Ң о в о л гт л с а ры повестер мен әҢгімелер ьжазушы баспасы



Pdf көрінісі
бет7/49
Дата21.05.2024
өлшемі11,82 Mb.
#202678
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49
Көкбай, Ақбай,
Бұзауы ңды баңпай,
Қайда кеттің ойнап,
Апаң сені соймақ,
Ай, Қарабай, зу-у-у-у-у,
Күн бұрынғысынша жарңырап тұр. Сонау кең дала, 
онда емін-еркін жайылып жүрген жылңы Гүлсарының 
көз алдына соңғы рет тағы бір елес берді. Үйірдің үстін- 
де қоңыр қаздар ңаңқылдап, қанаттары жалпылдап, 
тізіліп кетіп барады... Гүлсарының танауына шыбын 
үймеледі. Сілкіп тастай алмайды.
— Бастаймыз ба, Жораңұл Алданович? — деп су- 
рады тағы да Ыбрайым. Бастық үндеместен бас изеді. 
Ыбрайым орнынан тұрды.
Бәрі де ңайтадан қыбыр-жыбыр ңимылдап, матаулы 
жатңан жорғаны тізелерімен, кеуделерімен басып, ба- 
сын жерге нығарлай түсті. Әлдекімнің қолы Гүлсары- 
ның шабын тінткілеп шарлай бастады.
ІПілдік ойнап жүрген балалар жау торғайша тізіліп 
дуалдың үстіне шығып алыпты.
— Ңараңдаршы, әй, ңараңдаршы, не істеп жа- 
тыр-ей?
— Тұяғын тазалап жатыр.
— Өй, білгішім-ай. Тұяғын! Тұяғын емес.
— Ей, не бар сендерге, кет әйда! — деп Ыбрайым 
ңолын ербеңдетті.— Бар, ойнаңдар. Не бар мұндаі
Балаңайлар дуалдан әрі сырғып түсіп кетті.
Тым-тырс бола ңалды.
Гүлсары шабына тиген сұп-суық заттан тұла бойы 
түршігіп, дір-дір етті, жаңа қожайыны ңарсы алдында 
шөкелеп, өлденені күтіп отыр. Кенет жорға жаны шыға 
жаздап, көзінен оты жарқ етті. Ах! Қып-қызыл жалын
83


лап етті де, бірден түнек басып, қап-ңараңғы болып жү- 
ре берді.
Айра-жайрасы шыңңан соң да, Гүлсары матаулы 
күйінде жатты. Ңан тиылмай, байлауын шешкен жоң.
— Міне, Жорақұл Алданович, бәрі орындалды,— 
деді Ыбрайым ңолын уңалап.— Енді ол ешқайда да 
ңашпайды. Ңашып, жеткен жері осы болды. Ал, Тана- 
байдың айтңанын көңліңізге алмай-аң ңойыңыз. Ңыс- 
тырмаңыз. Оның өзі сондай адам. Туған ағасын аямай, 
көнпескелеп, Сібірге айдаттырып жіберген. Сөйткен 
адам кімге жақсылың істейді дейсіз...
Көңілі тынған Ыбрайым шегеде ілулі тұрған түлкі 
төбетейін алып, ңағып-ңағып, сипап қойып, тершіген 
басына киді.
Бағанағы балақайлар әлі шүлдік ойнап жүр:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет