2
Танабай мен Гүлсары алғаш рет соғыстан соң кез-
десіп еді.
Ефрейтор Танабай Бақасов Батые майданында да,
Шығыс шайқасында да болып, Квантун армиясы тал-
кандалғаннан кейін елге оралды. Алты жылдай майдан
жолын жүріп өтті. Қырық жыл кырғын болса да, ажал-
ды өледі деген. Мұны да құдай сақтады, Танабай бір
рет арба үстінде келе жатып жарылған минадан есеңгі-
реп қалды. Енді бірде жарықшаң оқ кеудесін жаралап,
госпитальда екі ай жатты да, өз бөлімшесін өкшелеп
қуып жетті.
Аңыры елге жетіп, станцияда поездан түскенде сау-
дагер ңатындар оны алдымен көріп, шал боп қапсың
ғой десті. Ңалжыңдап айтыла салған сөз. Танабай оны
көңіліне де алған жоң. Уылжып тұрған жас та емес,
еңкейіп ңалған кәрі де емес, ал сырт пішініне қараған-
да ңартайып ңалған тәрізді, соғыста жүрген жылдар
ішінде аң кіріп сақал-мұрты бурыл тартты. Бірақ қай-
раты мол, жан дүниесі әлі жас. Танабай әскерден ңайт-
ңан соң бір жылдан кейін әйелі босанып ңыз тапты,
келесісі тағы да ңыз болды. Қазір екеуі де тұрмыс
құрған. Жаз шыңқанда төркініне келіп-кетіп тұрады.
Үлкен қызының күйеуі шсфер. Жекжат-жұратты ма-
шинаға салып алып, тауда жатңан кемпір-шалға сәлем-
десіп, аунап-ңунап қайтысады. Шал-кемпір кыздары
мен күйеу балаларына дән риза. Ал жалғыз үл жарам-
сыздау болып шыңты... Бұл басқа хикая.
Сонау бір соғыстан жеңіспен қайтып келе жатқан
жолда Танабайға нағыз өмір деген енді басталған сняқ-
ты боп көрініп еді. Көңілі хош, жаны-жайраң еді сол
жолы. Ірі-ірі станцияларда эшелонды оркестрлер музы-
камен қарсы алып, ойын-күлкімен шығарып салып
жатты. Үйде жары күтіп отыр, ұлы биыл сегізге шыға-
ды, тұңғыш рет мектепке барады. Бұған дейін көрген-
білгенінің бәрі, өмір сүрген жылдары санатқа кірмей,
шын ғұмыр енді басталғандай, дүниеге ясаңа келгендей
әсерде еді сол жолы. Өткеннің бөрін ұмытып, тек алда-
ғы үміт дүннесін ғана ойлағысы келеді. Сол болашақ
жайнаң қағып көз алдында тұрды: қаіігысыз өмір, ба-
16
ла-шаға қамы, шаруашылықтың көп күйбеңі, үй тұр-
ғызып, баспана салу — не керек, тіршілік ету керек.
Бұл ниетіне енді ештеңе кеселін тигізбейтін сияңты.
Олай болатыны осы бір рахат ғұмыр кешу үшін бүкіл
өмірі күреспен өтті, сол үшін соғыстың от пен суына
түсті.
Сөйтсе Танабай тым асыңңан екен, болашақ үшін
әлі талай-талай тер төгілуі керек екен.
Әуелі ұста дүкенінде балғашы болып жүрді. Баяіы
жас кезде темір-терсекпен айналысңаны бар еді, енді
ертеден кешке дейін баланың басындай балғамен темір-
төсті солңылдата соңңылайды да тұрады, ұста жолдасы
ңызған темірді әрең аударыстырып үлгіруші еді-ау. Тір-
шіліктің күнделікті күйбеңі мен уайымын ұмыттырып
жіберетін сол бір балға мен төстің шыңылы анда-санда
оның құлағына келіп тұрады. Әлі де аш-жалаңанг кез
болатын. Әйелдер қоңылтаяң ескі кебіс киіп жүретін,
балалар тәтті көрмегелі ңай заман. Колхоз белшесінен
ңарызға батқан. Банк бір тиын аңша бермей қарысып
қалған. Ал Танабай сол ңиыншылыңтың бәріне де бал-
раны ңұлаштай соғып: «аулақ, аулаң» деп тұрған
сияқты еді. Төс шыңылдап, қызған темірден шашырап
көгілдір шоңтар ұшатын. «Уһ-ха! Уһ-ха!»— деп дем
алар еді Танабай балғаны құлаштай соғып тұрып. Бәрі
оңалар, ашынған қарын тойынар, жауды жеңдік, ең
бастысы — жауды жеңдік! Ал балға болса оның ойын:
«Жеңдік, жеңдік, дік, дік, дік!»— деп қайталайтын.
Жалғыз Танабай ғана емес, сол кезде бүкіл елге жеңіс
рухы ңасиетті нандай азық болған.
Содан Танабай жылңышы боп, тау жайлап кетті.
Шора жанын қоймады. Шора марңұм ол кезде колхозға
бастық болатын. Соғыстың басынан аяғына дейін, со-
ғыстан кейін де сол бастың болды. Жүрегі ауру деп
өскерге алған жоң. Соғыстың бетін көрмесе де, ңатты
ңартайып кеткен екен. Сол Шораның шөгіп кеткені әс-
керден ңайтңанда Танабайдың көзіне бірден түсті.
Шора болмаса ұста дүкенді тастап, жылқышы боп
кетуге Танабайды, сірә, ешкім көндіре алмас еді. Шора
екеуі баяғыдан дос болатын. Екеуі сонау комсомол күн-
дерінен бастап жұртты колхозға кіруге үгіттеп, бай-ңу-
лақтың апшысын ңуырды. Әсіресе Танабай құлшына
күресті. Кулактардың тізіміне ілінгендерді аяған жоң.
¥ста дүкеніне Шора өзі келіп, Танабайды көндірді.
Досының келісім бергеніне мәз болып қалған сияңты.
17
— Мен сөні балғамөн біте ңайнасып көтті ғой деп
ңорқып өдім, дүкеннен шығара алмаспын деп едім.
ІІІора дімкәс еді, ңырым ет жоң, мойны ңылкиып,
бетінің әжімдері ңыртыс-ңыртыс боп тұратын. Кун өлІ
жып-жылы, біраң Шора шілденің ыстығында да үстінен
күпайкесін тастамайтын.
Екеуі дүкеннің жанындағы арықтың жағасында ше
келей отырып өңгімегө көшті. Танабай ІНораның жао
кезіндегі келбетін есіне алып отыр. Ол кезде Шора бүкіл
ауылдың бетке шығары, көрікті десең — көрікті, білім-
ді десең — білімді жігіт еді. Вірсыдырғы, мейірімді мі-
незіне бола жұрі1 сыйлайтын. Ал, оның бұл ңайыры&г-
дылығы Танабайға ұнамайтын. Жауларға ңарсы тап
күресінде Шораның болаттай берік болмай, аяушылың
таныта бергені үшін жиналыотарда Танабай шыдай ал-
май орнынан атып-атып тұрып, досын ңатаң сынга
алатын. Сөйлеген сөзі газет сөзіндей әсерлі шығар еді.
Мұның бөрін Танабай саяси оқуда тыңдап, жаттап ал-
ған. Кей-кейде өз айтңанынан өзі шошып кететін.
Алайда, сөзі әсерлі шығатын.
— Осыдан екі күн бұрын тауға барып ңайтып
едім,— деді Шора.— Әскерден жігіттер түгел келді ме
деп сұрайды шалдар. Тірі қалғандарының бөрі келді
дедім мен. «Жөн-жөн,— десті шалдар,— енді олар жұ-
мысңа ңашан кіріспек?* — Кірісіп жатыр, дедім мен,
біразы егінде, енді бірі ңұрылыста ңалғандары өр түрлі
жұмыста жүріп жатыр. «Оны білеміз ғой,— дейді шал
дар.— Жылңыны кім бағады? Біздің ақырымызды кү-
тіп жүр ме? Віздің онсыз да төрімізден көріміз жақын.*
Мен ңатты ңысылдым. Түсініп отырсың ба, әңгіменің
әуселесін? Бұл шалдарды біз тауға жылқы багуға со
тые жылдары жіберіп едік. Содан бері сонда. Жылқы
бағу ңарт адамның жұмысы емес екенін өзің түсінесің
ғой. Күндіз-түні ат үстінде. Ңыстың қаңаған түнінде,
құдай көрсетпесін, қиын ғой. Дербішбай есіңде ме, ат-
тың үстінде ңатып қалды ғой. Асау үйретіп, өскерге ат
дайындады өлгі шалдар. Жасың жетпіске жеткенде тау
мен таста асаумен алысып көрші, қандай болар екен.
Сүйегіңді де таба алмай ңаларсың. Рахмет шалдарға,
шыдап бақңан! Ал, енді біздің майданнан ңантқан жі-
гіттер жылқы бағуға арланатын сияңты, қанша айтқан-
мен сыртта жүріп мөдениетке үйреніп ңалған ғой. Тау-
да жылқы бағып ңаңғырып нем бар дейді. Көрдің бе,
қалай. Сен түсін, Тапабай. Сен барсаң, басқаларды да
көндіреміз.
1 8
— Жарайды, Шора, бәйбішемен кеңесіп көрейін,—-
деді Танабай. Ішінен: «Басымыздан нелер дауыл-сұра-
пыл өтіп кетті,— деді.— Сен болсаң, сол ңалпыңда ңа-
лыпсың-ау, Шора. Жұртңа істеген жаңсылығыңның жа-
лынына күйіп кетпесең нетті. Мұның бір есептен дұрыо
та шығар. Соғыста біз не көрмедік, сенің қайырымды-
лығыңды бізге берер ме еді. Бәлкім, өмірдегі хақ тірші-
лік қлйырымдылың шығар?»
Сөз тамам, екеуі орындарынан тұрды. Танабай ұста
дүкенге беттеген. Соңынан Шора дауыстап шақырып
алды:
— Тұра тұршы, Танабай! — Аттың үстінде отырған
күйі, ердің қасына етбеттеп, досының бетіне қарады.—
Сен маған өкпелеп жүрген жоңсың ба? Сіңбіруге уаңыт
жоқ. Еркін отырып, баяғыдай өңгімелесіп, шер тарқа-
тайын дейсің — уаңыт болмайды. Біз көріспегелі қай
ваман. Ойлаушы едім: соғыс бітеді, ақжарылңап күні
туады деп. Сөйтсем, күйбең көбеймесе, азаяр емес. Кей-
кейде көз ілмей, түні бойы ой түбінде жатасың, Жадау
шаруашылыңтың кайтсе қабырғасын жабуға болады,
халықты қайтсе тойындыруға болады, жоспар ңайтсө
орындалады? Ел-жұрт есін жиды, енді тұрмыс түзегісі
келеді...
Біраң екеуі еркін бір отырып әңгімелесе алмай-аң
ңойды. Бір жұмысбасты боп кеткен соң, мойын бұруға
мұрша бермейді. Уақыт өте берді, сөйтіп жүріп бір-бі-
рінен мүлде ажырасңанын да білмей ңалды...
Сөйтіп сол өңгімеден кейін Танабай тауға барып,
Торғай шал бағып жүрген жылңының ішінен сары тай-
ды тұңғыш рет көрді.
— Маған не мұра ңалдырып бара жатырсыз, ақса-
ңал? Жылңыларыңыз онша емес ңой, а? — деп тиісті
Танабай шалға жылқыны қорадан санап шығарып, өз
қарамағына өткізіп алғаннан кейін.
Торғай шәушиген бетінде де, иегінде де ңылтанаң
жоң, шынашақтай қатып қалған көсе шал еді. Басында
дағарадай сеңсең бөрік — тап бір қозы ңұйрыңтың ңал-
пағындай болып тұр. Әдетте мұндай шалдар шаңар, ті-
ді ащы, шаңылдаң болады.
Бірақ Торғай шамданған жоң.
— Барымен мәзір деген,— деді саспастан.— Түгін
тартсаң май дей алмаймын. Бағып көрерсің өзің.
— Жай, өзіл ғой, аңсақал,— деді Танабай жуып-
іпайып.
10
— Ішінде іліп алар біреуі бар,— деді Торғай көзіне
түсіп кеткен сеңсең бөрікті түріп ңойып, аттың үстінде
үзеңгіге аяғын тіреп көтеріле беріп, ңамшының сабы-
мен нұсңады: — Әне, анау оң жаң қанатта жайылып
жүрген сары тайды көрдің бе? Содан шығады әлі.
— Ол кайсысы, әне бір доп-домалаң келтек пе? Көз-
ге қораш екен, тұрқы кып-қысқа.
— Кеш туған ғой. Өсе келе — жетіліп кетеді.
— Е, оның қандай ңасиеті бар?
— Туасы жорға.
— Е, жорға аз ба?
— Мұндайды көп көрмедім. Бұрыңғы заман болса,
бұған баға жетпес еді. Бұрын жорға жарыста мұндай
жылңы үшін қырңыста атам кырғыз ңан төгісетін.
— Кәне, көрейік! — деді Танабай.
Екеуі аттарын тебініп қалып, жылңының сыртын
айнала беріп, сары тайды шетке қақпайлап шығарып
алды да, алдарына салып ңуалап көрді. Сары тай да жү-
гіріп алғысы кеп тұрғандай, басын шайңап, кекілін бір
сілкіп тастап, пысқырып жіберді де, кілтпен бұрап-бұ-
рап қоя берген ойыншық аттай бір толңынмен жүйткіп
ала жөнелді. Табынға ңосылмақ болып, алыстан ора-
лып кері ңайтты. Сары тайдың жорғасына ңызыққан
Танабай шыдай алмай:
— О-о, қарай гөр, жүрісіңе болайын! Қара-қара! —
деп айқайлап жіберді.
— Енді ңалай деп едің! — деп кәрі жылқышы пи
рене жауап қатты.
Екеуі аттарын желдірте басып, бәйге басындағы жас
балаларша ңиқулап, жорғаның соңында келе жатыр.
Екеуінің дауысына елірген тай жорғасын үсті-үстіне
үдетіп, су жорғасынан бір мүдірмей, ұшқан құстан
емін-еркін ағып жөнелді.
Екеуінің астындағы аттар тайдың жорғасына жай
желіспен ілесе алмай, шапқылап келеді, ал сары тай
сол сарында жорғасынан жаңылмай жайнаң қақты.
— Көрдің бе-ей, Танабай! — деп Торғай шал шауып
келе жатып, бөркін басынан жұлып алды.— Дауыс сез-
гішін көрдің бе, ұстараның жүзіндей, қайда салсаң, со-
лай ңылпып тұр. Дауыс танығыш-ақ, анқаііға арындай
түсуін қарашы! Айт, айт, айта-аа-ай!
Сары тай табынға қайта келіп қосылған соң салт ат-
тылар жайына кетті.
Бірақ екеуі де астындағы еті қызған аттарын суы-
тып, көпке дейін таңдай қағысып, таңданумен болды.
20
— Торғай-аға, көп-көп рахмет сізге! Тамаша тай өсі-
ріпсіз. Менің де көңілім өсіп ңалды.
— Тамаша,— деді шал да қостап.— Тек сен бай-
қа,— деп кенет желкесін ңасып ңатулана қалды.—
Тіл-көз тимесін. Күні бұрын дабыра қылып жүрме.
Жақсы жорға — сұлу ңыз сияқты, ңұлқын қаққан ңұ-
марлар көп болады. Ңыз байғұстың күнін білесің
ғой: жақсы адам жолықса — жадырай түсіп, гүл-гүл
жайнайды; жаман адам жолыкса шөлдеген шөптей
суалады. Оған ңайтып шарапатыңды тигізе алмайсың.
Жаңсы ат та сондай. Жаңсы атты жайрату оп-оңай.
Шауып келе жатып, зорығып жығылады.
— Ңам жемеңіз, ақсақал. Мен де бірдеңе білемін,
бала емеспін ғой.
— Е, солай болсын. Аты — Гүлсары. Ұмытпа.
— Гүлсары дейсіз бе?
— Иә. Өткен жазда немере кызым келіп, колымда
тұрды. Соның қойған аты ғой. Жанындай жақсы көріп
кетті. Ол кезде жабағы еді. ¥мытпа — Гүлсары.
Торғай картайған соң сөзшең болып кетіпті. Түні
бойы аңыл айтып шықты. Танабай шыдап баңты.
Торғай мен кемпірі екеуін Танабай көш жерге дейін
шығарып салды.
Ңаңырап ңалған киіз үйге енді. Танабай өз үйін кө-
шіріп әкелуі керек. Көрші үйде оның көмекшісі тұра-
тын болады. Біраң бұған әлі көмекші бөлген жоң. Әзір-
ше жалғыз. Ңоштасарда Торғай тағы да пысықтады:
— Сары тайға тиме. Ешкімді мінгізбе. Көктем шық-
қанда өзің үйрет. Абайлап үйрет. Ер салып мінген соң
қатты шаппа. Ауыздығын тарта берме, жорғасынан жа-
ңылып, ңыршаңңы болады. Байңа, Танабай, ә дегенде
терлеп тұрып су ішіп жүрмесін. Ет ңызуда су ішсе
аяғынан ңалады. Кейін әбден бас үйретіп болған соң,
мен өліп ңалмасам, көрсетерсің маған!..
Сонымен Торғай жүк артңан түйесін жетелеп, кем-
пірі екеуі кете барды. Танабайға жылқы қалды, киіз
үй ңалды, тау қалды.
Сонда Гүлсары білсе ғой, өзі туралы қанша әңгіме
болғанын, өлі ңанша дүрмек сөз боларын, алда нелер
күндер күтіп тұрғанын!..
Ол өлі басына жүген-құрық тимеген, бұлан күйде
үйірде бұлғаңтап жүрген. Бәрі баяғыдай, айнала сол
бір заңғар тау, сол бір балауса шөп, сол бір сарңырама
21
су. Тек оларды енді бұрынғы шалдың орнына сұр ши
нель, солдат құлаңшын киген кісі қайыратын болды.
Жаңа қожайынның даусы қырылдаңтау, біраң зілді
екен. Жылңылар оған демде үйреніп кетті. Жатырқа-
майды, жатсынбайдьі.
Артынша ңар түсті. Деміл-деміл жапалаңтай жа-
уып, көпке дейін тырп етпей жатып алатын болды.
Жылңылар тұяғымен ңарды тарпып, тебіндей бастады.
Ңожайынның бет-ауызы күрең тартты, ңолы да жел-
ңаңты боп домбығып ңалыпты. Аяғына пима, үстіне
тон киетін болды. Гүлсары жабағы жүн жамылды, бі-
рақ сонда да жаурайды, өсіресе түн суың. Аязды түн-
дерде үйір-үйір жылңы ыңтасынға үймелеп, бірі-біріне
тығылып, таң атңанша аң қырау жамылып тырп етпей
мүлгіп ңалады. Ңожайын ңастарынан шыңпай, ат үсті-
нен түспей, қолңапты қолдарын ұрғылап, бет-аузын
уңалап жүреді де қояды. Кейде кетіп қалып, қайтып
келеді. Әрине, кетпегені жақсы. Ңожайын кейде дауыс-
тап яки аяз ңысып жөткірініп жібергенде аттар басын
жұлып алып, ңұлақтарын тіге ңалады: қожайынның
ңастарында екенін көріп, түнгі желдің ызыңы мен сыб-
дыры өлдилеген қалпы ңайтадан ңалғып кетеді. Сол
қыстан бастап Гүлсарының ңұлағында Танабайдың
даусы бүкіл өмір бойына ңалып қойды.
Бір күні тау ішінде боран соңты. Ңар тызылдап
инедей ңадалады. Жылқының жалы қармен соқтала-
нып, ңұйрыңтары зіл тартып, көздерін аша алмай қал-
ды. Табынның іші беймаза. Жылқылар бір-біріне тығы-
лып, ңалшылдап барады. Tie ңақңан, кәрі биелер дег-
бірсіз оқыранып, жабағы құлындарын ортаға үйіріп
жүр. Олар Гүлсарыны шетқаңпайлап сыртңа шығарып
жіберіп еді, Гүлсары ңайтып ортаға кіре алсашы. Біра-
зымен тебісіп, омыраулап көріп еді, қайта бұрынғыдан
бетер шеттеп кетті де, үйірдің айғырынан ңатты соқкы
жеп ңалды. Айғыр о баста-аң айнала орағытып, болат-
тай тұяңтарымен ңар үріндісін қақырата кешіп, үнірден
шашау шығармай бас-аяғын жинап баңты. Оқтын-оқ-
тын қаһарлы айғыр мойнын жерге салып жіберіп, құ-
лағын жымқырып, көз түртсе көргісіз ңараңғы қоннау-
ға қойып кетіп, өлденемен арпалысады, аламат осі;ы-
рынады, біраздан соң ңаһар шашып үйірге қайтып
келеді. Шетке шығып кеткен Гүлсарыны көріп қалып,
кең кеудесімен оны қағып өтіп, қайырыла беріп артқы
екі аяғымен бүйіріне бар пөрменімен теуіп кеп жіберді.
Гүлсары дем ала алмай, талып қалды. Ішінде бір нәреө
22
узіліп кеткендей болды, шыдай алмай шыңғырып жібө-
ріп, тәлтіректеп барып бойын әрең жиды. Содан ңайтып
ол саяң шығып кетуді ңойды. Үйірдің шетіне тығылып,
жуасып ңалды. Бүйірі ауырып, азулы айғырдың көр-
сеткен жәбірін ұмыта алмады. Жылқылар қыбырсыз
қалған бір сәтте ол алыстан талып жеткен ұлыма да-
уысты естіді. Бұдан бұрын ешуаңытта Гүлсары қасқыр
үнін естімеген, лезде тұла бойы мұздап, үрей ңармап
ңалды. Жылқылар дүр етті. Тың-тыңдап ңалт тұра қа-
лысты. Ңұлақңа ұрған танадай тым-тырыс. Жан шо-
шырлың тыныштық. Қар әлі жауып тұр, Гүлсарының
тұмсығына тырс-тырс ңұлап, жабысып ңалып жатыр.
Ңожайын ңайда бұл? Мына үрейлі шаңта қайда кет-
кен? Тым болмаса даусын естіп, ыстанған тонының
исін сезер ме еді. Зым-зия, жоң. Гүлсары сәл ңиястап,
жанына көз тастап еді, ңорықңаннан ңозғала алмай
ңалды. Ңараңғыда қар үстімен жермен-жексен болып
бір көлеңке жүгіріп өткендей болды. Гүлсары жалт
берді, сол сол-ак, екен үйір жылқы теңіздің жарға соғы-
лып кері серпілген толңынындай жапырылып, сөгіліп
жүре берді. Есі шыңңан жылқылар жан ұшыра шыңғы-
рып, азыната кісінеп, көзге түртсе көргісіз караңғылың-
қа тау суындай сарңырай құлап жөнелді. Енді оларды
тоңтатар күш-ңұдірет жоң еді. Ңұздан ңұлаған тау та-
сындай біріне бірі іліктес, алға ңарай арындай шауып
барады. Гүлсары жан ұшырып, есі шыға көсіліп келө
жатңан. Кенет таре етіп мылтық даусы естілді, артын-
ша мылтық тағы атылды. Жылңылар құлдырап бара
жатып, қожайынның ащы айңайын естіді. Айңай бір
бүйірден шығып еді, енді үсті-үстіне үдеген күйі жыл-
ңының алдын орап алды. Жылқылар әлгі тынымсыз
ащы айңай шыңңан жерге барып тірелді. Сол дауыс
оларды бастап ала жөнелді. Иесі ңастарында. Ол алда-
рына түсіп пышақтың жүзіндей ңия жолмен үйірді
бастап шауып бара жатыр. Сәл тайып кетсең — түпсіз
шыңырау, ңұлама ңұз, ңыл көпірден өткендей. Ңожа-
йынның даусы бұрынғыдай емес, бәсеңдеп ңырылдаң-
ңырап бара жатты. Сонда да тынбай: «Ңайт, ңайт, ңай-
та-а-айт!» деп ңуат беріп ңояды. Жылқы жануар ал-
дындағы адамға сеніп, әлгібір үрей мен қорқыныштан
ее жия алмай, ңожайынның соңынан сапырыла ілесіп
келеді.
Таң кылаң бере Танабай жылқыны бұрыкғы тебінге
жеткізді. Жылқылар сонда барып саябырлады. Жылкы
біткен өте шыңқан үрейден әлі арыла алмай, өз денеле-
23
рінен шыңқан ңалың будың астында дірдектеп тұр. Ып-
ыстың еріндерімен қарды ңарпып жатыр. Ңарды Тана-
бай да жеді. Жүрелеп отырып алып, сұп-суық, аппақ
ңарды сығымдап уыстап-уыстап асады. Содан соң ала-
қанына бетін басып, тапжылмастан көпке дейін отыр-
ды. Ңар болса әлі толастаған жоң. Жауған қар жылқы-
лардың арңасына тиісімен еріп, сап-сары суға айналды
да аяк, астына ағып кетіп жатты.
Үрінді ңар еріп, жердің көгі көтеріліп ңалды. Гүл-
сары тез ет алып, ңоңдана бастады. Жылқылар түлеп,
жондары жылтылдап, реңі кірді. Ңаңаған ңыс пен жұ-
таңшылық мүлде болмаған сияқты. Өтіп кеткен қиын-
шылық жылқы баласының есінде ңалмайды, ондай-он-
дайды ұмытпайтын адам ғой. Сақылдаған сары аяз, ит-
ңұс ұлыған түндер, ат үстінен түспеген аң боранды
күндер, ңатып қалған аяқ-ңолын жылытып жан ша-
ңырған от басы, ауыр азаптан ңажып жылап жібермес
үшін ерінін тістелеп сазарған шақтар, көктемнің қара
ңатңағы, жылңы тебіндеуге мұрша бермей темірдей
ңұрсаулаған көк мұз, омаңаса ңұлап орнынан тұра ал-
май ңалған көтерем аттар,— бәрі-бәрі адамның ғана
есінде. Таудан түсіп, колхоздың кеңсесіне келіп, өлген
мал туралы актіге, кірерге жер таба алмай тұрып ңол
қойғаны да есінде. Кенет колхоз бастыңтың столын
жұдырығымен қойып ңалып, шыдай алмай айқайлаға-
ны да есінде.
— Сен неге маған алая қарайсың! Мен фашист
емеспін ғой! Жылңының ңорасы ңайда, жем-шөбі, сұлы-
сы қайда, тұзы қайда? Жел обып күн көреміз! Өстіп те
жұмыс істеуге бола ма екен? Көрсеңші мына біздің
ңандай ңамыт киіп жүргенімізді! Біздің ңырық құрак
киіз үйімізді, меңің үй ішімнің қандай екенін көрсенілі
бір барып! Бүйіріміз томпайып нан жемейміз бір. Ман-
дандағы өмір жүз есе артың екен бұдан- Ал, сен болсаң
маған ана арам ңатңан жылқыларды мен қылқындьі-
рып өлтіргендей ала көзіңмен қарайсың!
Колхоз бастықтың сондагы үн-түнсіз үрейлі кескіні
есінде, күл беттеніп кеткен екен. Әлгібір ашу үстінде
айтып салған сөзінен өзі ңысылып, колхоз бастықтан
кешірім сұрағаны да есінде.
— Сен... сен кешір мені, ашумен абайламай...— деп
міңгірледі ол.
2 4
— Мен сені емес, сен мені кешір,— деді сонда
Шора.
Колхоз бастың ңамбашыны шақырып алып:
— Мынаған бес кило ұн бер,— деп бұйырған кезде
'Ганабай бұрынғыдан бетер ңысылды.
— Яслиге ше? — деді ңамбашы.
— Ңайдағы ясли? О ңұдайдың құдыреті, ұдайы ша-
тастырасың да жүресің! Бер! — деп шорт кесті Шора.
Танабай ұнды алмайын-аң деп баңты. Жақында
сиыр туады, ңымыз да болады, өйтіп-бүйтіп жаңа ас-
тыңңа ілінерміз демекші еді, бірақ бастыңтың түрін ко-
pin, оның қамбашыны алдағансыған амалын аңдап, үн
қатпай қалды. Кейін сол ұннан істелген кеспе көжеге
аузын күйдіріп алмасы бар ма:
— Сен немене, мені жидітіп өлтірейін деп пе ең?
Мынауың ңайнап, піскен бе? — деп қасыкты тастап кеп
жіберетін.
— Суытып іш, кішкентай бала емессің ғой,— деу-
ші еді әйелі аспай-саспай.
¥мытпапты, бәрі есінде.
Енді міне май келді. Айғырлар азынап, бірімен бірі
ңаңтығысып қай жеңгені бөтен үйірдің жас байталда-
рын ңуалап кетіп жатыр. Жылңышылардан да тыныш-
тың кеткен. Алысңан айғырларды ажыратып сабылып-
аң жүргені, кейде сол айғырларға бола өзара керілде-
сіп, тіпті қамшы үйірісіп ңалады. Ал, Гүлсарының
бұлаңдаған жүрісін айтсаңшы. Өткінші жаңбырдан соң
күн жарқырап, тас екеш тасңа дейін шөп шығып, ңау-
лап барады. Көкорай шалғын жап-жасыл, ал жасыл
зүмірәт үстінде асқар-асқар таулар басында аппаң қар
күнге шағылысып жатады. Сол бір көктемде сары жор-
га жас дәуреннің қызығына мае еді. Жабағы жүндес
жадағайлау тапал тай ңұлпыра түсіп ңұнан шығып ке-
ле жатты. Бойы жазылып, тұрқы ұзарып, бұрынғы
балауса жұмыр денесі енді шиыршық атып, кеудесі да-
мып, қарны қаншырдай қатып тұлғалана түсті. Кең
ңолтың, тар боксе, басы да нағыз жорғаға жарасымды
бас: ңырнап алар ңырым еті жоқ, бөкен тұмсың, тос-
тағандай төңкерілген көздері алшақ біткен, жымңырма
жинаңы ерін. Бірақ өзінің бұл сымбатын біліп жатқан
Гүлсары жоң. Бұл кезде оның бар ңұмары тынымсыз
шаба беру еді. Ңожайынға да тыныштың жоң. Өзі құ-
ралпы тай-құнанды еліктіріп, еліртіп солардың арасын-
25
да сап-сары жұлдыздай боп ағып жүргені. Қайдағы бір
ңажымас күш бойын кернеп, өрге шабады, өрден ылди-
ға, ылдидан сайга, сайдан ңырга, тау-тасты ңоймай
тасырлата кезеді. Жұлдыздар жамырап, түн жамылып,
жылңылар жусап жатңан кезде де, Гүлсары түсіндэ
аягының астында танабы тарылып, зымырап жердің ңа-
лып бара жатңанын көріп, құлағында жел ызыңдап,
тұяңтарының тарсылы ңоңыраудай сыңгырлап есті-
лер еді.
Жылқышыға Гүлсары әбден үйреніп кетті, жатсын-
байды, жатырңамайды. Танабай малға ңатыгез емес.
Рас, кейде тай-ңұнандар тым есіріп, алыстап кеткендө
гана қуьіп жүріп балагаттайтын. Кей-кейде сары жор-
гага жетіңкіреп ңалғанда сауырына ңұрықпен бір-екі
рет салып ңалганы да бар. Сонда Гүлсары ұрғаннан
емес, үріккеннен тұла бойы дір-дір етіп шошынып қа-
лып, іле-шала бұрыңғыдан бетер су жорғасына басатын.
Үйірге қарай Гүлсары жұлдызша ағып келө жатады.
Соңынан құрыгын көлденең ұстап Танабай шауып ке-
леді, Гүлсарының жорғасына сүйсінгеннен шыдай ал-
май айқайлап өнге басады. Жылқышының масаттанып
ән салғаны Гүлсарыға ұнайды, ән әуенінің ыргагымен
шапңанды жақсы көреді. Кейін ол әр түрлі әуенді көп
естіді: көңілдісін де, мұңлысын да, ұзағын да, келтесін
де, сөзі барын да, сөзі жоғын да талай-талай естіді.
Гүлсары тағы да Танабайдың жылқыларға тұз жалат-
ңан сөтін ұнататын. ¥п-ұзын ағаш астауға ңожайын ті-
кен тұз әкеп салган кезде жылңы біткен жапа-тармагай
жабылар еді. Әне, рахат деп соны айт. Аңыры Гүлсары-
ның түбіне сол тұз жетті.
Бір күні қожайын бос шелекті қаңғырлатып: «По-
no-noU деп жылңыларды шақырды. Жылңылар жүгі-
ріп келіп, астауга бастарын тыгып жіберіп, түз жалай
бастады. Басңа аттардың арасында Гүлсары да тұз жа-
лап тұрган. Қожайын көмекшісі екеуі қолына құрық
ұстап жүрген. Оған Гүлсары мән берген жоқ. Ңұрық
оған тимейді. Ңұрыңпен мініс аттарын, сауын биелерді
ұстайды, Гүлсарыға ңұрық тимейді. Гүлсары жүген-
құрықтан азат жануар. Кенет қыл арқан оның басын
сипай өтіп, мойнына барып ілінді де ңалды. Гүлсара
тұзақтан әзір секем алмчй, тұз жалап тұра берді. Баска
баз бір жылңыларга құрық салғанда осңырынып, тұра
кеп жұлқынып, шапшып аспанға атылады, ал Гүлсары
болса былң етер емес. Бір мезгілде тұздан шөліркеген
Гүлсары сайдан барып су ііппек боп жүрө беріп еді,
26
мойнындағы тұзаң тартылып қалып, кілт тоңтатты.
Мұндай бәле бұрын болып көрген емес. Гүлсары кегжең
етіп, көзі шарасынан шыға аларып осңырынып кеп
ңалды да, аспанға бір-аң қарғыды. Жанында жаңа ғана
тұрған жылңылар қас-қағым ішінде безіп кетіпті. Гүл-
сары ңыл арңан ұстап тұрған адамдармен бетпе-бет
жалғыз қалды. Ңожайын алдында, арт жағында көмек-
шісі тұр. Бір топ бала жиналып ңалыпты. Олар мына
жылқышылардың тауға ылдидан таяуда ғана келген
балалары еді. Келе сала жылқыны үздіксіз айнала
шауып шуылдап Гүлсарыны мезі ңылған.
Жорғаның үрейі ұшты. Жанталасып аспанға тағы
атылды, үсті-үстіне шашпыды. Күн селтеңдеп секіріп
тұрғандай-ақ көзінің алдынан шеңбірек атып от жар-
қылдады. Тау төңкеріліп, жер айналып, адамдар аласа-
пыран құлап түсіп жатты. Алдыңғы аяғымен тынымсыз
тарпып тұрған ңара ңорқау шыңырау бір сәтке көзінің
алдын көлбеді.
Біраң ол қанша жанталасып тулағанмен құрыңтан
ңұтыла алмады, қайта мойынындағы ңыл тұзаң ңыл-
ңындырған үстіне ңылңындырып, демін бітеді. Енді
йсорға бұрынғыдай адамдардан аулаңқа ңарай жұл-
қынбай, тұп-тура солардың өздеріне қарсы қарғыды.
Өлгі кісілер жапырыла жалт берген кезде аз да болса
қыл арңан босаңсып ңалды. Гүлсары арңан ұстаған
ад^мдарды сүйрете-мүйрете шаба жөнелді. Әйелдер ой-
байлап, балаларын үйлеріне қуалап тыңты. Әйткенмен
жылңышылар жермен сүйретіліп барып, аяқ тіреп үл-
герді. Енді Гүлсарының мойнындағы тұзаң бұрынғыдан
бетер буындырып, тынысы тарылды. Демі таусылып,
басы айналып сандалып барып, тұрып ңалды.
Қолындағы арңанды саумалай ұстап ңожайын бір
бүйірден бірте-бірте жақындай берді. Гүлсары оны бір
көзінің ңиығымен көріп тұр. Ңожайынның киімі дал-
дал, бет-аузы жырылып, ңанталап кетіпті. Сонда да жү-
зі жылы, көзі мейірімді екен. Алқына дем алады, ңана-
ған ерні ңыбырлап, даусы шығар-шыңпас сыбырлап:
— Тек, тек, Гүлсары. Ңорыңпа, қорықпа, қозғал-
ма! — деді.
Оның ізінше, арқанды босатпай ұстап көмекшісі ке-
леді. Ңожайынның қолы бір кезде жорғаның мойнына
жетті-ау, әйтеуір. Гүлсарыны басынан сипалап тұрып,
артына бұрылмастан көмекшісіне:
— Жүгенді екел! — деді.
Көмекші жүгенді ұстата салды.
27
— Тәк, тәк, Гүлсары! Ой, тентегім,— деп қожайын
құлағының түбінен қаси берді. Жорғаның көзін алаңа-
нымен қалқалап тұрып, басына жүгенді кигізіп те үл-
герді.
Енді ауыздығын салып, ерін ерттеу керек еді. Жү-
ген кигізген кезде Гүлсары осқырынып, жұлңынып қап
көрген, бірақ Танабай оның үстіңгі ернін шап беріп
уыстап ұстап алды.
— Бұрауды әкел! — деп айңайлады көмекшісіне.
Көмекші жалма-жан жорғаның үстіңгі ерніне қайыс бұ-
рау салып жіберіп ағаш тиекпен бұрай бастады.
Жорғаның жаны шыға жаздап, амалсыздан артқы
екі аяғын бүгіп шоңқиып отырып ңалды да, ңайтып
тырп ете алмады. Сұп-суың темір ауыздың сылдырлап
тісіне тиіп, артынша езуіне кептеліп ңалды. Адамдар
арңасына бірдеңені лаңтырып салып, кеудесін ңыса
әлдебір қайысты жұлқа тартңан кезде жорға тіпті ары-
бері теңселіп те кетті. Бірақ жорға оған мән берген жоқ.
Бұрау салған ерні ауырып жаны шығып барады. Көзі
шарасынан шыға жаздады. Тырп етуге шама жоң. Жа-
нының ауырғаны сонша, үстіне қожайын ңашан, қалай
мініп алғанын да байңамай ңалды. Тек ернінен бұрауды
алып тастаған кезде ғана есін жиды.
Ә дегенде жорға басы айналып, тұла бойы сіресіп,
ауырлап біраз тұрды. Сонан соң көзінің ңиығымен
абайлап шоқтығына бұрылып қарады да, өзінің үстінде
шоқиып отырған адамды көрді. Шошып кетіп, ата кеп
жөнелейін деп еді, аузын ауыздың жыртып кете жазда
ды, ал үстіндегі адамның аяғы екі бүйірін тесіп барады.
Амалы ңұрыған жорға аспанға шапшып, аңнлана ала-
сұрып, шыңғырып-шыңғырып жіберді. Тұра қалып
мөңкіп те көрді, еңсесін басып тұрған үстіндегі зілдің
бәрін сілкіп тастамақ боп шиыршың ата бұлт етіп аты-
рылып қалып еді, бірақ басқа бір аттың үстіндегі адам
тақымына қыл арңанды басып алған екен, сол арқан
тартылып барып, жорғаны жұлқып тоқтатты. Енді жор-
га әлгі атты адамды айнала арқан жетер жерді шыр
айналып, шеңбер бойлап шаба берді. Осы шеңбер жазы-
лып кетсе, босанып шыгып бас ауған жақңа безіп жо-
галар еді. Біраң ңұрсау шеңбер жазылған жоң, Гүлса-
ры сол шеңбермен айнала берді, айнала берді. Адам-
дарға керегі де сол еді. Қожайын оны сауырынан
ңамшылап, қос өкпеден етігінің өкшесімен соққылайды.
Жорга оны дегенмен екі рет үстінен үшырып түсірді.
Бірақ қожайын оған ңайта-ңайта қарғып мініп алады.
28
Бұл машаңат тым ұзаққа созылды. Жорғаныц басы
айналды, көзінің алды бұлдырап, жер дүңие қоса айна-
лады, киіз үйлер шыркөбелек айналады, аулаңта жа-
йылып жүрген жылңылар шыркөбелек айналады, тау-
лар теңкеріліп, аспандағы бұлттар да шыркөбелек
айналады. Жорға зорықты, шабысты қойып, қыбырлай
бастадрі. Шөлдеп барады.
Біраң оған адамдар су ішкізбеді. Кеш болғанда оның
ертоқымын алмастан, тек тартпасын босатып мама-
ағашқа байлап ңаңтарды да қойды. Жүгеннің тізгіні
тартылып ердің басына байланған. Басы ңаңшиып, кег-
жиеді де тұрады, бұл қалпында жата да алмайды. Үзең-
гілер де қайырылып ердің басына ілінген. Осылайша
ңаңтарылып түні бойы тұрды-ау. Басқа түссе баспақ-
шыл, басына түскен істің сырына түсіне алмай сүміре-
йіп ңалған. Ауыздық сәл ңимылдаса жанын қинап
тырп еткізбейді. Аузындағы темірдің таты да сүйкім-
сіз-аң. Ауыздық жырған езуі ісініп кеткен. Тартпа
қысып тастаған төсі де сыздап ауырады. Ер соғып тас-
таған арқасы қаксайды. Су ішкісі келіп өліп барады.
Анадайда сарқырап ағып жатңан өзеннің сарынын есі-
тіп онан бетер шөлдейді. Өзеннің арғы бетінде әдеттегі-
ше жылңылар жайьілып жүр. Тұяңтардың дүрсілі,
жылңылардың кісінегені, түнгі жылңышының айқайы
естіледі. Киіз үйлердің жанында, от басында адамдар
әңгіме-дүкен құрып отыр. Балалар итше үріп, иттерді
шабаландырып жүр. Жорға байғұс ңақшиып, ңаңтару-
лы тұр. Ешкімнің мұнымен жұмысы жоң, бәрі ұмытып
кеткен сияңты.
Артынша ай да туды. Ңараңғы түн ңұшағынан тау-
лар үн-түнсіз ңалңып шығып, ай сәулесі астында теңсе-
ліп тұрған тәрізді. Жұлдыздар бұрынғыдан бетер шаң-
шиып, жерге жаңындап, төмендей түскен сйяңты. Тырп
ете алмай ңұрсауда тұрған жорғаны әлдекім іздеп жүр-
гендей көрінді. Өзімен бір мезгілде туып, ылғи да бірге
өсіп, бірге жайылып жүретін домалақ торы байталдың
кісінегенін естіді. Байталдың маңдайында төбелі бар
еді. Үнемі Гүлсарымен бірге жүргенді ұнататын. Торы
байталды көрген азбан айғырлар оқырана беретін бо-
лып алды. Бірақ байтал олардан ңашып шығып, Гүл-
сарымен қосылып шығанға шығып кетуші еді. Домалақ
байтал шынжау өсті, Гүлсары болса енді ңұнан шығып
келеді, екеуінің де ойында ештеңе жоқ, екеуі де мына
кең дүниенің бейкүнә перзенттері еді.
29
Торы байталдың кісінегені жап-жақын жерден ес-
тілді. Гүлсары оның даусын жазбай таныды, дәл өзі.
Жорға оған кісінеп жауап ңатайын деп еді, жырылып,
ісіп кеткен езуінен жасқанды. Ашса, жаны шығып кетө
жаздайды. Ақыры торы байтал оны іздеп тапты. Желө
жортып, ай сәулесімен маңдайындағы аң теңбілі жар-
ңырап, жанына келді. Ңұйрығымен шашасы су екен.
Өзеннен өтіп келген, үстінен салңын судың лебі сезіле-
ді. Келіп жеткен бойы жорғаның мойнына тұмсығын
тығып иіскелеп, жып-жылы ернімен түрткіледі. Айма-
лап, пысңырынып, жорғаны өзеннің арғы бетіне ша-
ңырғандай болады. Ал, жорға болса орнынан қозғала
алмас. Енді торы байтал оның мойнына асылып, тісімен
желкесін қаси бастады. Жорға да торы байталдың мой
нына иек артып, шоңтығын, желкесін ңасылауға тиіс
еді. Бірақ лажы жоқ, домалақ байталдың аймалауына
аймалап ықылас білдіре алмас. Қозғалуға дәрмен жоқ.
Шөлдеп барады. Әттең, торы байтал оған су әкеліп бере
алар ма еді! Ақыры торы байтал желе жортып өзеннен
ары өтіп, буалдыр түн түнегіне сүңгіп жоң боп кеткен-
ше жорға оның соңынан ңарады да тұрды. Келді дө
кетті. Сонда Гүлсарының көзінен жас мөлтілдеді. Пар-
лаған жас тұмсығын айғыздай ағып, үн-түнсіз аяғының
астына тамшылап жатты. Жорға өмірінде тұңғыш рет
осылай жылады.
Таңертең ңожайын келді. Ол көктемгі таулар көрі-
нісіне күлімсіреп сүйсіне ңарап тұрып, омыртңасы кү-
тірлегенше керіліп-созылып алды.
— Ой, Гүлсары-ай, кеше мені тәуір-аң әуреледің-ау.
Немене? Жаурадың ба? Ңаншырдай ңатып ңалыпсың
ғой өзің. Тамаша!
Қожайын жорғаны мойнынан сипалап, әлдене деп
жылы-жылы сөздер айтып тұр. Гүлсары оның не деге-
нін ңайдан түсінсін. Ал, Танабай болса:
— Сен өкпелеме, досым. Ңашаңғы бұлғақтап бос
жүресің. Ештеңе етпейді, әлі-аң үйреніп кетесің. Рас, 61-
раз азаптандың, онсыз болмайды, досым. Өмір деген,
бауырым, әлі-ақ төрт аяғыңды да тағалайды. Ал, біраң
оның жақсылығын да көресің, жол үстінде жаткан кө-
рінген тасңа сүрінбейсің. Ашығып қалдың ба? Шөлдеп
тұрсың ба? Білемін...— деп еді.
Танабай жорғаны жетектеп өзенге алып келді. Жа-
рақаттанған езуінен ауыздықты абайлап шығарды. Гүл-
сары дір-дір етіп, суға бас қойды дейсің, мұздай су ше-
кесінен бір-ақ шыңты. Оһ, шіркін, неткен төтті су дө-
80
сеңші, осы судан ішкізген адамға ңұл болуға Гүлсары
дән риза!
Әне, солай. Содан кейін жорға ер тоқымға әбден үй-
реніп алды, тіпті ңымс етпейтін болды. Үстіне қожайын
Ьіініп алғанына шаттанғандай, ңайта құстай ұшып,
ваулап берөді. Танабай ылғи тізгінін тартып демеп оты-
рады, Гүлсары сонда дүл-дүл жорғасына басып, әсем
ырғақпен вымырап жөнеледі. Үстінде адам отырғанда
суырылып шығып, атңан оқтай мүдірмей кететіні сон-
ша көрген адам жағасын ұстап:
— Ой, тоба, үстіне су ңойсаң бір тамшысы төгілмес-
ау,— деп таңңалысатын.
Ал бұрынғы жылңышы көдімгі Торғай шал Тана-
байға дән риз<а болып:
— Өркенің өссін, Танабай. Жаңсылап суытып, ба-
бымен үйреткен екенсің. Ал, енді жорғаңның жұлдызы
жарңырап жанады, көрерсің,— деген.
3
Ңаусаған арбаның дөңгелектері көпті көрген көне
жол үстінде баяу ғана сыңырлайды. Әлсін-өлсін әлгі
сықыр үзіліп-үзіліп қалады. Дарменсіз жорға тоңтай
береді. Тоңтап тұрып, құлаңңа ұрған танадай тыныш-
тыңта өз жүрегінің: түм-түп, түм-түп, түм-түп,— деп
соғып тұрғанын естиді.
Танабай шал Гүлсары, демін алғанша күтіп тұра-
Ды д а:
— Жүр, Гүлсары, жүре ғой, күн кеш боп барады,—
деп тізгіннен тартады.
Осылайша олар тағы бір жарым сағаттай ілби бас-
ты. Бір кезде жорға мүлде тоңтады. Одан өріге ол арба-
ны сүйреп жылжи алмады. Танабай тағы да аттың о
жағына бір, бұ жағына бір шығып, күйбеңдеп жүр.
— Саған не болды, Гүлсары? Түн түсіп кететін
болды ғой!
Бірақ ат енді оны түсінуден қалды. Теңселіп әрең
тұр, өз басы өзіне ауігр жүк болғандай салбырап кет-
кен, шайқап ңояды. Осы түрімен арбаға жегулі. Ңұла-
ғына өз жүрегінің дүрсілі түм-түп, түм-түп деп сартыл-
дап естіледі.
— Кешір мені, Гүлсары,— деді Танабай. Ә дегенде-
аң білсемші, сорлы басым. Бұл арба сенің садағаң боп
неге кетпейді, ңамыттың да, бөрінің де атасына нәлет.
Тек сен жетсең болды үйге.
81
Дереу тонын лаңтырып тастап атты арбадан доғара
бастады. Тертеден босатып, басынан қамытты сыпыр-
ды да, күллі әбзелді арбаның үстіне домбаздап атып
ҰРДы.
— Міне, керек болса,— деді ол тонын қайта киіп,
жорғаға ңарап тұрып. Ңамытсыз, әбзелсіз аттың басы
ебедейсіз үлкен екен, кешкі ңарабарңын суың даланың
қақ ортасында тұрғанда Гүлсары о дүниеден оралған
өруаңтай боп көрінді.— Апыр-ай, Гүлсары-ай, түрің
ңандай боп кеткен? — деп сыбырлады Танабай. Мына
түріңді Торғай марқұм көрсе, көрінде бір аунап түсер-
ау...
Танабай атты тізгінінен тартты. Екеуі жолға түсіп
ілбіп басып барады. Кәрі ат, қартайған адам. Артта
ңаусаған арба адыра қалды, ал алдарында — күнбатыс-
та, ңара жолдың үстін күлгін-күңгірт қараңғылың тұм-
шалап алған. Тауларды шырмап алып, көкжиектің
белдеуін өшіріп, түн қанат жайып келе жатты.
Танабай келе жатып, осы ұзаң жылдар ішінде жор-
гага байланысты өткен-кеткеннің бәрін есіне алып,
адамдар туралы: «Бәріміз де осындаймыз. Оңар қылы-
гымыз жоқ. Бірімізді біріміз қатты ауырып, хал үстінде
жатсаң, яки өліп қалсаң қана еске аламыз. Сонда ғана
оның ңадірін біліп, ңандай асыл азаматтан айырылға-
нымызды айтып, әттеген-ай десеміз. Адамдарға солай
ңарағанда, тілсіз хаюанның ңадірін кім білмек? Кім
мінбеді бұл Гүлсарыға? Кім ңызығын көрмеді? Ал, сол
Гүлсары қартайып еді, лезде бәрі ұмытты. Ендігі келе
жатысы мынау. Шіркін, қандай ат еді!..» — деп ой-
лады.
Танабайдың есіне өткен-кеткен тағы орала берді.
Оның бір таңданғаны — осы күнге шейін өткен өмір
жолына қайырылып бір қарамапты ғой. Енді міне қай-
қайдағының бәрі тіріліп, көз алдынан тізіліп өтіп жа-
тыр. Ештеңе де естен мүлде шығып кетпейді екен. Бу
рый ол өткен-кеткенді көп ойламаушы еді, ойлағысы
да келмейтін. Енді ұлы мен келінінің әңгімесінен ке-
йін мына түн жамылған жол үстінде өлесі жорғаны
жетектеп келе жатып өткен өміріне өкінішпен, қапамен
ңайга бір көз тастап еді, бәр-бәрі мунардан қалкып
шыңқандай жанарының алдына қаз-қатар боп тұра
ңалды.
Батпан-батпан ауыр ойлар орманын аралап келе
жатыр, жорғаньтң халі нашарлай берді, ілбіген жаяуға
ілесе алмай титыңтап, кегжецдеп түрып ңала береді.
32
Тізгінді тарта-тарта Танабайдың ңары талды. Сонан
соң ол тізгінді басңа иығына алмастырып салып тағы
тартты. Аңыры бұ да титыңтатңан соң, тоңтай қалып
жорғаға тыныс алдырды. Біраз ойланып тұрды да, ат-
тың басынан жүгенді сыпырып алды.
— Жүр, шамаң келгенпге алға түсіп жүре ғой, мен
артыңнан ілесейін. Сені тастап кетпеймін мен,— деді
Танабай.— Кәне, жайлап ңана жүре ғой.
Сөйтіп жорға алдыға түсті, соңынан Танабай ілесті,
жүгенді иығына салып алды. Жүгенді сірә тастамас.
Гүлсары әлсін-әлсін тоқтайды, ол әл-қуат жиып алған-
ша Танабай күтіп тұрады. Екеуі ілбіп басып ңайтадан
жүреді. Кәрі жылңы, ңартайған адам. Екеуден екеу-аң.
Дәл осы жолдың үстімен бір кезде Гүлсарының та-
лай ңұйғытып өткенін есіне алып, Танабай сынық ңана
езу тартты. Жорға жүйткіп өткен жолда ұзыннан-ұзақ
шұбатылып шаң ңалар еді. Ақңан жұлдыздың ізіндей
шаңға қарап-аң адамдар Гүлсары шауып бара жатңа-
нын жазбай танитын. Желсіз күні Гүлсары зымырап
өткен жолдың үстінде реактивті самолеттің түтініндей
боп аппаң ақ сызық пайда болады. Анадайда алыстан
осыны байқаған шопан көзін ңолымен көлегейлеп тұ-
рып: «Оһ, соның өзі ғой, Гүлсары ғой!» — деп аузының
суы құрып, Гүлсары үстіндегі адамнан ңызғанар еді.
Ал, жорға мінген баңытты адам бетіне аптап жел шар-
пып, ңанат біткендей масаттанып ұшып келе жатады.
Мұндай жорға таңымына тигенде кезкелген ңырғыз
баласы өзін асқан бақыттымын деп санар еді.
Гүлсары — Гүлсары болғалы ңанша колхоз бастың
көрмеді дейсің. Олардың ішінде аңылдысы да, ақымағы
да болды, аң жүрек адалы да, суықңол арамы да бар
еді, біраң кім болса ол болсын, бәрі де колхозға бас-
тық боп келген күннен бастап, кеткен күніне дейін тан-
бастан тек Гүлсарыға мінетін.
«Ңайда солар ңазір? Ертеден кешке дейін өздері үс-
тінен түспейтін Гүлсарыны естеріне анда-санда ала ма
екен?» — деп ойлады Танабай.
Екеуі бір-бір басып терең сайдағы көпірге де жетті-
ау, өйтеуір. Жетіп, тоқтады. Жорғаның жерге жата көт-
кісі келіп, аяңтары бүгіле беріп еді, біраң Танабай жат-
ңызбады: бір жатып ңалса ңайтып тұрғыза алмасын
білді.
— Тұр, түрегел! — деп айқайлап, аттың басына
жүгенмен салып ңалды. «Бекер ұрдым-ау» деген ой-
Достарыңызбен бөлісу: |