҚ 280/130 мм с.б.) 39 жастағы науқас жеткізілді. Бір жыл аралығында АҚ ұстама тәрізді жоғарылауы байқалады, криздер қобалжу, тахикардия, діріл, бұлшықеттік тартылулармен қатар болады. Криз көп мөлшерде зәр бөлумен аяқталады. Криздердің біреуінде 9,6 ммоль/л дейін гипергликемия анықталған. Шұғыл көмек көрсетіңіз://
+ фентоламин//
***
57 жасар әйел, артық салмағы бар, 2-ші типті қантты диабетінен емделуде. Күніне 500 мг сиофор қабылдайды, диета сақтайды. (1200ккал/күніне) . Айдың соңында оң жақ қабырға астындағы ауруды сезе бастады. ЧСС- 84 мин. АҚ-150/85 мм рт.ст. Бауыры қабырға доғасынан 3-4 см шығыңқы, орташа тығыздықта. Аш қарынға гликемиясы 9,2 -9,5 ммоль/л, 2 сағ.тамақтан кейін – 12,0 -14,2 ммоль/л. Эндокринолог - дәрігердің тактикасы://
+ сиофор дозасын күніне 1000мг көбейту//
***
Науқас Н. 65 жаста, жүрек айну, құсу, айқын әлсіздік, ұйқышылдық, терінің қышуына, диурездің азаюы мазалайды. Анамнезі: созылмалы пиелонефритпен 18 жыл ауырады. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Тері жабындысы боз сарғыш реңді, құрғақ, тырнақ іздері бар. Беті ісінген. Қанда: эритроцит - 2,5х1012/л, гемоглобин - 75 г/л, лейкоцит – 8,9х109/л, ЭТЖ – 15 мм/с. БХА: креатинин - 117 мкмоль/л, мочевина - 10,5 ммоль/л, жалпы ақуыз - 65 г/л. Барынша қажет зерттеу://
+ шумақша фильтрациясының жылдамдығы//
***
Науқас А. 31 жаста, бел тұсының орташа қарқынды, тартып ауырсынуына, дене қызуы 37,60С көретілуіне, жиі кіші дәретке шығуына шағым айтып түсті. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Қабағы ісінкі. Жүрек тоны тұйықталған, ырғақты. АҚ - 130/80 мм с.б. ЖСЖ – 80 рет/мин. Қанда: эритроцит - 3,5х1012/л, гемоглобин - 130 г/л, лейкоцит – 12х109/л, ЭТЖ – 20 мм/с. Несепте: салыстырмалы тығыздығы. - 1012, ақуыз - 0,066 г/л, лейкоцит – 25-30 көру аймақта, бактериурия. Келесі зерттеу әдісін жүргізу қажет://
+ несептің бактериологиялық себіндісі//
***
Ер кісі 27 жаста, 4 жылдан бері гломерулонефритпен ауырады. Бел тұсының ауырсынуына, бас айналуына, тәбеттің және еңбекке қабілетінің төмендеуіне, ұйқының бұзылуына шағым айтады. Жағдайының нашарлауын салқын тиюімен байланыстырады. Объективті: АҚ - 180/100 мм с.б. Қанда: креатинин – 120 мкмоль/л (норма 60-130 мкмоль/л) , калий – 3,4 мкмоль/л (3,5-5 мкмоль/л) . Несепте: салыстырмалы тығыздығы - 1020, ақуыз – 4,5 г/л, эритроцит - 3-5 көру аймақта, лейкоцит - 15-17 көру аймақта. Барынша тиімді емдік бағдарлама://
+ дезагреганттар + антикоагулянттар + цитостатиктер + ААФ ингибиторы//
***
Науқас 40 жаста, бел тұсының ауырсынуына, шапқа берілуіне, несеп шығарғанда ашыуына, жүрек айнуына, құсуына шағым айтады. Қанда: лейкоцит-8,6 мың, ЭТЖ-24 мм/с. БХА: мочевина-9,2 ммоль/л, креатинин-0,120 ммоль/л. Несепте: салыстырмалы тығыздығы -1018, лейкоцит - 5-6 көру аймақта, эритроцит-20-25 көру аймақта, оксалаттар +++, фосфаттар ++. Барынша тиімді емі://
+ спазмолитиктер//
***
74 жастағы науқас төс артының тыныспен байланыссыз, ұстамалы күшейген қысып ауырсынуына шағымданды. Нитроглицеринді қабылдау нәтиже бермеді. Ең қажетті тексеру://
+ ЭКГ, тропонин Т//
***
Еркек 40 жаста, эпигастрий аймағының ұзақ уақыт ауырсынуна, ауырсынудың арқаға берілуі және оң жақ қабырға астының қатты ауырсынуына шағымданады. УДЗ-де: асқазан асты безі өзгерген және созылмалы холецистит көріністері. Берілген патологияда төмендегі лабораториялық көрсеткіштер ақпаратты болады://
+ қанда және зәрде амилаза деңгейі//

***
Жігіт 18 жаста, анамнезінде бір аптадан бері ауырады. Ангинадан кейін бет аймағында, денесінде ісінулер пайда болған. Объективті: АҚ - 140/90 мм. с.б. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы - 1020, белок - 8,4 г/л, лейкоциттер - 4-6 көру алаңында, эритроциттер -5-6 көру алаңында. Сіздің диагнозыныз://


+ жедел гломерулонефрит//
***
26 жастағы науқас дене қызуының 5 күн бойы көтерілуіне шағымданды. Жедел ауырған. Ауру дене қызуының жоғарылауы, қатты тершеңдіктен басталған. Өз бетімен цефазолин 1,0х3 рет б/е қабылдаған, әсері болмаған. Қарағанда мойынының сол жақ лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бадамша бездерінің ұлғаюы мен қызаруы байқалды. Қан талдауында: Hb 90 г/л, Эр. 3,3х1012/л, ТК 0,9; Лейк. 13,0х109/л (эозинофильдер 6%, базофильдер 2%, таяқша/ядролылар 14%; с/я 67%, лимфоциттер 1%, моноциттер – 10%) , ЭТЖ 60 мм/сағ. Стернальді пункцияда Березовский-Рид-Штернберг клеткалары анықталды. Сіздің диагнозыныз://
+ лимфогранулематоз
***
34 жастағы әйел балтыр табан буындарының ауырсынуын, ісінуін, балтырда майда нүктелi бөртпелердің пайда болуын байқаған. Қанда: тромбоциттер - 180х109/л, қан кету уақыты – 4 мин, қан ұйындысының ретракциясы өзгермеген, протромбин индексi - 90%, АЧТВ – 45с, фибриноген - 5 г/л. Зәрде: белок - 0, 05г/л, эритроциттер – 50 к/а. Сіздің диагнозыныз://
+ геморрагиялық васкулит//
***
Науқас 20 жаста, 5тәуліктен бері ауырады, дене қызуының бірінші күнінен бастап көтерілуіне, әлсіздікке, шаршағыштыққа, тамағының жыбырлауына, жөтелуге шағымданады. Өз бетінше аспирин, азитромицин қабылдаған. Ауруының 4-ші күні эпигастрии аймағында ауырсыну, жүрек айну, тәбетінің кенеттен төмендеуі, зәрінің қараюы пайда болды. Объективті: науқас әлсіз, бозғылт, ақ қабық және ауыз қуысының шырышты қабығы сарғайған. Бауыр қабырға доғасынан 1см төмен пальпацияланады. Пульс 1 мин 64 рет, АҚ- 100/60. Қанның б/х анализінде: АЛАТ 1740 нмоль с/л, жалпы билирубин -60,2 мкмоль/л, тура билирубин -42,4 мкмоль/л. Диагноз қоюда келесі қадам болып табылады://
+ вирусты гепаттитке маркерлер//

***
47 жастағы әйел қабылдау бөліміне жалпы әлсіздікке, бас айналуға, жүрек қағуға шағымданып түсті. Соңғы 1 жылда менструациясы 10 күннен, көп мөлшерде келеді. Объективті: тері жамылғысы және сілемейлі қабығы қабаты бозғылт, тырнақтары жолақтанған және сынғыш, шаштары көп түседі, тахикардия минутына 100 рет, АҚ 110/60 мм.с.б. Қанда: гемоглобин - 62 г/л, эритроциттер - 2,6 х 1012/л, түстік көрсеткіш - 0,7, ЭТЖ - 36 мм/сағат, лейкоциттер - 5,8х109/л, тромбоциттер - 420 х 109/л. Гинеколог: жатыр миомасы, 12 апта. Хирургиялық жолмен емдеу ұсынылды. Аталғандардың қайсысы науқасты жүргізу тактикасының ең тиімдісі болып табылады://


+ темір препараттарын парентералды енгізу//
***
Ер адам 68 жаста, қабылдау бөліміне айқын жалпы әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуға, аяқтарында «мақта тәрізді» сезімнің болуына шағымданып түсті. 6 жыл бұрын ойық жара ауруына байланысты асқазанның резекциясы жасалған. Объективті: тері жамылғысы және шырышты қабаттары бозарған, сарғыш реңкілі. Қанда: гемоглобин - 46 г/л, эритроциттер – 1,3 х 109/л, лейкоциттер - 2,3х109/л, түстік көрсеткіші – 1,1, ЭТЖ - 41 мм/сағат, базофилдер– 1%, эозинофилдер – 4%, таяқша ядролы нейтрофилдер – 6%, сегмент ядролы нейтрофилдер – 65%, лимфоциттер – 16%, моноциттер – 8%, тромбоциттер – 110 х 109/л. Миелограммада: мегалобласты тип бойынша қан өндірілу. Аталған емдеу тактикасының ішінде төмендегіні қолданған жөн://
+ В12 витаминінің препараттары//
***
53 жастағы науқас әйел жүрек тұсындағы шаншып ауырсынуға, аяқ бармақтарының шаншуы, тері қышуы, үдемелі әлсіздік. Объективті: плеторалық синдром. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ минутына 74 рет, АҚ-180/110 мм с. б. Бауыры – қабырға доғасынан шықпаған, ауырсынбайды, консистенциясы жұмсақ-эластикалық; көк бауыры 8 х 6 см. Қанда: эр-5,0 млн., Нв-165 г/л, ТК-0,9, лейк-9,3 мың, таяқша-7%, сегм-60%, эоз-4%, лимф-25%, мон-4%, тромб-400 мың, ЭТЖ-1 мм/сағ. Неғұрлым тиімді тактика://
+ қан ағызу + дезагреганттар
***
30 жастағы науқас әйел әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуына, соңғы жарты жылда меноррагияларға шағымданады. Объективті: терісі мен шырышты қабаттары бозғылт, тырнақтардың көлденең жолақтығы, койлонихиялар. Жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. Қанда: эр-3,0 млн., Нв-92 г/л, ТК-0,77, лейк-4,2 мың, тромб-192 мың. ЭТЖ-22 мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Миелограммада сидеробластар-12%. Неғұрлым тиімді тактика://
+ сорбифер тәулігіне 200 мг 3 ай бойы//
***
Созылмалы вирусты гепатитпен ауыратын науқастың лабораторлы зерттеулерінде келесі өзгерістер анықталған: билирубин 35 мкмоль/л, Тимол сынамасы 8 бірлік, Алт 1,2 ммоль/л, АСТ 0,9 ммоль/л, серологиялық тексерулерде Hbs Ag және HBC Ab IgG оң, НВV – ДНК, HBeAg және HBC Ab IgМ теріс. Науқасқа қандай ем жүргізілмейді://
+ интерферон//
***
С. деген 48 жастағы науқас оң қолға берілетін оң қабырға астындағы ауыру сезімі, өт қоспасымен құсыққа шағымданып түсті. Ауырғанына-18 жыл. Об-ті: тамақтануы жоғары, көзінің ақ қабығы сарғыш, оң қабырға астында ауыру сезімі, бауыры ұлғаймаған, Ортнер симптомы оң. Қанында: лейк-12 мың, ЭТЖ-33 мм/сағ. Өттің алғашқы үш порцияларында -кілегей, лейкоциттер, ал IV порциясында-лямблиялар. Ем тағайындаңыз://
+ фуразолидон//

***
Дәріге жоғары тәуелділіктің келесі жанама әсері://


+ тоқтату синдромы//
***
Тез әсер ететін дәрілік заттың жанама әсері. Кай топқа жатады://
+ канцерогенді//
***
Дәріге тәуелділікті болдырмас үшін, үнемы нитрат интервалы болу керек://
+ 8-12 сағат//
***
Нитроглицериннің әсер ету узақтығы (неше минутта)://
+ 1-2 минут//
***
Гентамицинді қандай дәрімен комбинация жасағанда улы әсері көбейеді://
+ фуросемид//
***
Терапияның кең әсерлігі бұл://
+ минималді терапиялық диапазон мен плазмадағы дәрінің улы концентрациясы//
***
Ішімдікті үнемі үлкен дозада қабылдағанда мыналарға алып келеді://
+ бауырда метаболизмнің төмендеуі//
***
Никотин мына жағдайға алып келеді://
+ бауырдағы метаболизм жоғарлауына//
***
Бас ми жүесінін қан айналым бұзылысы ишемия түрінде 12 сағат бойы реополиглюкин 400мл т/і тамшылатып тәулігіне 1 рет тағайындалған. Осы жағдайда эффективті антиоксидантты тандаңыз://
+ церебролизин//
***
Науқас Д. 53 жаста. Диагнозы: ЖИА. Тұрақты стенокардия. ФК11. Инфарктан кейінгі кардиосклероз. Жыбыр аритмиясы. Созылмалы қан айналым жетіспеушілігі. Строфантин, дигоксин, фуросемид, панангин қабылдаған. Аяқ астынан дене қызуы 38,4С көтеріліп жөтел, ентігу, өкпеде крепитация пайда болған. Рентгенограмада: өкпесінің оң жақ төменгі бөлігінде инфильтрация анықталған. Еміне гентамицин, сульфокамфокаин, супрастин қосқан. Мына тағайындалған комплекті терапиясын науқасқа қандай жаман әсер тудырады?//
+ гентамицин нефротоксикалық эффектісі фуросемид комбинациясымен қолданғанда//
***
Амиодаронның жағымды әсерін көрсетіңіз://
а) брадикардия б) артериалды гипотензия в) бронхоспазм г) тахикардия д) қалқанша безінің функциясының бұзылысы е) ауыспалы ақсақтық ж) АВ блокада//
+ а, б, д, ж//
***
15 жылдан бері қант диабетімен ауырады, инсулин алу мөлшері 70 ед/тәул., гликимияның деңгейі 7,5-8,6 ммоль/л. Соңғы кездері АД - 170/90-180/100 мм.сн. бағ. көтеріліп жүр. Емдеуші дәрігер обзиданды тәулігіне 120мг қолданғанына байланысты асқынғанын айтады. Қандай жағымсыз жағдайды күтуге болады ДЗ кезінде://
a) гипергликемиялық комаға түсу б) жүрекшілік жетіспеушілік в) гипогликемиялық комаға түсу г) ортостатикалық гипотензия д) гипертензия//
+ б, в//
***
ЖИА-жедел трансмуральды алдыңғы қалқаның миокард инфарктісі диагнозы бар науқаста жиі қарыншалық экстрасистолиялар дамыды. Тез арада енгізу керек://
+ кордарон//
***
Асистолияның дамуы пропранолмен қосып ... енгізгенде дамуы мүмкін://
+ верапамилді//
***
Науқастағы асматикалық ұстама жағдайының қауіпті белгілері болып табылады://
+ РаСО2төмендеуі//

***
Шоктан кейін полиорганді жетіспеушілік дамуының патофизиологиялық негізі://


+ капиллярлардың қайтымсыз құрсауы
***
«Электро-механикалық диссоциация» термині түсіндіріледі://
пульс жетіспеушілігі//
+ жүрек жиырылуының болмауы кезінде электрлік белсенділігінің
***
Ересек адам ағзасының қанша пайызын су құрайды?//
+ 60%//
***
Өкпенің диссеминирленген зақымдану синдромын қою үшін ең кең тараған және қол жетерлік әдіс://
+ рентгенологиясық зерттеу//
***
36 жастағы науқас ер кісі бетінің, бел тұсының, аяқтарының ауырсынуы ісінуіне шағымданады. Анамнезінде - туберкулез. Зәр анализі: сал. тығ. -1020, белок-10,4 г/л, лейк-2-3 көру аймағында. Диагнозды дәлелдеуде неғұрлым деректі тәсіл://
+ тік ішектің шырышты қабатының биопсиясы
***
32 жастағы науқас әйел кешкілікте қалтырауға, әлсіздікке, тәбетінің болмауына, шөлдеуге шағымданады. Объективті: оң жақта белден ұрғылау симптомы оң. Қан анализі: лейк. – 8,5х109/л, ЭТЖ 28 мм/сағ. Зәр анализі: сал. тығ. 1008, лейк. – көру аймағында 8,12, бактериялар ++. Бүйректі УД зерттеу кезінде неғұрлым мүмкін өзгерістер://
+ тамырлық суреттің деформациясы
***
42 жастағы ер адам, қойшы дене температурасының жоғарылауына, бас ауыруына, жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, тітіркенгіштікке, тізе және тобық буынындағы ауыру сезіміне, аяқ – қолының бозаруына шағымданады. ЖҚА лейкоциттер – 3,4х109, лимфоциттер – 43%, ЭТЖ – 24 мм/сағ. Рентгенограммада: қос тізе буындарында субхондральды пластинканың кей жерлерінің қалыңдауы, тобығының сүйек жиектерінің үшкірленуі. Диагнозды дәлелдеуге қажет зерттеу://
+ Хедллсон және Райт реакциялары//

***
20 жасар ер жігіттің рентгенограммасында оң өкпенің барлық өкпе тінінің инфильтрациясы анықталады. 1-2-ші қабырға аралықта тығыздалған өкпеде 2 ірі қуыстар байқалады. Қуыстың ішкі қабырғасы тегіс емес, аздаған сұйықтығы бар. Сол өкпенің орта бөлігінде көптеген пішіні әр түрлі өлшемдегі ошақтар, бір-біріне жабысып ірі конгломератқа айналған. Орталықтағы ағзалар бір-біріне ығыспаған, сол өкпенің түбірі инфильтрацияланған, лимфа түйіндері бірден ұлғайған. Рентгенограмма қай ауруға тән?//


бронхтың обтурациясымен асқынған негізгі сол өкпенің рагы және сол өкпенің ателектазы. Компенсаторлы оң өкпенің гиперпневматозы//
+ жедел оң жақты тотальды казеозды пневмония ыдырау фазасында және сол өкпенің жайылуы. Сол өкпе түбірінің лимфа түйіндеріне процестің таралуы//
***
40 жастағы науқас әйел тамақтан кейін пайда болатын, жатқанда күшейетін төс артындағы ауырсынуға; қыжылдауға, қышқылмен және ішкен тамақпен құсуға шағымданады. рН-метрияда гиперсекреция анықталады. Рентгенде: өңеш өтпелі, асқазанның кардия бөлігінің артқы көкірек қуысына шығуы және контрастық заттың асқазаннан өңешке өтуі байқалады. Неғұрлым мүмкін диагноз://
+ диафрагманың өңештік тесігінің жарығы
***
Балалар туберкулезiн ерте анықтау үшiн... сынамасы қолданылады://
+ 2 ТБ Манту сынамасы//
***
Аймақтық дәрігерге науқас бақылануға келген. Анамнезінде туберкулезге қарсы диспансердің хирургия бөлімшесінде оң өкпенің жоғарғы бөлігінің 2 сегментінде орналасқан ыдырау сатысындағы туберкулемаға байланысты операция жасалынған. Қандай диагнозбен бақылауға қою керек://
+ туберкулемаға байланысты сегментэктомиядан кейінгі жағдай//

***
Науқас 25 жаста. Кеуде сарайы мүшелерінің жалпы шолу рентгенограммасында екі өкпенің барлық алаңдарында 2 мм-ге дейінгі симметриялы орналасқан аз интенсивті, бір-біріне қосылмайтын көптеген ошақты қараюлар анықталған. Сіздің болжам диагнозыңыз://


+ милиарлы туберкулез
***
22 жастағы медицина институтының студенті, шағымы жоқ, профилактикалық тексеру барысында кеуде сарайы мүшелерінің жалпы шолу рентгенограммасында сол өкпенің жоғарғы бөлігінде шеттері айқын емес диаметрі 10 мм аз интенсивті ошақты қараю анықталған. Бактерияскопияда қақырығы таза. Сіздің алғашқы диагнозыңыз://
+ ошақты туберкулез//
***
Науқас әйел ес-түссiз реанимация бөлiмiнде жатыр. 1 жыл бұрын денi сау бала туған. бұрын туберкулезбен ауырмаған. өкпесiнде тынысы қатаң, тыныс алу жиiлiгi минутына 36 рет. Сiзге ... диагноз қоюға көмек бере алмайды://
+ жұлын сұйықтығының анализi//
***
Комплекстi терапия тұрақты абацилдену және қуыстардың 1 жылдан кейiн жабылуына әкелдi. Науқас инженер бағдарламашы болып жұмыс iстейдi. Ендi науқас ... керек://
+ жұмысқа жiберiлуi//
***
Моторлы (козғалу) афазия ненің зақымдануымен байланысты://
+Б аймағы (44 өрiс)//

***
Сырқатта VII және XII бас сүйек нервтерiнiң орталықтан зақымдану белгiлерi сол жақта, сол қолының ұшы сiресiп, сал болып қалған. Зақымдану ошағы ... орналасқан://


+ мидың оң жақ бөлігінде//
***
Iсiк мидың қай жерінде орналасса атаксия, бұлшық ет серпiмдiлiгiнiң жойылуы, буын буынға бөле сөйлеу және нистагм пайда болады://
+ мишықта//
***
Мидың артқы артерия бассейiнi зонасында болатын ишемиялық инсультқа тән://
+ гемианопсия, гемиатаксия, амнестикалық афазия, ауырсыну, гемианестезия, алексия//
***
45 жасар науқас әйел физикалық жүктемеден кейін пайда болған интенсивті бас аурумен, жүрек айнумен және қайталамалы құсумен ауруханаға түскен. Сырқаттанғанға дейін өзін дені сау сезінген.Тексерген кезде есі анық, артериальды қан қысымы -160/100 мм сын.бағ., пульс –минутына 70 рет соғады, ырғағы дұрыс. Неврологиялық статус; жарықтан қорқу, мойын бұлшық етінің ригидтілігі оң мәнді, парездер және басқа неврологиялық бұзылыстар жоқ.
1. Неврологиялық синдром ?
2. Болжамды клиникалық диагноз?
3. Қосымша зерттеулер?//
+ менингеальды синдром, субарахноидальды қан құйылу, люмбальды пункция, бас миының КТ-сы//
***
52 жасар науқаста суықтап аурудан кейін бел аймағында оң жақты балтырдың ішкі беткейіне және санның алдыңғы беткейіне берілген сыздап ауырсыну пайда болған. Обьективті:бел аймағында бұлшықет тығыздығы, бел лордозының тегістелуі, ауырсыну салдарынан алдыңғы артқы бағыттарда бел бөлімінің қозғалысының шектелуі. Мацкевич және Вассерман сиптомдары оң жақта оң нәтижелі. Оң жақта тізе рефлексі төмендеген.Оң балтырдың ішкі қырында гипоалгезия. Омыртқаның бел бөлімінің рентгенограммасында: L4-L5 дискілерінің биіктігінен төмендеуімен жүретін остеохондроз белгілері. Бел лордозының тығыздығы. 1) Диагноз қойыңыз. 2) Емін тағайындаңыз://
+ омыртқа остеохондрозы , екіншілік түбіршікті синдроммен жүретін, жедел оң жақты радикулопатия L3-L4. 2. Омыртқа иммобилизациясы, анальгетиктер, рефлексотерапия, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар, витаминотерапия (әсіресе В тобындағы витаминдер), физиотерапия//
***
Сананың өшу формасы://
+ сопор//
***
Науқас 65 жаста, ер адам, есте сақтау қабілетінің бұзылысына, жазу, сөйлеу бұзылысына шағымданады, кеңістікті бағдарлауы бұзылған. Өзіне сын тағады, көңіл-күйі төмен, кемшілігіне байланысты қысылып, ыңғайсызданады. Алғашқы диагноз://
+ Альцгеймер ауруы//
***
Науқас 43 жаста, сонғы 3 жылда спирттік ішімдіктерді шамадан артық қабылдауда, соңғы тоқтаусыз ішуі 12 күнге созылған өздігінен 2 күн бұрын спирттік ішімдік ішуді тоқтатқан, осы уақыттан бастап мазасызданып түнде ұйықтамай, қорқынышты түстер мазалап ұйықтай алмаған, таныс емес дауыстар, айқайлаған адамдардың дауысын, атылған оқ дауысы естілген. Қабылдау кезінде қорқыныш сезімі сақталған. Жедел психотикалық бұзылыстың қай түрі сипатталған://
+ галлюциноз//
***
Науқас 35 жаста туыстарының айтуынша соңғы 1 ай көлемінде науқастың мінез-құлқы күрт өзгерген, ешкіммен сөйлеспейді айналасындағы адамдармен араласпайды, жүзінен көніл-күйінің жоқтығы байқалған соңғы 5-6 күн көлемінде уақытын төсекте өткізуде, кереуетінен тұрмаған, төсектік қалпы тізесімен – кеудесін бүгіп жатады, тамақ ішпейді, жуынбайды, үлкен және кіші дәретін астына жібереді. Болжам диагноз://
+ шизофрения, кататониялық формасы//
***
Науқсас ер адам опийынды нашақорлықпен (героин) зардап шегеді, соңғы 3 күнде героин қабылдамаған. Шағымы денесінің дел салдығы, сүйектерінің сырқырап ауырсынуы, ұйқыздық, іш өту, әлсіздік, жасаурау. Жалпы қарағанда мазасыздық іс-әрекетінде абыржулық анықталды, сұрақтарға амалсыздан тітіркенгішпен жауап береді. Шыдамсыз тез арада дәрілік зат егуін немесе есірткі зат беруін сұранады. Емін тағайындауда маңызды://
+ иглорефлексотерапия//
***
Наркологиялық сараптама кабинетіне ЖПП қызметкерлері жол апаты болған оқиға орнынан куәләнуші жеткізеді. Жалпы қарағанда қойылған сұрақтарға тітіркенгіштікпен жауап береді ашушаң, жан-жақты бағдары дұрыс, өзіне бағдары сақталған. Неврологиялық жүйесі бойынша: көздері қызарган. Ромберг сынамасында тұраксыз. Координациялық сынамаларды орындай алмайды, дірілдейді. Денесінен жағымсыз алкаголь иісі шығып тұр. Дәрігер мастық күйді анықтау үшін қандай лабораториялық тексеру әдісіне сүйенеді://
+ қанды, зәрді алкогольге тексеру//
***
Бактериалды дизентерияда улкен дәреттің түрі://
+ «ректалді түкірік»//

50 жастығы еразамат 25 тамызда жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне мынадай шағымдармен жеткізілді: дене қызуының жоғарылауы, қалтырауы, беттерінің ауырсынуы, жөтел, ентігу. Ауру жедел басталған. Қараған кезде: бозғылт, ТАЖ-25 рет; аускультацияда: ылғалды майда көпіршікті сырылдар естіледі. Анамнезінен: гидромассажды орталықта инструктор қызметін атқарады. Сіздің болжам диагнозыңыз?//


+ орнитоз//
***
32 жастағы еразамат 4 күннен бері қалтырау, басының, бүкіл денесінің сырқырап ауырсынуы, субфебрильді температура, трахея бойымен тамағының аурысынуы, қос жөтел, демалуының қиындауы, мұрнынан серозды сұйықтықтың бөлінуі, тамағының қарлығуы. Сіздің болжам диагнозыңыз://
+ парагрипп//
***
28 жастағы әйел сүйектерінің, буындарының, бұлшық еттерінің, басының ауырсынуына, мұрнының бітелуіне, құрғақ жөтел, тамағының аздап ауырсынуына шағымданады. 10 күннен бері дене қызуының субфебрильді болуы сақталуда. Эпигастрий аймағының ауырсынуы, 1-2 рет ішінің өтуі болған. Қараған кезде: склерасының қан тамырларының инъекциясы және конъюнктивиті, жұтқыншақтың артқы қабырғасының гиперемиясы, полилимфоаденопатия байқалады. Сіздің болжам диагнозыңыз?//
+ аденовирусная инфекция//
***
44 жастағы еркісі ауруының 2-ші күні ішінің ұстама тәрізді ауырсынуы, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, тәулігіне 15 – ретке дейін ішінің өтуіне шағымданады. Қараған кезде: дене қызуы 38,8ғС. АҚ- 100/70мм с.бағ. Пульс 92 рет мин. Сигма тәрізді ішегі қатайған, пальпация кезінде ауырсынады. Үлкен дәреті аз мөлшерде, кілегей, қан аралас. Зерттеу әдісін таңдаңыз://
+ нәжісті бактериологиялық зерттеу//
***
33 жастағы еразамат тұрмыстық жағдайы төмен жұқпалы аурулар ауруханасына қалтырау, басының ауырсынуы, бөртпелердің шығуымен шағымданып келген. Клинико-эпидемиологиялық диагноз «Эпидемиялық бөртпелі сүзек» қойылды. Ең тиімді этиотропты препаратты көрсетіңіз://
+ доксицилин//
***
35 жастағы әйел айына 4-5 рет болатын тыныс тұншықпасына шағымданады. ОФВ1‹70%. Ұзақәсерлі емнің негізін құрайды://
+ ингаляциялық кортикостероидтар//
***
Науқас 59 жаста, 4 апта бойы ауырады, соңғы аптада жағдайы күрт нашарлаған, дене температурасы 40°С, тәулігіне 100 мл іріңді-қақырықты жөтел, тыныш қалыптағы айқын ентігуге шағымданады. Рентгенограммада: сол жақ өкпеде өкпе түбірінің ортаңғы бөлімінде ошақты деструкциялы ауқымда интенсивті инфильтрация анықталды. Науқаста мына асқынулардың барынша болуы мүмкін://
+ сол жақ өкпенің гангренасы//
***
35 жастағы әйел адам, күндізгі уақытта 10-12-ге дейін, түнгі мезгілде 6-8-ге дейін тұншығу ұстамаларына шағымданып ауруханаға түсті. Тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығы 45%, тәуліктік вариабельділігі 35%. Мүмкін болатын диагноз://
+ ауыр дәрежелі тыныс тұншықпасы//
***
65 жастағы науқас үдемелі дамитын ентігуге шағымданады. Зерттеулерде: ЭТЖ–55 мм/сағ. Рентгенограммада – плевра қуысында сұйықтық анықталды. Пункция кезінде 900 мл геморрагиялық сұйықтық алынған. 2 күннен кейін плевральды қуысына қайтадан сұйықтық жиналған. Диагнозды нақтылау үшін тиімді зерттеу әдісін анықтаңыз://
+ эксудатты цитологиялық зерттеу//
***
52 жасар әйел 1 жылдан аса үдемелі ентігуге шағымданады. Жоғары мүмкіндікті компьютерлі томографияда «ұялы өкпе» суреті. Спирограммада ішкі дем алу функциясының айқын рестриктивті өзгерістері байқалады. Тиімді әрі қауіпсіз комбинация болып табылады://
+ преднизолон + колхицин//
***
65 жастағы науқас, көп темекі тартады, аралас ентігуге, ұстамалы қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, жүрек аймағындағы еш жерге таралмайтын қысып ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну оттегімен ингаляция жасаған соң басылады, АҚҚ жоғарылаған. Объективті: жүректің оң жақ шегі кеңейген, өкпе артериясында 2-ші тонның акценті мен жарықшақтануы. Комплексті терапиядағы тиімді препараттар тобы://
+ кальций каналдарының антагонистері//
***
46 жастағы науқас 30 жылдан бері бронхэктазия ауруымен ауырады. Соңғы екі жылда ісінулер, АҚ айқын жоғарлауы қосылған. Жалпы жағдайы ауыр емес. Зәрде: айқын протеинурия анықталады. Қосымша тағайындалатын препарат://
+ колхицин//
***
Науқас жедел бронхитке байланысты бисептол қабылдаған соң дене қызуы 39С дейін жоғарылады. Об-ті: терінің гиперемиясы, кейбір жерлерде көк-қызыл түсті эктодерматоздар, шырышты қабаттың зақымдалуымен, тізе буындардың ісінуімен және аурсынумен қатар жүреді. Болжам диагноз://
+ Стивенс – Джонсон синдромы//
***
17 жасар қыз бала нервті қозу және физикалық жүктемеден кейін қышымалы бөртпеге шағымданады. Тексергенде денесінде майда қызыл бөртпелер байқалады, денесі ұстағанда ыстық. Болжам диагноз://
+ холинэргиялық есекжем//
***
46 жасар науқас жыл сайын жаз мезгілінде түшкіру, мұрыннан кілегей сұйықтықтың бөлінуі, көздерінің қызаруы, қышынуы және жасаурауы байқалады. Осы жылдың тамыз айында алғаш рет түңгі мезгілде тұншығу, қала сыртына барғанда күшейетін ұстама тәрізді жөтел байқалды. Қарап тексергенде ринорея, бетті ісінген, коньюктиваның гиперемиясы, өкпенің барлық аймақтарында ысқырықты құрғақ сырылдар, тыныс шығаруы ұзарған, экспираторлық ентігу байқалады. Ремиссия кезінде емнің ең тиімдісі://
+ аллергенспецификалық иммунотерапия//
***
22 жасар жігіт жансақтау бөлімшесіне денесінде жайылған бөртпелермен, дене қызуының 39°С дейін көтерілуімен түсті. Тексергенде денесінде көпіршікті бөртпелер, кейбір жерлерде қосылып кеткен және жарылған буллалар байқалады. Никольский симптомы оң. Иммунды комплекстің элиминациясы ретінде келесі ем тиімді://
+ плазмаферез
***
Атеросклерозда липид алмасуын тұрақтандыратын ең нәтижелі гиполипидемиялық дәрмек://
+ статиндер//
***
36 жастағы ер кісіде таңғы төртте жүрек аймағының жарылып ауырсынуы мазалаған, әлсіздік пен суық тер және өлім үрейі қабаттасқан. Жедел жәрдем дәрігерімен ЭКГ-да ST сегментінің ІІ,ІІІ, аVF, V5-6 тіркемелерінде күмбез тәрізді жоғарылауы тіркелген. Ауырсынуды басқаннан соң ЭКГ қалыпты күйіне келді. Сіздің тұжырымыңыз://
+ вариантты стенокардия//
***
25 жастағы науқас жүректің шалыс соғуына, тез жүргендегі ентігуге шағымданады. Ревматологта есепте тұрады. Об-ті: жүрек ұшы соққысы солға ығысқан, жайылмалы, күшейген; жүректің конфигурациясы митральді; жүрек ұшында І тон әлсіреген, голосистолалық шу, қолтық астына тарайды. Болжам диагноз://
+ жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы, митральді қақпақтардың шамасыздығы, СЖЖ І//
***
46 жастағы әйел ауыр жағдайда ентігумен, көбікті, қызғылт қақырықты жөтелмен жеткізілді, қозған күйде, ортопноэ жағдайында. Өкпе үстінің барлық аймақтарында әртүрлі калибрлі, ылғалды сырылдар естіледі, тыныс алу жиілігі 38 мин. Жүрек тондары тұйық, тахикардия 128 мин. АҚ 230/140 мм сын. бағ. Дамыған асқыну://
+ өкпе шемені//
***
60 жастағы әйел, ЖИА, миокард инфарктісін басынан өткерген (уақыты белгісіз). ЭКГ: Р тісшесі жоқ, f толқындар, RR аралықтары әртүрлі. ЭхоКГ- айдау фракциясы 56%. Қандағы креатинин өзгермеген. Жүрек гликозидімен (дигоксинмен) емдеудің дұрыс тактикасы://
+ жыбыр аритмиясында дигоксинді бірінші қатардағы дәрмек ретінде қолдануға болады//
***
Тонзилэктомия жасалған, 25 жастағы ер кісіде қалтыраумен қызба, қан қақырумен жөтел, буындары мен белінің және сол қабырға астының ауыруы мазалайды. Об-ті: тері жамылғылары сарғыш-қуқыл, “дабыл таяқшалары”, “сағат әйнегі” симптомдары, терісінде петехиялер. Қан анализінде Эр. 2,9 млн, Нb 90 г/л, лейк.-24 мың, ЭТЖ 50 мм/сағ.; диспротеинемия, протеинурия. Рентгенограммада оң жақ өкпеде үшбұрышты көлеңке. Қан себіндісінде Streptococcus viridans себілген. Этиологиялық емінде қолданылмайды://
+ амфотерицин В//
***
Миокардтың ірі ошақты инфарктісі бар 52 жастағы ер адамда ауруханаға түскеннен кейін 2 аптадан соң, дене қызуы жоғарылады, буындарының ауыруы, құрғақ жөтел, перикардтың үйкеліс шуы пайда болды. Об-ті: эозинофилия 12%, ЭТЖ 48 мм/сағ. Анықталды. ЭКГ: ЖСЖ- 118 минутына, STI, АVL V1-V3 сегментінің элевациясы сақталған. Негізгі емге қосу керек://
+ қақырық түсіретін дәрмектерді//
***
30 жасар науқаста тұмаудан кейін бұлшық еттерінің ауыруы, бұлшық ет әлсіздігі, қабақтарының ісінуі, аз физикалық күштемеде ентігу, жоғарғы қабақтарында эритемалық бөртпе, дауысының қарлығуы, дисфагия анықталды. Обьективті: аяғын сүйреп басады, қабақтары ісіңкі, жоғарғы қабағында, мұрын қанаттарында, «декольте» аймағында эритематозды бөртпелер анықталды. Иық, сан бұлшық еттерін сипағанда ауырсынады, қолды жоғары көтеруі қиын. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары тұйық, ЖСЖ 100 мин. Қан анализінде: эр. 4,5 млн., Нв110 г/л, лейк.7мың, ЭТЖ 66 мм/сағ. Диагнозды қою үшін арнайы және сезімталдылығы жоғары тексерулерді көрсетіңіз://
+ КФК, КФК МВ фракциясының, ЛДГ деңгейінің артуы//
***
16 жастағы науқасты ірі буындарының ауыруы, субфебрильді температура мазалайды. Басының ауыруы, айналуы, көз көруінің күрт нашарлауы, дене қызуының 380С дейін көтерілуі қосылды. Об-ті: жүрек шекаралары солға ығысқан, барлық тыңдау нүктелерінде мойын тамырларына, құрсақтық аорасына таралатын систолалық шу естіледі. Сол жақ білезік артериясында пульс әлсіз, АҚ оң қолында 230/130 мм.сын.бағ., сол қолында 150/130 мм.сын.бағ., аяқтарында 220/110 мм.сын.бағ. Көз түбі тамырларының өзгеруі. Осы жағдайда тағайындаған дұрыс://
+ кортикостероидтарды
***
23 жастағы науқас арқасының төменгі бөлігінің және жамбас-сан буындарының күшті ауыруына шағымданды. Рентгендік зерттеуде сегізкөз-мықын қосындыларының жіктерінің тарылуы мен контурларының біркелкі еместігі анықталды. Ең тиімді емдік тактика://
+ ритуксимаб + ҚҚСЕД//
***
Малигнизацияға жиі ұшырайтын жараның орналасу орны://
+ үлкен иіні
***
32 жастағы ер адам тұрақсыз, интенсивтілігі орташа тұрақты сипаты жоқ іштің ауырсынуына, метеоризмге, тәулігіне 4-6 рет, құрамында қорытылмаған тамақ қалдықтары бар сұйық нәжіске шағымданады. Анамнезінде: жоғарыдағы аталған шағымдар бронхоэктазия ауруына байланысты ем қабылдағаннан 2 аптадан соң пайда болды. Диагностикалық ізденістің келесі қадамы://
+ нәжісті микробиологиялық зерттеу//
***
49 жастағы ер адам созылмалы алкоголизммен ауырады. Соңғы 3 жыл ішінде эпигастрий және сол жақ қабырға астында ауру сезімі, метеоризм, нәжістің бұзылысы дамыған. Диареяға байланысты 1 жыл ішінде 6 кг-ға арықтаған. Науқастың жағдайы майды толық шектейтін емдәмді сақтағанда жақсарады. Диагнозды дәлелдеуде ең информативті әдіс://
+ копрограмма//
***
37 жастағы ер адамға бронхоэктазия ауруының өршуінің терапиясы жүргізілген. 2 аптадан кейін тұрақсыз, интенсивтілігі орташа тұрақты сипаты жоқ іштің ауырсынуы, метеоризм, тәулігіне 4-6 рет, құрамында қорытылмаған тамақ қалдықтары бар сұйық нәжіс пайда болды. Осы жағдайдың дамуына себеп болатын топ препараттары://
+ антибиотиктер//
***
53 жастағы ер адам, есірткі қолданады, жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, арықтауға, лоқсу, ауызда ащы дәмнің болуы, оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі, кезеңді түрде дене температурасының субфебрильді сандарға дейін жоғарылауы, тері қышуы, қызыл иектен қан кету, зәрдің қараюы, нәжістің ағаруына шағымданады. Қарағанда: гепатомегалия, сарғаю, жоғарғы қабақта ксантомалар. Диагностиканың тиімді әдісі://
+ вирусты инфекцияның серологиялық маркерлерін анықтау//
***
Пиелонефриттің өршуі салдарынан стационарлық ем қабылдап жатқан 78 жастағы әйел адам эпицентрі кіндік маңы аймағындағы іштің барлық бөлігінде айқын ауырсынудың, құсудың пайда болуына байланысты кезекші дәрігерді шақырды. Қарағанда: суық жабысқақ тер, дене t 380С, АҚ 80/60 мм.с.б., ЖЖЖ 100 рет мин., іштің кебуі, құрсақ қабырғасында ауырсыну, аускультацияда ішек перистальтикасы шуының болмауы. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз, ЭКГ: Гис шоғырының оң жақ аяқшасының блокадасы, құрсақ қуысының шолу рентгенограммасында ішек ілмектері пневматизациясының жоғарылауы. Клиникалық жағдайдың мүмкін болатын себебі://
+ жоғарғы мезентериалды артериялар тромбозы//
***
Науқас А. 19 жаста, қараған кезде спленомегалия анықталды. Гемограммада: лейкоциттер 78∙109/л; лейкоцитарлы формулада: промиелоцит 3%, миелоцит 8%, метамиелоцит 12%, таяқша ядролы нейтрофилдер 21%, сегментті ядролы нейтрофилдер – 41%, базофилдер – 3%, эозинофилдер – 6%, лимфоцит – 6%, тромбоцит – 784∙109/л, гемоглобин – 114 г/л. Сүйек миы жасушалары көп, миелокариоциттер мен мегакариоциттер саны артқан, гранулоцитарлы қатардың барлық элементтері анықталады. Зерттеудің келесі кезеңі://
+ қанның цитогенетикалық зерттеуі//
***
Науқас 32 жаста әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуына шағым атйтады. Анамнезінде: созылмалы гломерулонефрит 3 жыл. Объективті: тері мен кілегей қабаттары боз. Жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. Қанда: эритроциттер-1,8 млн., гемоглобин-59 г/л, лейкоциттер-4,2 мын., тромбоциттер-192 мын., ЭТЖ-22 мм/с. Анемияның коррекциясы үшін ең тиімді дәрі://
+ глюкокортикостероидтар//
***
42 жастағы науқас инфекциялық эндокардитпен ауырғаннан кейін бінеше айдан бері қызба, қалтырау, терлеу, денеде «көгерулер» пайда болған. Қанда: анемия, лейкоцитоз солға ығысумен, ЭТЖ жылдамдауы, тромбоциттердің спонтанды агрегациясының жоғарылауы, оң этанолдық тест. БАРЫНША мүмкін диагноз://
+ созылмалы ТШҚҰ (ДВС)-синдром//
***
Иценко-Кушинг синдромы кезінде жоғарылайды://
+ глюкокортикоидтар//
***
Эндокринологқа 35 жасар әйел адам жалпы әлсіздіктің, шаршағыштықтың үдеуі, тәбетінің төмендеуі, жиі лоқсу шағымдарымен қаралды. Дене салмағының төмендеуі аясында 2 ай аралығында етеккір циклінің аменорея түрінде бұзылысы байқалған. Соңғы айда бірнеше рет есінен тану жағдайлары болған. Анамнезінде туберкулезге байланысты нефрэктомия жасалған. Объективті: дене салмағының жеткіліксіздігі, тері мен ауыздың шырышты қабатының гиперпигментациясы. АҚ – 70/40мм.с.б. Қанда: гемоглобин – 72 г/л, ашқарындық гипогликемия 2,9 ммоль/л дейін. Мүмкін болатын диагноз://
+ бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі//
***
Жедел жәрдеммен 64 жастағы қантты диабетпен сырқаттанған науқас жеткізілді. Бірнеше күн бойы бірнеше рет құсу, көп мөлшерде сұйық нәжіс болып, құрысу мен естен тану байқалған. Қарағанда II дәрежелі кома, қарашықтары ұлғайған, көз алмалары жұмсақ, ошақтық белгілер жоқ. Терісі құрғақ, тургоры төмендеген. ТАЖ- 21, ЖСС- 98 рет мин., АҚ - 70/40 мм с.б. Гликемия - 35ммоль/л. Қанның жалпы анализінде- қаны қоюланған. Осы команың дамуында төмендегі патогенездік механизм маңызды://
+ сусыздану
***
9 жылдан бері қант диабетінің 1типімен сырқаттанған науқаста гликемияның салыстырмалы компенсациясына қарамастан көздің көруі нашарлады, транзиторлы гипертония 145/95 мм.с.б., микроальбуминурия пайда болды. Жақын арада емдеу бағдарламасына қосу қажет://
+ ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторларын//
***
Науқас К. 24 жаста, қатты арықтауына (1 айда 9 кг), аузының құрғауына, шөлге, кіші дәретінің жиілеуіне, жүрек айнуына, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Обьективті: терісі құрғақ, табаны мен алақандары сарғыш түсті, фурункулез бар. Зәр анализінде қант анықталған-2,9% және ацетонурия. Науқасқа тағайындау қажет://
+ қарапайым инсулинді//
***
45 жастағы науқас әйел АҚ 200/110 мм с.б. дейін үнемі көтерілуіне, бұлшық еттік әлсіздікке, тырысуларға, жиі зәр шығаруға шағымданады. Бұл симптомдар бір жыл бойы мазалауда. Компьютерлік томограммада сол жақ бүйрек үсті безінің ұлғаюы. Неғұрлым тиімді тағайындау://
+ верошпирон//

Қабылдау бөліміне 63 жасар науқас келіп түсті. Анамнезі: ұзақ уақыт пиелонефритпен ауырады. Объективті: санасы сопор деңгейінде, дизартрия, беттің асимметриясы, сол жақты гемипарез байқалады. АҚ 180/100 мм.с.б. Қанда: гемоглобин-95 г/л, эритроцит -3.2 х 1012/л, лейкоцит-10,2 х 109/л, тромбоцит – 186 х 109/л, ЭТЖ - 25 мм/с. БХА: креатинин-1200 мкмоль/л (норма 60-130 мкмоль/л) , мочевина-35 ммоль/л. Несепте: ақуыз (белок) – 1,5 г/л, лейкоцит -7-8 көру аймақта, эритроцит 0-1 көру аймақта. Гемодиализ жүргізуге шешім қабылдауға қажет зерттеу әдісі://


+ жұлын пункциясы//
***
24 жасар науқасты бас ауру, шөлдеу, жүрек айну, құсу, мұрыннан қан кету, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі мазалайды. 10 жыл аралығында ауырады. Объективті: боз, теріде қасу іздері бар, «қағу» симптомы екі жақта оң мәнді. АҚ - 180/100 мм с.б. ЖСЖ - 100 рет/мин. Қанда: гемоглобин–96 г/л, эритроцит–2,8 млн., лейкоцит-8,2 тыс., ЭТЖ -35 мм/с. БХА: мочевина–16 ммоль/л, креатинин– 0,250 ммоль/л. Несепте: салыстырмалы тығыздығы 1005, ақуыз-4,5 г/л, лейкоцит – 8-12 көру аймақта, эритроциты – 20-25 көру аймақта. Барынша ықтимал асқынуы://
+ созылмалы бүйрек жетіспеушілігі//

***
Ер кісі H. 33 жаста, сол жақ бүйірдің ауырсынуына және несептің қызыл түске дейін өзгеруіне шағым айтады. Несеп шығару барысында ауырсыну жоқ. Осы аталған жағдай соңғы 5 жылда үшінші рет қайталанған, әр бір қайталау жедел респираторлық инфекциямен байланысты болған. Конституциясы астениялық. Ісіктер жоқ. АҚ 135/90 мм.с.б. Қанда: гемоглобин -110г/л, лейкоцит -6х10/л, ЭТЖ -20 мм/час. Несепте: тығыздығы -1,012, ақуыз – 0,066 г/л, эритроцит 20-25 көру аймақта, лейкоцит 5-6 көру аймақта, жекеленген гиалинді цилиндрлер. Антинуклеарлы антидене табылмады. Барынша ықтимал диагнозы://


+ IgA – нефропатиясы//
***
Әйел 18 жаста, бір аптадан бері ауырады. Баспадан кейін ісінулер пайда болған. Объективті: АҚ - 140/90 мм.с.б. Несепте: меншікті салмағы - 1020, ақуыз -4,4 г/л, лейкоцит – 6-10 көру аймақта, эритроцит -5-6 көру аймақта, гиалинді цилиндрлер -3-4 көру аймақта. Барынша ықтимал диагнозы://
+ жедел гломерулонефрит//

***
Субклиникалық гипотиреоз үшін қандай гормоналдық өзгерістер тән://


+ ТТГ жоғары, бос Т3 және бос Т4 қалыпты//
***
25 жастағы науқаста 6 жыл бұрын бірден етеккірі тоқтаған, бірде – бір рет жүктілік болмаған. Әйел фенотипі. Қан сарысуындағы ФСГ концентрациясы – 0,3 Б/л (қалыптыда 2-20), пролактин – 16 мХБ/л (қалыптыда 61-512). Гестагенмен және эстрогенмен сынама теріс. Болжам диагноз://
+ екіншілік гипогонадотропты аменорея//

36 жастағы науқас, ауыз қуысында және гениталий аймағында көлемі 1см, бір-біріне қосылып кететін жараларға, коньюктивасының қызаруына, кеудесінің алдыңғы бетінде эритемалық бөртпелердің шығуына шағымданады. Диагнозды қоюға келесі лабораториялық көрсеткіш көмектеседі://


+ HLA-B51//
***
67 жастағы науқаста айқын протеинурия (20г/тәу жоғары) ex tempera зәр алынды. Пробиркада зәрдің қайнауы кезінде мақта тәрізді тұнба пайда болады, қалдықты ары қарай жылытқанда қайнағанға дейін тұнба ериді. Бұл жағдай көрсетеді://
+ Бенс-Джонс белогын болуының//
***
Салыстырмалы тығыздығы 1013, белок 0,033 г/л, лейкоциттер 30-40 к/а, бірен -саран лейкоциттік цилиндрлер; лейкограммада 90% нейтрофильдер болатын несептің жалпы анализін талдап, болжам диагноз қойыңыз://
+ созылмалы пиелонефриттің өршуі//
***
Келесі ауруға күдіктенгенде тердің электролитті құрамын, сілекейдегі натрийдің деңгейін тексереді және альдестеронмен сынама жүргізіледі://
саркоидозға//
+ муковисцидозға//
лейомиоматозға//
ретикулогистиоцитозға//
панкреатитке
***
Науқас 25 жаста, 8 жыл бойы І типті қантты диабетімен ауырады. Тұрақты түрде инсулин қабылдайды. Кезекті диспансерлік қарауда: жағдайы қанағаттанарлық, көңіл күйі жақсы, АҚ 130/80 мм сын. бағ. ЗЖА: белок 0,4 г/л, ҚЖА: НВ 125 г/л, биохимиялық анализде: креатинин 0,14 ммоль/л, шумақ фильтрациясы 162 мл/мин. Келесі шаралар науқастың бүйрек қызметін жақсартуға қолайлы болып табылады: 1. гипергликемия деңгейін бақылау; 2. жүйелі түрде ААФи (иАПФ) қолдану; 3. белок құрамды тағамды шектеу; 4. протеинурия артқан жағдайда преднизолон тағайындау://
+ дұрыс жауабы 1, 2, 3//
***
43 жастағы әйел салмағының жоғарылауын, терісінің құрғауын, сөйлеудің қиындауын, аменореяны, есіне сақтау қабілетінің төмендеуін байқаған. Анамнезінде: созылмалы гайморит. Об-тi: бойы - 168см, салмағы 92кг. Айқын гиперкератоз. Беті ісінген, тiл үстінде тiстер ізі таңбаланған. Жүрек тондары әлсіреген, брадикардия. АҚ 80/50 мм сын.бағ. Қанда: эр. 3,5х1012 /л , Hв 75 г/л, лейк. 4, 5 х109 /л, ЭТЖ - 13 мм/сағ. Қанда глюкоза 3,5 ммоль/л. Т3, Т4 төмендеген, ТТГ – жоғарылаған. Барынша тиімді ем тағайынданыз://
+ тиреоидты препараттарды//
***
Қыз бала 20 жаста, шөлдеуге және дене салмағының артуына шағымданады. Об-ті: бойы 162 см, салмағы 94кг. ДМИ (ИМТ) 35,8 кг/м2. Аш қарындық гликемия 5,9 ммоль/л, жалпы холестерин 5,2 ммоль/л, триглицеридтер 2,4 ммоль/л. Барынша тиімді дәрмекті тағайынданыз://
+ ксеникалды//
***
65 жастағы науқаста, әлсіздік, жүрек айнуы, кезеңдік құсу, тәбетінің төмендеуі, терінің титықтататын қышынуы, тері астылық қан құйылулар, бұлшықеттің дірілі және естен танусыз құрысулар, буындарында және сүйектеріндегі ауырсыну, «айқын шулы» тыныс анықталады. Қанның жалпы анализінде: лейкоцитоз нейтрофильді солға ығысумен, тромбоцитопения, анемия. Қанның биохимиялық талдауы: креатинин 700 мкмоль/л. Диурез 100 мл/тәул. Зәрдің салыстырмалы тығыздығы - 1008. Барынша тиімді ем тағайынданыз://
+ гемодиализ//
***
16 жастағы Т., есімді науқас дене қызуының 40С дейін жоғарылауына, ентігу, жөтелге, ісінулерге шағымданады. Обьективті: науқас жүдеу, лимфоаденопатия, бет пен мұрын үсті эритемасы, полисерозит (плеврит, перикардит, перивисцерит), кардит, нефрит белгілері бар. Қан анализінде: эр-2,4 млн. Нв-70 г/л, лейк-2,2 мың. ЭТЖ-70 мм/сағ. НЖА: белок-5,2 г/т, эритр-20-30 к.а, LЕ-клеткалары - 5:1000. Пульс-терапия жүргізу үшін метилпреднизолонның қажетті дозасы://
+ 1000 мг//
***
20 жастағы науқаста босанғаннан кейін бұлшық еттерінде ауырсыну және әлсіздік пайда болды. Бір апта көлемінде қабақтарының ісінуі, аздаған физикалық күштемеде ентігу, дауысының қарлығуы, түйілу қосылды. Обьективті: иық және сан бұлшық еттерінің ісіңкілігі және ауырсынуы, бет мимикасының жойылуы. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары тұйық, ЖСЖ 100 рет мин. АҚ 140/90 мм сын. бағ. Қан анализінде: эр-4,5 млн. Нв-110г/л, лейк-7мың, ЭТЖ 66 мм/сағ, АЛТ-17ХБ. Емді келесі дәрмектен бастаған жөн://
+ глюкокортикостероидтардан
***
Дәрілердің жартылай шығу уақыты – бұл://
+ плазмадағы дәрілік заттың концентрациясы 50 пайызға төмендейтін уақыт//
***
Дәрілік заттардың сіңірілуін, таралуын, биотрансформациясын және организмнен шығу уақытын зертейтін ғылым://
+ фармакокинетика//
***
ГЭБ арқылы қай препарат жоғары жылдамдықпен өтеді://
+ майда жоғары жылдамдықпен еритіндер//
***
Дәрілік заттардың әсер ету селективтілігі ... байланысты://
+ дозасына//
***
Гипотензивті терапияның қауіпсізділігін және эффективтілігін бақылаудың адекватты әдісі://
+ АҚҚ-н тәуліктік мониторингілеу//
***
РQ интервалын ұзартатын дәрі://
+ дигоксин//
***
Антиаритмиялық препаратты тағайындауға көрсеткіш, мынадан басқа://
+ гемодинамика бұзылысы//
***
Бүйрек патологиясы кезінде келесі фармакокинетикалық өзгерістер байқалады, мынадан басқа://
+ биожетімділіктің төмендеуі//
***
Науқас 63 ж қант диабетімен ауырады, глибенкломид қолданады. Рентгенологиялық зерттеулермен дәлелденген өкпенің оң жақ төменгі бөліктік пневмония диагнозымен бөлімшеге келіп түсті. Хлорамфеникал тағайындалғаннан кейін науқаста аллергия байқалып антибиотик цефтриаксонға алмастырылды. Науқасты зерттеу барысында креатинин клиренсінің төмендеуі байқалған (24мл/мин) , нәтижесінде цифтриаксонды қабылдауды доғарған. Енді емді қандай препаратпен жалғастыру қажет://
+ ципрофлоксацин//
***
Қабылдау бөліміне науқас натрий гидрокарбонатын қабылдағаннан кейін басылатын асқазан қыжылына, ашқарынға эпигастрий аймағындағы ауырсынуға шағымданып келді. ФГДС-те 12 екі елі ішектің ампулярлық бөлімінде ойық жара анықталды (0,5 см) . Асқазан сөлінің рН-метриясы: қышқыл түзуші функциясы орта интенсивті және сілтілік резерві төмен, рецепцияның холинергиялық типі. Диагноз: 12 елі ішектің ойық жарасы, өршу сатысы. Төмендегі дәрілердің эффективтілігі жоғары және қауіпсіз дәрілердің бірін және тиімді дозасын тағайында://
+ пирензипин – тамаққа дейін 0,05 гр тәулігіне 3 рет 2 күн бойы, 0,05 гр тәулігіне 2 рет//
***
Асқазан жарасына байланысты радикальды операция жасалды. Операциядан кейінгі 4-ші тәулікте коагулограммалық зерттеуде гиперкоагуляция және канның фибринолитикалық белсенділігінің төменділігі байқалды. Антикоагулянттар тағайындаудың қажеттілігі канша?//
+ антикоагулянттар көрсетілген, геморрагиялық синдромның дамуын ескерте отырып қатал бақылау
***
Науқас стационарға әлсіздік пен жүрген кездегі ентігуге шағымданып келді. Қанның зерттеу барысында анемия (гемоглобин -56г/л) , түстік көрсеткіш 1,2, тілін қарағанда –глоссит байқалды. Сүйек кемігінің пунктатында қан түзілуінің мегабластты түрі анықталды. Қан сарысуында темірдің концентрациясы қалыпты. Диагноз: В12 жетіспеушілік анемия. Емдік шаралардың тиімді түрін таңдаңыз://
+ вит В12 500мкг/ тәул. дозада күн ара, фолий қышқылы 1,5мг/ тәул.дозада, темір сульфаты (80мг/ Fe2+) 1 рет тәулігіне//
***
Айналымдағы қан көлемінің қанша пайызы көк тамыр (вена) қуысына сыйады?//
+ 70%//
***
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы бар науқаста ... ЖТЖ дамиды://
+ обструкциялық //
***
Науқас белгісіз умен уланып және гипоксияның айқын белгілерімен жеткізілді.Тексеру үшін веноздық қанды алғанда ал-қызыл түсіне көңіл аударылды, ал оттегінің артерия - веноздық айырмашылығын зерттегенде (үлкен қан айналым шеңбері зерттелді) соңғысы өте төмен болды. Науқаста ... гипоксия орын алды://
+ циркуляторлы//
***
Ер кісі 59 жаста, асқазанның ойық жара ауруына ота жасалынды. 30 жыл бойы темекі шегеді. Отадан кейін жабысқақ қақырықты қиналып шығарады, сіздің іс-әрекетіңіз://
+ муколитиктерді тағайындау//
***
Қышқылды асқазан сөлін жоғалтудың асқынуына жатады://
+ изотоникалық дегидратация, метаболикалық алкалоз//
***
Науқаста қышқыл сілтілі анализінде: рН=7,26 рСО2=58; ВЕ=+3. ҚСЖ бұзылыс түрі://
+ субкомпенсирленген тыныстық ацидоз
***
30 жастағы науқас әйел ентігуге, жүректің соғуына, жүрек тұсының ауырсынуына шағымданады. Объективті: І тонның әлсіреуі, жүрек ұшында ІІІ тон, өкпе артериясында ІІ тонның акценті; жүрек ұшында жұмсақ, үрлеуші қолтық астына берілетін систолалық шуыл естіледі. ЭхоКГ –да сол жүрекше көлемінің ұлғаюы, митралды қақпақшаның ашылу амплитудасының жоғарылауы, сол қарыншаның дилатациясы оның қабырғаларының қозғалу амплитудасының жоғарылауымен, жалпы соққы көлемінің ұлғаюы; допплер ЭхоКГ –да турбулентті ағыс анықталды. Мүмкін болатын диагноз://
+ митралды қақпақшаның жетіспеушілігі//
***
Созылмалы панкреатиттің ауырсынулық түрімен ауыратын науқасқа ұйқы безінің компьютерлік томографиясы жүгізілген. Зерттеу кезінде неғұрлым анықталуы мүмкін://
+ фиброз
***
28 жасар пациенттің кеуде қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясында көп мөлшерде шекарасы анық емес ошақты көлеңкелер анықталды. Көлеңкелер периваскулярлы орналасқан, висцеральді плевраның қалыңдауы байқалады. «тұнық шыны» аймақтары анықталады. Көрсетілген өзгерістер қай ауруға тән?//
+ Вегенер гранулематозы//
***
25 жасар пациентті окулист аяқ буындарының рентгенограммасын тағайындаған. Рентгенограммада келесі өзгерістер анықталды: симметриялы емес буынмаңы остеопорозы, буын қуысының асимметриялы тарылуы, периостит көріністері; өкше шпоралары және L1 –L2 омыртқалар денесінің шектелген шпоралары. Бұл рентгенограмма қай ауруға тән?//
+ Рейтер синдромы//
***
26 жастағы ер кісі бүйірінің күрт ауырсынуына, несеп түсінің өзгеруіне, аз мөлшермен кіші дәретке жиі баруына шағымданады. Зәрдің жалпы анализінде: макрогематурия. Іш қуысының шолу рентгенографиясында омыртқалардың көлденең өсінділері бойымен конкременттердің көлеңкелері анықталған. Неғұрлым мүмкін диагноз://
+ нефролитиаз//
***
38 жастағы ер кісі төс артында ауырсынуына, дене қозғалысы кезінде ауру сезімінің күшеюуіне, дене қызуының жоғарылауына, ентігуге, әлсіздікке шағымданады. Қанда: лейкоциттер 14х109/л, ЭТЖ 28 мм/сағ.. Науқасты рентгенологиялық зерттегенде жүрек көлеңкесінің ұлғайғаны, жүрек контурының тегістелуі, жүрек «белінің» жойылуы, әлсіз пульсация анықталады. Неғұрлым мүмкін диагноз://
+ перикардит//
***
2 ТБ-мен жасалаған Манту сынамасының папула көлемi ...болғанда оң деп есептелiнедi://
+ 5 мм және одан үлкен//
***
Флюорографиялық тексеруде науқастың сол өкпесінің жоғарғы бөлігінде аз және орташа интенсивті ошақты көлеңкелер анықталған. Бактериоскопияда қақырығынан туберкулез микобактериясы табылмаған. Науқас әйелімен және 3 жасар баласымен бір бөлмелі пәтерде тұрады. Сіздің қолданатын тактикаңыз://
+ науқасты госпитализациялау, қатынаста болғандарды тексеру//
***
С. деген науқас 22 жаста, бұрын туберкулезбен ауырмаған. Жыл сайын жүргізілетін кезекті тексеруде оң өкпенің жоғарғы бөлігінде 3 см шеттері айқын гомогенді түзіліс анықталған. Қақырық жағындысында туберкулез микобактериясы жоқ. Тиімді ем://
+ ІІІ категория бойынша ем//
***
Рентгенограммада өкпесiнде екi жақты көп, ұсақ, шашыранды ошақтар табылған. Сiздiң алғашқы диагнозыңыз ...//
+ милиарлы туберкулез//
***
Науқас 30 жаста. Ұзақ жөтелге, кеуде қуысының ауыратынына, тершеңдік, тез шаршағыштыққа, дене салмағын жоғалтқанына шағымданады. Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенограммасында инфильтратты қараю болған. Туберкулезге қарсы ем қабылдаған. Инфильтраттың орнында дөңгелек тұзіліс 2,5-3 см көлемді, айналасы аздаған фиброзды өзгерістер түзілген. Қақырығында туберкулез микобактериясы жоқ. Тиімді ем://
+ операциялық ем//
***
Туберкулезбен ауырытын науқастың әйелi перзентханада нәрестесiмен жатыр. Нәрестенiң денi сау, салмағы-3200 гр. нәрестеге ...//
+ БЦЖ вакцинасын жасау қажет//
***
Iрiңдi менингитке төмендегi ми-жұлын суы құрамы өзгерiстерiнiң қайсы тән?//
+ нейтрофильды плеоцитоз//
***
Сырқат адамның оң аяғында терең сезiмталдылықтың өткiзгiштiк бұзылысы анықталған. Нерв жүйесiнiң төмендегi құрылымдарының қайсысы зақымданған?//
+ жұлынның артқы түбiршегi//
***
Бұлшық еттердiң солғындана семiп сал болуы, төмендегi нерв жүйесi құрылымдарының қайсының зақымдануына тән?//
+ жұлынның алдынғы мүйiзiндегi клеткалар//
***
Пирамида тәрiздi қозғалыс - қимыл өткiзгiшi жұлынның мойын тұсындағы жуанданған жерiнен жоғары зақымданғанда төмендегi симптомдар мен синдромдардың қайсысы кездесер едi?//
+ аяқ-қол бұлшық еттерiнiң қатая сiресiп әлсiреуi//
***
23 жастағы науқас, мамыр айында 1,5 сағат бойы электрлік пойызда ашық терезеге оң бетімен қарап тұрған, таңертең оң көзі нашар жабылады, ауызы қисайған сол жаққа, тамақты оң жақ ұрты мен қызыл иек арқылы шайнаған. Сұйық тамақ ауыздың оң жақ бұрышынан ағып кеткен. Қарағанда аурудың 3-ші күні беті асиметриялы, оң көзі кеңіген, жас ағады, жыбырлайды. Оң жақ мұрын-ерін қыртысы жазылған. Ауызы солға тартылған. Қасын жиғанда оң жақта вертикальды қыртыс түзілмейді. Оң жақта қасы жоғарыға көтерілмейді. Оң көзі жабылмайды. Тістерін ақситқанда солға тартылады, ұртымен үре алмайды және ысқыра алмайды, оң жақ ұрт парусы. Болжамды диагноз қойыңыз? Емдеу шаралары?//
+ бет нервінің нейропатиясы оң жақты, гормонотерапия, микроциркуляцияны жақсартатын препараттар, витаминотерапия//
***
52 жасар науқас. Стационарға түскен кезде сол аяқ қолының сал болуына шағымданады. Гипертониялық аурумен ауырғанына 10 жыл болған. Таңертең өзін нашар сезінген, әлсіздік сол аяқ қолының ұюы пайда болған. Неврологиялық статуста VII, XII жұп нервте парез байқалады, сіңірлердің анизорефлексиясы. Барре симптомы сол жақты оң мәнді. Сол қолының күшінің азаюы, сол жақты гемигипестезия. Ошақты симптоматика 24 сағат көлемінде болып өтті.
Клиникалық диагноз қойыңыз? Қосымша тексеру әдістері?//
+ ишемиялық инсульт, бас миының КТ-сы, МРТ-сы, көз түбін тексеру//
***
Шизофренияның паранойдты формасы жиі дамиды://
+ ересек жаста//
***
Науқас 37 жасар ер адам, кокаинды алғаш рет қабылдағанда күш қуатының артқанын сезінген, өзіне сенімділігі жоғарылаған, шығармашылық қабілетінің артқанын сезінген. Мұндай жағдай://
+ мастық
***
Науқас 40 жаста, сонғы 2 жылда спирттік ішімдіктерді шамадан артық қабылдауда, соңғы тоқтаусыз ішуі 40 күнге созылған өздігінен 2 күн бұрын спиртік ішімдік тоқтатқан, осы уақыттан бастап мазасызданып түнде ұйықтамай, өз-өзінен гүбірлеп сөйлейді, сөздері түсініксіз. Қабылдау кезінде тынымсыз, тыпыршып бір орында тұра алмайды, жүзінде қорқыныш үрей сезімі байқалады. Қойылған сұрақтарға жауап бере алмайды. Уақыт пен кеңістікті бағдарлай алмайды, өзіне бағдары сақталған қолының саусақтарымен айналасындағы құмырсқаларды теріп отырғанын айтады.
Жедел психотикалық бұзылыстың қай түрі сипатталған://
+ делирий//
***
Науқас 30 жаста туыстарының айтуынша соңғы 2 ай көлемінде науқастың мінез-құлқы күрт өзгерген, ешкіммен сөйлеспейді айналасындағы адамдармен араласпайды, жүзінен көніл-күйінің жоқтығы байқалған соңғы 2 апта көлемінде уақытын төсекте өткізуде, кереуетінен тұрмаған, төсектік қалпы тізесімен –кеудесін бүгіп жатады, тамақ ішпейді, жуынбайды, үлкен және кіші дәретін астына жібереді.
Қандай жағдайды сипаттайды://
+ кататониялық ступор//
***
Науқас 30 жаста, ер адам созылмалы алкоголизммен зардап шегеді, соңғы тоқтаусыз ішуі 5-6 күнге созылған, өздігінен тоқтай алмаған, сол себепті туыстарының жеткізуімен наркологиялық орталыққа келген. Бұрын ем қабылдамаған. Жүргізетін іс-шаралар://
+ дәрігер - наркологтің қабылдауы//
***
Наркологиялық сараптама кабинетіне ЖПП қызметкерлері күәләнушіні жеткізді. Жалпы қарағанда қойылған сұрақтарға тітіркенгіштікпен амалсыздан жауап береді, тілі күрмеленген, ашушаң, жан-жақты бағдары дұрыс, өзіне бағдары сақталған. Неврологиялық жүйесі бойынша: көздері қызарган. Ромберг сынамасында тұрақсыз. Координациялық сынамаларды орындай алмайды, дірілдейді. Денесінен жағымсыз алкаголь иісі шығып тұр.
Мастық күйдің қай дәрежесі://
+ орта//
***
Бауыр комасының негізі белгісі://
+ естің толық айырылуы және рефлекстердің болмағандығы//
***
28 жастағы әйел ауруның 9-ші күні ауруханаға мынадай шағымдарымен келді. Ауруының 1-ші күнінен бастап әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, дене қызыуының 38-38,5ғС-қа көтерілуі, тамағының ауырсынуы, нәжіс түсінің өзгеруі. Ауруының 2-ші күні науқас склерасының сарғайғандығын, несеп түсінің өзгеруін байқаған. Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызыуы 38,5ғС, ірі лимфа түйіндер пальпацияланады. Аранында фарингит. Бауыры 1,5-2 см ұлғайған, аздап ауырсынады. Сіздің болжам диагнозыңыз?//
+ листериоз//
***
25 жастағы еразамат, ауру жедел басталған дене қызыуы 40 С–қа дейін көтерілген, басының ауырсынуы, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, аяқ және бел аймағының бұлшық еттерінің ауырсынуы. Келесі күні сан, жамбас,балтырда геморрагиялық бөртпелер пайда болған. Тері жамылғылары бозғылт түсті. Мойын бұлшық еттерінің құрысуы байқалады. АҚ – 90/60мм.с.бағ. пульс 100 рет мин. Лабораторлы зерттеулері: ЖҚА: лейкоцит – 20х10 9/л лейкоцитарлы формуланың солға ығысуымен, ЭТЖ – 40 мм/сағ, тромбоциттер – 120000. Жұлын сұйықтығының зерттеуінде: бұлдыр, қысыммен шығады, Панди (+++), нейтрофильдермен байланысты цитоз анықталды. Қандай аурулар туралы ойлануға болады?//
+ менингококкты инфекция, менингит + менингококкемия//
***
34 жастағы ер кісі ауруының 2-ші күні ішінің ұстама тәрізді ауырсынуы, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, тәулігіне 15 – ретке дейін ішінің өтуіне шағымданады. Қараған кезде: дене қызуы 38,8ғС. АҚ- 100/70мм с.бағ. Пульс 92 рет мин. Сигма тәрізді ішегі қатайған, пальпация кезінде ауырсынады. Үлкен дәреті аз мөлшерде, кілегей, қан аралас. Зерттеу әдісін таңдаңыз://
+ нәжісті бактериологиялық зерттеу
***
20 жастағы еразамат, ауру жедел басталған дене қызуы 40ғС–қа дейін көтерілген, басының ауырсынуы, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, аяқ және бел аймағының бұлшық еттерінің ауырсынуы. Келесі күні сан, жамбас,балтырда геморрагиялық бөртпелер пайда болған. Тері жамылғылары бозғылт түсті. Мойын бұлшық еттерінің құрысуы байқалады. АҚ – 90/60мм.с.бағ. пульс 100 рет мин. Лабораторлы зерттеулері: ЖҚА: лейкоцит – 20х10 9/л лейкоцитарлы формуланың солға ығысуымен, ЭТЖ – 40 мм/сағ, тромбоциттер – 120000. Жұлын сұйықтығының зерттеуінде: бұлдыр, қысыммен шығады, Панди (+++), нейтрофильдермен байланысты цитоз анықталды. Менингококкты менингитте негізгі патогенетикалық терапияның компоненті болып табылады://
+ дегидратация//
***
50 жастағы еразамат тері зауытында жұмыс істейді. Ауруы жедел басталған дене қызуының 39ғС-қа көтерілуі, қалтырау, айқын тершеңдік. Қатты жөтел қан аралас қақырықпен, науқастың санасы тежелген. Жалпы жағдайы ауырлық дәрежеде жалпы интоксикация және тыныс шамасыздық белгілеріне байланысты. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Этиотропты емге препаратты таңдаңыз://
+ цефтриаксон//
***
Дұрыс емес жауапты тандаңыз:
+ нәрестелерде үлкендермен салыстырғанда жалпы жағдайы аз зақымдалады//


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   318




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет