өлшеулі ғұмыр әрбір секунд сайын ап-ауыр ащы там-
шыдай тырс-тырс тамып таусылып барады.
Оның кә-
дірін Шора міне тап қазір жерортадан асып, аңырғы
сағат таянғанда біліп отыр. Бір тыным таппай жұмыс-
жұмыс деп жүргенде күллі өмірі байқаусызда өте шы-
ғыпты. Арманы көп еді, бәрі бірдей орындала берме-
ді, маңеатының кейбіріне жетті, кейбіріне жетпеді. Ар-
палысты, адал болуға тырысты,
бірақ кейде табаныма
батпасын деп ойқыш-ойқыш жерлерді айналып өтпек-
ші болып, ымырашылдыққа барған жерлері де болды.
Бірақ ол ңияң тасты айналып өте алмады. Өзі бетпе-бет
көлуден сескеніп жүретін күш оны енді жарға әкеліп
тіреп ңойды. Шеғінерге жері жоқ, жолдың біткен жері
еді бұл. Әттең дүние, мұндай боларын бұрынырақ білсе
ғой, жұрттың көзіне тура қарауға бұрыныраң ұмтыл-
ғанда ғой...
Ал уақыт шіркін ап-ауыр ащы тамшыдай тырс-
тырс тамып таусылып барады.
Кісілер мұнша кешігер
ме, мұнша ұзақ күттірер меі
«Апыр-ай, айтып үлгірсөм екен,— деді Шора үрей-
леніп.— Тек айтып үлгірсем екен! Өшіп бара жатқан
өмірді үнсіз ащы айқаймен тоқтатардай жанталасты.
Өзіне өзі дем беріп, соңғы соғысқа дайындалды.— Бә-
рін бүкпей айтамын. Істің қалай болғанын, бюроның
ңалай өткенін, Танабайды партиядан қалай шығарға-
нын — бәрін айтамын. Білсін бәрі: Танабайды партия
дан шығаруға мен келіспеймін. Алданов туралы пікі-
рімді де айтамын. Мейлі, менен кейін талңыласын
оның мөселесін. Коммунистер өздері шешсін. Өзім ту
ралы да жасырмай айтамын. Колхозымыз туралы,
адамдарымыз туралы айтам... Тек үлгерсем екен,
тезі-
рек келсе екен жұрт^ тезірек...»
Бірінші болып өйелі жүгіріп жетті. Қолында дәрісі
бар. Үрейі ұшып, дауыс ңылып, жылап жүр:
— Ойбай-ау есің дұрыс па сенің? Жиналысңа
тоятын уаңытың болған жоң па, сірә? Жүр үйгө. Ңа-
рашы, өзің түріңе. Ңұдайым-ау, тым болмаса өзіңді ая-
саңшы!
Ңұлақ қояр Шора болмады. Дөрісін ішіп, ңолын
сермеді. Тісі
стаканға тиіп сақ-сақ етеді, омырауына
су төгіліп кетті.
— Ештеңе етпейді, тәуір боп қалдым енді,— деді
ол ентігін басуға тырысып.— Сен есіктің алдында күтө
тұр, жиналыс біткен соң мені үйге алып қайтасың. Ңо-
рыңпа, бара ғой.
147
Сырттан кісілердің келе жаткан абыр-сабыр дыбы-
сы естілгенде Шора бойын жазып, аурудың азабын
тұншықтырып тастап, өзінің аңырғы парызын орындау
үшін бар күшін жинап баңты.
— He боп қалды? Не болды, Шора? — деп сұрады
келген кісілер.
— Ештеңе де болған жоқ.
Бәрі жиналсын, қазір ай-
тамын,— деді Шора.
Ал уақыт шіркін ап-ауыр, ащы тамшыдай тырс-
тырс тамып таусылып барады.
Коммунистер жиналып болған кезде парторг Шора
Саяңов орнынан тұрды да, басынан бас киімін алып
ңойып, партия жиналысын ашың деп жариялады...
Достарыңызбен бөлісу: