“ Математика және экономика” факультеті



бет3/22
Дата08.09.2017
өлшемі3,27 Mb.
#30419
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

1-Лекция


Тақырыбы: Физикалық есептерді шешу

(1 сағат)



Жоспары:

1. Физикалық есептер

2 . Есептің түрлері және оларды шығару тәсілдері


Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.С.Е.Каменецкого. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы, М: “ Академия”, 2000 г.

2. Временный государственный стандарт. Общее среднее образование. Физика Под. Ред. Ю.И.Дико. М: РАО 1993 г.

3. В.С.Зворыкин и др. Методика преподавания физики в ср. Школе. М: Просвещение,1987 г.

4.В.Г.Разумовский и др. Основы преподавания физики в ср. Школе. М:провещение,1984 г.

5.В.П.Орехова, А.ВУсовой. Методика преподавания физики 8-10 классах. М: Просвещение 1980, 41-42.



Қосымша:

1. Ю.И.Дика и И.К.Турышева. Межпредметные связы курса физики ср. Школе. М: Просвещение,1987г

2. А.А.Покровского Кабинет физики ср. школы. М: Просвещение,1982 г.

Лекция мәтіні:

VIVII кластарда физикадан есеп шығару — оқу жұмысының қажетті элементі. Есептер кандай да бір нақты жағдайлар-да болып өтетін құбылыстарға физикалық заңдарды колдануды талап ететін жаттығулар үшін материал береді. Сондықтан олардың окушылардың білімін нактылауда, жалпы заңдардың түрлі көрінісін көре білуді дарытуда үлкен маңызы бар. Мұндай нақтылаусыз білімдердің практикалық бағасы болмайды, кітап жүзінде қалады.

Есептер шығару физикалык, заңдарды тереңірек және берік меңгеруге, логикалық ойлаудың дамуына, ұғымдылық, инициативалы болуға, ерік және койылған мақсатқа жетудегі табандылыққа себі тиеді, физикаға қызығушылығын оятады, өзіндік жүмыс дағдыларын бойына сіңіруге көмектеседі және өзіндік ой қорытуда бірден-бір қүрал болып табылады.

Есептер шығару процесінде кейде сабакта жаңа үғымдар және формулалар енгізуге, оқып үйренілетін заңдылықтарды түсіндіру, жаңа материалдың мазмүнына жақындата түсуге болады.

Физикалык есептердің мазмұны окушылардың табиғат пен техника жөніндегі білім шеңберін кеңейтеді, оларды қүрылыстың практикасымен таныстырады.

Оқушылар есептерді шығарғанда тікелей физикадан алған білімдерін қолдану қажеттілігімен кездеседі, теория мен практиканың байланысын тереңірек сезінеді.

Физика есептері мазмұны және дидактикалык мақсаттарына сай алуан түрлі. Оларды түрлі мазмүндағы көптеген есептер үшін неғүрлым типтік касиеттерін бейнелейтін әр түрлі белгіле-ріне қарай классификациялауға болады. Методикалык әдебиетте осы мәселеге байланысты түрлі көзқарастар кездеседі, бұл оның жеткіліксіз зерттелгенін көрсетеді.


2-Лекция


Тақырыбы: Оқушылардың білімдерін және шығармашылықтарын есептеудегі бақылау түрлері

(1 сағат)



Жоспары:

  1. Оқушылардың үлгерімін үнемі тексеріп отырудың маңызы.

  2. Білімдерді тексерудің тәсілдері.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.С.Е.Каменецкого. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы, М: “ Академия”, 2000 г.

2. Временный государственный стандарт. Общее среднее образование. Физика Под. Ред. Ю.И.Дико. М: РАО 1993 г.

3. В.С.Зворыкин и др. Методика преподавания физики в ср. Школе. М: Просвещение,1987 г.

4.В.Г.Разумовский и др. Основы преподавания физики в ср. Школе. М:провещение,1984 г.

5.В.П.Орехова, А.ВУсовой. Методика преподавания физики 8-10 классах. М: Просвещение 1980, 41-42.



Қосымша:

1. Ю.И.Дика и И.К.Турышева. Межпредметные связы курса физики ср. Школе. М: Просвещение,1987г

2. А.А.Покровского Кабинет физики ср. школы. М: Просвещение,1982 г.

Лекция мәтіні:

Оқушылардың үлгерімін тексеруді дүрыс ұйымдастыру олардың жүмыстарына бакылау жасау үшін кажет. Ол естің дамуына, оқушылардың ойлауы мен сейлеуіне эсер етеді, олардың білімін жүйеге түсіреді, сондай-ақ мұғалімнің колданған методының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді, дер кезінде тағайындау-ға, ал кейін оку процесінде оның кемшілігін болдырмауға кемек-теседі. Оқушылардың ездерінің оқу еңбегіне өне бойы есеп беріп тұруы оларды жауапкершілікке, еңбек тәртібіне тәрбиелейді.

Физикадан үлгерімді тексеруге — білімдерді, біліктер мен дағдыларды тексеру кіреді. Оқушылардың үлгерімін тексеруге негізгі талаптар — тексерудің жүйелілігі және бағанын әділ қо-йылуы.

Білімдерді, біліктер мен дағдыларды тексерудің негізгі тәсіл-дері мен формалары. Оқушылардың физикадан білімдерін ауызша (және жаппай сұрау, зачет) және жазбаша (бақылау жүмыстары, рефераттары), ал біліктер мен дағдыларды экспери-менттік және графиктік есептерді шығарудың, бақылау және ла-бораториялық жүмыстардың кемегімен тексереді.



Білімдерді тексерудің ауызша тәсілі. Ауызша тексеру окушы-лардың білімін тексерудің ең кен тараған тәсілі. Оның кемегімен мұғалім мен оқушының арасында тікелей байланыс жүзеге аса-ды. Білімдерді ауызша тексеруді сабактың басында, қайталау уақытында және жаттығулар процесінде жаңа материалды оқып үйренуге дайындык кезінде еткізуге болады, сондай-ақ сабақтың соңында жаңа материалды және езіндік жүмысты оқып үйренген соң еткізуге болады.

Білімдерді ауызша тексеру тәсілі екі формада өтуі мүмкін: жеке және жаппай.



Жеке-дара сүрау. Жеке-дара сұрауда оқушылардың бірі так-тада физикалық қүбылысты, зан, немесе қүрылғыны, прибордын, жұмыс істеу принципін, есептің шешуін жүйелеп түсіндіреді, тә-

Жаппай сұрау. Білімдерді жаппай тексеруді сабақтың кез келген кезеңінде өткізуге болады: материалды қайталағанда, жана материалды оқып үйрену процесінде, өзіндік жүмыетың түрліше формаларында. Бірак окушылардың білімдерія тексе-рудің тек жаппай формасымен әуестенуге және шектелуге бол-майды, өйткені оқушылар бұл жағдайда үсақ-түйек сұрақтарға жауап беруге дағдыланады да соңынан оларға логикалық жүйе-лі толық жауаптар беру қиынға соғады. БілімдерДі жаппай тек-серуді жеке-дара және білімдерді есепке алатын басқадай тәсіл-дермен үластыру керек.

Жаппай сұрауда оқушыға бағаны сүрау аяқталғанда, сон-дай-ақ сабактың аяғында коюға болады.


3-Лекция


Тақырыбы: Оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексерудегі бақылау жұмыстары

(1 сағат)



Жоспары:

  1. Білімдерді тексерудің жазбаша тәсілі

2. Дағдыларды тексерудегі бақылау жұмыстары
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.С.Е.Каменецкого. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы, М: “ Академия”, 2000 г.

2. Временный государственный стандарт. Общее среднее образование. Физика Под. Ред. Ю.И.Дико. М: РАО 1993 г.

3. В.С.Зворыкин и др. Методика преподавания физики в ср. Школе. М: Просвещение,1987 г.

4.В.Г.Разумовский и др. Основы преподавания физики в ср. Школе. М:провещение,1984 г.

5.В.П.Орехова, А.ВУсовой. Методика преподавания физики 8-10 классах. М: Просвещение 1980, 41-42.



Қосымша:

1. Ю.И.Дика и И.К.Турышева. Межпредметные связы курса физики ср. Школе. М: Просвещение,1987г

2. А.А.Покровского Кабинет физики ср. школы. М: Просвещение,1982 г.

Лекция мәтіні:

Білімдерді тексерудің жазбаша тәсілі бақылау жүмыстарын өткізу жолымен жүзеге асырылады. Жүмыстың ұзақтығы түрліше болуы мүмкін—10—15 минуттан бір сабақ бойына дейін. Физикадан жазбаша бақылау жүмысын өткізудің мақсаты — оқушылардың білімдерін айкындау және оларды нақты есептер үшін колдана білуі. Жазбаша тексеру уақытты үнем-дейді.

Бір сағатык бақылау жүмысын әдетте бір токсанда бір-екі рет еткізеді. Мүндай жүмыстың өткізілуі жөнінде мұғалім олар өз білімдерін етілген материал бойынша кайталауы және жүйеге түсіруі үшін кейде оқушыларды алдын ала ескертуі мүмкін, ал кейде мұндай жұмыстарды ескертусіз өткізген жөн. Қысқа уақыттык, 10—15 минуттық жұмыстарды оқушыларды арнайы ескертусіз өткізеді. Мүндай жүмыстар оқушылардың күнделікті материалды қалай меңгергенін кадағалауға мүмкіндік береді.

Бақылау жүмысына әдетте есептеу, графиктік есептер және сұрақтар енгізіледі. Есептерді олардың қиындығына қарай дұрыс реттеп алудың манызы зор. Күрделі есептер окушылардай көптеген көбінесе киындығы едәуір мәселелерде, бағдарлана білуді талап етеді. Алайда олардын кандай да бір дербес мәселедегі қиындыктардың салдарынан немесе ең басындағы математикалық есептеулердің киындығынан аяғына дейін жеткізілмеуі жиі болып тұрады. Бұл мұндай жұмыстың орындалуын, бағалауда тұйыққа тірейді. Сондықтан бақылау жұмысы үшін тым күрделі есептер алмау керек. Күрделі есептерді күшті оқушылар үшін косымша билеттерге енгізген жөн. Дурыс шығарылған қосымша есеп жұмысқа койылатын жалпы бағаны жоғарылатады. Бақылау жұмысының оқушылардың оны орындауда толық дербестігі қамтамасыз етілген уақытта ғана мағынасы болады.

Сондықтан бірдей киындықтағы билеттердін бірнеше түрлі варианттарын құрастырып және оларды қатар отырған оқушы­лар түрлі тапсырма алатындай етіп таратқан жөн.


4-Лекция


Тақырыбы: Физикадан экскурсиялар және олардың міндеттері

(1 сағат)


Жоспары:

1 . Мектеп экскурсиясы

2. Экскурсияны классификациялау

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.С.Е.Каменецкого. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы, М: “ Академия”, 2000 г.

2. Временный государственный стандарт. Общее среднее образование. Физика Под. Ред. Ю.И.Дико. М: РАО 1993 г.

3. В.С.Зворыкин и др. Методика преподавания физики в ср. Школе. М: Просвещение,1987 г.

4.В.Г.Разумовский и др. Основы преподавания физики в ср. Школе. М:провещение,1984 г.

5.В.П.Орехова, А.ВУсовой. Методика преподавания физики 8-10 классах. М: Просвещение 1980, 41-42.



Қосымша:

1. Ю.И.Дика и И.К.Турышева. Межпредметные связы курса физики ср. Школе. М: Просвещение,1987г

2. А.А.Покровского Кабинет физики ср. школы. М: Просвещение,1982 г.

Лекция мәтіні:

Мектепте экскурсиялар физика бойынша оку процесінде оқу сабақтары формасы ретінде берік қалыптасты. Физикадан экскурсиялар негізінен табиғатқа жасалған.

Орта мектепте оның өмір сүрген алғашқы күнінен бастап--ақ табиғатқа жасалатын экскурсиялармен қатар өндірістік экс­курсиялар кеңінен қолданылады.

Экскурсиялардың оқушыларды техника мен таныстырудағы ерекше маңызын ескере отырып, экскурсияны политехникалық білімнін ең маңызды қүралдарының бірі ретінде атап көрсеттілген.

Экскурсия оқушыларды табиғат және өндірісте болып жаткан құбылыстарды, процестерді бакылауға, олардың өзара байланыстылығына және өзара шарттастығына, техниканың дамуындағы ғылымның маңызын тереңірек түсінуге үйретеді.

Экскурсиялар кезінде оқушылар мекемелердің адамдарымен, олардын жасаған еңбегімен танысады. Экскурсияда оқушылар әр түрлі кәсіптер жөнінде түсінік алады, бұл — олардың кәсіптік бағдарлануы үшін маңызды.

Сейтіп, экскурсиялар физиканы окып үйренуді өмірге жакындатады, окып үйренілетін материалға кызығушылығын өрістетуге ықпал жасайды, табиғат құбылыстарымен және қазіргі техникамен таныстырады, оқушыларға кәсіп таңдауда көмектеседі.

Экскурсияларды мазмұны бойынша және оқу мақсатына ка­рай классификациялауға болады. Экскурсиялар мазмұнына ка­рай тақырыптық және комплекстік болып бөлінеді. Тақырыптық экскурсияларды қандай да бір тақырыпты немесе бөлімді оқып үйренуге байланысты өткізеді, комплекстік экскурсиялар физика бойынша жэне басқа оқу пәндері бойынша (химия, жаратылыс тану, математика, енбек) мәселелердің ауқымын кеңінен қамтиды.

Экскурсияларды дидактикалық мақсаты бойынша күнібүрынғы және корытындылаушы деп беледі. Біріншісін қандай да бір тақырыпты окып үйрену алдында оқушылардың жаңа тақырып-ты оқып үйрену үшін көріп-білу қорын жиңақтау мақсатымен өткізіледі. Қорытындылаушы экскурсиялар, такырыпты немесе бөлімді оқып үйренудің соңында, оқушыларды оқып үйренілген қүбылыстар мен заңдарды техникада қолданылуымен танысты-ру мақсатында өткізеді. .

5-Лекция


Тақырыбы: Экскурсияларды өткізу және ұйымдастыру әдістемесі

(1 сағат)



Жоспары:

  1. Мұғалімнің экскурсияға дайындалуы

  2. Экскурсия объектісі
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.С.Е.Каменецкого. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы, М: “ Академия”, 2000 г.

2. Временный государственный стандарт. Общее среднее образование. Физика Под. Ред. Ю.И.Дико. М: РАО 1993 г.

3. В.С.Зворыкин и др. Методика преподавания физики в ср. Школе. М: Просвещение,1987 г.

4.В.Г.Разумовский и др. Основы преподавания физики в ср. Школе. М:провещение,1984 г.

5.В.П.Орехова, А.ВУсовой. Методика преподавания физики 8-10 классах. М: Просвещение 1980, 41-42.



Қосымша:

1. Ю.И.Дика и И.К.Турышева. Межпредметные связы курса физики ср. Школе. М: Просвещение,1987г

2. А.А.Покровского Кабинет физики ср. школы. М: Просвещение,1982 г.

Лекция мәтіні:

Мұғалімнің экскурсияға дайындалуы. Экскурсиянын табысты болуы көбінесе оны ұйымдастырудың қаншалықты дұрыс ойласгырылуымен анықталады. Мұғалім әрбір экскурсияны еткізу алдында объектіні мұқият зерттейді, экскурсия тақырыбы бойынша арнайы әдебиетпен танысады, өндірістің схемасын құрады. Бұл экскурсияның мақсаты мен міндетін дәлдей түсуге, оның мазмұнын дұрыс аныктауға мүмкіндік береді.

Экскурсиялық объектімен танысканнан кейін экскурсияның екжей-текжейлі жоспарын кұру кажет. Жоспарда экскурсияның мақсатын, экскурсияның объектісін жүйелі көріп шығу, экскурсияның басты мәселелері, экскурсия алдындағы оқушылармен әңгіменің мазмұны және осы әңгімеде көрнекілікті қамтамасыз ету, оқушыларға тапсырмалар (жалпы, топтық, жеке), экскур­сия магериалын келесі жұмыста пайдалану, осының бәрін алдын ала ескерген жөн.

Бір мезгілде объектіні қанша оқушы көре алатынын дер кезінде айқындаудың маңызы зор. Осыған байланысты мұғалім класты экскурсияға бір мезгілде тұтасымен апару керек пе, топ­ка бөлу керек пе, шешіп алуы қажет, мәселен, егер экскурсияны завод цехында немесе лабораторияда өткізсе, класты екі топқа бөлген дүрыс. Экскурсияны кұрылыс алаңына немесе табиғатта өткізетін болса, класты бөлмеуге болады.

Экскурсия кезінде түсінікті мұғалім бере ме немесе өндіріс өкілі бере ме, бұл мәселенің де манызы аз емес. Егер мұғалім экскурсия еткізілетін обьектіні жаксы білсе, онда бәрінен де түсінікті өзі бергені дұрыс. Бұл оқушылардын ен, алдымен, карастырылуға тиіс объектілерге зейін тоқтатуына, ең бастысына тоқталуға, керексіз тәптіштеуден аулақ болуға мүмкіндік береді. Алайда кауіпсіздік техникасы бойынша және басқа да себептермен бүл әрқашан бола бермейді. Мүндай жағдайларда физика мұғалімі экскурсоводка экскурсияны өткізу тәртібі жөнінде қажетті методикалык кеңестер береді және экскурсия уақытында оның өткізілу тәргібін бақылап, оқушыларды дүрыс орналастыруға көмектеседі, олардың жұмыстарын қадағалайды. Егер қажет болса және белуге болса, онда оқушыларды екі топ­ка беледі, оның бірін — экскурсовод, ал екіншісін мұғалім алып жүреді.

Экскурсияларды өндіріс орындарында еткізгенде обьектілерді қарап шыкпас бүрын макеттерді, плакаттарды, таблицаларды пайдалана отырып, окушыларды технологиялық процестің жал­пы схемасымен таныстырғаны жөн болар еді (оқушылардың зейінін процестің физикалык негізіне тоқталдыра отырып).

6-Лекция

Тақырыбы: Физика сабақтарында сынып тақтасында сүреттер мен схемалар сызып қолдану


(1 сағат)

Жоспары:

  1. Сүрет және кескін салу

  2. График және нобайын салу
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.С.Е.Каменецкого. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы, М: “ Академия”, 2000 г.

2. Временный государственный стандарт. Общее среднее образование. Физика Под. Ред. Ю.И.Дико. М: РАО 1993 г.

3. В.С.Зворыкин и др. Методика преподавания физики в ср. Школе. М: Просвещение,1987 г.

4.В.Г.Разумовский и др. Основы преподавания физики в ср. Школе. М:провещение,1984 г.

5.В.П.Орехова, А.ВУсовой. Методика преподавания физики 8-10 классах. М: Просвещение 1980, 41-42.



Қосымша:

1. Ю.И.Дика и И.К.Турышева. Межпредметные связы курса физики ср. Школе. М: Просвещение,1987г

2. А.А.Покровского Кабинет физики ср. школы. М: Просвещение,1982 г.

Лекция мәтіні:

Физиканы оқыту, егер оқыту үнемі түсіндірме суреттермен коса айтылмаса, мүлде мағынасыз болып табылады, бүл мәселен, геометрияны чертежсіз оқып үйрену мүмкін еместігімен барабар .

Сурет те сөз сияқты — реал нәрселердің немесе қүбылыстар-дың жалпыланған бейнесі. Оныц орындалуы бәрінен де бүрын белсенді ойлау қызметіне негізделген, жай ғана «қарау» емес, сонымен бірге мәнді мен маңыздыны «көре» білу. Сурет — бүл физикалық қүбылыстарды және заңдарды оқып үйрену қүралы және оқушылардың физикалық ойлауын ерістететін құрал.

Суретті сала білу және сыза білу алуан түрлі кәсіп иелеріне қажетті политехникалық дайындықтың мақызды бір элементі. Суреттер мен чертеждер педагогикалық процестің түрлі жақтарына игі әсерін тигізеді, жаңа материалды түсіндіруді, оқушылардан сабак сүрауда немесе есептің шартын жазуда уақыт үнемдейді, мұғалімнің конспектісі мен оқушылардың жазғанын оқуға ыңғайлы етіп, неғүрлым көрнекі көрсетеді және тәртіптейді, материалды кайталауда еске түсіруді оңайлатады.

Мектепте оқушылардың бірыңғай орфографиялық тәртіп немесе бірыңғай математикалық мәдениет үшін күресі сияқты графикалық сауаттылығы үшін бірыңғай талап болуы тиіс. Физика сабақтарында мұғалім және оқушылар мыналарды білуі.кажет:

Приборлар мен қондырғылардың ең оңай «көркем», яғни перспективтегі нобайын (зарисовкасын) жасау;

көрсетілген объектілердің ортогональ проекциядағы схемалық суреттерін орындау;

приборлардың шартты белгілерін пайдаланып, схемалар сызу;

графиктер мен диаграммалар салу.

Көптеген жағдайларда физика сабактарында тек схемалык суреттер орындалады, мұның өзі проекциялық және техникалық сызу білімі мен дағдылары болуын және кейбір шартты белгілерді талап етеді.

Нәрселердің кеңістіктік, жазықтықтык және шартты (схема­лык) кескіндерін, бір ғана суретте ұластырудан аулақ болған жөн.

Көркем сурет мәселелерінен оқырманды арнайы әдебиетке сілтей отырып, көрсетілген суреттер мен чертеждердің түрлерін орындау ережелеріне мұкият тоқталайық.

Алдымен проекциясы суретте кескінделуге тиіс нәрсенің неме-се кондырғының нобайы салынады. Кейбір жағдайларда бұл жоғарыдан қарағандағы түрі (жолак магниттің айналасындағы үгіндінің орналасуы), екінші бір жағдайларда бүйірінен қара-ғандағы түрі (Эрстед тәжірибесіндегі өткізгіш астындағы маг-ниттік стрелка).

Қарастырылып отырған объектідегі ең бастысын ойша бөліп алады әдетте, нобай салуға бұл керек. Барлык көмекші және елеусіздеу детальдардың (тағандар, тұтқалар) нобайын мүлде жасамайды немесе шартты кескіндермен беріледі


7-Лекция


Тақырыбы: Диапозитивтер мен диафильмдер арқылы сабақты өту әдістері

(1 сағат)



Жоспары:

  1. Диапозитивтерді физика курсында пайдалану

  2. Оқу киносы
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.С.Е.Каменецкого. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы, М: “ Академия”, 2000 г.

2. Временный государственный стандарт. Общее среднее образование. Физика Под. Ред. Ю.И.Дико. М: РАО 1993 г.

3. В.С.Зворыкин и др. Методика преподавания физики в ср. Школе. М: Просвещение,1987 г.

4.В.Г.Разумовский и др. Основы преподавания физики в ср. Школе. М:провещение,1984 г.

5.В.П.Орехова, А.ВУсовой. Методика преподавания физики 8-10 классах. М: Просвещение 1980, 41-42.



Қосымша:

1. Ю.И.Дика и И.К.Турышева. Межпредметные связы курса физики ср. Школе. М: Просвещение,1987г

2. А.А.Покровского Кабинет физики ср. школы. М: Просвещение,1982 г.

Лекция мәтіні:

Эпидиаскоптық көмегімен үлкен өлшемді схемаларды дайындау оңай. Бүл мақсат үшін схема салуға арналған бір парақ таза кағазды алып, оны экран ретінде тақтаға іледі, суретті не схемапы эпископтың үстелшесіне қояды да экранға проекциялайды, суреттердің қағаздағы контурларын қара қарындашпен жүргізеді, одан кейін суретті (немесе схеманы) тушьпен, бояумен не түсті қарьшдашпен аяқтап шығады. / Диапроекция. Физика сабақтарында экранға мөлдір картииаларды: диапозитивтерді, диафильмдерді және кинофильмдерді проекциялау кең қолданылады.

Диапозитивтерді физика курсында пайдалану картиналардың, схемалардың және алуан түрлі суреттердің қолданылу облысын едәуір кеңейтеді.

Қазіргі уақытта физиканың көптеген тақырыптары бойынша диапозитивтердің арнаулы комплектісін жасап шығарылған, мысалы: «Жылу машиналары», «Космосты игеру», «Атом энергиясын халық игілігіне».

Бұл жиындар демонстрациялар жөнінде және диапозитивтерді физика сабақтарында пайдалану жөнінде басшылыққа алынуға тиіс методикалық нүсқаулар қоса берілген.

Диапозитивтер өз күштерімен дайындалуы да мүмкін. Оларда бақылау жүмыстарының текстері, жауаптарының варианттары берілген тапсырмалар, күрделі приборлардың схемалары, таблицалар т. б. сабақтарға кажетті дидактикалық материал түсірілуі мүмкін. Оларды демонстрациялау үшін «Свитязь» проек­торы ьщғайлы, оның кассетіне бірден 20 диапозитив салуға бо­лады.

Оқу киносы. Кино экранда проекцияланатын күбылыстар мен оқиғалар динамикасының арқасында ғажап көрнекілігімен ерекшеленеді. Сондықтан балалардың кинофильмдерге деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігі әбден түсінікті.

Кино, тек оған ғана тән, мысалы мультипликация сияқты баяулатылған және тездетілген съемкалар проекциялағанда тездетілген немесе баяулатылған қозғалыс беретін сияқты ерек-ше әдістермен пайдаланады.

Киноны дүрыс пайдаланған жағдайда мүғалім оқу процесін анағұрлым жандандыратын мүмкіндікке ис болады. Техникалық кинофильмдер — политехникалык оқытудың мацызды күралы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет