Ң о в о л гт л с а ры повестер мен әҢгімелер ьжазушы баспасы


Өлтіріп сені, Ңарағұл ботам



Pdf көрінісі
бет21/49
Дата21.05.2024
өлшемі11,82 Mb.
#202678
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49
Өлтіріп сені, Ңарағұл ботам,
ЭКалгыз да қалдым, Ңарағұл ботам,
Тағдырым мені ңарғады, ботам.
Тагдырым мені арбады, ботам,
Мергендікті саған үйреттім, ботам,
Енді мені күйреттің, ботам,
Ңырып та жоііып, қираттың, ботам.
Ж асаганның мақлүгын, ботам,
Неге сен атып жойдьщ, ботам,
Варлатып мені қойдың, ботам.
164


Жалғыздық зауал келтірдің, ботам,
Өз қолыммен сені өлтірдім, ботам.
Танабай киіз үйдің сыртында селт етпей тыңдап 
отыр. Көнеден келе жатқан ңыррыз зарын естігенде, 
көңілі бұрынғыдан бетер босады. Ңараңғыда көлбеп 
жатңан тілсіз таудың ар жағынан аңырын ғана ай ту- 
ып келе жатты. Таудан асып, найзатастардың ұшына 
ілініп, толықсып тұрып ңалды. Танабай өлген досынан 
сонда тағы да кешірім сұрады.
Киіз үйдің ішінде Жайдар болса асқан аңшы, тең- 
дессіз мерген Ңарағұл жайлы зарлы жырды шаңқобыз- 
бен күңіренте берді:
Кең-Ңолдың басы кең шебер, ботам,
Ңансырап жатсың, Ңарағұл ботам.
2 3
Таң да жаңындап қалды. Өлейін деп жатқан аттың 
басында, алау оттың ңасында отырып, Танабай өз өмі- 
рінің келесі кезеңдерін есіне алды.
Сонау бір сергелдең күндері оның облыс орталы- 
ғына барып ңайтңанын ешкім білген де жоң. Ақырғы 
жасаған әрекеті еді. Ана жылы ауданда өткен кеңесте 
сөз сөйлеген обком секретарына бір жолығып көрейін, 
бар сырын мұң-мұқтажын айтайын деп еді. Жүзі жы­
лы еді, бір тыңдаса сол тыңдап, көмектесер деген. Оны 
марңұм Шора да, басқалар да мақтап, тәуір атап жүре- 
тін. Бірақ ол кісіні басқа облысңа ауыстырып жібер- 
генін Танабай обкомға келгенде бір-аң білді.
— Оның басқа облысңа ауысңанын естімеп пе еді- 
ңіз?
— Жоң.
— Өте бір зәру жұмысыңыз болса, жаңа секре- 
тарьға айтайын, ол кісі қабылдайды,— деді қабылдау 
бөлмесіндегі хатшы әйел.
— Жоқ, раңмет,— деді Танабай.— Мен өз жеке 
шаруаммен келіп едім, бұрынғы секретарды танушы 
едім, ол мені білуші еді, әйтпесе жұртты әуре етіп нем 
бар. Айып көрмеңіз, сау болыңыз.— Обкомнан шығып 
бара жатып, өзінің бұрынғы секретарды танитынына, 
оның да мұны білетініне Танабай шек келтірмеді. Об­
ком секретары колхоздың шопаны Танабай Бақасовты 
жыға таныса, несі бар? Олар таныс болып, бірін-бірі 
сыйлауға әбден реті бар, жаңа хатшыға айтқаны да 
сондыңтан.
165


Танабай көшегө түсіп, автобус станциясына қарай 
келе жатқан. Сырахананың тұсынан өте бергенде ма- 
шинаға бос бөшкелерді тиеп жатқан екөуге көзі түсті. 
Біреуі машинаның үстіндө тұр да, екінші бос бөшкенІ 
жоғары домалатып шығарып жатыр. Әлгі екінші жігіт 
кенет жалт ңарап, Танабайды көрді де, қалт тұрып, өңі 
өзгеріп сала берді. Бұл Бектай еді. Көлбеу тұрған бөш- 
кені тіреп тұрып, Танабай не айтар екен дегендей сілеу- 
сін көздері ызғар шашып қадалды да қалды.
— Немене, ұйыңтап ңалдың ба-ей? — деп машина- 
ның үстіндегісі асықтырды.
Көлбеудө тұрған бөшке төмен сырғанайды, оны 
Бектай бүктетіліп шірене итеріп тұрып, Танабайдан кө- 
зін алмады. Бірақ Танабай сәлемдескен жоң. «Е, сен 
мұнда екөнсің ғой. Осындамын де. Дұрыс-ақ. Айтары 
жоң. Сыра шаруашылығына кірістім де,— өзіне өзі 
осылай деп Танабай кете барды.— Есіл жігіт ңор бола- 
ды-ау, а! — деді де жүрісін бөсеңдетті.— Төп-төуір 
адам боп кетер еді-ау, барып сөйлессем бе екен?> Бек- 
тайды аяп кетіп, кейін қайтпақшы да болды, егер түсі- 
ніп дұрыс жолға түссе, өткен-кеткенді кешірмекші дө 
болды. Біраң, ңайтып бармады. Егер Бектай мұның пар- 
тиядан шығарылғанын білсе бәрібір өңгіменің сәні кел- 
мес. ІСекшіл жігіттің табасына ңалып, өзін тағдырын, 
партиядан шығарылғанына ңарамастан, өзі адал бе- 
рілген маңсатын Бөктайға ңорлатңысы келмеді. Сей- 
Tin, 
қайырылмастан кетіп ңалды.
Жол-жөнекей кездескен бір машинаға отырып 
алып, Бектайды ойлаумен болды. Төмен сырғанаң- 
таған бөшкені бүктетілө тіреп, сілеуеін көзі ызғар ma­
nia қарап қалғаны Танабайдың көз алдынан кетпей 
қойды.
Соңыра Бектай сотталды. Сотта Танабай Бектай 
отарды тастап кетіп қалды, дөгеннен басқа ештеңе аііт- 
қан жоң. Бектай өз қатесін түсініп, опынып, кінөсін 
мойнына алса екен дөп тілөді. Біраң БектаЙ ештеңе дв 
түсінбөсө керек, қатесін мойындау ойына да кіріп шық- 
ңан жоң.
Түрмеден босанып шықңан соң, маған кел, тіршілін 
жайын ақылдасайың,— деді ол Бектайға. Бектай жа- 
уап бермөді, басын да көтермеді. Танабай не десін, кетө 
барды. Партиядан шыгарылғалы бері өзінө өзі сенің- 
кірмей, көрінгеннің алдында өзін кінөлі сезініп, пұ- 
шайман халгө түсіп барады. Имөншек болып барады. 
Бұлай болады деп ғұмырында ойлямап сді. Ешкім оны
166


көзінен шұңып, көкірегінөн итеріп жатпаса да, ңарап- 
тан-қарап жүріп жасңаншаңтап, жұрттан, сөзден ңаш- 
ңаңтап, үндемес болып бара жатты.
24
Алау оттың ңасында Гүлсары жорға басын жергв 
салып ңимылсыз жатыр. Тұла бойынан тіршілік белгі- 
сі біртө-бірте көтіп барады. Кеудесі сырылдап, кеңірде- 
гі қырылдап, от-жалынға кірпік ңаңпай ңарап ңалған, 
шарасынан шыға жаздап шатынаған көздерінің жана- 
ры сөніп барады, серейген аяқтары ағашңа ұсап ңа- 
ңайып ңалды.
Танабай болса жорғамен қоштасып, аңырғы сөзде- 
рін арнап отыр. «Сен, жануар, жылңыда асңан тұлпар 
едің, Гүлсары. Сен менің ңанатым едің, Гүлсары. Ме- 
нің ең жарқын жылдарым, өмірімнің ең шұрайлы кө- 
зеңі сенімөн бірге кетіп барады, Гүлсары. Сен менің 
есімде мөңгі саңталасың, Гүлсары. Сен менің көз ал- 
дымда сөніп барасың, тұлпар туған Гүлсары. Бір кез- 
дердө о дүниедө кездесерміз, Гүлсары. Біраң о жайда 
сенің тұяң дүбіріңді есіте алмаспын. О дүниеде сен 
дүбірлетіп шабатын жол да жоқ, тұяқ тірер жер де 
жоқ, онда шөп өспес, тіршілік тынысы соқпас. Бірақ 
өзір менің көзім тірі тұрғанда сен өлмейсің, Гүлсары. 
Өйткені сен ұдайы менің есімде боласың, Гүлсары. Се- 
нің тұяқтарыңның дүбірі менің ңұлағымда өдемі өуен 
болып мәңгі ңалады».
Танабай осыны айтып, уаңыт шіркін мына жорға- 
ның шабысындай болып көзді ашып жұмғанша өтө 
шыңқанына өкінді. Өзінің тым ертө ңартайып ңалға- 
нына мұңайды. Бәлкім Танабай өзін шал санауы өлі 
ертерек тө шығар. Біраң адамның ңартаю-ңартаймауы 
жасңа байланысты емес, кісінің көңілінө байланысты 
болса керек. Ңартайдым, кәрі ңойдың жасындай жа- 
сым ңалды, төрімнен көрім жақын деп мойынсұнып 
отырса — ңаусағаны.
Осы түннің ішінде, өлейін деп жатңан жорғаның 
ңасында отырып, Танабай бүкіл өз өмірін көңіл елегі- 
нен қайта бір өткізіп шыңты да, кәрілікке мұнша тез 
берілгеніне өкінді. Сонау жолы аупарткомның адамы 
оны ұмытпай, өзі арнайы іздеп келіп, партияға ңайта- 
дан өт дегендө бірден келіспей, бірдөн шешпөй созба- 
лаңтап жүріп алып, уаңытты өткізіп жіборгенінө енді 
өкініп отыр.
ІвТ


Бұл жәйт оны партиядан шығарып жібергеннен ке- 
йін жеті жылдан соң болып еді. Танабай онда Сарығоу 
шатңалында колхоз шабындығының ңарауылы бола- 
тын. Қарауылдың үйінде Жайдар кемпірі екеуі ғана 
тұратын. Ңыздары оңуға түсіп кетті де, кейіннен тұр- 
мысңа шыңты. ¥лы техникум бітірген соң ауданда қыз- 
метте қалып, о да семья ңұрды.
Жаз айының жадыраңқы күнінде Танабай сайда 
пішен шауып жатқан. Тамылжыған, жайсаң жаздың 
күні. Сайдың іші тып-тыныш. Шегірткелер ғана шы- 
рылдайды. Көйлекті желбегей жіберіп, шалдарша кең 
ақ дамбал киіп алған Танабай шалғысы шыңылдап, 
шапңан шөбі дестеге түсіп жал болып, түп-түзу тартып 
барады. Шалғыны ынты-шынтысымен сілтейді. Жұ- 
мысңа берілгендігі сонша анадай жерге «газик» келіп 
тоңтап, ішінен екі адам шыңңанын да байқамай ңа- 
лыпты.
— Сәлеметсіз бе, Танеке! Шабындың көбейсін! — 
деген дауыс шықты дәл ңасынан. Қараса Ыбрайым. 
Баяғыдай домалаңдап жүр, екі беті торсиып, қарны 
өсіп қалыпты.— Аңыры іздеп таптың-ау сізді, Тане­
ке,— деді Ыбрайым, екі езуі екі құлағына жетіп мәз 
болып.— Анау-мынау емес, аупарткомның секретары- 
ның өзі сізді іздеп келді.
«Ой, ңу түлкі! — деп таңданды Танабай. Заман өз- 
герсе де бұл өлмейді, әйтеуір саңылау табады. Жалпаң- 
дауын ңарашы. Бұдан мейірімді адам жоқтай. Кімнің 
дәрежесі үлкен болса соның құлы, әйтеуір жағынып, 
бабын табады».
— Амансыңдар ма, балалар,— деп Танабай олар- 
дың ңолын алды.
— Танымадыңыз ба, әке? — деп сұрады Ыбрайым- 
мен бірге келген жігіт Танабайдың ңолын қысып тұ- 
рып.
Танабай тежеліп ңалды. «Қайдан көрдім?» деп тұр. 
Ңарсы алдында өте таныс адам тұрған сияқты, бірақ 
тым өзгеріп кеткен таныс сияқты. Тепсе темір үзгендей 
жас жігіт, бет жүзі күнге күйіп ңоңырңай тартқан, көз 
қарасы айбынды, жүзі жылы, үстінде сұр кенеп кос­
тюм, басында шетен қалпак, «кім де болса ңаладан- 
ау» — деді Танабай.
— Ay, бұл жолдас...— деп Ыбрайым айтпақшы 
еді:
— Тоңта, тоқта, өзім-ақ айтам,— дсп Танабай ти- 
ып тастады. Содан соң іші жылып сала береді.— Таны-
168


дым, балам. Сені қалай танымасқа! Амаігесен жүрсің 
бе, шырағым.
Бұл Керімбеков еді. Танабайды партиядан шығара- 
тын бюрода оны қорыңпастан ңорғап, ңатты айтысқан 
комсомол секретарь! осы еді.
— Ал, танысаңыз, онда сізбен бір өңгімелесейік, 
Танеке. Былайыраң жүріп ңайтайың. Сіз әсірше шал- 
ғыны алып шөп шаба тұрыңыз,— деді Керімбеков 
Ыбрайымға.
Ыбрайым кенет ңалбалаңтап жалма-жан пиджагін 
шешіп тастап:
— Ңұп болады, жолдас Керімбеков,— деп жалпаң- 
дады.
Танабай мен Керімбеков шалғынмен жүріп барып, 
өзен жағасына кеп отырысты.
— Сіз, сірә, ішіңізден сезіп отырған шығарсыз, Та­
неке, менің ңандай жұмыспен келгенімді деп бастады 
Керімбеков.— Ңарап тұрсам әлі тыңсыз, пішен шауып 
жатырсыз, ендеше дені-ңарныңыз сау екен, қуанып 
қалдым.
— Құлағым сенде, балам. Сені көріп, қуанып отыр- 
мын.
— Онда дұрыс екен. Тұспалдамай турасына көше- 
йін, Танеке. Өзіңіз де білесіз, ңазір көп нәрсе өзгерді 
ғой. Жағдай жақсарып, заман түзеліп келеді.
— Білемін, шырағым. Сөзіңнің жөні бар. Өзіміздің 
колхозға қарап-аң көп нәрсені аңғаруға болады. Жағ- 
дай жақсарып келе жатқан сияқты. Тіпті өз көзіңе өзің 
сенгің келмейді. Осы жаңында ғана мен ана бір жылы 
шопан болып жүргенде жұтқа ұшырайтын Бесағаш са- 
йында болып ңайттым. Көзімнің ңызғаны-ай. Жаңа ңо- 
ра салған. Ңора болғанда ңандай, төбесін шиферлеп, 
жарты мың тұяң сиятындай кең етіп тұрғызыпты. 
Шопанға арнап үй де салыпты. Жанында сарайы, ат 
қорасы және тұр. Өң тұрмақ, түсте көрмеген дүние. 
Басқа отарларда да дөл осылай. Айылдың өзінде де ха- 
лық ңазір, тәуір үйлер салып жатыр. Таудан түсіп бар- 
ған сайын жаңа үй салынып ңалғанын көремін. Әйте- 
уір, әманда осылай болғай да.
— Біздің де мақсат-тілегіміз сол, Танеке. Әлі жө- 
тіспей жатңан жағы баршылық. Бірақ көш жүре түзе- 
лер. Ал менің сізге келген шаруам былай. Партияға 
ңайта оралыңыз. Сіздің ісіңізді қайта қарайық. Бюро­
да сіз туралы әңгіме болды. Ңайткен күкде де, ештен 
гөрі кеш жақсы.
169


Танабайда үн жоң. Ңысылып отыр. Қуанып та 
отыр, әм ескі күйіктің орны сыздап, көңілі бұзылып 
та ңалды. Көрген ңорлығы есінө түсті, көкірегіне ңан 
болып ңатып ңалған өкпесі ңара қазандай еді. Өткен 
өтті, оны ңайта ңоздырып, ңай-ңайдағыны еске түсіргі- 
сі келмеді.
— Ықыласыңа рақмет, ңарағым. Мөн сияқты шал- 
ды ұмытпағандарыңа раңмет,— деп біраз отырды да, 
шынын айтты.— Ңартайып ңалдым, ңарағым. Енді ме­
лен партияға нө пайда? Енді оған мен қандай ңызмет 
көрсете аламын? Түккө жарамай ңалдым, балам. Мө- 
нің дәуренім өтіп кетті. Ренжи көрмө маған. Ойлана- 
йын, мұрсат бер.
Танабай аупарткомге баруға бел шедшей, әне ертең, 
міне ертең деп жүргенде, уаңыт өте берді. Өзінің жү- 
ріп-тұруы да күннен-күнге ауырлай түскен. «Әйт шүу* 
деп жүріп кететін бұрынғыдай жас емес.
Дегенмен, бір күні атын ерттеп, ауданға ңарай бет 
алды да, орта жолдан ңайтып келді. Ау неге? Дұрыс 
істемегенін өзі де түсінді. Өзіне өзі: «Алжып, бала боп 
барамын ба, немене?» — деді. Ауданға бармай, орта 
жолдан ңайтңаны аңымаңтың екенін білө тұра, кеже- 
гесі кейін тартты.
Сол сапарда көз ұшынан ол шауып бара жатңан 
жорғаның шаңын байқап ңалып еді. Гүлсары екенін 
бірден таныған. Бұл кездө Танабай Гүлсарыны сирек 
көретін. Жазғы қуаң даламен Гүлсары шауып өткен 
жерде шұбалаңдап аң шәлі шаң ңалып бара жатады. 
Танабай оны алыстан барлап тұрып, түнере қалады. 
Бұрын ғой арттағы шаң Гүлсарыны еш уақытта ңауіп 
көргең емес еді. Жорға жануар ңұстай зымырап жө- 
нелгенде шаң дегеніңіз ұзыннан-ұзаң шұбатылып, со- 
кында ңалып қоятын. Ал ңазір шаңы бар болғыр бұлт- 
тай аунақшып барып Гүлсарының үстін басып ңалып, 
басып ңалып, көрсетпей жіберді. Жорға өйтеуір әлгі 
кою шаңның құшағынан суырылып шығып шырқайды- 
еқ, біраң бір сөттен соң қайтадан өз шаңы озін қауып 
қалады. Жоқ, жорға жануар енді шаңға шалынып қала 
беретін болған екен. Өбдөн қартайғаны ғой титыңтап, 
қажығаны болар. «Халің нашар екен, Гүлсары» — дө- 
ді Танабай күйініп.
Жануардың шаң қауып, шабысы ңиындағанын, үс- 
тіндегі адам оган ызаланып қамшы басып бара жатңа- 
нын Танабай сонда ңам көңілмен-ақ көріп еді. Топыраң 
тозаңынан құтылмақ боп алға барынша тырысып, жа-
1 Т 0


нары алақ-жұлаң абыржыған Гүлсарыны көз алдына 
келтірді. Гүлсарының үстіндегі адам мұның даусын 
естімейтіндей едөуір жерде келе жатса да Танабай: 
«Әй, тоқта-а, атты зорықтырма!» — деп айңай салып, 
алдын кес-кестей тұра шапты.
Бірақ жетіп үлгірмей, аттың басын тартты. Анау 
адам мұның сөзін дұрыс түсінсе жаңсы, түсінбесе ше? 
Егерім ол—«Ісің не? Ңайдан жүрген ңожайынсың? Ша- 
бам ба, ңоям ба — өзім білем. Жайыңа жүр сандалмай, 
кәрі қаңбас!» десе, Танабай не айтпақ?
Бұл екі ортада жорға жануар біресе шаңға көміліп 
калып, біреее одан суырылып шығып, шәлкем-шалыс 
шабыспен алыстай берді. Оның соңынан Танабай кеп­
ке дейін қарап тұрды. Сонан соң аттың басын бұрып 
кейін ңайтты.
«Дәуреніміз өткен екен, Гүлсары,— деді ол.— Ңар- 
тайыппыз. Енді кімге керекпіз? Менен де ңауңар кетті. 
Төрімізден көріміз жаңын, Гүлсары...»
Арада жыл өткен соң Танабай Гүлсарыны арбаға 
жегулі күйінде көрді. Көңілі тағы да өлем-жөлем бол- 
ды. Аты-шулы жорғаның ақыр соңында аяқтан қалып, 
мойнына шіріген қамыт киіліп, ңаусаған жаман арба- 
ға жегілгенін көріп Танабай қапа болып ңамықты да. 
Қарағысы келмей, теріс айналып кетті.
Кейінірек Танабай Гүлсарыны тағы көрді. Бұтыида 
трусигі үстінде жыртық мәйкесі бар жеті жастардағы 
бала мініп жүр екен. Атқа мінгеніне мөз болып, жалаң- 
аяң өкшесімен тебініп қойып, ңоқиланып отыр. Бала 
ңай атқа тұңғыш рет мінген-ау сірө, сондыңтан да оны 
ең жуас ңой торыдай боп ңалған Гүлсарыға өдейі мін- 
гізсе керек.
— Ата, ңараңызшыі — деп мақтанды балаңай Та- 
набайға.— Мен Чапаевпын! Ңазір өзеннен өтомін.
— Кәне, 
көне, көрейік! — деп ңоштады Тана­
бай да.
Тізгінді қағып-ңағып ңойып, бала атты суға бұрып 
салды. Жорға арғы беткө жетігі, жағаға тырмысып 
шыға бергенде, бала жалп етіп суға құлап түсті.
— Апа, а-а! — деп ңорыңңаннан баңырып жіберді.
Танабай оны судан шығарып алды да, жетектеп ат-
тың жанына келді. Гүлсары соңпақ жолдың үстінде 
аяқтарын кезек-кезек көтеріп қойып сүлесоң тұр. «Ая- 
ғы өбден тасырңаған-ау, сірө. Әй, сорлы-ай»— деді 
Танабай. Кәрі жорғаның үстіне баланы көтеріп мін- 
гізді.
171


— Бар, енді құлама.
Гүлсары ілби басып, кете барды.
Тағдыр айдап, ақыр соңында Гүлсары тағы да Та- 
набайдың қолына түсті. Танабай оны бағып-ңағып, мал 
қатарына қосқан сияңты еді, міне енді Александровка- 
ға аңырғы рет алып барып ңайтарда жығылып, өлім 
аузында жатқаны мынау.
Танабай аудандағы баласының үйіне қуанышңа ба­
рып еді. Екінші немересі дүниеге келген. Бір ңой со- 
йып, бір ңап картоп артып, Жайдарға нан-пан пісіртіп 
ала келген. Жайдар ауырып отырмын, мәнісім жоқ деп 
келмей қалып еді, оның неге келгісі келмегенін Тана­
бай кейін түсінді. Жайдар жан баласына тіс жарып 
айтпаса да келінің ұнатпаушы еді. Баласы онсыз да 
ынжың болды, ңасақана оған ордаңдап тұрған орақ 
ауыз, оспадар әйел жолығар ма. Күйеуін табанына са- 
лып ңалай илеймін десе, солай илейді. Әйтеуір өз өк- 
темдігін жүргізіп, әкіреңдеу үшін өзгенің көңіліне қа- 
рамай оп-оңай ңорлай салатын, тепсініп, бетіне түгі 
шығып отыратын дуайпат адамдар болады ғой. Тана- 
байдың келіні сондай адамдардың тегінен еді.
Бұ жолы да аяздай ақырып, ңаһарланып отырға- 
нының үстінен келер ме. Сөйтсе, Танабайдың баласын 
ңызмет бабында өсірмекші болған екен, бірақ жеме- 
жемге келгенде бұл ңалып ңалыпты да, басңа біреуі 
көтеріліп кетіпті. Енді келінжан келіп отырған ңайын- 
атасын алңымнан алсын-ай кеп.
— Өмір-бақи ғұмырың мал бағумен өтері бар, пар- 
тияға кіріп нең бар еді о басында. Ақыр соңында пар- 
тиядан ңуды да жіберді, енді сол үшін ана балаңның 
ңызметін өсірмейді. Саған бола бұл енді бір орында қа- 
ңайып жүз жыл отырмаңшы. Сендердің нелерің кетеді, 
жатырсыңдар жайлауда, шал-кемпірге не керек, сор- 
лайтын мына біз-дағы.
Ал кетті дейсің, әйда кетті дейсің...
Танабай бекер келген өкенмін деп опынып-аң қал- 
ды. Келінін жұбатпақ боп, аң көңіл неме:
— Олай болса, мен, сірә, партияга қайта кіру жа- 
ғын ңарастырайын,— дегені бар емес пе.
— Керек едің партияға. Ңашан келер екен деп екі 
көздері төрт болып күтіп отыр дейді. Сендей шалсыз 
күн көрістері қиын көрінеді,— деп келіні зәр шаша 
мырс етті.
Дәл осы жерде алдында отырған келіні емес өзгө 
біреу болса, Танабай мұндай сөздерді айтқызып қояр
172


ма еді? Өз ңолыңды өзің ңайтіп кесерсің? Жаман бол- 
сын, жақсы болсын, өз келіні ғой. Үндеген жоқ, салғы- 
ласып жатпады. Әйтпесе: «Күйеуіңді маған бола өсір- 
мей отырған жоқ, оның өзі болымсыз неме, оның үсті- 
не оған жан баласына жаңсылығы жоқ, аждаһадай 
әйел жолықты. «Жақсы әйел жаман еркекті зор етеді, 
жаман әйел жақсы еркекті ңор етеді» деп халың бекер 
айтпайды ғой», демекші еді, бірақ әйелінің көзінше өз 
ұлымды масқараламай-аң қояйын, кінәлі мен-ақ бола- 
йын, 
деді.
Танабайдың асығып аттанғаны да сол. Одан әрі қа- 
луға дәті шыдамаған.
«Албастыдай аңымаң,— деп кіжінді енді айдалада 
от басында отырып Танабай келініне.— Сендей албас- 
тылар ңайдан шығады осы? Адамға деген рахымы, іл- 
тифаты, ізеті жоң, ары жоң, ұяты жоң. Өзінің ңу ңұл- 
қынынан басңа уайымы жоқ. Тағы да жұрттың бәрін 
өздеріндей көреді. Тек сенің айтңаның бола қоймас, ал- 
басты. Мен әлі керекпін, керекпін...»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет