202678
Ш ы ң * ы с
А й тм атов ,
Н О Ш Б О Л ,
Г Ү Л С А Р Ы !
Ш ь щ іы с
А й т м а т о в
ң о
в о л
ГТ Л С А РЫ
ПОВЕСТЕР МЕН ӘҢГІМЕЛЕР
ьЖАЗУШЫ» БАСПАСЫ
Алматы— 1977
С (Кирг.) 2
А 32
Айтматов Шыңғыс.
А32
Қош бол, Гүлсары. (Повестер мен әңгімелер).
Алматы, «Жазушы», 1977
336 бет
Бұл кітапқа коп ұлтты совет әдебнетініц корнекті каламгері,
Лениндік сі.мілыцтың лауреаты, қыргыз халцыныц халмк казу-
шысы Шыцгыс Айтматовтыц «Қош бол, Гүлсары*. «Лк ксмо»
повестері меи «Мұрпп» атты аңгімесі енгсн.
I' (К и р і .)
2
7030 3 — 002
402(07)— 77
101 — 77
( Q
Перевод с русского. «Жа.іушм», 1977.
ЦОШ БОЛ, ГҮЛОАРЫ
ПОВЕСТЬ
О ры сш адан а у д а р г а н
Ш Е Р Х А Н М Ү Р Т А З А Е В
1
Қаусаған арбаның устінде ңарт адам келөді. Тай-
палма жорға Гүлсары да ыңыршағы айналған лаңса
кәрі жылңы еді.
Өрге тартқан қасқа жол ащы ішектей созылып жа-
тыр. Мына ңұлазыған сұрқай далада ңыстың күні бо-
расын сумаңдайды, жазда тозақтың аптабындай ыстьщ
болады.
Осы өрлеуіт жол ұдайым-ақ Танабайдың титығына
тиюші еді. Ілбіп жүргенді ол жек көреді, шабан жүріс
ңұдайдың ңу азабы. Аудан орталығына жиі қатынай-
тын сонау жас кезінде ңайтар жолда осы өрлеуіттен
ылғи да атты шапқылатып өтөтін. Аямастан қамшыны
басатын-ай кеп. Ал енді өгіз жеккен мажармен ңайта-
тын кездеріндө Танабай серіктерін тастап, шекпенін
иығына салып, жаяу тартатын. Шабуылға шыңңандай-
аң өрге ңарай өршелене жүріп отырып, ңырңаға көте-
рілгенде бір-аң «уһ!» дейтін. Өкпесі өшіп, алңына дем
алып тұрып, төменде ңыбырлап келе жатқан мажарды
тосатын. Ңатты жүрістен жүрегі тарсылдап, кеудесі
сырылдап қалушы еді. Бәрібір анау өгіз аяңнан гөрі
осы жүрістің өзі жаңсы.
Шора марқұм Танабай досының бұл әпенделігінө
күлетін.
— Неге жолың болмайтынын білесің бе, Тана
бай? — деуші еді ол.— Тағатсыздығыңнан. Құдай аңы-
на. Бір сәтте «аспандағыны арбап, жердегіні жалма-
ғың» келеді. Дүниежүзілік революцияны табан астын-
да талап етесің. Жә, революцияны былай жайына
қояйықшы. Кәдімгі өзіміздің Александровканың ңыр-
касынан асар жолдан асыңпай өтуге шыдамың жетпей-
ді ғой. Жұрттың бәрі аласұрмай-аң, асықпай-аң аяңмен
келе жатңанда еен арбадан секіріп түсіп, артыңнан ар-
лан қасңыр ңуғандай өңмеңдейсің-ақ өрге ңарай. Сонда
7
бұрын барғанда біреу саған бас бере ме? Бәрібір басқа-
ларды күтіп, шоңиып отырғаның. Біліп қой, досым, дү-
ние жүзілік революцияға бәрібір сен жалғыз бармай-
сың, өзгелерді күтуге тура келер.
Шора мұны айтқалы ңашан. Одан бері талай заман.
Бұл жолы Танабай тіпті Александровканың биігінен
ңалай асып кеткенін де байңамай ңалды. Ңартайған
шақта жай жүруге көндігейін деген-ау, сірә. Шабан да
емес. Шапшаң да емес, кәрі аттың өз жүрісіне салып
еді. Енді Танабай жолға ылғи да жалғыз аттанар. Со-
нау отызыншы жылдары дәл осы жолмен ұбап-шұбап
бірге жүретін серіктерден қазір ешкімді таппайсың. Бір
сыпырасы соғыста мерт болды, бір сыпырасы ажалы-
нан кетті, бір сыпырасы ңартайып, төрінен көрі жуық
боп үңірейіп үйлерінде отыр. Ал, бүгінгі жастар маши-
наға мінеді. Көтеншегі үңірейген көтерем ат жеккен
арбаға мініп, Танабайға жол серік бола алмас.
Көп мүжілген көне жол үстінде дөңгелектер тоқыл-
дайды. Әлі де талай тоқылдар. Алдарында кербез кері-
ліп дала жатыр, ал анау каналдан өткен соң тау бөк-
терлеп тағы да едәуір жүру керек.
Аттың болдыра бастағанын иесі алдаңашан байқа-
ған. Біраң ауыр ойлар алаңдатңан көңілі бөлініп кете
беріпті. Алыс жолда ат арыса несі таң? Бұдан да ауыр
сапар болған. Болдырса несі бар, әйтеуір бір жеткізер...
Біраң тайпалма жорға Гүлсары Александровна қь:р-
ңасынан соңғы рет асқанын, енді міне, ақырғы аттам
жерлер жүріп келе жатқанын Танабай білген жоқ еді.
Меңдуана жеп қойғандай-ак, аттың басы айналып, көзі
тұнып, үстіне түрлі-түсті шеңбер шашылып дүние шыр
көбелек айналып, аспан асты әткеншек ойнап бара жат-
қандай, алайда Танабай оны қайдан білсін. Гүлсарыға
кей-кейде алдындағы жол кілт үзіліп, түпсіз шыңырау-
ға тірелгендей боп көрінеді. Алдында көсіліп жатқан
тау емес, қанталаған ңалың тұман спякты.
Аттың алдаңашан деміккен жүрегі сыздап түрып
алды. Алқымын ңамыт қысып тынысы тарылды.
Шлиясы бір жағына ысырылыгі, сауырына қатты Гіат-
ты. Қаглыттың астынан өткір бір нәрсе сол жақ омы-
рауьша ңадалды да тұрды. Әлде тікен, өлде қамыттың
киізі қағылған шегенің ұшы. Шоқтығындағы қара қо-
тыр ескі жауырдың аузы ашылып жан шыдатпай дуыл-
8
дап ашып келеді. Аяғы да зіл тартып, сужайылған ай*
даумен келе жатңандай, әрең басады.
Әйтсе де көрі ат өзін өзі зорықтырып жүріп ке-
леді. Танабай болса анда-санда делбені сілкіп қалып
өйтшулеп қойып, ну ормандай ойдың ортасында отыр.
Ойлайтын нәрсе көп еді-ау.
Көне жол үстіндө дөңгелектер дамылсыз тоқылдай-
ды. Гүлсары әлі де болса сол баяғы тайпалма жорға-
сынан жаңылмай келеді. Ол алғаш рет төрт аяқтап тұ-
рып, көгал үстімен қабажал мама енесінің соңынан
тәлтіректей басып, ілескелі бері бұл жорғасынан тан-
ран емес.
Гүлсары туа жорға еді, сол даңңы асңан жорғалы-
ғына бола өз өмірінің ішінде көп рахат күндер кешті,
көп жапа да шекті. Бұрын оны арбаға жегу ешкімнің
ойына келмеген, олай ету күпірлік болар. «Ат басына
күн туса ауыздыңпен су ішер, ер басына күн туса еті-
гімен су кешер» деген осы еді.
Бәрі де бір күнгідей болған жоқ, өткен дәурен өт-
ті — кетті. Енді жорға соңғы көмбеге әлсіреп әрең келе-
ді. Көмбе атаулыға ол ешңашан мұнша баяу, әрі мұн-
шама ңас-қағым арасында жеткен емес. Соңғы меже
одан ылғи да бір-ақ аттам жерде тұрды да қойды.
Көне жол үстінде дөңгелектер тоңылдайды.
Тұяғының астынан тұраңсыз жылжып, сусыған ңа-
ра жердің әсері Гүлсарының өлеусіреген шамдай сөніп
бара жатқан санасында көмескі бір көріністерді оятты:
алыста ңалған жадыра жаздың күндері, тау ішінің
шық басқан «көкорай шалғын» түс көргендей таңғажа-
йып дүниедегі шұғлалы күн иә... иә... кәдімгі бір шоқы-
дан бір шоңыға ңарғып жүрген айғырдай көктегі шуақ-
ты күн бәр-бәрі көлбеңдеп көз алдына келе берді, сонда
бұл Гүлсары деген аңымаң ңұлыншаң күнді ңуып жет-
пек болып үйірдегі айғыр ңұлағын жымитып қайырып
тастағанша шалғыннан, асау өзеннен, аршалы алқап-
тан айнала шауып өтіп бара жататын. Сол бір сағымдай
боп ңалған сағынышты күндерде үйірдегі жылңылар
көл түбіндегі сурет кұсап, аяңтары аспанға қарап жү-
рер еді. Ал, Гүлсарының қабажалды мама енесі аңы-
мақ ңұлыншақтарға жып-жылы сүтті бұлт сияңты
көрінуші еді. Енесінің еміреніп, кенет әлгіндей пысңы-
рынған бұлтңа айналатын сәттерін сары ңұлыншақ
сағынып тұратын. Енесінің емшегі тырсылдап, тәп-тәт-
ті боп кететін, құлыншақтың аузын ақ көбік көміп, бұ-
лактай иіп ақңан сүткө шашалып та қалушы еді. Ол
9
езінің ңабажал мама енесінің бауырына тұмсығын
тығып осылай тұра бергенді ұнатады. Апырай, неткен
көусар, неткен желікті саумал сүт еді сол! Бір жұтым
саумал сүттің ішіне күллі дүние — күн де, жер де, өзі
енесі де сиып кеткендей көрінетін. Кеңірдектеп тойып
тұрып үсті-үстіне сорғысы келетін еді-ау...
Әттең, бұл күндер ңас қаңканша өте шьщты. Артын-
ша-аң, дүние өзгеріп сала берді. Аспандағы күн жирен
айғыр сыңылды кісінемейтін болды, шоқыдан-шоқыға
қарғымайтын болды. Тек шығыстан шығады да, жан-
жағына бұрылмай батысңа ңарай тура тартады. Үйір-
дегі жылқылар да енді аяңтарын аспанға қаратып
жүрмейтін болды, бір кездегі көкорай шалғын аяқасты
боп тапталып қалды, ал сайтабандағы тастар тұяң тисө
тарсылдап, шытынап сына береді екен. Ат тұяғы тап-
таған көгал қуарып барады. Қабажал мама бие де ңа-
тыгездеу мінез шығарып, Гүлсарьіның еркелегенін,
ұзаң емгенін көтере алмай, шоқтығынан аямай тістәп
алатын болды. Бие суалып, сүті де азая бастады. Сары
құлын отңа үйренді. Шырғалаңы мен бұралаңы мол
ұзақ өмір осылай басталып еді, енді міне ақырына
таянды.
Сол бір жарңын жазды Гүлсары ұзаң өмірінің ішін-
де бірде-бір рет қайтып есіне алған емес. Арңасынан ер
түспеді, сан түрлі жолдарды ңусырып сарнап өтті,
алуан-алуан адамдар ауысып мінді үстіне, ал бірақ
жолдардың әлі шегі жоқ. Енді міне көзінің алды бұлды-
рап, мұнарлы сағым арасынан күн тағы да секеңдеп,
астындағы жер өткеншекше тербетілген шақта сонау
бір адасып ңалған жадыра жаз ңайта оралғандай бол
ды. Сол баяғы заңғар таулар, сол баяғы саздауыт көк
майса, сол баяғы бір үйір жылқы, сол баяғы қабажал
мама бие бәр-бәрі қазір шоқ-шоқ ұшқын шашып көз
алдына келе берді. Гүлсары сол бір қайта оралған ға-
жайып дүниеге тезірек енгісі келіп, мойнындағы қа-
мыттан, екі жанындағы тертеден, желкедегі доғадан
тез босанып шыңпаққа жакталасып, мықшиып алға
тырмысып бақты. Біраң қайран алдамшы дүние Гүлса-
ры жаңындаған сайын шегіншектей берді, шегіншектей
берді, мұнысы азап еді. Құлыншақ күніндегідей енесі
мекірене кісінеп шақырады, үйірдегі тай-құлын асыр
салып оны жанап өтіп, құйрықтарын шапаттап бара
жатыр, ал Гүлсарыда оларға ілесер дөрмен жоқ, үш-
қындаған мұнарлы борасыннан шыға алар емес, қарлы
құйын құтырынып, ши сыпыртқыдай сабалап, көзіне,
10
танауына ңар тығылып, бір жағынан ыстық тер, бір
жағынаң суық жел ңысып, тұла бойы ңалтырады. Ал,
өлгі қолжетпес жадыра жаздың керемет дүниесі бұр-
ңасынның бұрқ-сарқ сарынына үн-түнсіз батып кетіп,
біржола ғайып болды. Заңғар таулар, жасыл көк май-
са, сарңырама су бірінен соң бірі көзден бұлдырап
ұшты кетті, тек қабажал дөу енесінің буалдыр ңарасы,
көз алдынан көлбеңдеп кетпей ңойды. Енесі мұны тас-
тағысы келмейді, жүр-жүрлеп шаңырады, ңарайлай бе-
реді. Гүлсары зарыңңаннан бар пәрменімен ашына
кісінеп ңоя берді, біраң өз даусын өзі естімеді. Бөрі ңұр-
дым, борасында can басылған. Дөңгелектер тоңылда-
майды. Ңамыт ңажап келе жатңан жарасының ашыға-
ны да сап тиылды.
Сары жорға төрт тағандап тұра ңалды, жел шайңа-
ған ңурайдай тәлтіректеп тоңтады. Жанары суалып, кө-
зінің түбі суырды. Басы айналып, үзіліссіз бір ызың
құлағында шуылдап тұрып алды.
Танабай делбені тастай беріп, ңорбаңдап арбадан
аунап түсіп, ұйып ңалған аяғын созып, тұнжыраған
күйі аттың қасына келді.
— Ай, жамандатңыр! — деп күңк етті ол жорғаға
қарап.
Ңылдырыңтай арық мойынын көтере алмағандай ат-
тың басы ңамыттан төмен салаңдап ңалыпты. Жорға-
ның ңабырғалары жоғары-төмен ойнаңшып, арық
бүйірін көрікше басып, кереді. Бір кездегі алтын түс-
тес, әсем сары аттың түрі сауырынан тер мен лай ара-
ласып аққан соң, енді ңарақошңылданып кетті. Шоды-
райып шығып тұрған ңырқа омыртңадан аңңан лайсаң
тер жылғалап бауырын жуып, аяғына, тұяғына төгіліп
жатыр.
— Зорыңтырып ңуған жоң сияңты едім,— деп Та
набай күйбеңдеп қалды. Тартпасын босатып, ершікті
сыпырып, ауыздығын алды. Жалңаяң сілекей жабыс-
ңан ауыздық ып-ыстың екен. Тонының жеңімен аттың
тұмсығын, мойнын сүртті. Жалма-жан арбаға жүгіріп
барып, ңорапта ңалған шөпті сыпырып-сиырып жарты
құшақ пішенді аттың алдына өкеліп тастады. Гүлсары
пішенге басын иген жоқ, тұла бойы ңалшылдап барады.
Танабай бір уыс шөпті жорғаның аузына әкеп тосты.
— Алсаңшы енді, не болды саған!
Жорғаның ерні ңыбырлады, бірақ шөпті іліп ала
алмады. Танабай аттың көзіне ңарады да, түсі тұнжы-
pan сала берді. ¥ясына кіріп кеткен болар-болмас жұ-
11
мулы катпар-қатпар тықыр қабаңтың арасынан 1'ана-
бай ештеңе көре алмады. Иесіз ңалған үйдің әйнегіндей
жанарсыз көз үңірейіп тұр екен.
Танабай дегбірі қашып, алаңтап жан-жағына ңара-
ды, аулақта таулар айнала — даңғыраған дала, жол
бойында жан жоқ. Жылдың бұл мезгілінде де жолау-
шы некен-саяқ болады.
Февральдың акыры еді. Беткейдегі ңар кеткен, тек
қыстың жырынды апандарындай сайлар мен қамысты
қорьімдарда ғана арланның жалындай болып қысқы
үрінді қардың калдықтары жатыр. Ескі қардың исі
білінер-білінбес, жердің тоңы әлі жібімеген, әлі саз бет-
теніп, жансыз жатыр. Тастақ дала ңыстың аяғын ала
осылай бір қаңырап, жүдеу тартып жетімсіреп қалады.
Соны көріп Танабайдың іші-бауыры қалтырап қоя
берді.
¥йысып қалған бурыл саңалды иегін көтеріп, тоны-
ның қасаңдау жеңімен көзін көлегейлеп батыс жаңқа
тесіле ұзаң ңарады Танабай. Күн көзі бір қиырда бұлт
бүркеніп мұнартып тұр. Оның көмескі әлсіз сәулесінен
көкжиекті көкшіл түтін тұмшалапты. Күн бұзылар
нышан жоң, біраң денені суың қарып, ызғар қысып ба-
рады.
«Мұны білсем, бүгін жолға шықпас едім,— деп өкін-
ді Танабай.— Не онда жоқ, не мұнда жок, ортада ңал-
дым да қойдым. Атты болдыртып, обалына қалатын
болдым».
Айтса айтңандай. Бүгін шыдап, ертең ертемен жү-
ріп кеткенде болатын еді. Жолда олай-былай жағдай
болса, өткен-кеткен жүргінші кездесер еді. Танабай
болса жолға түс ңайта шыңты. Жылдың осы мезгілінде
кісі жолға мұнша кешігіп аттанар ма?
Машина көрінбес пе екен деп Танабай ңыратқа шы-
ғып ңарады. Не о жақтан, не бұ жақтан ештеңе көрін-
беді. Ол ілбіп басып арбаға қайтып келді.
«Бекер-аң шыңқан екенмін*,— деп ұдайы асығып
жүретіні үшін опың жеп, өзін-өзі күстаналады. ¥лы-
ның үйінен асығыс аттануға мөжбүр еткендерге де, өзі-
не де ыза боп ашуға булыңты. Сонда түнеп, атты ты-
нықтырып алу керек еді. Оның орнына!..
Танабай ашуланып қолын бір-ак, сілтеді. «Жоқ бө-
рібір қалмас едім, жаяу кетер едім! — деді өзін өзі ақ-
тап.— Ңайын атасына да солай сөйлейді екен-ау? Кім
болсам, ол болайын, әйтеуір ңайын атасымын ғой. Ай-
тады-ау, шіркін!—Мәңгі-бақи ңой бағып, жылқы бағып
12
салпақтасаң, аңырында ңуып жіберсе, о басында пар-
тияға өтіп нең бар еді? — деді-ау. ¥лымды айтсаңшы.
Үн-түн жоқ. Төмен қарайды. Әйелі: жолама әкеңе! —
десе жоламас, сірә. Ай, шірік-ай, тағы да бастық бол-
ғысы келеді. Е, айтты не, айтпады не? Өзгерді ғой адам-
дар, өзгерді.
Қараптан қарап тұрып, Танабай ыстықтап кетті,
көйлегінің түймесін ағытып, алңына дем алып атты да,
жолды да, түнеріп келе жатңан түнді де ұмытып, арба-
ны айналып жүрді де қойды. Өзін-өзі тежей алсашы.
Әлгінде, баласының үйінде сабыр саңтап багып еді,
келінімен салғыласып жатуды ар көрген. Енді қазір
зығырданы қайнап шыға келді. Ңазір кездессе келініне
күні бойғы ащы ойының бәрін айтып салар еді. «Пар-
тияға мені сен қабылдаған жоқсың, сен шығарған жоқ-
сың. Ол кезде қалай болғанын саған білу қайда, келін-
жан. Қазір бәрін сынап-мінеу оп-оңай. Ңазір шетінен
оңымысты, шетінен құрмет пен қошаметке ңарқ. Ал,
бізден іс талап етер еді, талап еткенде де әкеңді таны-
тар еді. Әкең үшін де, анаң үшін де, досың үшін де, ңа-
сың үшін де, өзің үшін де, көршінің иті үшін де — бәрі
үшін де жауапты едік. Ал, енді мені партиядан неге
шығарғанында сенің ісің болмасын! Бұл менің ңасіре-
тім, келінжан. Ісің болмасын онда!»
— Ісің болмасын! — деп күбірледі ол арбаның ңа-
сында ары-бері жүріп.— Ісің болмасын! — деп тағы да
пысықтады. Ңорлық болғанда сол бір «ісің болмасын-
нан» басқа аузына сөз түспей ңойғаны ғой.
Арбаның қасында ары-бері сенделіп осылай жүре
берер ме еді, кенет есіне түні бойы бұлай жүре бермей-
тіні, бір әрекет жасау керектігі түсті.
Гүлсары арбаға жегулі күйі тапжылмай әлі тұр.
Аяқтары ағашқа ұсап, сіресіп, өзі бүкшиіп меңіреу хал
де ңалған.
— Не болды саған? — Танабай аттың жанына
таянғанда ауыр ыңыранғанын естіді.— Ңалғып кеттің
бе? Ауырып ңалдың ба, жануар. Не болды саған? —
Жалма-жан аттың құлақ түбін ұстап көрді: сұп-суың.
Жалының астына қол сұғып еді бұрынғыдай күдірейіп
тұрған жоқ, көдедей жеп-жеңіл екен. Соны сезіп Тана-
байдың жүрегі су ете түсті. «Әбден ңартайған-ау, жалы
сұйылып, селдіреп қалыпты. Бәріміз де ңартаямыз, бә-
ріміздің ақырымыз бір>> — деген ңапалы ой келді басы-
на. Не істерін білмей дағдарып тұрып ңалды- Ат пен
арбаны тастап жаяу кетсе, шатқалдағы өзінің қарауыл
13
үйіне түн ортасына таман жетіп те ңалар еді. Тау ішін-
дегі базда Танабай әйелі екеуі ғана. Ел дегеннен тек
өзеннің жоғарғы жағында, бір жарым шақырымдай
жердө судың қарауылы тұратын. Жазда Танабай ша-
бындыңты ңориды, ңыс болса маяларды қарауылдайды.
Шопан ағайындар ңарап тұрмасаң, маяға малды мез-
гілсіз жауып жіберіп, берекесін кетіреді.
Өткен күзде Танабай бір шаруамен жолы түсіп кең-
сеге бара қалды. Бригадир жаңадан келген бір агроном
жігіт екен, Танабайды көріп:
— Ақсақал, атқораға барыңыз. Сізгө басқа ат бөліп
ңойдың. Рас, көрілеу жылқы, дегенмен сіздің жұмысы-
ңызға жарап жатыр,— дегені.
— Ол ңандай ат? — деп Танабай секем алып қал-
ды.— Тағы да бір көтерем бәле шығар.
— Барсаңыз — көрсетеді ғой. Сары ат бір. Сіз білу-
ге тиіссіз, бір кезде мініп жүрген көрінесіз.
Танабай атқораға жөнелді. Қорада жорғаны көрген
кезде жүрегі сыздап қоя берді. «Тағдыр бізді тағы да
табыстырды ма» — деді ол мініле-мінілө жауыр болған
кәрі атңа. Алмаймын деуге ары бармады. Жетектеп
үйіне әкелді.
Әйелі жорғаны өрең таныды.
— Танабай-ау, мынау шынымен Гүлсары ма? —
деп таңданды.
— Соның дөл өзі. Несі бар екен? — деп күңкілдеді
әйеліне қарамауға тырысып. Жорғаға байланысты өт-
кен-кеткен оқиғаларды онша естеріне алмай-ақ қойса
да болар өді екеуіне. Жао кезіндө Танабайдың ептеген
жігітшілігі болған. Әңгімө насырға шаппас үшін Тана
бай дүңк етіп:
— Неғып тұрсың, асыңды жылытсайшы, аштан
өлетін болдым,— деп сөзді басқа жаққа аударып жібер-
мек болды.
— Нөғып тұрушы ем, көрілік деген осы екен-ау деп
тұрмын. Сол Гүлсарының өзі деп сен айтпағанда, таны-
май да қалатын екенмін.
— Таңданатын не бар. Екеуміздің де оңып тұрган
жеріміз қайсы? Әр нөрсө өзінің уақытымен.
— Е, менің де ойлап тұрғаным сол.— Танабайдың
бәйбішесі басын шайқап қойып, зілсіз ғана күлді.—
Бөлісім, жорғаңа
м і іі іп
тағы да түнделетіп бозбалалың-
қа аттанарсың. Рұхсат.
— Өй, сен де ңайдағыны айтады екенсің,— дөп қо-
лын ебедөйсіз бір сілтеп, теріо айналып көтті. Өвілді
14
взілмен жарастырудың орнына, ңысылғаннан сарайдың
төбесіне шығып, шөп алуға кетті. Ұмытңан шығар дөсө
ұмытпаған екен.
Мұржадан түтін бұрң етті, бвйбішө ас жылытудың
ңамына кіріоті. Танабай болса шөптің ңасынан шықпай
жүріп алды. Өйелі есіктен:
— Ау, түссеңші, тамаң тағы суып ңалатын болды
ғой,— дегенде ғана жөрге түсті.
Әйелі ңайтып өлгі өткен өңгімені ңозғаған жоң. Ке-
регі нө?
Күз бойы, ңыс бойы Танабай жорға атты бағумөн
болды. Кебек шылап береді, ңызылша турап береді. Гүл-
сарыда жарытымды тіс жоқ, тек тұқылдары ғана ңал-
ған. Сөйтіп, атты төрт аяғынан тік тұрғызып, етейтіп
алған сияңты еді, бұлай болар деп кім ойлаған. Енді
қайтпек?
Орта жолға атты тастап кетугө Танабайдың дәті шы-
дамады.
— Ңайттік, Гүлсары, тұрамыз ба осылай? — деп
Танабай жорғаны ңолымен түртіп ңалды. Ат теңселіп,
аяңтарын көтеріп қойды.— Сәл тұра тұр, мен қазір...
Келініне картоп салып апарып берген ңапшыңты
Танабай арба үстінен қамшы сабымен іліп алды да,
ішінен түйіншек шығарды. Өйелі жолға деп нан пісіріп
беріп еді, оны ұмытып та көтіпті, нан еске түсетіндей
уақыт болды ма, төйірі. Танабай таба нанның жары-
мын үзіп алып, майдалап үгітіп, бешпетінің етегіне са
лып, аттың алдына тосты. Гүлсары нан иісіне ңоса
ауаны күрсіне жұтты, біраң жемді жей алмады. Бол-
маған соң Танабай нанды аттың аузына алаңанымен
тосты. Бірнеше түйір нанды аузына тыңпалап еді, ат
аңырын шайнамалай бастады.
— Же, жей түс, өлден соң жетіп те ңалармыз, а? —
деді Танабай көңілденіп.— Бір басып, екі басып, аяң»
мен үйге жетіп те ңалармыз, а? Бір жетіп алсаң ңорқы-
ныш жоң, кемпіріміз екеуміз сені бағып-ңағар едік.—
Дірілдеген қолына аттың аузынан сілекей ағып еді, сол
сілекейдің жып-жылы келе жатңанына Танабай қуанып
ңалды. Сонан соң ол атты жетекке алды.
— Ал, көне, жүр! Тұра беретін не бар. Жүр! — деп
қату айтты.
Жорға орнынан врең қозғалды, арба сыңырлап, дөң-
гелектер ңара жолда баяу тоңылдай бастады. Қартаң
кісі, кәрі ат екеуі бір-бір басып, тауға беттеді.
1 5
— Әбден қажыған екен байғұс,— деді Танабай ат
туралы ойдан арыла алмай.— Сенің жасың қаншада
осы, Гүлсары? Жиырма ма екен, әлде одан да көп пе?
Көбірек-ау, сірә...
Достарыңызбен бөлісу: |