“ Математика және экономика” факультеті


Факультативтік курста оқып үйренілетін мәселелердің мазмұны, сондай-ақ оқыту методикасы төменде қарастырылады



бет5/22
Дата08.09.2017
өлшемі3,27 Mb.
#30419
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

2. Факультативтік курста оқып үйренілетін мәселелердің мазмұны, сондай-ақ оқыту методикасы төменде қарастырылады.

Факультативтік сабақтарда жүргізуге дайындық кезінде оптикалық немесе диапроектор сайлап алып, кабинетті қараңғылау керек, қараңғылай алмаған жағдайда курсты жүргізбей қоюға болмайды.

Программа әлі іс жүзінде жеткілікті түрде тексерілмегендіктен де біз міндеттелмеген оқумен істес болып отырамыз. Мұғалім өзінің талғамына, білім дәрежесіне сай, сондай-ақ демонстрацияға арналған құралдардың бар жоқтығына қарай, жеке мәселелерге бөллінген тиісті сағат санын өзгерте алады. Материалдың жинақталуына орай әр тақырыпқа кеткен уақытта өзгеріп отырады. Қандай болғанда да сол сәтте тәмамдалғандай болып көрінген мәселелерді әрі қарай жалғастыра берудің қажіті жоқ: мұның өзі оқушылардың сол сабаққа деген ынта- ықыласын төмендетеді, мұғалімніңде көңілі толмайды. Курсты табысты жүргізу үшін сабақтар тек оқушыларды ғана емес, мұғалімді де қанағаттандыруы тиіс, сондықтан айна мен линзадағы нәрсенің кескіндерін салуға қызықтырудың қажеті жоқ. Салу көп уақытты алады және оқушылардың ой-өрісінің дамуына елерліктей әсер ете алмайды.

11-Лекция


Тақырыбы: . Физикадан өткізілетін сыныптан тыс жұмыстар, олардың формалары мен әдістері

(1сағат)


Жоспары:

  1. Кластан тыс жұмыстың білімдік және тәрбиелік мәні

  2. Қазіргі педагогика тәжірибесінде физикадан кластан тыс сабақ
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.С.Е.Каменецкого. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы, М: “ Академия”, 2000 г.

2. В.С.Зворыкин и др. Методика преподавания физики в ср. Школе. М: Просвещение,1987 г.

3.В.Г.Разумовский и др. Основы преподавания физики в ср. Школе. М:провещение,1984 г.

4.В.П.Орехова, А.ВУсовой. Методика преподавания физики 8-10 классах. М: Просвещение 1980, 41-42.

Қосымша:

1.Ю.И.Дика и И.К.Турышева. Межпредметные связы курса физики ср. Школе. М: Просвещение,1987г

2.А.А.Покровского Кабинет физики ср. школы. М: Просвещение,1982 г.

Лекция мәтіні:

Кластан тыс жұмыстың білімдік және тәрбиелік мәні өте зор. Ол оқушыдарды белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, әр түрлі есептерді шығаруда творчестволық пен ойлануға және оларда ұйымдық пен жолдастық сезімін тәрбиелеуге мүмкіндік бе­реді

Қазіргі педагогика тәжірибесінде физикадан кластан тыс сабақ өткізудіц әр түрлі формалары жинақталды. Олар негізінеи: физикалық және физика-техникалык үйірмелер, кештер мен конференциялар, оқушылардың баяндамалары мен рефераттары, физика мен техникадан кластан тыс оқу, физикалық олимпиадалар мен конкурстар, физикалық лекторийлер, сонымен қатар физика мен техникадан көрмелер ұйымдастыру, кабырға газетін, бюллетень мен журналдар шығару, оку және ғылыми-көпшілік кинофильмдер көру, программадан тыс экскурсияларға шығу болып табылады.
12-Лекция

Таќырыбы: Физикалық және тематикалық үйірмелер

(1 сағат)

Жоспары:


  1. Жүйелі сыныптан тыс сабақ

  2. Үйірме ұйымдастыру
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.С.Е.Каменецкого. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы, М: “ Академия”, 2000 г.

2. Временный государственный стандарт. Общее среднее образование. Физика Под. Ред. Ю.И.Дико. М: РАО 1993 г.

3. В.С.Зворыкин и др. Методика преподавания физики в ср. Школе. М: Просвещение,1987 г.

4.В.Г.Разумовский и др. Основы преподавания физики в ср. Школе. М:провещение,1984 г.

5.В.П.Орехова, А.ВУсовой. Методика преподавания физики 8-10 классах. М: Просвещение 1980, 41-42.



Қосымша:

1. Ю.И.Дика и И.К.Турышева. Межпредметные связы курса физики ср. Школе. М: Просвещение,1987г

2. А.А.Покровского Кабинет физики ср. школы. М: Просвещение,1982 г.

Лекция мәтіні:

Жүйелі түрде жүргізілген кластан тыс жүмыс оқушылардың қабілетін дамытуға және олардың физика мен техниканың белгілі бір саласына деген ерекше ықыласын қалыптастыруға әсер етеді. Әлбетте физикалық және физика-техникалық үйірмелерде осындай жұмыстар іске асырылады.

Үйірме сабақтарын ұйымдастыру. Мұғалім алдымен оқушыларды зерттеп, олардың ішінен физика мен техникаға қызығушыларын бөліп алуы керек. Мұғалімнің оқушыларды алдын ала жаксы білуі, оған олардың өз ынтасы мен қабілетіне сәикес үйірме таңдауына көмектесуге, сонан соң үйірме мүшелеріне тапсырмаларды дүрыс бөліп беруіне мүмкіндік береді.

Әр үйірме мүшелерінің саны 12—15-тен артық болмауы тиіс.

Үйірме жүмысының жоспары мен мазмүнын мектеп оқушыларыныц ынтасымен, жеке басының ерекшелігі меи жас ерекшелігіне қарай құру керек. Бірақ үйірме жүмысының жалпы бағытын мүғалім алдын ала өзі анықтайды. Оны таңдап алу мүғалімнің көздеген мақсаты мен дайындық дәрежесіне, окушылардың тілегіне, мектеп талабына, физика кабинетініц жабдыкталу жағдайына, материалдардын, бар-жоғына және бірқатар басқа да факторларға байлаиысты. Мысалы, мүғалім физика кабинетін жабдықтау жөнінде жалпы мәселе қойып, осының негізінде бұл жұмысқа катынасқысы келген оқушылардан үйірме қүруына болады.

Үйірме мүшесіне берілетін тапсырма әрі оның шамасы жететіндей, әрі жеткілікті дәрежеде күрделі болуы керек. Аса терең ойлану мен творчествоны қажет ететін тапсырманы орындағанда ғана оқушы моральдық қанағаттанушылық алатыны және оған пайдалы болатыны ескерілуі қажет. Сондықтан эр тапсыр­ма олар үшін жаңа, сапа жағыиан олардын жүмысының есу сатысы болуы тиіс.
13-Лекция

Таќырыбы: Мектеп олимпиадалары және физикалық кештер

(1 сағат)



Жоспары:

  1. Мектептегі пән олимпиадасы.

  2. Физикалық кештер
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.С.Е.Каменецкого. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы, М: “ Академия”, 2000 г.

2. Временный государственный стандарт. Общее среднее образование. Физика Под. Ред. Ю.И.Дико. М: РАО 1993 г.

3. В.С.Зворыкин и др. Методика преподавания физики в ср. Школе. М: Просвещение,1987 г.

4.В.Г.Разумовский и др. Основы преподавания физики в ср. Школе. М:провещение,1984 г.

5.В.П.Орехова, А.ВУсовой. Методика преподавания физики 8-10 классах. М: Просвещение 1980, 41-42.



Қосымша:

1. Ю.И.Дика и И.К.Турышева. Межпредметные связы курса физики ср. Школе. М: Просвещение,1987г

2. А.А.Покровского Кабинет физики ср. школы. М: Просвещение,1982 г.

Лекция мәтіні:

Мектепте олимпиада өткізу үшін физикаға арналған тақырыптардан есептер жинғы және тест тапсырмалары құрылады. Олимпиадаға сынып оқушыларынан таңдап алынып яғни , физика және техникаға қызығушылығы көп оқушылар теріліп алынады. Олимпиада екі немесе үш басқыштан болуы мүмкін.



  1. Тест тапсырмалары.

  2. Есептер шығару

  3. Зертханалық жұмыстар

Физикалық кештерді дайьндау. Физикаға арналған кештің қандайы болмасын мүқият және үзақ дайындауды керек етеді. Оған дайындауды кештен 2—3 ай бұрын бастау керек. Кешті дайындаушылар мен атқарушылардың бірінші үйымдастыру жиналысында мүғалім кештін үлгі-жоспарын үсынады. Жоспар талқыланып болғаннан кейін оған қатысатындарға тапсырмалар белініп беріледі. Кешке қатысушыларды бірнеше топқа бөледі: баяндамашылар; тәжірибе дайындауға жауапты оқушылар; ха­барландыру жазып, газет, бюллетеньнің арнаулы немірін шыға-руға жауаптылар; сахна мен залды жабдықтаушылар және т. б. Әр топтын дайындық жүмыстарының, сондай-ақ жеке тапсырмалардың орындалу мерзімі тағайындалады.

Барлық дайындық жұмыстары бітіп, кешке бірнеше күн калғанда, кештің әр бөлімін талдай отырып жалпы репетиция өткізіледі. Оны кеш ететін орында өткізген дүрыс. Мүнда кешті өткізуші оқушылардын өздерінін қашан шығатын кезегін жақсы біліп, еркін және мұғалімнің көмегінсіз өз бетінше әрекет етуіне, сахнадағы қимылдарынын, дәл және үйлесімді орындалуына, сондай-ақ жұмыстың бір түрінен екіншісіне өткенде үлкен үзіліс болмауына ерекше көңіл бәлу керек.



Кешке бірнеше күн қалғанда әдемілеп безендірілген хабар­ландыру мен кештің программасы ілінеді. Жақсы безендірілген хабарландыру оқушылардың зейінін аударады да, оларда қалай да кешке қатысам деген тілек пайда болады,

14-Лекция


Тақырыбы: Физиканы оқытудағы проблемалық әдістер.

(1-сағат)



Жоспары:

  1. Проблемалық оқытудың негізгі міндеті..

  2. Проблемалық сабақ.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.С.Е.Каменецкого. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы, М: “ Академия”, 2000 г.

2. Временный государственный стандарт. Общее среднее образование. Физика Под. Ред. Ю.И.Дико. М: РАО 1993 г.

3. В.С.Зворыкин и др. Методика преподавания физики в ср. Школе. М: Просвещение,1987 г.

4.В.Г.Разумовский и др. Основы преподавания физики в ср. Школе. М:провещение,1984 г.

5.В.П.Орехова, А.ВУсовой. Методика преподавания физики 8-10 классах. М: Просвещение 1980, 41-42.



Қосымша:

1. Ю.И.Дика и И.К.Турышева. Межпредметные связы курса физики ср. Школе. М: Просвещение,1987г

2. А.А.Покровского Кабинет физики ср. школы. М: Просвещение,1982 г.

Лекция мәтіні:

Проблемалық оқытудың негізінде оқу проблемасы жатыр, оның мәні — оқушыға белгілі білім, шеберлік және дағдылар мен үғыну және түсіндіру үшін бүрынғы білімдер жеткіліксіз болатын жаңа фактілер, қүбылыстар арасындағы диалектикалык қайшылық. Бүл кайшылық білімді творчестволықпен игерудің козғаушы күші қызметін аткарады.

Проблемалық оқыту — жалпы окыту атаулы сияқты, екі жак­ты процесс. Ол, бір жағынан, проблемалык сабақ беруді (мұғалімнің қызмет сферасы), екінші жағынан, проблемалық окуды (оқушылардьщ қызмет сферасы) қамтиды.

Проблемалык сабак беру (оқыту)—бұл мүғалімнің оқу проблемаларын алға кою және проблемалык ситуациялар жасау, оқушылардын оқу проблемаларын шешудегі оқу қызметін басқару жөніндегі қызметі.

Проблемалық оқу — бұл оқушылардын білімді меңгеру жөніндегі ерекше түрде үйымдастырылған қызметі, бұл қкзмет барысында окушылар өздерінін алдына койылған проблемалардың шешімін табуға қатысады.

Проблемалык окытуды ұйымдастырудьщ мектеп окушыларының ойлауын дамыту үшін зор маңызы бар, өйткені проблема­лык ситуациядан «ойлау басталады». Проблемалық оқыту оқушылардың ізденіс қызметін үйымдастыруды, проблемалық сипаттағы есептерді шығару жөніндегі белсенді акыл-ой қызметінің негізінде білімдерді меңгеру, сондай-ақ білім алу методтарын игеруді талап етеді.

Проблемалык окытуды жүзеге асыру үшін төмендегі шарттар қажет:

оқу материалында оқушылар үшін проблемалар бола алатын есептердің, мәселелердің, тапсырмалардьщ болуы;

мұғалімнің проблемалық ситуация жасай білу шеберлігі; оқушылардың бойында проблеманы ашу мен тұжырымдау және оны шешудің тәсілдерін өздігінен табу шеберліктері мен дағдыларын біртіндеп жоспарлы дамыту;

мүғалімнің оқу материалындағы проблемалық мәселелерді ажыратуға бағытталған сабаққа әзірленуінің арнайы жүйесі.

Оқу материалын бұлайша даярлау үшін мүғалім оны әр түрлі кезқарас тұрғысынан: ғылыми (негізгі үғымдарды бас-басына ажырату, олардың өзара байланыстары), психологиялық (кете-рілген проблемаларға класс пен жекелеген окушылардын калай қарайтынын алдын ала болжап білу), логикалык, (мәселелерді, міндеттерді, тапсырмаларды, оларды үйлестіру жүйесін белгі-леудің дәйектілігі), дидактикалык (проблемалык ситуациялар жасаудың кажетті әдістері мен методтарын таңдау) талдап шы-ғуға тиіс.

Проблемалык окытуды жүзеге асыру мүғалімнің кызметін ерекше түрде ұйымдастыруды ғана емес, сонымен бірге окушы­лардын іс-әрекетін де ерекше түрде үйымдастыруды талап етеді.

Мұғалімнің проблемалык ситуация жасау жағдайындағы оқушының әрекеттері төмендегідей логикалық дәйектілікпен жүргізіледі:

проблемалық ситуацияны талдау;

проблеманың түжырымдалуы (қойылуы) немесе мүғалімнің тұжырымдалуды сезіп түсінуі және қабылдауы;

проблеманы шешу: ұйғарымдар жасау; гипотезаны негіздеу (ұйғарымдардың ішінен проблеманы шешудің ықтимал жолы ретінде біреуін дәлелге сүйеніп тацдап алу); гипотезаны дәлелдеу (теориялык немесе эксперименттік); шешімніц дүрыстығын тек­серу.

Проблеманың күрделілік дәрежесіне, даралық ерекшеліктері мен ойының даму децгейіне байланысты окушы жекелеген кезеңдерден «аттап кетуі» мүмкін. Мысалы, мүғалім қойған проблеманың мәнісін айқындап алғаннан кейін, ол ойлап табу жолы­мен бірден проблеманы шешудің дұрыс әдісін үсынуы мүмкін.

15-Лекция


Тақырыбы: Бағдарлы мектептердегі физиканы оқытудың әдістемелік ерекшеліктері

(1-сағат)



Жоспары:

  1. Бағдарлы оқытудың енгізілуі.

2. Қолданбалы курстың бағдарламасы.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.С.Е.Каменецкого. Теория и методика обучения физике в школе. Частные вопросы, М: “ Академия”, 2000 г.

2. Временный государственный стандарт. Общее среднее образование. Физика Под. Ред. Ю.И.Дико. М: РАО 1993 г.

3. В.С.Зворыкин и др. Методика преподавания физики в ср. Школе. М: Просвещение,1987 г.

4.В.Г.Разумовский и др. Основы преподавания физики в ср. Школе. М:провещение,1984 г.

5.В.П.Орехова, А.ВУсовой. Методика преподавания физики 8-10 классах. М: Просвещение 1980, 41-42.



Қосымша:

1. Ю.И.Дика и И.К.Турышева. Межпредметные связы курса физики ср. Школе. М: Просвещение,1987г

2. А.А.Покровского Кабинет физики ср. школы. М: Просвещение,1982 г.

Лекция мәтіні:

Физиканы оқыту жаңа компьютерлік технологиялардың көмегімен тереңде толық орындалады.

Осы тұрғыда ғалымдар Ж. Қараев және Б. Абыканова “ Компьютерная образовательная среда в обучении физике ” деген мақаласында компьютердің білім беру жүйесіне енгізілуі оқыту технологиясында төңкеріс жасағанын айтады. Компьютерді пайдалану модельдік экспериментті жеңілдедетеді және нақтылы эксперимент нәтижелерін есептеуде, қорытуда зор көмек көрсетеді.

Компьютермен орындалатын жұмыс түрлері жөнінде профессор Ж. Қараев студенттерді оқыту кезінде қолданылатын мынадай жұмыс түрлерін атаған:



  • диогностика,

  • оқыту режимі,

  • компьютерлік оқыту жағдайында физика курсынан өтілген тақырыпты біріктіруге арналған есептерді шығару кезінде қарапайым білік пен дағдыны қалыптастыру,

  • зертханалық жұмыс жүргізу кезіндегі өлшеу режимі,

  • күрделі працестерде моделдеу режимінде компьютерлік оқыту құралдарының мүмкіндігн пайдалану,

  • оқылатын материалдық сызбалық иллюстрациясы,

  • деректер базалармен жұмыс.

Орта буын мұғалімдерге компьютерлік технологияларды пайдалану жөнінде білім жетілдіру әліде жеткіліксіз. Мектепте компьютерлік класс орнатылса да бұол кемшілік тез түзеліп кете алмай тұр. Компьютер класының мүмкіндіктері физика сабағын оқытуға қалай пайдалануға болатынын өз іс – тәжірибемізден көрсетейік.

Бірнеше жағдайға тоқталуға болады:



  • Дайын оқулық компакт – дискілерді пайдалану.

  • Жаңа тақырып түсіндіруде компьютердің көрнекілік, программалау және есептеу мүмкіндіктерін пайдалану.

  • Интернеттен жаңа мәліметтер іздеу, оны пайдалану.

  • Оқушылардың білімін тексеруде компьютерді пайдалану.

  • Дидактикалық, үлестірмелі матеориалдар дайындау.

  • Дарынды балалармен сабақтан тыс жұмыстарда компьютерді пайдалану.

2. Үстіміздегі оқу жылында республиканың жалпы білім беретін мектептерінің жоғары сыныптарына бағдарлы оқытудың жаппай енгізілуі әртүрлі деңгейдегі білім ұйымдарынан, жалпы педагогикалық қауымнан ауқымды іс шаралар жүргізуді талап етті. Солардың қатарында Алматы облыстық мұғалімдер біліктілігін арттыру институтыда білім беру саласының мамандары үшін конференция, семинар, лекциялар өткізіп, осы өзекті мәселенің дұрыс шешілуіне елеулі үлес қосып отыр.

  1. Таңдалып алынған оқыту бағдарына сәйкес қолданбалы курстың тақырыбы “ Дифференциалдық және интегралдық есептеулер “ .

  2. Курстың білім мазмұны құрылымындағы орны.

  3. Бағдарламаның түсінік хаты

Курстың мақсаты: оқушыларға бір аргументті және көп аргументті функциялардың дифференциалдық, интегралдық есептеулері жайлы толық, терең түсініктер бере отырып, қазіргі заман талабына сай есептей алу қабілеттерін дамыту.

5. Қолданбалы курсты ұйымдастыру формасы: лекция, практикум, тренинг.



  1. Қолданбалы курсты оқытуды аяқтау формасы: реферат, баяндама, сынақ, тест.


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария” университеті



Математика және экономика ” факультеті

“Жалпы математика және физика” кафедрасы



“Физиканы оқыту әдістемелері” пәні бойынша


050110 –физика мамандықтарының студенттері үшін

Практика сабақтары

Жетісай – 2008 ж.




Тақырыбы, мазмұны

Сағат саны

Өткізілетін уақыты

Ұпай саны

1

2

3

4

5




1 модуль.

1

1. Сабақ

1










Кинематика

    1. Кинематика негіздері

    2. Оларға есептер шешу










2

2. Сабақ

1










Көргезбелі құралдарды дайындау

    1. Тақырып бойынша көргезбелі құрал дайындау

    2. Оны талдау






0,5 балл


3

3.Сабақ.

1










Факультативті сабақ өткізу

3.1 Тақырыпты таңдау

3.2 Сол тақырып боынша мәтіндер мен көргезбелі құрал байындау







0,5 балл





2. Модуль.

4

4. Сабақ

1










Динамика негідері

4.1 Динамика негідері

4.2 Оған есептер шешу








0,5 балл


5

5. Сабақ

1










Сұйықтар мен газдар механикасы

5.1 Сұйықтар мен газдар механикасы

5.2 Оларға есептер шешу








0,5 балл

6

6. Сабақ

1










Статика элементтері

6.1 Статика элементтері

6.2 Оларға есептер шешу








0,5 балл




3. Модуль.

7

7. Сабақ

1










Молекулалық физика заңдары

7.1 Молекулалық физика заңдары

7.2 Оларға есептер шешу








0,5 балл





4.Модуль.

8

8.Сабақ.

1










Термодинамика заңдары

8.1 Термодинамика заңдары

8.2 Оларға есептер шешу







0,5 балл





5.Модуль.

9

9. Сабақ

1










Электростатика заңдары

9.1 Электростатика заңдары

9.2 Оларға есептер шешу







0,5 балл


10

10. Сабақ

1










Электродинамика заңдары

10.1 Электродинамика заңдары

10.2 Оларға есептер шешу







0,5 балл


11

11. Сабақ.













Тербелістер және толқындар.

11.1 Тербелістер және толқындар.

11.2 Оларға есептер шешу


1



0,5 балл


12

12. Сабақ

Оптика заңдары

12.1 Геометриялық және фотометриялық оптика заңдары

12.2 Оларға есептер шешу



1



0,5 балл


13

13. Сабақ

Кванттық оптика заңдары

13.1 Кванттық оптика заңдары

13.2 Оларға есептер шешу



1



0,5 балл


14

14. Сабақ

Атом құрылысы

14.1 Атом құрылысы

14.2 Оларға есептер шешу



1




0,5 балл

15

15. Сабақ

Атом ядросының құрылысы

15.1 Атом ядросының құрылысы

15.2 Оларға есептен шешу



1




0,5 балл




Барлығы

15 сағат




7 балл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет